Семестрлік жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 14:44, реферат

Описание работы

Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.
Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық – оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады.

Содержание работы

I. Кіріспе


II. Негізгі бөлім

а) Мемлекет механизмінің ұғымы

ә) Мемлекет механизмінің құрылымы

б) Мемлекет аппарат ұйымдастыру мен қызметінің қағидасы

в) Мемлекет органдарының ұғымы мен түрі


III. Қорытынды


IV. Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

83 вариант.docx

— 77.15 Кб (Скачать файл)

    Билiк бөлiну принциптерi. Қазақстанның бiртұтас мемлекеттiк билiгiнiң тармақтарға бөлiну принципi Конституцияда белгiленген негiзгi принциптердiң бiреуi ғана емес, ең күрделiсi. Республикадағы мемлекеттiк билiк бiр тұтас, өйткенi бiрден бiр бастауы Қазақстан халқы және мемлекеттiң егемендiгi бөлiнбейдi. Бұл билiк өзiнiң принципiне сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесiне бөлiнедi және билiктер бiр бiрiн шектейдi.

    Мемлекет аппараты өз қызметiн  ашық және жариялық iстеуге тиiстi. Мемлекеттiк органдардың қызметтерiнiң кәсiпшiлгi, тәжiрибесi және хабарлардығы өте жоғары болуға тиiстi. Мемлекеттiк аппарат өзiнiң қызметiнде бар заңдардың талабын мүлтiксiз орындауға тиiстi.

    Мемлекет аппаратының iшкi құрылысы – қатаң тәртiптi, субординацияны, олардың бiр бiрiмен байланысын жақсарту. Мемлекеттiк аппарат бiртұтас күрделi жүйе, ол бiрнеше салаларға бөлiнедi: атқару және сот жүйелерi; құқықты қорғау және қорғау және қарулы күштер жүйесi. Бұл мекемелердiң алдында тұрған мақсаттары, iшкi құрылыстары, қолданатын әдiстерi мен принциптерi. Оларды бiрiктiрiп, қызметтерiн жақсы атқаруға жағдай қалыптасады.

    Мемлекеттiк аппарат – алдында тұрған ерекше мақсаты бар және соны орындау үшiн құзыретi бар мемлекеттiк аппараттың бiр буыны. Мемлекеттiк аппараттың құрылуы мен қызметi, негiзгi өкiлеттiлiгi Конституцияда және конституциялық актiлерде көрсетiледi. Әрбiр мемлекеттiк аппарат өз қызметiн мемлекеттiк, материалдық, ұйымдық және зорлау күшiмен қорғайды. Мемлекеттiк аппарат мемлекеттiң атынан функцияларын атқарады, әр қайсысының алдында тұрған мақсаттары заңда анық белгiленген. Басқа мемлекеттiк органдары мен қалай қатынасатыны, iшкi құрылысы, құрылысы, құзiретi белгiленген. Мемлекеттiк аппараттың негiзгi нышаны оның мемлекеттiк билiгi. Бұл мемлекеттiк билiктi былай түсiнуге болады: олар мемлекеттiң атынан барлық субъектiлерге мiндеттi нормативтiк актiлердi шығарады, немесе құқықтық нормалардың орындалуын тексередi, ал кейбiр кезде жазаға тартуға құқықы бар. Мемлекеттiк заңдарға сәйкес мемлекеттiк мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында мемлекеттiк аппарат өкiлеттiктi жүзеге асыратын жатқан қызметтер атқарады. Мемлекеттiк қызметкерлердiң өкiлеттiктерi мемлекеттiк органдар алдында тұрған мақсаттарға және мiндеттерге сәйкес анықталады. Мысалы, прокуратура органдары, сот жүйесi, МВД, КГБ құқықты қорғау қызметiн атқарады. Бұл органдар бiр бiрiмен байланысты. Бәрi бiрге жалпы құқық қорғау жүйесiне жатады.

