Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 23:30, курсовая работа
Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті тұр. Осы негізде әлеуметтік, рухани және тағы басқа күрделі мәселелерді шешу – бүгінгі күннің басты талабы. Сөйтіп бұл мәселелерді дәйекті түрде жүзеге асыру бүкіл қоғам мүшелерінің жаңаша көзқарасына, нақты іс-қимылына және олардың экономикалық біліміне тікелей байланысты. Экономикалық тәрбие – қоғамды дамытудың пәрменді күші. Сондықтан бүгінгі таңда жаңа шаруашылықты жүргізу тәсілдеріне негізделген экономиканы басқаруға тартылатын мамандардың экономикалық білім дәрежесі де жоғары болуы қажет.
Мазмұны
Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті тұр. Осы негізде әлеуметтік, рухани және тағы басқа күрделі мәселелерді шешу – бүгінгі күннің басты талабы. Сөйтіп бұл мәселелерді дәйекті түрде жүзеге асыру бүкіл қоғам мүшелерінің жаңаша көзқарасына, нақты іс-қимылына және олардың экономикалық біліміне тікелей байланысты. Экономикалық тәрбие – қоғамды дамытудың пәрменді күші. Сондықтан бүгінгі таңда жаңа шаруашылықты жүргізу тәсілдеріне негізделген экономиканы басқаруға тартылатын мамандардың экономикалық білім дәрежесі де жоғары болуы қажет.
Сонымен, экономикалық білім көптеген күрделі мәселелерді шешуге көмектеседі.
Біріншіден, экономикалық проблемаларды белсенді түрде талдай білуге, әсіресе, нарықты экономикаға байланысты дұрыс көзқарастар қалыптастыруға көмектеседі.
Екіншіден, әрбір болашақ маман өз елінің тұлғасы дерлік біліктілікке қол жеткізумен бірге, болашақ тағдырын да шеше алатын асыл қасиеттерді өз бойына дарыта білуі тиіс.
Үшіншіден, басқарудың бұрынғы әкімшіл-әміршілдік әдісінен экономиканы нарық механизмі арқылы дамытуға көшу ісі – болашақ мамандардың экономикалық теорияның мәні мен мазмұнын жете меңгеруін талап етеді.
Біздің ойымызша, нарықтық экономиканы қалыптастыру біздің Қазақстан Республикасында жаңа қоғам құру. Осы мәселе туралы әлі де бірқатар пікір – таластарды алға тартуға болар еді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деп аталатын еңбегінде біздің стратегияны былай деп анықтайды: «Меншіктің негізгі түрлерін үйлестіре және өзара іс – қимыл жасай отырып бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік – экономика құру ... »
1. Нарық туралы жалпы түсінік
Адамзаттың өмір сүру тарихында экономиканы ұйымдастырудың екі негізгі әдістері белгілі: әміршілдік және нарықтық. Шаруашылықты басқарудың бұл әдістері бір өндіріс тәсілдері шеңберінде бірге өмір сүре алмайды. Егер шаруашылықты басқару таза нарық құралына негізделсе, онда ол орталықтан жоспарлауды қажет етпейді, және керісінше, орталықтан жоспарлау нарықты қабылдамайды. Соңғы кездері экономиканы ұйымдастырудың үшінші әдісі деп әкімшілдік әдіспен нарықтық әдістің аралас болуын айтады. Бұл әлі аз зерттелген, дегенмен әкімшілдік әдістен нарықтық әдіске көшу жолын жеңілдету деп есептеуге болады.
Шаруашылықты
әміршілдік - әкімшілдік әдіспен ұйымдастыру
өндірушінің үстемдігіне
Нарықтық механизм бұған қарама – қарсы принципке негізделген, онда шаруашылық субъектілерінің ешқайсысы шаруашылық сұрақтарды алдын – ала, саналы түрде шешумен айналыспайды. Бұл сұрақтар өте қарапайым түрде шешіледі: тауар өндірушілер мен тауар тұтынушылар нарықта кездеседі, сөйтіп өндірістің көлемі мен бағасы анықтайды. Басқаша айтқанда, нарықтық әдіске негізделген экономикада өндірушілдер мен тұтынушылар нарық арқылы экономиканың өзекті үш мәселесін шешу мақсатында әрекет етеді.
Не өндіру керек? Бұл жағдайда, тұтынушы бір немесе басқа тауарды сатып алуды таңдау арқылы өз белсенділігін білдіреді. Егер тұтынушы белгілі бір тауарлар түрін көп сатып алса, онда оған баға өседі. Бағаның артуы тауар өндірудің көбейюін ынталандырады. Бұндай механизм біз бұрын ойлағандай экономикадағы бассыздық пен бұлдырлық емес, керісінше оның сынаудан өткен тәртібі болып табылады. Шаруашылықтың нарықтық механизммен әрекет етуі, бейнелеп айтқанда, автоматтандырылған сипатта болады: тауарға сұраным артса, баға өседі, онда тауар - өндірушілер өндіріс көлемін ұлғайтады және керісінше сұраным азайып баға төмендесе оны азайтады.
Қалай өндіру керек? Ол тауар өндірушілердің арасында болатын бәсеке күресімен анықталады. Тауар өндірушілер үшін бір-ақ жол бар, ол белгілі бір баға саясатын ұстану арқылы бәсекелесін ұту және белгілі бір пайда табу. Ол үшін аз шығынды қажет ететін арзан және сапалы өнім шығару керек. Ал ондай өнім қандай тауар өндірушілерде болады? Әрине, ол өндірісте ҒТР элементтерін кең түрде жүзеге асырған, жоғары білікті кадрлары бар кәсіпкерлерде болады. Қысқасы, нарық ҒТР жетістіктерін өндіруді, тұтынушыға қажетті өнім өндіруді ынталандыратын факторларды іздестіруге мәжбүр етеді.
