Семестрлік жұмыс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 14:44, реферат

Описание работы

Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.
Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық – оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады.

Содержание работы

I. Кіріспе


II. Негізгі бөлім

а) Мемлекет механизмінің ұғымы

ә) Мемлекет механизмінің құрылымы

б) Мемлекет аппарат ұйымдастыру мен қызметінің қағидасы

в) Мемлекет органдарының ұғымы мен түрі


III. Қорытынды


IV. Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

83 вариант.docx

— 77.15 Кб (Скачать файл)

9)   Өзiнiң iсiн белгiлi территорияда атқару.

Мемлекеттiк органның түрлерi.

    Жеке дара органдар және алқалы органдар:

1) Жеке  дара органға – президент, соттар, министрлiктер, ведомстволар, комитеттер жатады.

2) Алқалық органға – парламент, Үкiмет, жоғарғы сот, конституциялық кеңес жатады.

    Адвокатура – мемлекеттiк орган болып табылмайды. Ол қоғамдық ұйым болып табылады.

  

 Орталық  және жергiлiктi органдар:

1) Орталық  органға: Президент, Парламент жатады.

2) Жергiлiк  органға: маслихат, әкiмдер т.б. жатады

    Жалпы құдiретi бар орган және арнайы құдiретi бар мемлекеттiк органдар:

1) Жалпы  құдiретi бар органға: Президент, Парламент жатады.

2) Арнайы  құдiретi бар органға: министрлiктер т.б. жатады.

Мемлекеттiк органдардың жiктелуi:

    1. Мемлекеттiк органдарды қалыптастыратын  субъектiлерiне байланысты:

    — өкiлдiлiгi бар мемлекеттiк  органдар (Президент, Парламент);

  • мемлекеттiк органдардың өздерiнiң құратын органдары                                  

(Үкiмет,  министрлiктер).                                                                                  

2. Мемлекеттiк органдар құрылымына  байланысты:

1) жай; 

2) күрделi болып келедi. Жай органдардың iшкi бөлiмдерi болмайды, ал күрделi органдардың бiрнеше iшкi бөлiмшелерi болады.

3. Аумақтық қызмет аясына байланысты:

  • федералдық;
  • республикалық;
  • жергiлiктi.

4. Өкiлеттiктерiнiң сипатына байланысты:

  • жалпылама құзыреттi органдар (Қазақстан Республикасының Үкiметi);
  • арнайы құзыреттi органдар (Бас прокуратурасы)

5. Құзырларының iске асуы ретiне байланысты:

  • алқалығы жататындары (Үкiмет);
  • дара басшылыққа жататындары (Президент).

6. Ұйымдық-құқық қызметтерi түрiне байланысты:

  • билiктерi толық болатындары:
  • билiктерi шектеулi болатындары.

Принциптерi.

    Құбылыстың, заттың жұмыс жасауының, ең басты идеясы, талабы, бастауы.

    Мемлекеттiң механизмiнiң принципi дегенiмiз – бұл механизм жұмыс iстеуiнiң ең басты идеалары, талаптары.

    Мемлекеттiң механизмiнiң принципi екiге бөлiнедi:

  1. Жалпылық

  2. Арнайы

Жалпылық принциптер

    1) Заңдылық – бар адамдар, мемлекеттiк органдар, ұйымдар заңды бұлжытпай орындауы керек, ал егер орындамаған жағдайда жауапқа тартылуы керек.

    2) Халықтың билiгiн қамтамасыз ету принципi.

Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша мемлекет билiгiнiң қайнар көзi халық. Сондықтан ең маңызды мәселелер шешiлгенде халық тiкелей қатысты болады. Ол: Референдум немесе бүкiл халықтық дауыс беруi арқылы.

    3) Гуманизм принцiпi – мемлекеттiк орган заңға сүйенуi керек және онеге имандылық талаптарына сәйкес болуы керек. 

    4) Заң алдында барлығы тең принцiпi.

    5) Мемлекет қызметкерлерiнiң құзiретi жоғарғы кәсiби принципте болуы.

Арнайы принциптер.

    Кейбiр мемлекет органдарына қойылатын  талаптар мен бастаулар.

