Кәсіпорын қаражаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 18:58, курсовая работа

Описание работы

Кәсіпорынның қаржылық қорын бағалау, оның тұрақтылыққа жету жолдарын, экономикалық тиімділікті де анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорын жұмысының қаржылық қорынының жағдайын бағалау адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.

Содержание работы

КІРІСПЕ 1
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОРЫН БАҒАЛАУ 2
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚОРЫ ЖОСПАРЫ 3
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

Ксаипорын.карж.коры.DOC

— 171.50 Кб (Скачать файл)

Осы шектеулерғе қарамастан, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды ақпараттық қамтамасыз етудің бірден-бір басты көзі болы табылады, ал оны оқу осы талдаудың алғашқы сатысы болып табылады.

Сондай-ақ стандарт, негізгі қызметтен алынған табыс пен шығынды, төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан болатын табыс пен зиянды, сондай-ақ есеп кезіндегі есептік бағаның, есеп саясатын өзгеруінен  және қаржылық есептегі  елеулі  қателер, түзетуден болатын әр түрлі табыс және шығындар, ашудың тәртібін анықтайды.

Табыстар мен шығындар баптарының арасына қойылған шектеулер  тәжірибеде жалпы қабылданған болып  табылады. Бұл шектеу, баптың қалыптасу  көзі осы субъектінің ақша қаражаттарын болашақта айналдыру   мүмкіндігін   бағалау   барысында   белгілі маңызға ие болады деген негізде жүргізіледі.

№3   "Ақша   қаражаттарының   қозғалысы   тура есебі" ҚР шаруашылық субъектілерінің қаржылық беруіндегі жаңа үлгі  болып табылады.  Бұл  есеп кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері  анықталады және оларды пайда жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезеңінде жұмсаған   ақша   қаражаттарын   жабу   үшін   негіз қызметтен алынатын қаражаттары жеткілекті ме, сол көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушыларды кәсіпорын операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің   белгілі   бір   бөлігіндегі   есепті   қезеңдегі қаражаттарының   келіп   түсуі   мен   шығыны   тура ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерін  бағалауға мүмкіндік береді.

Ақша қаражаттары - бұл  кассадағы  және  банк шоттарындағы қолма-қол ақша.

Операциялық  қызмет деп   субъекгің   табыс жөніндегі негізгі қызметін, сондай-ақ оның инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ, басқада бір қызметін түсінеміз.

Инвестициялық   қызмет   дегеніміз   -   бұл мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелмеген несиелерді беру және алу.

Қаржылық қызмет, бұл нәтижесінде меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының құрамы мен мөлшері өзгеріске ұшырайтын   субъектінің   қызметі болып табылады. Субъект қызметінің барлық осы түрлері қаражаттарының  келіп  тусуі  мен  шығуының  негізгі арналары болып табылады.

Сонымен, кәсіпорынның қаржы  жағдайын талдаған кезде тек бухгалтерлік баланс мәліметтері ғана емес сонымен бірге басқа да қаржылық есеп беру нысандарының көрсеткіштері, түсіндірме хаттағы мәлімет және де есеп берудегі қосымша ақпараттар мәліметтері де қолданылады.

Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе  өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға  қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің  кепілі  болып табылатын өнім  өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

 

Қорытынды

 

Кәсіпорынның қаржылық қорын бағалау және қаржылық  тұрақтылыққа жету  жолдарын қарастырдым.

Кәсіпорын қаржылық қорын жағдайын бағалауды ұйымдастыру адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.

Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы  заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.

  Нарықтық экономикада ел шаруашылығының негізін сан жағынан шағын немесе орта кәсіпорындар қалыптастырады. Мұндай кәсіпорындарды ұйымдастырушылар кәсіпкерлік іс-әрекетімен шұғылданушылар деп атаймыз. Осы курстық жұмыста сол кәсіпкерліктің  іс-әрекетін талдау жолдары көрсетілген, экономикалық дәлелдемедегі жұмыстардың негізгі есептеу әдістері келтірілді.

Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның  бюджет  алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен,  табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы  негізгі көрсеткіші болып табылады.

 

 

 

 

Қолданылған  әдебиеттер тізімі

 

  1. К.Ш.Дүйсенов., Э.Т.Төлегенов., Ж.Г.Жұмағалиева «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау». Алматы. Экономика баспасы, 2001 ж.
  2. Ишмухамбетова Т.Р., Мендебаев Т.М.  «Өнімнің өзіндік құнын есептеу» - Алматы : ҚҰТУ, 1995.
  3. Ишмухамбетова Т.Р., Қапанова А.К.  «Кәсіпкерлік  іс-әрекеттің экономикалық негізі» - Алматы : ҚазҰТУ , 2001.
  4. Гамрат- Курек Л.И. «Экономическое обоснование дипломных проектов» -М.: Высшая школа , 1985. 

 

 



\


Информация о работе Кәсіпорын қаражаты