Кім үшін өндіру керек? Бұл сұрақ, сұраным мен ұсынымның ара қатынасына байланысты. Бұл жағдайда нарықты өндірушілердің саны мен құрамы, олардың табыс деңгейі және т.б. көрсеткіштеріне
қарай зерттеу қажет.
Жоғарыда көрсетілген шаруашылықты ұйымдастырудың барлық экономикалық жүйелерге тән өзекті мәселелер болып табылады, бірақ олар әртүрлі шешіледі.
Шетелдік мамандардың
пікірінше экономиканы
2. Нарық
механизмінің мәні және
Нарық, қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен, ген инженериясымен, электроникамен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады. Бірақ нарық механизмі кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре алмайды. Ал бұл меншіктің алуан түрлі формалары және әр түрлі тауарлар өндірушілер болғанда ғана мүмкін, бұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын болашағынан үміт күттіретініне қолайлы жағдай жасайды. Бұдан біз нарықтың қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.
Сонымен
бірге нарықтық механизм
Реттелмейтін таза нарықты экономика адамның еңбек ету, білім
алу, жеке басының қауіпсіздігі, табыс табу сияқты әлеуметтік – экономикалық құқықтарына кепілдік бермейді. Бұл салалар мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін қажет етеді. Мемлекет бағаны реттеу, салық жүйесінің негізінде табысты қайта бөлу, бюджет шығындарының есебінен жұмысшыларды қайта мамандандыру, оларға жәрдем ақша бөлу және халықты әлеуметтік қамту жүйесі арқылы нарықты экономиканың қысымын жұмсартады. Бұндай шараларды жүзеге асырмайынша қоғамда тұрақты саяси әлеуметтік ахуалды ұстап тұру мүмкін емес.
Нарық механизмі
ғылым мен техника
Енді нарық дегеніміз не? Ең алдымен осыны анықтап алайық. Нарық бұрын – соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нұсқау - бөлу әдістеріне негізделген, басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшіл-әміршіл жүйенің идеологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалық көзқарас басым болды.
Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД–ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғалым–экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық – бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі./Кулигин П. Социалистік экономикадағы нарық. – «Вопросы экономики», 1990ж. №1, 143б./
Нарық – бұл
сатушылар мен сатып алушылар
арасындағы экономикалық қатынастардың
белгілі бір жүйесімен
Нарық – тауарларды сатып алу – сату мен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы. /Саяси экономия – Алматы, Ана тілі, 1991ж., 169б./
Нарық – бұл
тауарды өткізуге байланысты айырбас
саласында қалыптасқан
Келтірілген көзқарастардың қай – қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бірақ проблеманың бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе – ол нарықты өндірістік емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың субъектісі – өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар және сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар – ақша, нарықтық байланыстар сату – сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде, басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек, себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайтын, тауар – ақша қатынастарын қандай нақты нысандарда болатынын көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады.
Нарық қызметін тек қана айырбас саласымен шектеу – оны бәсеке, ең аз шығынға ұмтылу, өзара тиімді өндірістік байланыстарды жасау сияқты маңызды қасиеттерінен айырады. Сонымен бірге, нарықты жай ғана тауар айырбасы емес, тауар өндірушілер мен тұтынушылардың қарым – қатынастарына тән қайтарымдылық, эквиваленттілік, бәсекелестік болатын айырбастың экономикалық өткізілуі ретінде қарау керек.
Осы тұрғыдан алғанда, нарықты әртүрлі тауар өндірушілер мен тұтынушылардың арасында болатын экономикалық байланыстар мен қатынастар жүйесі деп сипаттауға болады.
Берілген анықтамада әңгіме, біріншіден, тек өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы жеке байланыс пен қатынас қана емес, сонымен қатар өндірушілердің, өндірушілер мен сатып алушы – тұтынушылардың, тұтынушылардың өздері арасындағы байланыстар мен қатынастар туралы болып отыр. Екіншіден, бұл қатынастар мен байланыстар қайтарымдылықты, тепе – теңдікті, объективті түрде алдын – ала анықтайды, яғни шаруашылық серіктестерінің қатынас субъектісі ретіндегі тең құқылығын бейнелейді. Бұдан серіктестердің
шаруашылық қызметтердің варианттарын және оңтайлы өткізу бағасын таңдаудағы, табыстарды иемденудегі дербестігі мен тәуелсіздігі туындайды. Үшіншіден, алғашқы екі жағдайдың шүбәсіз салдары – бәсеке - өндіріс процесінде де болатын шаруашылық байланыстардың өзгеруіне себебін тигізуі мүмкін. Себебі нарық бәсекесіз өмір сүре алмайды. Ал бұл, сан алуан меншік формалары мен әртүрлі тауар өндірушілер болған жағдайда ғана мүмкін. Соның нәтижесінде, өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілетсіз шаруашылық бірліктерінен тазарады, ал басқа жағынан, тиімділігі жоғары және болашағы зор шаруашылық субъектілеріне жол ашады.
Біздің ойымызша, нарықты бұлай түсіну, оның мүмкіндік сипатын толық қамтиды. «Сатушы не сатса да пайдасына сатады»/Ж. Баласағұни/