Семестрлік жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 14:44, реферат

Описание работы

Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.
Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық – оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады.

Содержание работы

I. Кіріспе


II. Негізгі бөлім

а) Мемлекет механизмінің ұғымы

ә) Мемлекет механизмінің құрылымы

б) Мемлекет аппарат ұйымдастыру мен қызметінің қағидасы

в) Мемлекет органдарының ұғымы мен түрі


III. Қорытынды


IV. Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

83 вариант.docx

— 77.15 Кб (Скачать файл)

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

ЖЫЛУЭНЕРГЕТИКА  ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

Кұқық негіздері  пәнінен

 

№1 Семестрлік жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:

 

Сынақ кітапша  №091183

Тексерген:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ  – 2013

Жоспар

 

I. Кіріспе

 

 

II. Негізгі бөлім

 

  а) Мемлекет  механизмінің ұғымы

 

  ә) Мемлекет механизмінің құрылымы

 

  б) Мемлекет  аппарат ұйымдастыру мен қызметінің  қағидасы

 

  в) Мемлекет органдарының ұғымы мен түрі

 

 

III. Қорытынды

 

 

IV. Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

         Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.

Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын  органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде  болады. Мемлекет механизміне тән  заңдылық – оның органдары тек  мемлекет  қызметін атқаруға қажет  болғанда ғана  құрылады. Екінші заңдылығы  – бірінің қызметін бірі қайталайтын  органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан  және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық  қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік  қызметтерді қамтамассыз етуге  қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.

Мемлекетттік органдар өкіметтік  қызметтерін жүзеге асырудың барысында  өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн.

Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың  биліктік өкілеттіліктері болмайды. Олар экономика, білім беру, денсаулық  сақтау, мәдениет, ғылым, спорт, және т.б. салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді  атқарады.

Мемлекеттік қызметкерлер – бұлар  басқару ісімен арнайы түрде айналысатын  айрықша топ құрайтын санаттағы  адамдар болып табылады. Мемлекеттік  қызметкерлердің құқықтық жағдайы  арнайы заң арқылы  реттелінеді, онда мемлекеттік қызметкерлердің  түрлері және міндеттері мен құқықтары  айқындалып көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

а) Мемлекет механизмінің ұғымы

    Механизм — дегенiмiз бiрнеше бөлiмдердiң жиынтығы бұл бөлiмдер бiр – бiрiмен тығыз байланыста болады және бiрдей жұмыс жасайды.                                                                                                               

     Мемлекеттiң сан қилы қызметiн атқаратын механизмi болады.

Мемлекет механизмi – бұл мемлекеттiк органдар жүйесi, бұлар меммлекеттiк жұмыстар мен қызметтерiн атқарады. Мемлекет механизмi – белгiлi түрде ұйымдастырылған, iшкi тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесi. Мемлекет механизмi бұл құрылымдық және материалдық күш, осының арқасында мемлекет билiк жүргiзедi және саясатын жүргiзедi.

Әр мемлекеттiң механизмi оның тарихи, әлеуметтiк, ұлттық, экономикалық, географиялық т.б. ерекшелiктерiне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бiрдей тән органдар болады. Негiзiнен, олар – құқықтық тәртiптi сақтайтын, мемлекеттiң iшкi қауiпсiздiгiн, сыртқы тәуелсiздiгiн қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизмiне тән заңдылық—оның органдары тек мемлекет қызметiн атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Және осы құрылым арқылы мемлекеттiк аппарат өз iсiн жүргiзедi.

    Мемлекет механизмiнiң өзiне тән белгiлерi:

  • реттелген мемлекеттiк органдар;
  • оларды бiрлiгiн қамтамасыз ететiн алдына қойған мақсаты;
  • оның негiзгi элементi болып мемлекеттiк органдар тұрады;
  • ол ұйымдық және материалдық күш жүйесi, осының арқасында мемлекеттiк билiктi жүргiзедi, алдына қойған мақсатына жетедi.

Екiншi заңдылығы – бiрiнiң қызметiн бiрi қайталамайтын органдардың болмауы.

    Демократиялық құқықтық, әлеуметтiк мемлекет ғасырлар сынағынан өткен принциптерге негiзделiп құрылады.

