Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2015 в 21:53, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасы өнеркәсібін жоспарлаудың дамуы». Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде жалпы жоспарлаудың түсінігімен мәні, әдістері мен қағидалары, Қазақстандағы жоспарлаудың жағдайы мен жүзеге асырушы органдар туралы толық мәлімет тиісті бөлімшелерде жазылған.Жоспарлау дегеніміз ұлттық экономиканың әртүрлі деңгейлерінде жүзеге асырылатын басқару нысаны.
Кіріспе 3
1. ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ. 4
1.1. Жоспарлаудың түсінігі, мәні, методологиясы 4
1.2 Қазақстандағы жоспарлауды жүзеге асыратын орган 7
1.3. Индикативті жоспарлау 8
1.4. Индикативті жоспарлаудың әлемдік тәжірибесі 12
1.5 Қазақстандағы индикативті жоспарлау 18
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІБІ 20
2.1. Ұлттық экономикадағы өнеркәсіптің ролі 20
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КЛАСТЕРЛЕР 22
3.1. Кластерлердің қажеттілігі, даму тенденциясы 22
3.2 Кластерлердің дамуына қажетті жағдайлар 25
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28
*жедел деректер
Соңғы бір жарым жылда республиканың өнеркәсіп кәсіпорындары өнімдердің жаңа түрлерінің 45 атауын шығару игерді. Олардың ішінде: рентгендиагностика және жылу алмасу аппараттары; теміржолшылардың жол бригададаларына арналған жеке қосылатын рельс бұрғылағыш станоктары; жалыны көп Шұбаркөл көмірінен алынған кокстың арнайы түрі; вакуумдық газойль; табиғи уранның шалатотық-тотығы; терезе, есік, ірге бастырғы және пластмассадан жасалған басқа да бұйымдар; шыныталшық және бетон бұйымдар.
Әлемнің
тиімді дамып келе жатқан мемлекеттерінің
қатарына қосылу мақсатын көздеп, бәсекеге
қабілетті экономика үлгісін ұстанған
біздің елімізде қазір «Қазақстанның
кластерлік бастамасы» атты жоба жүзеге
асырыла бастады. Ол жобаға белгілі экономист,
Гарвард университетінің профессоры Майкл
Портер кеңесшілік етті. Жобаның мақсаты
– бәсекелестікті дамыту үшін экономикалық
қарымы мол басым салаларды таңдау, сол
арқылы қазақстандық кластерлер жүйесінің
дамуына жол ашу, өнімдер сапасын халықаралық
деңгейге дейін көтеру болып табылады.
Ғалымдардың талдауы
нәтижесінде Қазақстан үшін келешегі
бар делінген 7 кластер анықталды. Олар: туризм,
мұнай-газ машиналарын жасау, тамақ және
тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық
қызмет көрсету, металлургия және құрылыс
материалдары салалары.
Жалпы мамандар
пікірінше, қазір Қазақстан экономикасының
дамуы пайдалы қазба байлықтарын шикізат
күйінде шетелге сатуға негізделген экономикалық
артықшылық есебінен жүзеге асып отыр.
Әлемдік тәжірибе бойынша, мұндай ахуал
елдің тұрақты экономикалық дамуына бөгет
жасап, Қазақстанның дүниежүзілік шикізат
нарықтарындағы тауар бағасының ауытқуына
тәуелділігін күшейтеді. Сонымен қатар,
бұл жағдай «голланд ауруының» бел алуына
себеп болмақшы.
Қай елдің болмасын
халықаралық тауар нарықтарындағы тұтынушы
үшін күресте жеңіп шығуға қабілеті - оның
өнеркәсібінің экспортқа арналған жоғары
да жаңа технологиялық өнім өндіруге мүмкіндігімен
байланысты. Кластерлерді дамыту үшін
Үкімет тарапынан шағын және орта бизнесті
қолдау мен дамыту, елде қолайлы инвестициялық
ахуалды қалыптастыру, тиімді сауда саясатын
жүргізу, ұтымды макроэкономикалық саясат
ұстану тәрізді бағыттар маңызды.