    Кiнәсiздiк принципi: адамның кiнәсi жоқ деп есептелiнедi, егер адамды кiнәлi деп тапса онда адамның кiнәсi сотпен дәлелденуi керек, және үкiмiмен анықталуы керек. Сотта туысқандар куә бола алмайды. Егер сот кiнә туралы күмән тапса онда адам кiнәсiз деп есептелiнедi.



 





 



 


 




 














 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

      Қазақстан Республикасының Үкiметi жиырма шақты министрлiктен (өнеркәсiп, денсаулық сақтау, бiлiм, iшкi iстер, қорғаныс т. б.), он шақты мемлекеттiк комитеттен (мемлекеттiк мүлiк, жастар iстерi жөнiндегi, монополияға қарсы саясат т. б.), 4 комитеттен (тiл, статистика жөнiндегi т. б.) және 4 бас басқармадан (атом энергиясы т. б.) тұрады.

    Министiрлiк атқарушы өкiметтiң орталық органы болып табылады, ол өзiне жүктелген қызмет саласына басшылық жасайды. Министрлiк басшысы министр, ол лауазымы бойынша Министрлер Кабинетiнiң құрамына кiредi, өзiне жүктелген қызмет саласын дара басшылық негiзiнде басқарады және министiрлiктiң жұмысына жеке жауап бередi. Мемлекеттiк комитет те атқарушы Үкiметтiң орталық органы болып табылады. Ол саларалық мемлекеттiк басқаруды жүзеге асырады. Мемлекеттiк комитеттiң төрағасы да Министрлер Кабинетiнiң құрамына кiредi. Ал, бас басқарма, инспекциялар Үкiметтiң орталық органдары ретiнде өздерiнiң құзырына жататын мәселелердi басқарады.

     Мемлекеттiк басқару iсiн жүзеге асыру үшiн Республиканың аумағы әкiмшiлiк-аумақтық бөлшектерге бөлiнедi. Әкiмшiлiк аумақтарда жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар құрылады. Жергiлiктi өкiлдi органдар – аудандық, қалалық, облыстық мәслихаттар. Кеңестердi азаматтар бес жыл мерзiмге сайлайды. Жергiлiктi маслихаттар – халықтың жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына жатады. Олардың негiзгi атқаратын қызметi:

  • заңдардың сақталуын, қоғамдық тәртiптi, азаматтардың хұқыларын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн қорғау;
  • жергiлiктi шаруашылықты, халыққа тұрғын үй, транспорт, сауда және өзге шаруашылық қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
  • халыққа мемлекет тарапынан мәдени қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
  • ұлтаралық қатынастарды реттеуге көмектесу;
  • заңға сәйкес салық саясатын жүргiзу;
  • табиғатты қорғау, табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану;
  • меншiктiң барлық түрлерiн дамытуға мүмкiндiк берiп, кәсiпкерлiк қызметтi қолдау, басқа да жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешуге ат салысу.

    Өзiне жүктелген мiндеттердi қалай атқаратынын жергiлiктi мәслихаттардың қызметiнен байқауға болады.

    Жергiлiктi басқарушы орган әкiмшiлiк деп аталады. Әкiмшiлiктiң басшысы – әкiм Президенттiң тiкелей өкiлi болып есептеледi.

    Облыстық әкiмдi президент тағайындайды, ал аудандық әкiмдi Президенттiң келiсiмi бойынша облыстық әкiм тағайындайды.

    Жергiлiктi әкiм: заңдардың орындалуын, қоғамдық тәртiптi сақтауды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерiн қорғауды, нарықтық қатынастарды дамытуды, меншiктi мемлекет иелiгiнен елмен жекешелендiрудi жүзеге асырып отыруға мiндеттi. Осындай аса маңызды мiндеттердi жергiлiктi әкiм, әкiмшiлiк тиiмдi орындай алса, халық алдында өз борышын ақтаған болады. Орындай алмаса, халық өз пiкiрiн айтып, әкiмшiлiктiң қызметiн жөнге салуы хақылы.

    Өзiн-өзi билеу тек әкiмшiлiк аумақта емес, әрбiр мекемеде, ұйымда жүзеге асырылуға заңды негiз хақы салған. Мәселен, мектеп ұжымы да өзiнiң iшкi өмiрiнiң мәселелерiн өзi шешуге хақылы. Ол үшiн әдетте, мектеп кеңесi құрылады. Мектеп кеңесiнiң құрамына оқушылар, мұғалiмдер, ата-аналар, мектеп әкiмшiлiгi өкiлдерi сайланады. Әр мектептiң ерекшелiгiне байланысты мектеп кеңесi мектеп өмiрiнiң негiзгi мәселелерiн қарап, шешуге ат салысады.