Мұндай мемлекеттердiң механизмi мынадай органдардан тұрады: 1. Өкiлдiк органдар. Қазақстан Республикасында өкiлдiк органдар екiге бөлiнедi: 1) Жоғарғы өкiлдiк орган – Парламент. 2) Жергiлiктi өкiлдiк органдар – облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар. 2. Мемлекет басшысы. Қазақстанда мемлекет басшысы – Президент. Президент мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiгiн қамтамасыз етедi. 3. Атқарушы орган. Қазақстанда жоғарғы атқарушы орган – Үкiмет. Жергiлiктi атқарушы органдар – әкiмшiлiктер.            4. Орталық басқару органдары. Қазақстанда оларға: министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, комиссиялар, ведомстволар жатады. 5. Сот органдары. Қазақстанда оларға: Жоғарғы Сот, жергiлiктi соттар, әскери соттар жатады. 6. Прокуратура. Ол заңдардың бiркелкi орындалуын қадағалайтын орган. 7. Әскер. Оған мемлекеттiң әр саладағы қарулы күштерi жатады. 8. Барлау, қарсы барлау органдары. 9. Абақты, бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстап тұратын орындар.

 

 

ә) Мемлекет механизмінің құрылымы

 

МЕМЛЕКЕТ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕХАНИЗМI.




 

 






 

 



 

 

 

 


 







 

 

 Мемлекеттi басқару формасының екi түрi бар:

а) Монархия

ә) Республика

    Монархия – деген бiр адамның билiгi, билiк атадан балаға мұра ретiнде қалады және ешкiммен шектелмейдi, ең жоғарғы билiк бiр 

адамның қолында болады.

    Монархияның үш түрi бар:

1) Шексiз  абсолюттiк монархия 

2) Шектеушi  конституциялық монархия

3) Дуалистiк  монархия 

   Республика – деген мемлекеттiң ең жоғарғы органдарының сайлануы және белгiлi уақытқа дейiн жұмыс атқаруы.

    Республиканың түрлерi:

1) Президенттiк

2) Парламенттiк

3) Аралас

4) Аристакратиялық  Республика

5) Демократиялық  Республика

    Қазақстан  Республикасының мемлекет басшысы Президент – ол барлық органдардың үстiнен қарайды және бiр-бiрiмен келiсiм бойынша жұмыс жасауын қамтамасыз етедi.

    Заң шығару органы: негiзi Парламент оның негiзгi мақсаты заң шығару, бюджеттi тағайындау және ең жоғарғы лауазым иелерiн бақылау, олардан есеп алу. Парламент Президентке импичмент жариалай алады. Импичмент – жұмыстан мерзiмсiз босату және жауапқа тарту.

   

    Заң атқару органдары.

    Мемлекеттiң ең негiзгi мықты органы – себебi олардың қолында нақты билiк, мәжбүрлеу күштер, материалдық құралдар болады.

Сондықтан осы  заң атқару билiгiнiң өкiлеттiлiгiн шектеу ең үлкен мәселе болып табылады.

    Сот органдары. 

Соттың негiзгi мақсаты бұзылған құқықты қалпына келтiру және жазалау.

    Бақылау-қадағалау органдары.

Бақылау – қадағалау оргадарының негiзгiсi прокуратура.

Прокуратура – барлық субъектiлердiң заңдарды орындыуын бақылайды.

Сотта мемлекеттiң мүддесiн қорғайды және құқық бұзылған жағдайда соны қайтадан қалпына келтiретiн орган.

    Конституциялық Кеңес атқаратын орган.

    Қазiр Қазақстан Республикасында  ғана бар. Конституциялық кеңестiң негiзгi мақсаты парламент қабылдаған заңдардың конституцияға сәйкес келетiндiгiн қадағалау.

Конституциялық  кеңес жетi адамнан тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға созылады, экс – Президенттер мүшелерi болып табылады.  Конституциялық кеңес—конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi.

Егер  Үкiмет, президент басқа да министрлiктер, әкiмдер және тағы басқа органдар заңға қарсы актiлердi қабылдаса онда прокуратура бұл заңдарды қадағалайды және қарсылық көрсете алады.

    Әскери күштер.

Бұл мемлекеттiң ерекше органы. Бұл мемлекеттiк шекараны,

Мемлекеттi қорғау органы.

    Құқықты қорғау органдары.

Олардың негiзгi мақсаты, мiндетi адамдардың:

  • құқықтары мен бостандықтарын қорғау
  • қоғамдық тәртiптi нығайту
  • қылмыспен күресу
  • бұзылған құқықтарды қалпана келтiру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

Монарх

Президент

Мемлекет басшысы

Мемлекет механизмiнiң схемасы.

