Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2015 в 21:53, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасы өнеркәсібін жоспарлаудың дамуы». Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде жалпы жоспарлаудың түсінігімен мәні, әдістері мен қағидалары, Қазақстандағы жоспарлаудың жағдайы мен жүзеге асырушы органдар туралы толық мәлімет тиісті бөлімшелерде жазылған.Жоспарлау дегеніміз ұлттық экономиканың әртүрлі деңгейлерінде жүзеге асырылатын басқару нысаны.
Кіріспе 3
1. ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ. 4
1.1. Жоспарлаудың түсінігі, мәні, методологиясы 4
1.2 Қазақстандағы жоспарлауды жүзеге асыратын орган 7
1.3. Индикативті жоспарлау 8
1.4. Индикативті жоспарлаудың әлемдік тәжірибесі 12
1.5 Қазақстандағы индикативті жоспарлау 18
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІБІ 20
2.1. Ұлттық экономикадағы өнеркәсіптің ролі 20
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЛАСТЕРЛЕР 22
3.1. Кластерлердің қажеттілігі, даму тенденциясы 22
3.2 Кластерлердің дамуына қажетті жағдайлар 25
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28
Жоспарлау экономика мен рыноктың одан да жақсы қызмет етуін қамтымасыз етуге бағытталған ережелер мен мәліметтер жүйесін жасайды. Жоспар тек қана экономикалық және әлеуметтік нұсқау ретінде танылады, ал экономикалық агенттер таңдауды өздері жасайды.
Француздық жоспарлау ұзақ мерзімді жоспарлаумен үйлесетін әлеуметтік - экономикалық даму туралы орташа мерзімге арналған бүтін түсінік қалыптастырады. Бұл түсінік мәселелердің шешімін жеңілдетеді.
Сөйтіп, француздық жоспарлауды ұйымдастырудағы индикативтік тәсіл рыноктық экономикамен үйлесімділігімен, икемді және эволюциялық құрылыммен анықталады. Жоспарлар тұрақты үш функция атқарып, экономикалық жүйенің тұрақтылығын қамтымасыз етеді.
Әдетте француздық жоспарлар бес жылға арнап жасалынып, болашақтағы қажетті экономикалық-әлеуметтік дамудың жалпы көрінісін бекіткен. Дегенмен, бұл жерде индикативті жоспардың өзі емес, оны жасау процесі маңызды болып табылады.
Жоспардың басты бөлімдері – экономикалық өсу, инвестициялар, қаржы ағымдары, экономиканың балансталуы, инфляция мен бәсекелестік.
Жоспардың мазмұнындағы маңызды мәселе “мемлекеттің араласу актісін” анықтау, яғни мемлекеттің экономикаға қол сұғуының бағыттарын және жоспарланатын периодтағы ойын шарттарын анықтау:
Франциядағы индикативті жоспарларды жасау технологиясы
Франция Парламенті жоспарды қабылдап, бектітеді. Бұл өз кезегінде жоспарды ведомстволық шешімдерден және министрлер кабинетіндегі ішкі саясаттан тәуелсіз етеді. |
Жоспар белсенді талқыға түседі, яғни жоспарлау процесіне елдің негізгі экономикалық және әлеуметтік күштерінің қатысуы. |
Француз жоспары 2 типті құжаттан тұрады және олар әртүрлі статусқа ие: |
Комиссиялардың баяндамалары Ол комиссия ішінде жоспардың мәтінімен қатар жасалады және үш жақты (әкімшіліктің өкілі, әлеуметтік әріптестер – кәсіподақтар мен кәсіпкерлер, сарапшылар) арнайы келісім болып табылады. |
Жоспардың мәтіні Ол парламент ассамблеяларының талқылауына және дауыс беруіне Үкімет атынан ұсынылады. |
Басты жоспарлау комиссариаты (БЖК) комиссиялардың жұмысына қызмет көрсетеді, төраға жұмысын жүргізуге және баяндама жасауға көмек береді. |
Әрбір комиссияның төрағасы БЖК-дан тыс, сондай-ақ әкімшліктен де тыс жерден таңдап алынады: ол кәсіпорынның басшысы, банкир, кәсіподақ қайраткері, ассоциация өкілі, университет профессоры немесе журналист болуы мүмкін. Төраға өзіне берілген мандатқа сай комиссияның жұмысын өзі жүзеге асырады. |
Басты жоспарлау комиссариаты (БЖК) – шағын ұйым, бұл жерде “тапсырмашылар” деп аталатын жауапты 70-ке жуық кадрлық жұмыскерлер орналасқан, ал ұйымдағы жалпы адамдар саны 200-ден кем. Ол елдің шаруашылығын басқаратындай көлемге ие болмағандықтан, тек қана ынталандыру және бағыттау функциясын іске асырады. БЖК мемлекеттік хатшы арқылы Премьер-министрге бағынып, мемлекеттік органдар арасында “интерфейс”, яғни дәнекер ролін атқарады. “Тапсырмашылар” ретінде иерархияның жоғары деңгейіндегі кадрлық жұмысшылар – администраторлар мен инженерлер жұмыс істейді, бұл заңнамалық, экономикалық, ғылыми-техникалық салалардағы және секретарлық қызмет көрсетуде түрлі кадрлық құзіретке ие болу мүмкіндігін тудырады. “Тапсырмашылардың” жартысынан көбі басқа ведомстволарға жататын шенеуніктер болып табылады және БЖК-да бірнеше жыл жұмыс істеуі ұйымның “тұрып” қалуына жол бермейді, жаңа идеялардың пайда болуына түрткі болады. БЖК үш негізгі қызмет атқарады:
Жоспарды жасау бірнеше ірі кезеңдерден құрылады:
Премьер-министр жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңесші ролін атқарады. БЖК ағымдағы экономикалық саясаттың таңдап алынған жоспарға сай жүзеге асырылуы үшін өзіне бастамашылық алады.
