Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Апреля 2014 в 16:46, реферат
Соңғы жылдардағы оқиғалар экономиканы нарықтық қатынастар негізінде түбегейлі қайта өзгерту кең ауқымды экономикалық іркілістермен және дағдарыстармен ұласатынын және қоғам тарапынан көп күш жігер жұмсауды қажет ететінін көрсетті. Нарықты жарлықпен немесе декретпен енгізуге болмайды, нарықка көшу үшін, ұзақ уақыт керек. Өтпелі кезеңде әртүрлі асығыс, жеткілікті дәрежеде негізделмеген шаралардың жүзеге асырылуы қауіпті теріс зардаптарға сөзсіз әкеліп соғады, мұны нарықтық даму жолына түскен елдердің тәжірибесі айқын дәлел дейді.
Кіріспе 2
1 тарау. Нарықтық қатынастардың дамуы 3
2 тарау. Қазақстандағы экономикалық реформалардың жайы және барысы 5
2.1.Үкімет бағдарламасын сараптау 5
2.2.Реформа қарқыны неліктен баяу 7
2.3. Экономикалық реформаларды 1996-1998 жылдары жүзеге асыру шарттары 11
2.4. Орта мерзмді болашаққа арналған бағдарламаны жүзеге асырудың нақты жоспарына ұсыныстар 13
3 тарау. Экономиканы басқару жүйесін жаңарту 15
4 тарау. Аймақтардағы экономикалық реформа 18
Қолданылған әдебиеттер: 21
4 тарау. Аймақтардағы экономикалық реформа
Экономикалық реформа бірыңғай идеология мен концепцияға негізделген, қоғамдағы дағдарысты құбылыстарды жоюға және оның қазіргі тіршілік қабілетін түбірінен өзгертуге бағытталған шаруашылық шаралары мен заң шараларының жиынтығы.
Экономиканы реформалау, экономикалық дағдарыстан шығу едәуір дәрежеде бұл процестің аймақтарда қалай жүріп жатқанымен, нарықтық шаруашылық жағдайларына олардың қаншалықты бейімделгенімен айқындалады.
Нарықтық экономикаға көшу кезінде аймақтық айырмашылықтар аумақтық сәкессіздіктер сипаты алып отыр, олар Қазақстан үшін әрбір облыста халық шаруашылығын аумақтар бойынша ұйымдастырудағы қиғаштықтар, аймақтар мен таяу шет елдер арасындағы шаруашылық байланыстарының үзілуі салдарынан күшейе тсуде.
Реформаларды жүзеге асыру практикасы экономикалық дамудың аймақтық ерекшеліктерінің ескерілмеуі салдарынан макроэкономикалық реттеу макро- және микродеңгейде қалдырылып отырғанын дәлелдейді.
Нарықтық қатынастарды қалыптастырудың аймақтық ерекшеліктеріне ықпал ететін мынадай факторлар бар:
тұтыну рыногының және өндіріс құралдары рыногының қалыптасуына әсерін тигізетін, сондай-ақ аймақтық үдемелі өндіріс процесінің барлық фазаларына белсенді ықпал ететін климат факторы;
өндіріс географиясын айқындайтын және жекелеген аймақтық жүйелерде өндіріс шығынына, баға белгілеуге және сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігіне ықпал ететін табиғи ресурс факторы:
аймақтық экономикалық дамуының мақсатты бағдарын анықтайтын, ресурстарды өндіру мен тұтыну географиясы мен құрылымына, жұмыс орындарының техникалық-экономикалық сипаттамасына және еңбек рыногының құрылымына, республиканың басқа аймақтарымен өзара байланысқа ықпал ететін аймақтың экономикалық құрылымы факторы.
Өтпелі кезең экономикасында сонымен қатар нарықтық қатынастарды аймақтың өздігінен дамыту қабілетін айқындайтын және:
реформадан бұрынғы кезеңде рыноктың шаруашылық элементтерінің:
тауар-ақша тепе-теңдігінің;
экономиканың тиімді аймақтық құрылымының болуын, ірі, орташа және ұсақ кәсіпорындардың ұтымды ұштастырылуын.
Өтпелі кезеңде реттеу объектісі ретінде рынокты экономикалық және ұйымдық қызметтің салалық және аумақтық сүбъектілерінің жиынтығы деп қана емес, ал республиканың нарықтық экономикасының болашақ жүйесінің қосалқы жүйесі деп санау керек. Осы қосалқы жүйеге деген қозқараста нақты экономикалық болмыстағы оның ашықтығы мен біркелкі еместігі ескерілуге тиіс, Экономикалық реформаның мақсаттарына сәйкес мұндай қосалқы жүйенің тауар мен жұмыс рыноктарының (өндіріс, капитал, мердігерлік жұмыс, еңбек құралдарының) қалыптасқан жүйесі. Шаруашылық жүргізетін еркін субъектілер жиынтығы және аймақтық рыноктың тиісті инфрақұрылымы болуға тиіс.
Аймақ деңгейінде нарықтық қатынастар қалыптастыру процесі институциялық терең өзгерістер жүргізілуін керек етеді, оған экономиканы монополиясыздандыру мен бәсекелік орта қалыптастыру, меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру, қаржы секторын дамыту, рыноктық инфрақұрылым қалыптастыру кіреді. Аймақтық ерекшеліктер нарықтық қатынастар қалыптастыру процесінің барлық жақтарында өз бейнесін тауып, сол арқылы әлеуметтік–экономикалық даму деңгейіндегі орын алып отырған аумақтық айырмашылықтарды күшейте түсуде.
Аймақтағы жүйелі реформалардың ең маңызды бағыттарының бірі мемлекеттік меншіқті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру болып табылады. Сонымен аймақтарда экономикалық реформаларды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік және жергілікті күш-жігерді ұштастыру осы қауырт салада ең жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін өте маңызды шара болып табылады.