Кретиторлык берешек аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2013 в 08:55, курсовая работа

Описание работы

Аудиттің ақпараттық негізі бухгалтерлік есеп болып табылатындықтан ұйымдарды тексеретін аудиторлар бухгалтерлік есептеме нақтылығымен олардың аудиторлық дәлелдерін және өндірісті жетілдіру мақсатындағы шығындарды, қаржыларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, жобаларды, бизнес жоспарлармен жоспарларды жасау үшін дәйекті ақпаратты алу және қызмет процесін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-шараларды жүзеге асыру үшін тексерудің арнаулы әдістері мен тәсілдерін қолдана білу керек.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3
I Бөлім. Кредиторлық берешек аудитінің мазмұны, жіктелуі, ұйымдастыру және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі.......................................................4
1.1. Кредиторлық берешек аудитінің мазмұны және жіктелуі...............................4
1.2. Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелердің аудитін ұйымдастыру және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі......................................................................8
II Бөлім. Кредиторлық берешек аудитінің есебі...............................................15
2.1. Ұйымның қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер есебінің аудиті..........15
2.2. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айрысу аудиті.................16
2.3. Бюджетпен есеп айрысу міндеттемелерінің аудиті.........................................
III. Бөлім. Аудиторлық қорытынды....................................................................20
Қорытынды..................................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................

Файлы: 1 файл

Кредиторлық берешек аудитінің мазмұны, жіктелуі, ұйымдастыру және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі.doc

— 192.50 Кб (Скачать файл)

Жоспар:

 

 

Кіріспе..........................................................................................................................3

I Бөлім. Кредиторлық берешек аудитінің мазмұны, жіктелуі, ұйымдастыру және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі.......................................................4

1.1. Кредиторлық берешек аудитінің мазмұны және жіктелуі...............................4

1.2. Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелердің аудитін ұйымдастыру және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі......................................................................8

II Бөлім. Кредиторлық берешек аудитінің есебі...............................................15

2.1. Ұйымның  қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер есебінің аудиті..........15

2.2. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айрысу аудиті.................16

2.3. Бюджетпен есеп айрысу  міндеттемелерінің аудиті.........................................

III. Бөлім. Аудиторлық қорытынды....................................................................20

Қорытынды..................................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Аудиттің ақпараттық негізі бухгалтерлік есеп болып табылатындықтан  ұйымдарды тексеретін аудиторлар бухгалтерлік есептеме нақтылығымен олардың аудиторлық дәлелдерін және өндірісті жетілдіру  мақсатындағы шығындарды, қаржыларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, жобаларды, бизнес жоспарлармен жоспарларды жасау үшін дәйекті ақпаратты алу және қызмет процесін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-шараларды жүзеге асыру үшін тексерудің арнаулы әдістері мен тәсілдерін қолдана білу керек.

Қазақыстан Республикасының бүкіл шаруашылығының нарықтық экономикаға өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұйымдастыру-құқықтық нысандары мен меншіктің сан қырлы нысандарының пайда болуы экономикалық бақылау жүйелері механизімдеріне түбегейлі әсер етті.

Аудиторлық қызмет негізгі қағидаларды сақтау негізінде жүргізіледі. Қысқа мерзімді міндеттемелер аудитінің мақсаты - бұл кредиторлық қарыздардың заң мен белгіленген талапқа сәйкес пайда болуы мен өтелуіне, сонымен қатар төлемдер мен есеп - айырысулардың дұрыс жүргізілуіне қатысты бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйесі туралы аудитордың өз пікірін білдіруі.

Мен өз курстық жұмысымда  кредиторлық берешектердің қысқа  мерзімді міндеттемелер бөлігін  қарастырдық.