Белді экономист сарапшылар, Парламент депутаты, академик Кенжеғали Сағадиев пен Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Лу Брефордың пікірлерінше, елдің халықаралық нарықтағы бәсекеде жеңіп шығу қабілетін көтеру үшін мынадай шаралар қолданылуы тиіс:
белсенді индустриялық–инновациялық саясат жүргізу арқасында кәсіпорындардың технологиялық қайта жарақтандырылуының мерзімін азайту;
шикізат базасы, білікті қызметкерлер мен мамандардың арқасында дүниежүзілік қаржы қорлары жұмысының жүйесіне қосылу;
жаңа жоғары технологиялық тауарлар өндіру мен қызмет түрлерін идеядан - өнімге дейін игеру; ұлттық экономиканың диверсификациялануы мен модернизациялануын – қаржылық жағынан қамтамасыз ету;
инновациялық мақсатқа арналған қаржылық қорлардың үлестірілуі мен қолдануының тиімді механизмін жасау. Бұған басым инновациялық жобалар портфелін жасаушы арнайы салалық ғылыми-инновациялық инжинирингтік орталықтар мысал бола алады;
инновациялық өндірісті мемлекет тарапынан қолдау мақсатында мұндай өндіріспен айналысушы кәсіпорындарға жобадағы қуатына жеткенге дейін қосымша, мүлік және жер салығынан босату жеңілдігін беру;
шикізат экономикасына арқа сүйеуді тоқтату. Әлемдік нарықтағы тиімді ахуалды пайдалана отырып, экономиканың мұнай-газ саласын жоғары технологиялық машина жасау, металл өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, өндірістік әрі әлеуметтік инфрақұрылым салаларын жетілдіруге локомотив ретінде қолдану;
экономиканың шикізаттық емес салаларында халықаралық деңгейдегі сапаға сай өнім өндірісінің үлесін өсіруді сатылы және тиянақты түрде жолға қою, мұның нақты мүмкіндігі алғашқы пилоттық кластерлерді құру және дамыту барысында қалыптастырылмақ;
өнеркәсіп салалары үшін инновациялық мүмкіндіктерді іздестіріп, олардың тиімді комбинацияларын құру. Бұл нақты инновациялық жобаны таңдау мен жүзеге асыруға кеп саяды;
қазақстандық энергетикалық компаниялардың өнімін өткізетін дәстүрлі әлемдік нарықтарда тұтынушы үшін күрестің күшеюі себепті, Қазақстан стандарттарын дүниежүзілік ИСО/МЭК стандарттарына үйлестіру;
қазір аймақтарда шағын және орта бизнесті қолдау инфрақұрылымы кәсіпкерлік белсенділіктің деңгейіне пропорционал түрде дамуда. Демек, аймақтардағы, яғни облыстардағы бизнес-инфрақұрылымдарды дамытуда олардың әрбірінің күшті әрі әлсіз жақтарын есепке алатын арнайы саясат қажет;
кәсіпкерлік саласында агенттік түріндегі арнайы өкілетті орган керек. Оның міндеті шағын және орта бизнесті жоспарлы түрде қорғау мен дамыту үшін қолайлы ахуал қалыптастыру болып табылмақ. Бұл жауапкершілік тетігін жасауға және мемлекеттік органдардың орталық әрі жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін шешуде оперативті қимылдауына мүмкіндік береді.
Ел экономикасының халықаралық тауар нарықтарындағы бәсекелестік қабілетін дамыту үшін қолданылып жатқан кластерлік стратегия білім беру мен мамандардың біліктілігі сапасын көтермейінше жүзеге асуы неғайбыл. Қазіргі қоғамда нарық күресінде артықшылыққа көбінесе білім әрі зияткерлік байлық арқылы қол жеткізіледі. Білім беру мен мамандарды даярлау саласының деңгейін көтеру сарапшылар мынадай шаралар ұсынады:
өнеркәсіп кәсіпорындарының мамандармен қамтамасыз етілуін бақылап отыратын Мониторинг орталығын құру;
жұмыс берушілердің өз қаржысын кәсіби білім беру, жұмысшылар, инженерлер мен мамандарды даярлау мен біліктілігін арттыруға тарту;
ірі кәсіпорындар негізінде кәсіптік-техникалық мектептер, колледждер мен университеттер үшін инженерлік-педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеретін әрі қайта даярлайтын жүйе жасау.
Кластерлік стратегияның ел экономикасын шикізатқа тәуелділіктен құтқару үшін ереше маңызды екенін атап өттік. Қазақстанның халық шаруашылығы жүйесі соңғы жылдары қарқынды дамуда. Мәселен, соңғы 4 жылда ЖІӨ-нің өсуі жылына 10% құраған. Ал 2004 жылы бұл көрсеткіш 9,4% құрады, соның ішінде өнеркәсіп өндірісі - 10% болды, ал инфляция 6,9% -тен аспады. Соның нәтижесінде қазір біздегі жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші 2700 долларға жетіп отыр. Бұл 1994 жылдың деңгейінен 4 есе артық. Биылғы жылы бұл көрсеткіш 3000 доллар, ал 2010 ж. – 5800 доллар құрайды деп күтілуде. Сыртқы сауда көлемі 2004 жылы 33 млрд. доллар құраса, ондағы минералдық шикізат үлесінің мөлшері 68,3% -ке жеткен. 1993-2004 жылдар аралығында елге 34 млрд. доллар инвестиция келген, әрине олардың басым бөлігі (3/4 астамы) шикізат өндіру саласына кетіп жатыр. Яғни, экономика шикізат өндіру саласына тәуелділікке беттеп бара жатқандай бейім танытуда.
