Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Июня 2013 в 23:30, курсовая работа
Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшіру міндеті тұр. Осы негізде әлеуметтік, рухани және тағы басқа күрделі мәселелерді шешу – бүгінгі күннің басты талабы. Сөйтіп бұл мәселелерді дәйекті түрде жүзеге асыру бүкіл қоғам мүшелерінің жаңаша көзқарасына, нақты іс-қимылына және олардың экономикалық біліміне тікелей байланысты. Экономикалық тәрбие – қоғамды дамытудың пәрменді күші. Сондықтан бүгінгі таңда жаңа шаруашылықты жүргізу тәсілдеріне негізделген экономиканы басқаруға тартылатын мамандардың экономикалық білім дәрежесі де жоғары болуы қажет.
Нарықтық қатынастардың жетілу шамасына қарай нарықты: дамыған /кемелденген/ нарық, қалыптасу үстіндегі нарық және әртүрлі дәрежеде бәсекені шектеу нарығы /олигополиялық, монополиялық т.б./ деп айырады.
Олигополиялық нарық, баға белгілеу саясатына тым сезімтал және бірегей немесе дифференцияланған өнімдерді өндіретін аз ғана сатушылардан тұрады. Сатушылардың аздығын, үміткерлердің бұл нарыққа енуінің қиындығымен, әрбір сатушының бәсекелестерінің стратегиясы мен әрекетіне қарай шапшаң шешім қабылдауымен түсіндіруге болады. Егер бір компания өз өнімінің бағасын 10 процент төмендетсе, сатып алушылар тез соған ауып кетеді. Сондай өнім шығаратын басқа өндірушілерге не бағаны төмендетуге, не сол өнімді пайдалануға байланысты көптеген қызмет түрлерін ұсынуға тура келеді.
Монополиялық
бәсеке нарығы, саласы, қасиеті, сыртқы
безендірілуіне қарай
Осыған байланысты нарықты «сатушылар нарығы» және «сатып алушылар нарығы» деп те бөледі. «Сатушылар нарығында» сатушылардың үстімдегі орын алады, ал сатып алушыларға нарықтың белсенді қайраткерлері болуға тура келеді. Нарықтың бұндай жағдайы өндірушілердің монополиялық үстемдігі қалыптасқан елдерге тән. «Сатып алушылар нарығында» экономикалық үстемдік тұтынушылар, сатып алушылар жағында болады, мұнда сатушыларға нарықтың ең «белсенді іскерлері» болуға тура келеді /тұтынушылардың талап -тілегіне , нақты сұранымына бығышталған дамыған елдер нарығы/.
Қолданылып жүрген заңдылықтарға сәйкес нарықты көлеңкелі /астыртын/ және ресми /ашық/ нарық деп атайды.
Нарықтың дамуының
сәйкестігіне/
Тауар ерекшеліктеріне қарай нарық-салалық және сала ішіндегі нарық болып бөлінуі мүмкін. Өткізу объектісі, халық шаруашылығының бір дербес саласының өнімі болып табылатын нарықты салалық нарық дейді. Қоғамдық өндірістің бір саласының өз ішндегі өнім өткізу нарығын сала ішіндегі нарық деп атайды.
Нарықты көлемді тауар топтары /азық-түлік және өндіріс тауарлары/, бөлек тауарлар /көкөніс, мата, аяқ-киім, теле-аппараттар, автомобиль т.б./ нарығы деп те бөледі. Тауар топтары нарығына нан-бөлке, макарон өнімдері т.б. нарығы жатады. Киім нарығында тігін заттары, тоқыма тауарлары, бас киім және шұлық-носки бұйымдары нарықтары бөлініп көрінеді. Дегенмен, қандай жағдайда да болмасын ішкі нарық, оның барлық тармақтарының /сегменттері/ қызмет жасауы мен дамуы өзара байланысты және бір-біріне тәуелді. Сонымен бірге ішкі нарық тұйық та емес, ол сыртқы нарықпен тығыз байланыста болады.