Менің курстық жұмысымда  мынадай нәрселерді қарастырамыз:

1) ұйымның қысқа  мерзімді қаржылық міндеттемелері  бойынша есеп жазуларының негізі  болып табылатын бастапқы құжаттардың  дұрыс рәсімделуі мен қолда  барын тексеру;

2) синтетикалық  және аналитикалық есепті, өзара  байланысы мен олардың бас  кітап пен қаржылық есептілікте көрсетілуін, сәйкесінше жаңа шот жоспарының дұрыс қолданылуын тексеру;

3) міндеттемелер  бойынша есеп - айырысудағы ішкі бақылауды бағалау;

4) ұйымның қысқа  мерзімді қаржылық міндеттемелерінің  тиісінше сыныпталуын тексеру;

5) ұйымның тартылған қаражаттарды тиімді қолдануын бақылау жүйесін бағалау.

Курстық жұмыс құрамы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Бірінші бөлімінде, Кредиторлық берешек аудитінің мазмұны, жіктелуі және ұйымдастыру қарастырылады.

Екінші бөлімінде, Кредиторлық берешек аудитінің бағдарламасы және есебі қарастырылады.

 

 

 

 

 

I Бөлім. Кредиторлық берешек аудитінің мазмұны және жіктелуі.

 

    1. Кредиторлық берешек аудитінің мазмұны.

Кредиторлық берешек  – кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғаларға міндеттемелері.

Пайда болу сипатына қарай  кредиторлық берешек қалыпты және ақталмаған болып бөлінеді.

Қалыпты кредиторлық  берешек пен кәсіпорынның бизнес-жоспарын орындау барысына, сондай-ақ есеп айрысудың  іс жүзіндегі формалармен байланысты.

Бұларға төлеу мерзімі  келмеген акцептелген есеп-қисап  құжаттары бойынша жабдықтаушыларға берешек және бюджетке төлемдері  өтіп кеткен берешек және т.б.

Ақталмаған кредиторлық  берешек болып бюджетпен есеп айрысу бойынша – қаржы органдарына, еңбекті өтеу бойынша – кәсіпорын қызметкерлеріне, мерзімінде төленбеген есеп-қисап құжаттары бойынша – жабдықтаушыларға және т.б. мерзімі өткен берешектер саналады.

Кредиторлық берешектерді тексерудің басты міндеттері мыналар:

  1. Төлем тәртібін сақтауды тексеру.
  2. Есептеуде қолданылатын бағаның, тарифтің және басқа құнды көрсеткіштердің негізділігін тексеру.
  3. Кредиторлық берешек сомасының шынайылығын тексеру.
  4. Есептеулерді реттеу мен кредиторлық берешекті азайту жөніндегі ұсыныстарды дайындау.

Кредиторлармен есеп айрысу жағдайын бақылауды ұйымдастыру келісім-шарттық және есептік тәртіптің нығаюына тапсырылған ассортиментте және төлемдік тәртіпті сақтау үшін жауапкершілікті арттыру сапасымен өнімді жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындауға, кредиторлық берешкті қысқартуға және соған орай шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Кредиторлық берешектің есепті кезеңнің басы мен аяғындағы  жағдайы баланста мынадай баптардың  қалдықтарымен сипатталады:

  1. Төленуге тиісті шоттар мен вексельдер.
  2. Алынған аванстар.
  3. Салықтар бойынша берешек.
  4. Төленуге тиісті дивидедтер.
  5. Негізгі компания мен еншілес ұйымдар арасындағы топ ішіндегі операциялар бойынша берешек.
  6. Акционерлік қоғамның лауазымды адамдарына берешек.
  7. Басқадай кредиторлық берешек.

«Төленуге тиісті шотар мен вексельдер» бабын тексергенде аудитор оның қалдығын «Төленетін шоттар» шотымен салыстыру қажет, ол мыналар үшін жабдытаушылармен және мердігерлермен есеп айрысу жөніндегі ақпаратты жинақтап қорытуға арналған:

а) алынған ТМҚ мен  айналымнан тыс активтер, орындалған жұмыстар мен тұтынылған қызметтер;

ә) алынған ТМҚ, айналымнан тыс активтер, есеп-қисап құжаттары  әлі түспеген (фактураланбаған жеткізілімдер) жұмытар мен кірістелетін қызметтер;

б) қабылдау кезінде табылған ТМҚ артығы мен айналымынан тыс активтер;

в) тасымалдау мен т.с.с. бойынша алынған қызметтер.