    Мемлекеттiк аппарат қызметкерлерiнiң негiзгi мiндеттерi: ҚР Конституциясы мен заңдарын, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету; заңдарда белгiленген тәртiп пен азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға; өздерiне берiлген құқықтар шегiнде заңды мiндеттерiне сәйкес өкiлеттердi жүзеге асыруға; мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн сақтауға; өздерiнен жоғары басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, шығарылған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға; өз өкiлеттiгiнiң шегiнде мәселелердi қарауға және солар бойынша шешiмдер қабылдауға, белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттерiн атқару үшiн қажеттi ақпарат пен материалдарды алуға құқықтары бар. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

в) Мемлекет органдарының ұғымы мен түрі

    Мемлекеттiк органдар бiнеше топқа бөлiнедi, олар атқаратын қызметтерiне сәйкес жүйе – жүйеге, сала – салаға жiктеледi. Мемлекеттiк орган өкiлеттiлiгiнiң шеңберiне қарай үш топқа бөлiнедi:

1.Мемлекеттiк  билiк органдары: Парламент, Президент және Маслихаттар;

2.Мемлекеттiк  атқару органдары: Үкiмет, министрлiктер, ведомстволар, жергiлiктi басқару органдары,  әкiмдер. Мемлекеттiк органдарының құрылу тәртiбi мен алдына қойылған мақсаттары. Мемлекеттiк органдар үш топқа бөлiнедi:

  • өкiлеттi органдар;
  • атқару органдар;
  • сот немесе құқық қорғау органдары.

    Республика Президентi  мемлекеттiк аппаратта ерекше  орын алады, ол үш билiктiң бiрiне де жатпайды. Ол мемлекет билiгiнiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi. Президент – мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде ж„не халық аралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттiң билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.

    Өкiлеттi органдар. Жоғарғы өкiлеттi органдарды халық сайлайды. Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкiлдi органы. Оның өкiлеттiк мерзiмi – төрт жыл. Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан: Сенат және Мәжiлiстен тұрады.

    Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан барлық өкiлдi органдары сайланатын 47 депутаттардан тұрады.

    Мәжiлiс Республиканың әкiмшiлiк аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланатын 107 депутаттардан тұрады. Негiзiнде заң шығару тек парламенттiң құзiретi, бiрақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа кiрiседi. Парламент кейбiр заңдарды қабылдау құқықын Президентке бередi, оны Делегаттылық заңдылық деп айтады. Қазақстан тарихында екi палаталық парламен 1995 жылы Конституциясында жарияланған. Бұл Парламенттiң қабылдаған заңдарының сапасын көтеруге, парламенттi бiр шама тұрақты және орнықты органға айналдыру үшiн қолданған шара. Қазақстанның мәжіліс депутаттары 25 жасқа толуы керек және де 5 жылға сайланады. Қазақстан парламентiнiң ерекшелiгiн жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы көрсетедi. Сенатқа 30 жасқа толған адамдар және де 6 жылға депутат болып сайланады. Парламент негiзгi заң шығарушы орган. Парламенттiң сесиясы оның палаталарының бiрлескен және бөлек отырыстары түрiнде өткiзiледi. Парламенттiң үйлестiрушi органдары – бюро, жұмыс органдары – тұрақты комитеттерi, бiрлескен комиссиялары болып табылады. Президент мемлекеттiң жоғарғы қызметкерлерiн тағайындағанда парламент келiсiмiн бередi, олардан есеп алады, соғыс және бiтiм мәселелерiн шешедi, халық референдум тағайындау туралы бастама көтередi, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын таңдайды, өзiнiң iшкi сұрақтарын шешедi, және басқа да Конституция жүктеген  өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

    Парламенттiң әр палатасының бөлек отырысында шешетiн құзiретi бар. Сенат тағайындау мәселелерiнiң көбiне өзi қатысатын болса, Мәжiлiс заң қозғау және қаржы мәселелердi шешедi. Парламент қабылдаған заңдарға Президент қол қояды да, заңды осыдан кейiн жариялайды. Заң шығару жұмысын президенттiң өзi де атқара алады. Бұл екi жағдай да бола алады: Парламенттiң екi палатасының депутаттары уақытша заң шығару билiгiне Президентке 2/3 дауыспен рұқсат берсе (Конституцияның 53 бабы), Президент заң жобалардың қарау басымдылығын белгiлейдi, Парламент осы жобаны енгiзiлген күннен бастап бiр айдың iшiнде қарауы тиiс. Заң шығару жұмысын тiкелей халықтың өзi де атқара алады, бұл жағдай референдум деп аталады. Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясы осылай алынды.