Бұл қызметтердің негізгі мақсаты – француз қоғамын модернизациялауға көмектесу. Дегенмен, БЖК Жоспарды жүзеге асыру процесімен айналыспайды, ол басқа инстанциялардың бұл Жоспарды іске асыруын қадағалап отырады, сондықтан бір қатар қызметтермен айналысады:
Макро экономикалық дамудың сандық индикаторларын жасау мен талдауды қосатын техникалық жұмыстар;
Нақты жоспарда таңдап алынған басымды тақырыптарды түсіндірудегі арнайы жұмыстар. Мысалы X Жоспар үшін туризм, көлік, халыққа білім беру, табиғи кеңістіктер мен ауылды елді мекендерді көріктендіру салаларындағы жұмыстар жатады.
Парламентте талқылау көзі бола алатын Жоспарды орындау жағдайлары жайлы баяндама жасау бойынша формальды жұмыстар. /8, 25-33/
Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі Японияның, Оңтүстік Кореяның және Малайзияның территориялық, индикативтік, стратегиялық жоспарын толық зерттеп экономикалық жоспарлаудың өзіндік жүйесін құрастырды.
Индикативті жоспарлаудың бұл жүйесі «Қазақстан – 2030» даму стратегиясын жүзеге асыру инструменті болып табылады және Қазақстанның әлеуметтік–экономикалық дамуының ұзақмерзімді (он жылдық), ортамерзімді (бес жылдық) және ағымдағы (жылдық) жоспарларын, сонымен бірге облыстардың, Алматы және Астана қалаларының даму жоспарын қосады.
Ұзақ мерзімді жоспарлар он жылдық кезеңді қамтиды және « Қазақстан – 2030» даму стратегиясының жүзеге асуын үш этапқа бөледі. Әр этап ұзақмерзімге сипатталған нақты тапсырмаларды шешуі керек және әлеуметтік – экономика дамуының барлық бағыттарының стратегиясы мен приоритетін анықтауы керек.
Бірінші онжылдық этапта стратегиялық мақсаттар өндірісті жандандыруға, бос күштерді рационалды қолдану арқылы экономиканы көтеруге, негізгі капиталды жаңалауға және халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуды қолдауға бағытталады. Екінші этапта – экономика құрылымы мен халықтың өмір сүру деңгейін сапалы өзгертуге бағытталған. Үшінші этапта жеделдетілген тұрақты экономикалық дамуға ауысуға, өмірдің сапасы мен әлеуметтік сфераның кардиналды жақсаруына бағытталғанҚазақстан Республикасының Үкіметі 14маусым 2002жылдың №647 үкімімен бекіткен индикативті жоспарларды жасау “Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарларын жасау ережелеріне” сәкес жүргізіледі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарларын жасау ережелері Қазақстан Республикасының, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттік ұйымдардың және ұлттық компаниялардың өзара қызметтерінің механизмдерін әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарларын жасаудың түсінігі мен әдістемелік негіздерін анықтайды. /6/
Үкімге сәкес индикативті жоспарлау – экономиканың дамуына жақсы жағдайларды жасауға бағытталған макро экономикалық және территориалдық деңгейлерде мемлекеттік реттеудің өзара байланысты шаралар жүйесін беретін Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын жасау процесі. ҚР индикативті жоспарлаудың мақсаты нақты сектор, қаржы жүйесі, әлуметтік салада, халықтың өмір сүру деңгейі, жұмысбастылық, қоршаған ортаны қорғау, ресурстарды пайдалану тиімділігі, ғылым мен техниканы дамыту мен пайдалану салаларында болжалған көрсеткіштерге жету.
Қазақстандағы индикативті жоспар дегеніміз:
Индикативті жоспарлардағы әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты көрсеткіштердің (индикаторлардың) тізімін Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісімен үйлестіру арқылы арнайы өкілетті орган ― Қазақстан Республикасының экономикалық және бюджеттік жоспарлау министрлігімен анықталады.