Бұл шот бойынша есептеулерді мындай екі бағыт бойынша жүргізу  қажет:

  1. Қабылданған материалдық құндылықтар, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін төлемнің дұрыстығын таңдау.
  2. Жабдықтаушылардан алынған ТМҚ кіріске алудың толықтығын талдау.

Аудитор жабдықтаушылармен  және мердігерлермен есеп айрысуды тексеру  бағдарламасын жасағанда, ішкі бақылау  мен есеп жағдайын анықтайтын ішкі аудит жұмысына да жүргізілген жұмысқа  қаншалықты сүйенетінідігін айқындауы тиіс.  

 

1.2 Кредиторлық  берешек аудитінің жіктелуі

Кредиторлық берешектер - өткен мәмілелердің немесе өткен оқиғалардың нәтижесі. Олар ұзақ мерзімді және ағымдағы болып жіктеледі.

Ұзақ мерзімді міндеттемелерге мыналар жатады:

    • банктердің ұзақ мерзімді қарыздары;
    • банктен тыс ұзақ мерзімді қарыздар;
    • мерзімі шегерілген корпоративтік табыс салығы.

Банктердің және банктен  тыс мекемелердің ұзақ мерзімді қарыздары 1 жылдан астам мерзімге, әдетте, жаңа техниканы енгізу шығындарына, өндірісті  кеңейтуге, оны қайта құруға, қымбат бағалы жабдықты алға және басқа мақсатты бағдарламаларға беріледі.

Қарыздарды алу және өтеу бойынша операциялардың арнайы аудитін өткізу үшін келесі көрсетілген  шоттар: 4010 « Ұзақ мерзімді банктік  қарыздар», 4020 «Ұзақ мерзімді алынған қарыздар» және 4000 бөлімшенің «Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер», 4030 «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер» қолданылады. Оларға «Ұзақ мерзімді қарыздар» мен «Қысқа мерзімді қарыздар» аралық шоттар 1000 бөлімшенің «Банктердегі аккредитивтердегі, чектердегі, карт-шоттардағы және басқа шоттардағы ақша», 4120 «Еншілес(тәуелді) ұйымдарға кредиторлық берешек», 4110 «Жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді берешек» және басқа шоттармен кореспонденция алынған қарыздар сомалары кредит бойынша, ал дебет бойынша – ақша есебі жүргізілетін шоттармен корреспонденцияда өтелген қарыздар осмасы беріледі.

Қарыздар беру мен  өтеуге байланысты барлық мәселелер  банк ережелерімен және қарыз алушы  ұйым мен банк арасындағы кредиттік  шарттарымен реттеледі. Бұл мақсатүшін кредиттік шарт рәсімделеді, онда кредитеу объектісі, қарыз беру мен қайтару мерзімдері прценттік мөлшерлемелер, оларды төлеу тәртібі, тараптардың қарызды беру мен өтеу жөніндегі міндеттмелері, құқықтары мен жауапкершілігі, құжаттар тізбесі және оларды банкке ұсынудың мерзімділігі мен басқа жағдайлар көрсетіледі.

Ұзақ мерзімді кредиторлық  берешектерді тексергенде, аудитор  бәрінен бұрын баланста көрсетілген, есепті кезеңнің басы соңындағы қалдықтың  Бас кітаптың жоғарыда аталған шоттар мен журнал-ордердің мәліметтеріне қарап сәйкестігін анықтауға тиіс.

Алйда мұны бірден жасауға  болмайды, өйткені баланста синтетикалық шоттардың қалдықтары емес, аналитикалық есептің мәліметтері келтіріледі. Басқаша айтсақ, баланстың «Қамтамасыз  етілген қарыздар», «Қамтамасыз етілмеген қарыздар» және «Ұйымдардың бір-біріне және еншілес ұйымдарға беретін қарыздары», баптары аналитикалық есеп мәліметтері негізінде толтырылуы тиіс. Сондықтан аудитор синтетикалық есептің аналитикалыққа сәйкес болуына баса назар аудару тиіс.