    Атқару билiк.  Атқару билiк өкiметтiң қолында жиналған. Президенттiк республикаларда өкiмет саяси ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билiк тармағына жатад. Парламенттiң қатысуымен Президент басқарады әрi құрады, оның дербес құзiретi алқалы шешушi орган. Кабинет мүшелерi бүкiл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап бередi. Үкiметтiң нақты егемендiлiгi  нақты мемлекет басшысының субъективтi пiкiрiне тiкелей тәуелдi. Қазақстан Республикасының Үкiметi – атқарушы билiктi жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесiн басқаратын және олардың қызметiне басшылық ететiн мемлекеттiк орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан – Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгiленген. Бұл заңда Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылы 18 желтоқсандағы конституциялық күшi бар жарлығымен бекiтiлген. Президент Үкiмет мүшелерiн тағайындағанда Конституцияның 64 бабының 1 – тармағы бойынша парламенттiң келiсiмiн алу тиiс. Ал Үкiметтi құру процедурасы өте күрделi және бiрнеше кезеңнен тұрады. Соны мен өкiмет атқару билiктi жүзеге асырады және бүкiл атқарушы органдардың жүйесiне басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының Үкiметiн Премьер – Министр, оның орынбасарлары, Республика Үкiметi аппаратының басшысы, Республика министрлерi, Мемлекеттiк комитеттерiнiң төрағалары құрайды. Үкiмет және нормативтiк қаулылар қабылдайды және нұсқаулар бередi.

    Орталық салалық атқару билiк  министрлiктердiң, ведомстволардың мемлекеттiк комисия және комитеттердiң қолына берiлген. Олар қарауындағы мемлекеттiк басқару салаларындағы iстiң жайы үшiн жауап бередi. 1997 жылы Наурыздың 4 – дегi Президенттiң жарлығы мен өкiметтiң жаңа құрылымы белгiленген: Премьер – Министр, оның орынбасарлары, Үкiмет аппаратының басшысы, 14 министiрлiк және 11 мемлекеттiк комитет. Олар өзiнiң құзiретi бойынша бұйрық және инструкция қабылдайды. Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiне Конституцида және Республика Президенттiң алдында жауапты. Премьер – Министр, оның орын басарлары және Үкiмет аппаратының басшысы Төралқаның құрамына кiредi. Премьер – Министр өзiнiң өкiмiмен Төралқаның құрамына Үкiметтiң басқа да мүшелерiн кiргiзуге хақылы. Министрлiк тиiстi мемлекеттiк басқару саласына басшылығы, сондай – ақ заңдармен көзделген iшкi – салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы болып табылады.

    Мемлекеттiк комитет тиiстi мемлекеттiк  басқару салаларында мемлекеттiк  саясатты жүргiзетiн және осы мақсатта заңдарға  салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Республика комитетi, бас басқармасы, комиссиясы, агенттiгi және Үкiмет құрамына кiрмейтiн өзге де республикалық мемлекеттiк басқару органы. Үкiмет құрамында орталық атқарушы орган болып табылады.  Министрлiктiң, мемлекеттiк комитеттiң жанындағы департамент, агенттiк, сондай – ақ Республика министрлiгiнiң, мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы өзге де мемлекеттiк басқару органы боллады. Ол министрлiгiнiң, мемлекеттiк комитетiнiң құзiретi шегiнде арнайы атқарушы және бақылау қадағалау функцияларының, сондай – ақ салараалық үйлестiрудi не мемлекеттiк басқару саласында дербес басшылықты жүзеге асырады.

Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары.

    Бұлар мемлекеттiң тиiстi аумағындағы iстiң жай – күйiне жауапты, жергiлiктi және атқарушы органдар жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы бiрiңғай мемлекеттiк билiктiң түрi.

    Олардың функциялары:

  • халықтың жергiлiктi iстерге қатысуын қамтамасыз ету;
  • жергiлiктi жерлердi мемлекеттiк меншiктi, бюджеттiң құрылуын, бекiтiлуiн және орындалыун басқару;
  • жергiлiктi салықтар мен жиналымдарды белгiлеу;
  • жасалған жоспарлар, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалар негiзiнде тиiстi аумақтың дамуын қамтамасыз ету;
  • халықтың әлеуметтiк мәдени, коммуналдық – тұрмыстық және өзге де қызмет қажетiн өтеу.

Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдар жергiлiктi өкiлеттi органдарды, маслихаттарды, қамтиды. олар тиiстi әкiмшiлiк аумақтық болiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi және жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, оның жүзеге асырылуын бақылайды. Жергiлiктi атқарушы органдарын басқаратын әкiмдер, бұларға Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бiрiңғайы жүйесi енедi, тиiстi аумақтардағы мүдделер мен қажеттiлiктердi үйлестiре отырып, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттк саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi.

Бұл органдардың ұйым және қызмет бабы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған «Жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдар туралы» қолданылып отырған заңында белгiленген. Мәслихаттарға өткен сайлауға 18 жасқа толған азаматтар қатысады, олар 4 жылға сайланады. Облыстық әкiмдердi Президент тағайындайды, ал одан төмен әкiмдердi облыстық әкiмдердiң өздерi тағайындайды. Маслихаттар өздерiнiң құзыретiндегi мәселелер бойынша шешiмдер, ал әкiмдер шешiмдер мен өкiмдер қабылдайды.

    Қазақстан Республикасының егемендiгi мен аумақты тұтастығын қорғауды оның Қарулы күштерi жүзеге асырады. Мемлекеттiк және қоғамдық қауiпсiздiк пен құқық тәртiбiн қорғау iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарына және республикалық ұланға жiктеледi. Олардың мәртебесi және қызметi заңмен белгiленедi.

    Сонымен, мемлекеттiк аппарат  өкiлеттi, атқару және сот билiктерiнiң органдарына бөлiнедi. Екiншiден, мемлекеттiк органдар төменгi және жоғарғы органдарға бөлiнедi. Үшiншiден, мемлекеттiк органдар жоғарғы, орталық және жергiлiктi органдарға бөлiнедi.

     Мемлекеттi талдау оның механизм позициясы жағынан әр элементтiң орнын және рөлiн, құрылымын мемлекеттiк басқару жүйесiнде табуға мүмкiндiк бередi.

    Мемлект механизмнiң бiрiншi элементi болып мемлекеттiк орган тұрады.

    Мемлекеттiк орган – мемлекеттiк аппараттың өкiмет билiгiне өкiлеттiгi бар құрылымдық бөлшегi. Мемлекеттiк органның өкiмет билiгiн iске асыруы мемлекеттiң мәжбүрлеу күшi арқылы қамтамасыз етiледi. 

    Мемлекеттiк органдардың белгiлерi:

1) Мемлекеттiк  органның билiктiк өкiлеттiлiгi бар; Мемлекет механизмiнiң құрылымында бола тұра онда өз орнын тауып, онда өзiн өзiнше элемент етедi;

2) Мемлекеттiк  орган мемлекеттiк қызметкерлерден  тұрады, осы туралы арнайы заң бар; Мемлекет жолдауымен немесе атынан қызмет атқарады; 

3)  Мемлекеттiк  орган экономикалық және ұйымдастыру еркi бар; оның құрылуы және сақталуы нормативтiк құқықтық актiлер арқасында (Конституция, заң және заңға негiзделген актiлер);   

4)  Әр мемлекеттiк орган тек қана өзiне тән қызметтi орындау керек, ол үшiн соған сәйкес нысанды және әрекеттi қолдануы керек;

5)  Керек  жағдайда күш қолдану әрекетiгiне мүмкiндiгi бар;

6)  Мемлекеттiк  органның немесе лауазым иесiнiң өзiне заңмен қамтылған, құзырындағы-мемлекеттiк немесе қоғамдық  маңызы бар мәселелер мен және өзiне тән функцияларды атқару үшiн, құқықтары мен мiндеттерi болады. Олардың, құзырындағы және лауазымына сәйкес, жүктелген мiндеттерiн iс жүзiне асыру үшiн,  материалдық базасы (көлiгi, техникасы,  сарайы) және қаржы ресурстары (банкiдегi есеп – шоты, қажеттi ақша ресурстары) болады.

7)   Көзделген бағыттар мен нәтижелерге қол жеткiзу үшiн олар, мемлекеттiк қызметкерлер мен тиiстi құрамалар мен ұйымдастырылады;

8)   Өзiнiң құзырын үш амалмен iске асырады:

    • Нормативтiк актi қабылдау жолы арқылы (жалпы түрдегi указ);
    • Құқық қолдану жолы арқылы (жеке түрдегi указ);
    • Нақты шараларды ұйымдастыру жолы арқылы;

Информация о работе Семестрлік жұмыс