Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 18:58, курсовая работа
Кәсіпорынның қаржылық қорын бағалау, оның тұрақтылыққа жету жолдарын, экономикалық тиімділікті де анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын жұмысының қаржылық қорынының жағдайын бағалау адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
КІРІСПЕ 1
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОРЫН БАҒАЛАУ 2
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОРЫ ЖОСПАРЫ 3
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОРЫ ЖОСПАРЫ
Кәсіпорын қорының кассасындағы қолма – қол ақша банктің белгілеуімен кәсіпорын жетекшісінің келісуі бойынша шекті болады. Қажетті жағдайда касса қалдықтарының шектелуі қаралады. Кәсіпорындар банкке барлық қолда бар ақшаларды тәртіп және уақыт бойынша қызмет көрсету банктің келісімімен өткізіледі. Қолма – қол ақша күндізгі немесе кешкі кассаларға банк инкассаторларына және біріккен кассаларға кәсіпорынның соңғы өткізулерін банке өткізіледі.
Кәсіпорынның қорының банк шотынан аудару келісім – шорт жасайды. Кәсіпорын кассасында шектеулі қолма – қол ақшалар сақталынады. Банк мекемелерінің қызмет көрсетуі. Осы кәсіпорын жетекшілерінің келісімімен белгілінеді. Кассадағы қолма – қол ақша қалдықтарының шектелуі жыл сайын барлық кәсіпорынға банк мекемелеррі белгілейді. Ұйымдық – құқық нысаны және қызмет саласынан тыс, кассасы бар қолма – қол ақша есебіне жүзеге асырылады. Касса қалдықтарының шектелуі кәсіпорынның қолма – қол ақша айналымының көлемінің азаюы, оның қызмет мерзімінің ерекшелігі, қолма – қол ақша құралдарын тәртіпті және уақыт бойынша банк мекемелеріне тапсыру, кездейсоқ құндылықтарды тасымалдауын сақтау және қысқаруын қамтамассыз ету арқылы анықталады. Кәсіпорын өз кассаларында қолма – қол ақшалар үстінен белгіленген шектеулерді сақтау, тек қана жалақы беру, әлеуметтік төлемдер және стипендия 3 күннен көп емес, банк мекемелерінде ақша алу күні іске асырылады. Қолма – қол ақшаның осы мерзімнің өтеуі белгіленуі бойынша қолданбаса банк мекемесіне тапсырылады. Көрсетілген құралдар кезек бойына және федералдық заңмен белгілеуі арқылы береді.
Қорыта келгенде, кәсіпорындағы қолма – қол ақша және қолма – қол ақшасыз айналымында өзара байланыс және өзара тәуелділік болады. Ақша әрқашанда бір айналым сферасынан екіншіге ауысады. Қолма – қол ақша формасы несие мекемелерінің шотына ауысады және керісінше қолма – қол ақшасыз айналымы қолма – қол ақшаны несие мекеменің шотына салғанда пайда болады. Ал қолма – қол ақшасыз айналымы қолма – қол ақша арқылы бола алмайды. Осы уақытта тапсырыскерде несие мекеме шотынан қолма – қол ақшаны алу кезінде пайда болады.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технолргиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдагы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығына қарыздық калиталдар
нарығындағы қосымша
Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақьп қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды. Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына болуы және де кәсіпорынның дамуына байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады, себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал ке болуы — дамуға кедергі жасап, басы артық қорларме және резервтермен кәсіпорын шығындарын көбейтуп әкеліп соқтыруы мүмкін.
Кәсіпорынның банк шотынан
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорының қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауьи әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділікі деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорының өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.
Алайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау: жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсеткіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойғы бар табыс сомасын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық шығындар сомасымен салыстырудан тұратын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпорынның мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол капитал қозғалысы, есепті кезеңдегі субъектінің қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе (шығын) зиян әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті -мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға береді. Батыс тәжірибесінде, балансты есеп берудің басты нысаны ретінде бөліп қарастыратын біздің елге қарағанда, табыс және зиян туралы есепке біршама басымдылық берілуі кездейсоқ емес. Атап айтқанда, дәл осы үлгі американдық, ұлыбритандық және жаңа зеландиялық фирмалардың жылдық есебінде бірінші болып келтіріледі. Мұның түп тамырын психологиялық тұрғысынан іздеген жөн, табыс батыс фирмалары қызметіндегі маңызды көрсеткіш болып табылады, олар сондықтан да оны ең алдымен сыртқы пайданушыларға әйгілеп көрсетуге тырысады.
3. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ
Кәсіпорынның қаржысын басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және оператиитік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқару қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде көрінеді.
Кәсіпорын қаржысын жалпы басқару кәсіпорындағы ақша қаражаты, ақша айналымы, алдағы жоспарды болжау, шағынды азайтып, қызметкерлерді жалақымен қамтамасыз ету. Кәсіпорын өз кезегінде нақтылы функциялық міндеттерді орындайтын басқармалардан, ал олар бөлімдерден тұрады.
Кәсіпорынның кірістерін жұмылдыру жөніндегі аса маңызды функцияларды салық қызметшісі орындайды.
Салық қызметшісі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі негізгі міндеттер жүктеледі.
Жергілікті қаржы органдарының міндеттеріне мемлекеттік қаржы тәртібін сақтауды бақылау кіреді. Осы мақсатпен олар шаруашылық органдары мен мекемелері жасаған жоспарлар мен сметалардың дұрыстығы мен объективтігін тексереді, жергілікті әкімшіліктер бөлімшелерінің бухгалтерлік есептері мен баланстарын қарайды.
Салық заңнамасына сәйкес салық оргаңдарына облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері жатады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондай-қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы түсіктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы араттар, баға өзгерісінің әсері туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.
Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:
1) зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін салу үшін жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есептік көрсеткіштен аспайды;
2) қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;
3) активтердің жалпы құны 60000 еселіқ есептік көрсеткіштен аспайды.
Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отаны қаржылық есеп негізі шамалары бойынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді, себебі да соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байаланысты.
ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру мақсаттарына жаңа көзқараста пайда болды және оның бағыты өзгерді.
«Қаржылық есептің мақсаты - бухгалтерлік есепті №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептеген негізгі ашылулар» деген стандартында көрсетілгендей, бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз болып табылады.
Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайларды қаржылық нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақта ақша ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың жұмыс тарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларга экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды қамтымайды. Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектіңің өз жұмысшыларына және жабдықтаушыларына ақы төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару табысты тарату қабілетін анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана субъектінің қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпараттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі ретінде сенуі тиіс.