Ата айтатын жайт 4010-4030 шоттар бойынша аналитикалық есеп мерзімінде өтелмеген қарыздар, оларды берген банк түрлері бойынша: қарыз берушілер  мен қарызды өтеу мерзімдері бойынша  мәліметтер банк көшірмелерімен расталуы тиіс. Қарыздарды банктер тиісті қамтамасыз етуге немесе кепілдікке және белгілі бір мақсаттарға беруге тиісті болғандықтан, біріншіден, кәсіпорын басшысын қамтамасыз ету құрамына кіруін немесе кепілдікті, екіншіден – қарызды мақстты пайдалану тексеру керек. Үшіншіден, оларды ынталандырудың толықтығы мен уақтылығына ерекше назар аудару қажет. Бұл үшін банк көшірмелерін тексеру керек. Қайтару мерзімі бұзылғанда мұның себебін анықтау талап етіледі.

Басқа кәсіпорындар мен  ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді қарыздарды тексергенде, аудитор қарыз берушілермен мәліметтерді салыстыру нәтижелерімен анықтауға тиісті, қайтарылмаған қарыздың қаржы қалдықтарының дұрыстығын айқындауға тиісті. Аудитор бір мезгілде басқа кәсіпорындардан қарыз алудың негізділігімен заңдылығын да, сондай-ақ оларды өтеудің толықтығы мен мерзімділігін тексеру тиіс.

Сонымен қатар аудитор  қарыз және алынған несие үшін процент төлеудің дұрыстығын тексеріп, сондай-ақ кәсіпорынның өтелмеген қарыз (несие) қалдықтарымен бірге осы  қарыз үшін банкке тиесілі процентті  көрсету жайлы шешім (бұл туралы есеп саясатында жазылуы керек) қабылданғанын анықтау тиіс. Проценттер сомасы банктердің қарыздары жөніндегі проценттерді төлеу бойынша, шығыстар есебінің тиісті шоттармен бірге корреспонденциясында ұзақ мерзімді кредиторлық берешектер есебі шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.

Тексеру кезінде аудитор  берешек кәсіпорынға берілген вексельдермен  қамтамасыз етілгенін, ұзақ мерзімді қарыздар шотынан есептен шығарылмайтынын, вексельдік операциялар есебі ережелеріне  сәйкес ескерілетінін назарда ұстауға тиіс.

Ұзақ мерзімді кредиторлық  берешектердің сондай-ақ «Кейінге қалдырылған  салықтар» бабы жатады. Бұл отандық  бухгалтерлік есептің мүлдем жаңа объектісі, жаңа термин, оның және «Салықтық төлем», «Табыс салғы», «Бухгалтерлік табыс», «Салықтық табыс», «Салықтық әсер» тағы басқаларының мазмұны 11 «Табыс салығы бойынша есеп» БЕС-те ашылып көрсетіледі.

Олардың кейбірін қарастырайық:

  1. есепті кезең ішіндегі салықтық төлем міндеттемелер тәсілімен салықтық әсер есебі негізінде анықталады. Бұл тәсілде табыс салығы кіріс алу барысында заңды тұлға шеккен шығыс ретінде қарастырылады және тиісті табыс пайда болған кезеңге есептелінеді;
  2. есепті кезеңде пайда болған уақытша айырманың салықтық әсері салықтық төлемге кірізіледі және бухгалтерлік баланста «Кейінге қалдырылған салықтар» бабы бойынша көрсетіледі;
  3. Бап бойынша кезең басы мен соңындағы қалдықтардың анықтығын айқындау үшін Бас кітаптың 4310 «Кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салғы» шотының және 5 журнал-ордердің осы шотының мәліметтерімен салытыру керек;
  4. 4310 шот кредиті бойынша мыналар көрсетіледі:

а) 7710 «Корпоративтік табыс  салығы бойынша шығыстар» шотымен  бірге корреспонденцияда  болашақта  төлеуге тиісті салықтар сомасы;

ә) Дт 7710 шотының Кт 4310 шотының салықтық мөлшерлемесі ұлғаюына байланысты түзету енгізу;

Информация о работе Кретиторлык берешек аудиті