   

Мәжiлiс

Сенат

Парламент

Заң шығару органы

Жергiлiктi органдар

Ведомстар

Комитеттер

Министр

Үкiмет

Заң атқару органы

     

Жергiлiктi соттар

Жоғарғы соттар

Сот органы

     

Прокуратура

Конституциялық кеңес

Бақылау қадағалау органы

   

Флот

Авиация 

Армия

Әскери күштер

 

Сот

Прокуратура

Полиция

Милиция

Құқықтық органдар


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  б) Мемлекеттік аппараты ұйымдастыру мен қызметінің қағидасы

    Мемлекеттiк аппарат – қоғамды басқару үшiн арнаулы құрылған мемлекет органдарының бiртұтас жүйесi.

Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және  тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттiк аппарат мекеме және органдардың байланыс жүйесi; мемлекет органдардың қызметi ұйымдастырушылық, материалдық және әкiмшiлiк кепiлдiктерi мен қамсыздандырылады; мемлекеттiк аппарат азаматтардың заңды мүдделерi мен құқықтарын қорғау үшiн құрылады. Қазақстан республикасы «Мемлекеттiк қызмет туралы» Заңның екiншi бабында: «Мемлекеттiк қызмет – азаматтардың мемлекеттiк органдар мен олардың аппаратында конституциялық негiзде жүзеге асырылатын және мемлекеттiк басқаруды басқаруды жүзеге асыруда, мемлекеттiң өзге де мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған кәсiби қызмет» делiнген.

    Мемлекеттiк аппараттың ерекше iшкi құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бiр жүйеге бiрiктiрiледi. Бұл жүйенiң негiзiн экономика, саяси қарым-қатынастар, сана – сезiм құрады. Осы жүйеде әрбiр органның өзiнiң орыны, бiр-бiрiмен қарым қатынастары, қызметiнiң негiзгi принциптерi көрсетiледi. Дамудың әрбiр кезiнде мемлекеттiк органдардың орындайтын қызмет бабы және істерi өзгерiп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкiл аппаратты бiр орталыққа бағындыратын – патшаның билiгi орнаған Парламенттiк республикада негiзгi функциялар парламенттiң парламенттiң қолында болады. Мемлекеттiк аппараттың объективтiк бағыттары байқалады: бюрократизация, диффиренцация, профессионализiмнiң өсуi. Мемлекеттiң әрбiр типiне мемлекеттiк аппараттың ерекше нышандары сәйкес келедi. Мемлекеттiк қызмет – конституциялық  негiзде баянды етiлетiн азаматтардың мемлекеттiк органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттiк басқаруды, бсқа да мемлекеттiк мiндеттер мен қызметтердi атқаруды жүзеге асыратын кәсiптiк қызметi.

    Қазiргi мемлекеттiк аппараттың қызметi мынадай принциптер мен реттеледi: мемлекет аппаратының iшкi құрылысы және құзыретiнiң нәтижелi, тиiмдi болуы.                                       Ол үшiн оның қызметi демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес болуға тиiс. Мемлекеттiң лауазымды адамдары, қызметкерлерi нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет. Мемлекеттiк аппарат халықтың мүддесiн қорғап, соны iске асыруға мiндеттi. Халықтың мемлекеттiк басқару процессiне қатысуының демократиялық жолдары – олардың сайлауға қатысуы, Халықтың өкiлдерi мемлекеттiк аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепiлдiк бередi. Халық мемлекеттiк аппараттың қызметiне көмек беру үшiн қоғамдық ұйымдарды құрады, олар мемлекеттiк аппаратпен байланысатын саяси жүйенi құрады. Конституцияның 33 бабында «Азаматтардың тiкелей және өз өкiлдерi арқылы мемлекеттiң өкiлдiк, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс iстеуi жөнiндегi әрекетiн жүзеге асыру мүмкiндiгi» делiнген. Қатысудың түрлерi былай деп белгiленедi: мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн – өзi басқару органдарына жеке және ұжымдық өтiнiштер жолдау: мемлекеттiк органдар мен өзiн өзi басқару органдары сайлау және оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттiк қызметке кiру.

    Мемлекеттiк қызметтердiң принциптерi: заңдылық; мемлекеттiк билiктiң заң шығарушы, атқарушы және тармақтарына бөлiнуiне  қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы; азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдында басымдылығы; мемлекет қызметiне кiруге, қатысуға ерiктiлiгi; өз өкiлеттерi шегiнде жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымда адамдар қабылдаған шешiмдердiң төменгi мемлекеттiк органдар қызметшiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттiлiгi; мемлекеттiк қызметкерлердiң кәсiпқойлығы мен жоғарғы билiктiлiгi.             

Информация о работе Семестрлік жұмыс