Мұның бәрі елде шикізаттық емес салаларды дамытудың қажеттілігіне меңзейді. 2004 ж. мұнай мен газ өндіру елде 59,4 млн. тоннаны құраса, Үкімет жоспары бойынша 2010 жылы бұл көрсеткіш - 90-95 млн.тонна, ал 2015 жылы - 150 млн. тоннаға жетпек. Кластерлік бастаманы жүзеге асыру арқылы Қазақстан экономикасының шикізаттық емес салаларын көтеру, олардың халықаралық нарық бәсекесінде жеңіп шығу қабілетін арттыруды қолға алу – бүгінгі өмірдің өз талабы.
Кластерлерді дамыту үшін таңдалып алынған жеті салада алғашқы шаралар қолға алынып та жатыр. Мұнда әзірше басты назар пилоттық (тәжірибе ретіндегі) кластерлерді ұйымдастыруға бағытталып отыр. Мәселен, құрылыс материалдарын өндіру сферасында бүкіл ел бойынша үш кластер құру жоспарланған, мұндай кластерлер құрылыс материалдарына деген сұраныс ерекше қауырт өсіп отырған Астана тәрізді қалалар аясында жүзеге аспақ.
Экономика ғылымдарының докторы, профессор Арыстан Есентүгеловтың пікірінше, кластерді жасау және дамыту әр кластердің мәселелерін ғана емес, кластерді құру үшін таңдалған экономиканың жеті саласының жүйелік мәселелерін тұтастай шешуді талап етеді. Бұл үшін мемлекет пен жеке бизнестің тығыз интерактивті диалогы қажет. Мұндай диалог нәтижесінде мемлекет жүйелі мәселелерді шешу жөнінде өзіне міндеттемелер алады (нақты саланың дамуына дем беру үшін заңнаманы жетілдіру, мамандарды даярлау мен қайта даярлау, стандарттау мәселелері, инфрақұрылымды жетілдіру, т.б.), ал жеке бизнес болса, кластер аясында нақты бизнес-жобаларды жүзеге асыруға кіріседі. Алайда әр түрлі «дөңгелек үстелдер» мен жиналыстар көрсетіп жатқандай, әзірше ел бойынша жеке бизнес мемлекеттік орындармен мұндай диалогқа баруда сылбырлық танытып отыр. Бұған бір жағынан кеңес заманынан қалған саяси, азаматтық және құқықтық мәдениеттің жетіспеуі де әсерін тигізуде.
Сонымен отандық кластерлердің аяғынан нық тұрып кетуі экономиканың шикізаттық емес салаларында әлемдік сапа стандарттарына сай өнім өндіруге кең жол ашылуы тиіс. Бұл Қазақстанның болашақтағы экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету дегенді білдіреді. Ал кластер бөгетсіз дами алуы үшін ұлттық экономиканың шикізаттық емес салаларында жеке бизнестің бастамаларына қолдау көрсетіп, ол салалардың дамуына заңнамалық әрі институционалдық шарттар жасау қажет. Бұл үшін келесі шаралар қолданылуы тиіс:
1 Елде ішкі инвестициялар үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау. Бұл тұрақты саяси ахуал, қанағаттанарлық макроэкономикалық көрсеткіштер тәрізді нәрселерден тыс отандық жеке бизнестің инновациялық бастамаларына салыққа, несиелеуге және мемлекеттік орындар тарабынан бақылауға қатысты жан-жақты қолдау көрсету керек дегенді білдіреді. Қазақстан 2003 жылы Дүниежүзілік банктің шешімі бойынша инвестиция салу үшін тартымды ең озық 20 ел қатарына енді. Енді елдің сыртқы экономикалық саясатын бұдан әрмен ырықтандырып, мемлекеттегі инвестициялық ахуалдың – соның ішінде инновациялық өндіріспен айналысушы отандық шағын және орта бизнес үшін - барлық құрамдас бөліктері бойынша осы оң үрдістің сақталуын қадағалап отыру керек;
заңнама саласында экономиканың дамуы үшін ұтымды дайын тауар өндірісімен айналысушы отандық кәсіпорындарға инвестициялық жеңілдіктер берілуін бекіту. Бұл әрине өнеркәсіп салаларына қатысты қолданылуы тиіс шара. Жеке бизнесті ынталандыру үшін жеке табыс , әлеуметтік және қосымша құн салықтарының деңгейін келешекте әлі де азайта түсуді қарастырған жөн (қазір бұлардың жоғары деңгейі тиісінше 20%, 20% және 15 % - ке тең);