    Барлық мемлекет органдары, лауазым  иелерi жастардың ерекше әлеуметтiк топ ретiнде мүдделерi мен мұқтаждықтарын мойындап, рухани дамуына, дене шынықтыруына, кәсiби даярлығына, оқуда, еңбекте, ғылымда, қоғамдық қызметте өздерiнiң қабiлетiн жүзеге асыруына қажеттi экономикалық, құқықтық және әлеуметтiк жағдайлар жасауға мiндеттi.

    Әдiл сот қызметiн жүзеге асыру – мемлекттiк өкiмет билiгiнiң ерекше түрi. Сот iсiне басшылық күшiн Конституциялық сот, Жоғарғы сот, Жоғарғы төрелiк сот құрылған. Сот билiгiн аудандық, облыстық соттар да жүзеге асырады.

    Демек, сот билiгiн Жоғарғы Кеңес те, Президент те, Үкiмет те, басқа да мемлекет органдары атқара алмайды. Бiрақ, Жоғарғы Кеңес сотталған адамдарға рақымшылық жасау туралы құжаттар шығаруға хақылы. Президент сотталған азаматтарға кешiрiм берудi жүзеге асырады. Дегенмен, бұл әректтер сот билiгiн жүргiзуге жатпайды.

    Ерекше айта кететiн жағдай, Конституция сот iсiн жүргiзудiң төтенше түрлерiн құруға жол бермейдi. 30 – 50 – жылдары елiмiзде заңда көрсетiлмеген органдар («Үштiк», «бестiк») төтенше сот қызметiн жүргiзiп, мыңдаған кiнәсiз адамдарды жазалаған болатын. Ендi ондай озбырлыққа тыйым салынды.

    Судьялар тәуелсiз болуға тиiс, олар тек Конституция мен заңдарға бағынады.

«Сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi соттың қызметiне қандай да болсын араласуға жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауапкершiлiкке әкеп соғады. Нақты iстер бойынша судьялар есеп бермейдi.» (ҚРКон. 77-бап. 2-тарау.)   

 Жаңадан құрылған Конституциялық соттың орны ерекше.

    Конституциялық сот   Конституцияны қорғау жөнiндегi сот  билiгiнiң жоғарғы органы болып  табылады. Ол мемлекеттiк органдар  актiлерiнiң, оның жоғарғы лауазым  иелерiнiң iс-қимылдарының, конституциялық  заңдары қолдану тәжiриесiнiң конституцияға  сәйкестiгi туралы дауларды шешедi. Былайша айтқанда, Конституциялық  сот Жоғарғы Кеңес қабылдаған  заңдардың, Президент қабылдаған  жарлықтардың, Үкiмет қабылдаған  қаулылардың, министiрлiктер мен  мемлекеттiк комитеттер қабылдаған  актiлердiң Конституция баптарына  сәйкестiгiн анықтайды. Егер олар  Конституцияның ережелерiне қайшы  келсе, олардың күшiн жояды.

    Сонымен бiрге Конституциялық  сот азаматтардың конституциялық  құқықына қатысты заңды қолдану  тәжiрибесiнiң Конституцияға сәйкестiгi  туралы iстердi қарайды. Осыған  байланысты мәселелердi конституциялық  құқықы бұзылған азаматтардың  арызы бойынша да қарайды. Конституциялық  сот iстi ашық жүргiзедi шешiм  барлық жағдайда көпшiлiкке жарияланады.

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

  1. Қ.Д. Жоламан, А.Қ. Мұхтарова, А.Н. Тәукелев. «Мемлекет және құқық теориясы»;

 

  1. Қ. Сапарғалиев, А. Ибраева. «Мемлекет және құқық теориясы» Алматы – 1998;

 

  1. Қайрат Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық негiздерi» Алматы – 1994;

 

        4) Қазақстан Республикасының Конституциясы «1998жылғы қазанның 7-сiндегi өзгертулер мен толықтырулар»;

    


Информация о работе Семестрлік жұмыс