Индикативті жоспарлаудағы бекітілген мақсаттарға жету үшін шаруашылық етуші субъектілерінің экономикалық әрекетіне әсер ететін негізгі реттеуші құралдар – құқықтық регламенттеу жүйесі мен экономикалық тұтқалар болып табылады.
Жоспарлаудың бес түрлі функциялары бар:
Қазақстан Республикасындағы жалпы Индикативті жоспарларды жасауға келесі ұйымдар қатысады:
▪Республикалық деңгей – Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспары деп аталады, Қазақстан Республикасының экономикалық және бюджеттік жоспарлау министрлігімен жасалады.
▪Аймақтық деңгей – Астана және Алматы қалалары мен облыстардың әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспары деп аталады.
Оны экономикалық жоспарлау бойынша жергілікті уәкілетті ұйымдар жасайды.
▪Мемлекеттік, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламалар – орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де мемлекеттік ұйымдар Республикалық индикативтік жоспарлар мен Облыстық индикативті жоспарлардың басты құралдары және құрамдас бөлігі болып табылады.
▪Ұлттық компаниялардың дамуының индикативті жоспарлары.
Республикалық индикативтік жоспардың басты бөлімдері – Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы мен болашағы туралы баяндама, оның болжауы, қолданыстағы және жасалынып жатқан мемлекеттік және салалық бағдарламалардың тізімі, ондағы инвестициялық жобалардың тізімі, ұлттық компаниялардың негізгі даму көрсеткіштерін болжау мен негізгі бағыттар; әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік реттегіштері – табиғи монополиялардаң өнімі мен қызметтер тарифтерінің динамикасы; еңбек ақы, зейнет ақы, мемлекеттік жәрдем ақының, өмір сүрудің минималды деңгейі; товарлар мен қызметтердің импортына кедендік тарифтердің өзгеруі; жұмыс күшін импорттауға квота; өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру стандарттары.
Өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі еліміздің өте маңызды экономикалық өркендеу факторларының бірі болып табылады. Бұл өнеркәсіптің ЖІӨ кұрылымында алатын 30%-дан астам үлесіне байланысты. 2004 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3867,9 млрд. теңгені құрады, бұл 1995 жылғы деңгейден 1,8 есе жоғары. Өндіріс көлемінің өсуі негізінен табиғи газ өндіруді - 3,7 есе; газ конденсатын қоса, мұнай өндіруді – 2,9 есе; илек және өңделмеген мырыш өндіруді – 1,9 есе; болат, ферроқорытпалар және өңделмеген қорғасын өндіруді – 1,8 есе; тазартылған мыс және шойын өндіруді – 1,7 есе арттыру есебінен қамтамасыз етілді.
1995 |
2000 |
2004 |
2004 жыл | ||
1995 жыл-ға%-бен |
2000 жыл-ға%-бен | ||||
Республикалық ЖІӨ-дегі өнеркәсіп ЖҚҚ-сының үлесі, %-бен |
23,5 |
33,2 |
31,1* |
||
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі, млрд. теңге |
696,3 |
1798,3 |
3867,9 |
||
Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлемінің индекстері, өткен жылға %-бен |
90,2 |
115,5 |
110,4 |
179,9 |
151,5 |
соның ішінде: |
|||||
кен өндіру өнеркәсібі |
100,5 |
121,0 |
113,4 |
235,4 |
165,1 |
өңдеу өнеркәсібі |
83,7 |
117,4 |
109,2 |
162,6 |
146,5 |
электр энергиясын, газ бен
су |
92,2 |
105,8 |
102,0 |
88,7 |
124,5 |
Өнімдерді табиғи көрінісінде өндіру |
|||||
шикі мұнай, млн. тонна |
17,9 |
30,6 |
50,7 |
в 2,8 р. |
165,7 |
газ конденсаты, млн. тонна |
2,5 |
4,7 |
8,8 |
в 3,5 р. |
187,2 |
табиғи газ, млрд. текше метр |
5,9 |
11,5 |
22,1 |
в 3,7 р. |
192,2 |
фосфор, мың тонна |
50,1 |
15,4 |
81,0 |
161,7 |
в 5,3 р. |
ферроқорытпалар, мың тонна |
809,1 |
1093,1 |
1447,3 |
178,9 |
132,4 |
жазық илек, мың тонна |
2152,9 |
3893,8 |
4039,7 |
187,6 |
103,7 |
өңделмеген мырыш, мың тонна |
169,2 |
262,6 |
316,7 |
187,2 |
120,6 |
тазартылған мыс, мың тонна |
255,6 |
394,7 |
445,3 |
174,2 |
112,8 |
Информация о работе Кластерлердің қажеттілігі, даму тенденциясы