елдің Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына тез және қолайлы түрде енуіне жан-жақты жағдай жасау. Бұл шара Қазақстан экономикасының әлемдік экономикаға интеграциялануына жәрдемдеседі;
2 Инновациялық дамуға дем беруші қаржы институттары жүйесін одан әрі дамыту. Елдегі Ұлттық инновациялық қор, Даму банкі, Инвестициялық қор т.б. тәрізді (жиынтық түрде жарғылық қоры бүгінде 1 млрд. доллардан асып кеткен) арнайы мемлекеттік қорлармен қатар инновациялық дамуға қаржы бөлуді қалайтын жеке меншік қаржы қорларының дамуына жол ашу абзал. Кей елдер тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мемлекеттік қаржы қорлары кейде экономикалық жағынан тиімсіз, мемлекет басындағы топқа ғана тиімді саяси мақсаттағы жобаларды қаржыландыруға бейім тұрады. Жеке меншік қаржы қорларының дамуы бұған бөгет қояр еді;
3 Қаржы нарығын ары қарай жетілдіру. Елде әлі күнге дейін қор биржасы толық күшінде жұмыс істей алмай отыр. Бұның басты себебі акционерліқ қоғамдарды тіркеуде жарғылық қордың міндетті ең аз көлемінің тым жоғары боп отырғанында. Осыны тиімді мөлшерге дейін (мәселен, 100 мың теңгеге дейін) азайтқан дұрыс. Бұл көрсеткіштің жоғарылығы венчурлік, инновациялық бизнестің елде қарқынды жетілуіне бөгет қояды. Сонымен қатар, зейнетақы қорларындағы уақыт өткен сайын құнын текке жоғалтып жатқан салымдарды (көлемі бірнеше жүз миллиард теңгеге жеткен) тартымды инновациялық жобаларға бағыттауға жол ашу абзал;
Кластерді дамыту стратегиясының өзін тағы да бір қайта қарап шығу. Бұл стратегияны жасаған ғалымдар аз еңбектенген жоқ. Мақтауға тұрады. Сонымен қатар, соңғы уақытта Қазақстан экономикасының ресми анықталған 7 саласынан (туризм, мұнай-газ машиналарын жасау, тамақ өнеркәсібі, тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдары) тыс әлемдік нарықта өнімі сұраныс тауып отырған жаңа салалар айқындалып жатыр. Мәселен, электр энергиясын өндіру саласы бұған дәлел. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан Қытай мен Үндістан болашақта электр энергиясын тұтынатын зор рынокқа айналады. Бұларда қазірдің өзінде аталған энергия қоры жетіспеуде. Қытай Үкіметі өкілдері Қазақстан электр энергиясын импорттауға қызығушылық танытып отыр. Демек, жаңа нарықтық мәліметтер негізінде кластер стратегиясын уақыт өткен сайын жетілдіріп, қажетті мемлекеттік шаралар қолдану керек.
Қазақстан - 15 млн. ғана адам тұратын ел, яғни ішкі нарықтың аясы тар. Демек, кластерлер дамуы елдің Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы шараларымен ұштастырыла жүргізілуі керек. Яғни, сыртқы сауда саясатын мүмкіндігінше толық ырықтандыру қажет болады. Бұл отандық өндірушінің Қазақстан ішінде шетелдік өндірушімен тұтынушы үшін күресте бетпе-бет қалатынын білдіреді. Қазір шетелдік өндірушінің (Батыс елдеріндегі) тауары отандық өндірушінікінен арзанырақ әлі сапалырақ. Олардың тегеурінін тек қолдан жасалған жоғары баж салығын алу арқылы (яғни, бағасын жасанды түрде қымбаттатумен) ғана ұстап отырмыз. Болашақта мұндай саясат ұтысқа әкеледі. Себебі мұндай жасанды жеңілдік жолы отандық өндірушінің өз өнімінің тауарлық сипаттарын (соның ішінде, бағасы мен сапасы бойынша) жетілдіруге деген ынтасын төмендетіп, жалпы ұлттық экономиканың тұтынушы үшін күрестегі әлеуетін әлсіретеді.
Қазақстанға Шығыс Еуропа елдерін тұтынушы үшін бәсекеде жеңіп шығуға қабілеттілік көрсеткіші бойынша қуып жету керек. Ол әсіресе өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы салаларына тікелей қатысты. Бұл үшін еліміздің кластерлік стратегиясын жүйелі түрде орындап шығу аса маңызды. Сонда ғана ертеңгі ел еңсесінің биік болуына берік іргетас қаланады.
Информация о работе Кластерлердің қажеттілігі, даму тенденциясы