Адамдардың әрекет ету ортасына және сатып алу – сату ортасына қарай жалпы ішкі ұлттық нарықты шартты түрде бірнеше түрлерге бөлуге болады. Олар біртұтас болып табылатын ұлттық нарықтың жеке элементтерін құрайды, бір-бірімен өзара байланысты және өзара тәуелділікте болады. Мәселен өндірістік және өндірістік емес салалар - өндіріс құрал-жабдықтары, тұтыну және жұмыс күші нарықтарын құрайды. Дегенмен, нарық түрлерін саралап көрсететін терең құрылым жасау факторы-нарық қатынастары объектілерінің экономикалық бағдары болып табылады. Осы фактор бойынша олар өндіріс құрал-жабдықтары, тұтыну және қызмет көрсету, қаржы, еңбек, ғылыми-техникалық, ақпарат, астыртын экономика нарықтары болып бөлінеді.
Нарықты экономикаға қажетті элементтердің бірі – оның инфрақұрылымы. Ол нарықтың дамуын және оның қалыпты жұмыс жасау жағдайын қамтамасыз ететін институттардың жиынтығы түрінде көрінеді. Нарықтың инфрақұрылымының элементтеріне тауар шикізат, қор, еңбек биржалары, делдалдық және маркетингтік қызметтер, ақпараттық жүйелер, коммерциялық банктер, көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер жатады.
НАРЫҚТЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ | |
Аукциондар |
Консультациялық-делдалдық фирмалар |
Биржалар және брокерлік кеңселер |
Бизнестің коммерциялық орталықтары |
Банктер |
Сақтық және аудиторлық компаниялар |
Коммерциялық орталықтар және компаниялар |
Жарнама-ақпараттық қызмет |
Мемлекеттік резервті және сақтық қорлары |
Қойма, элеватор, тоңазытқыш, ыдыс-қап және транспорт шаруашылықтары, ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау орындары |
Мемлекеттік салық инспекциясы |
Сауда үйлері |
Бағалы қағаздарға бақылау жасайтын инспекция |
Маркетингтік зерттеу орталықтары |
Құқықтық қорғау органдары |
Көтерме сауда орталықтары |
Лизингілік компаниялар |
Кадрларды даярлау орталықтары |
Кедендік қызмет |
Жәрмеңкелер |
Бағалар мен стандарттарға бақылау жасайтын мемлекеттік инспекция |
Өндірушілердің әртүрлі бірлестіктері \ассоцияциалар\ |
Тұтынушыларды қорғау қоғамдары |
Басқалары |
Ұлттық нарықты
құру, оның дүниежүзілік нарық
жүйесіне енуі – жоғары
Дамыған нарықтық
инфрақұрылым кәсіпкерліктің барында
пайдалы бағыттары мен
Мұндай инфрақұрылым әртүрлі субъектілермен, мемелекеттік контрактілік жүйенің қатысуымен банк несиесін, сонымен бірге құрылтайшылардың қаржыларында тарта отырып құрылады. Нарықтық инфрақұрылым проблемасының өндіріс пен тұтынудың арасындағы пропорция және осы саладағы бүкіл ұдайы өндіріс процесінің дамуының субъективті заңдылықтары мен халық шаруашылығының барлық саласында ресурстарды ұтымды пайдалануды анықтау үшін өзекті маңызы бар.
Қазақстанның
«Дағдарысқа қарсы шұғыл
Қорытынды
Әкімшілдік - әміршілдік жүйенің ұзақ жылдарға созылған үстемдігінен кейін нарық механизмін түсіну кімге де болса оңайға соқпады. Әлі күнге дейін бұқара халықтың санасында нарық экономикадағы еркіншілділік, оған тән қанаудың қатал жүйесімен, жаппай жұмыссыздықпен, еңбекшілердің әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын ұғым ретінде орныққан. Алайда Батыс елдердің тәжірибесі керісінше, нарыққа өту халықтың әл – ауқатының көтеруіне, экономиканың тиімділігі мен бір қалыптылығын сақтауға, ғылымның, білімнің және мәдениеттің көркейуіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр. Нарықтық қатынастарға өту ынталылық пен кәсіпкерліктің еркіндік алуына, тауар өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге, өндірісті тұтынушылардың сұранымдарына бағыттауға жағдай жасайды. Нарық өзінің мәнісі жағынан тек ұқыпсыздар мен жалқауларға, қолынан іс келмейтіндерге тиімсіз.
Курстық жұмысты жазғандағы ең қиыны қазақ тіліндегі оқулықтардың аз болуы. Сонымен қатар нарық тақырыбы өте күрделі және кең ауқымды қамтитын мәселе. Осы курстық жұмыстың ішінде жалпы нарық туралы түсінік және нарықтың түрлері, атқаратын қызметтері мен өмір сүру шарттары туралы баяндалады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі