Теміржол саласындағы жүк тасымалдауды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2014 в 20:31, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі күні қосымша бағыттар жіберуге орай белсенді жұмыстар жүруде. «Қазтеміртранс» АҚ-ның тасымалдау міндетті қызметінің оындалуына байланысты өткізілген пилотты жоба сараптамасы жүкті жеткізуде бірталай уақыт ұтуымен, жолды өтуде тиелген вагондарды ажыратудың төмендеуімен және жүк тиеуде жүк аттандырушы тапсырыстардың 100% орындалуымен тиімділгін танытты.Жүк иелері тарапынан күннен күнге өсіп келе жатқан талаптарды ескере отырып, сондай-ақ жүк тасымалдаудың жаңа тиімді технологиясына өтуді жүзеге асыру үшін «Қазтеміртранс» АҚ контрейлерлік тасымалдауды ұйымдастыру үшін 13–4095 моделді ажыратусыз тартқышы бар жартылай тіркемелерсіз автопойыздарға артуға арналған мамандандырылған плотформалардың 50 бірлігін сатып алды.

Файлы: 1 файл

курсовая экономика.docx

— 75.70 Кб (Скачать файл)

 

 

2.Теміржол саласындағы жүк тасымалдаудың экономикалық тиімділігі.  Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ республика экономикасы мен ел тұрғындарын темір жолмен тасымалдау жөніндегі сұранысын толығымен қанағаттандырып келеді. Негізгі көрсеткіш бойынша, алғашқы жартыжылдықтағы жүк айналымы 100 млрд. тонна/шақырым болды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,3 пайызға жоғары. Сондай-ақ тасымал көлемі 14,7 пайызға артты. Ал экcпорт көлемі 25, импорт 2,9 пайызға өсті. Тұрғындардың әлеуметтік көңіл-күйінің маңызды индикаторы ретіндегі жолаушылар тасымалы 6,4 пайызға көтерілді. “ҚТЖ” ҰК” АҚ тобына жататын компаниялардың кірісі 25 пайызға өсіп, 284,3 млрд. теңгені құрады. Сала жұмысындағы оң өзгерістерді тәуелсіз сарапшылар дәйектеді. Халықаралық “Fіtch ratіngs” пен “Standard & Poors” рейтингілік агенттіктері ҚТЖ-ның рейтингін ВВВ- және ВВ+ деңгейінде “қалыпты” деп бағалады.                                                                                                         Мұның барлығы Қазақстан темір жолының 2008-2009 жылдарғы дағдарыс салдарын артқа тастап, жүк және жолаушылар тасымалдаудағы тапсырмаларды ойдағыдай орындап, қалыпты жұмыс ырғағына көшкендігін көрсетеді.                                                                                                        Жүк тасымалының тиімділігін арттыру үшін жүк тасымалындағы бәсекелестікті қалыптастырумен қатар, оған Ұлттық компанияның да сапалық жағынан бәсекелес бола алатындығын дәйектеу қажет. Саладағы халықаралық тәжірибе темір жол тасымалындағы мүмкіндіктің бірі – тасымалдау қызметіне ірі операторларды тарту болып табылады. Ол тәуелсіз тасымалдаушылармен бірге барлық бағдардағы нарықтық қатынастарға қатыса алады. Мұны жан-жақты ұйымдастыру 2014 жылдарға дейінгі бағдарламада көрсетілген.                                                                         Қазіргі уақытта жол шаруашылығына "Қазақстан темір жолы" РМК пайдалану шығындарының 18%  келедi. Жолды сауықтыруға күрделi салымдардың жеткiзiп беру мерзiмiн қысқарту, вагондар мен локомотивтердiң желi бойынша айналымын тездету есебiнен, тиiсiнше қажет жылжымалы парктi азайту, сондай-ақ жолды ағымдық күтiп-ұстау және жөндеу шығындарын азайту есебiнен бүкiл сала үшiн тиiмдiлiгi бар. Сонымен бiрге бұл iс-шаралар отын, электроэнергия және жылжымалы құрамды жөндеу шығындарын азайтуға қосымша мүмкiндiк бередi. АҚШ долларды құрайды және 2014 жылға қарай 315 млн. АҚШ долларына жетедi - 2001-2014 жылдарда.                                                                                    Еңбек өнiмдiлiгiн арттыру есебiнен жол жұмыстарын кешендi механикаландыру шаруашылықтың ағымдық шығындарын азайтуға мүмкiндiк туғызады. Есептеу 5 жыл iшiнде экономикалық тиiмдiлiк 30 млн. АҚШ долларын, ал 14 жылда - 130 млн. АҚШ долларын құрайтындығын көрсетiп отыp.                                                                                               Дүниежүзiлiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай саланы ақпараттандыру өзiн-өзi бес жыл iшiнде ақтайды. Бұдан әрi жаңа операциялық жоспар алдыңғы қатарлы ақпараттық басқару жүйелерiн қолдану негiзiнде саланың пайдалану шығындарын жылына 70 млн. АҚШ долларына азайтуға мүмкiндiк бередi. Алғашқы 5 жыл iшiнде экономикалық тиiмдiлiк 50 млн. АҚШ долларын, ал 14 жылда - 680 млн. АҚШ долларын құрайды.                 Жүк және жолаушылар тасымалдары шығындарының 41% локомотив шаруашылығына келедi, ол отынның (бүкiл кәсiпорын шығындарының 96%) және электроэнергияның (77%) ең iрi тұтынушысы болып табылады. Локомотив паркiн жаңартудан болатын экономикалық тиiмдiлiктi есептеу 14 жыл iшiнде 800 млн. АҚШ долларын құрайды.                                          Саланың пайдалану шығындарындағы вагон шаруашылығының жеке салмағы 17% құрайды. Вагон паркiн жаңартудың экономикалық тиiмдiлiгi, жаңа вагонды күтiп-ұстауға және жөндеуге шығындар 15-20% төмендейтiндiгiн алға тартсақ, 5 жыл iшiнде 6 млн. АҚШ долларын, ал 14 жылда - 42 млн. АҚШ долларын құрайды.                                                                                                                 Материалдық және отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу есебiнен ресурс үнемдеу технологияларын енгiзуден болатын нәтиже 5 жыл iшiнде 20 млн. АҚШ доллары, ал 14 жылда - 100 млн. АҚШ доллары болады.               Темір жол транспорты: Транспорттық жүйеде басты орынға темір жол ие. Соның ішінде 79 пайызы жүк тасымалы, 58 пайызымен жолаушылар тасымалданады.                                                                                             Қазақстан темір жолы -  Қазақстан Республикасының ауқымды территориясын ескере отырып, өндірісте өнім өндіруді және шикізатты экспорттауға бағытталған. Сонымен қатар темір жол отандық экономикада басты стратегиялық орынға ие. Қолдануға берілген темір жол ұзындығы қазіргі кезде 13,6 мың шақырым, темір жолдың 80 пайызы  30 жылдан астам уақыт қолдануда, ал 22 пайызы  50 жылдан астам уақытқа жеткен. Нақты жол шаруашылығының нашарлауы күнен - күнге ұлғаюда, оның себебі уақытында нормативтік көлемде жөндеу жұмыстарының жүргізілмегендіктен.                                                                                      Темір жол жүйесі Республикамыздың солтүстік аймағында ауқымды дамыған. Себебі ол жерде одақ жүйесіндегі шығыс, батыс магистралі өтеді. Басқа аймақтарда жүйе жеткіліксіз орналасқан.  Темір жол жүйесі  орталық және шығысқа қарай, сонымен қатар Ташкент – Шымкент - Орал- Самара  бағыттарына меридианды орналасқан. Республикамыздың темір жол транспортының тиімділігі мен сапа факторының жоғарылауына коммерциялық салада монополиялық жағдайдың қалыптасуы кедергі келтіреді. Мұнда нарықтық жаңартулар аяқталмаған. Сондықтан  «Қ.Т.Ж.» құрылымды ұйымдарға бөлініп, нақты бәсекеге қабілетті салада қызмет ете алатын көлемді жұмыстармен  айналысуы қажет. Тапсырушы мен тасымалдаушы арасында жауапкершіліктің жақсаруы үшін қызметтің келісім- шарт түрінде болғаны тиімді.                                              «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 2011 жылдың алғашқы жартысындағы темір жол көлігі жұмысының қорытындысы мен екінші жарты жылдыққа арналған тапсырмалар жөнінде кеңес өткізді. Белгіленген мерзімде компания барлық көрсеткіштер бойынша міндеттемелерін орындады.                                                                                                     Темір жолдағы жүк айналымы жоспардағы 103,54 млрд. т-шм орнына 105,25 млрд. т-шм неттоға орындалды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,3 пайызға асыра орындалып, 2,32 млрд. т-шм нетто құрады.Жолаушы айналымы бірінші жарты жылдықта 6,5 млрд. ж-шм, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5,1 пайызға жоғарылады.                                                                                             Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіші жақсарғаны байқалды. Тіркелген ақаулықтар саны бойынша өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға, ерекше жағдайлар бойынша 50 пайызға азайды. Пойыздардың қозғалыс кесетін орындауы 40 пайызға жақсартылды. Компанияның бірінші жарты жылдықтағы таза пайдасы өткен жылмен салыстырғанда 39 пайызға көтеріліп, 59 млрд. теңгені құрады. Есепті мерзімдегі қор жасақтау 2010 жылмен салыстырғанда 7 пайызға артып, ол негізінен болашақтың жобаларына жұмсалды. Қазіргі таңда компания екі темір жол желісінің құрылысын жүзеге асыруда. 2011 жылғы қазан айында Өзен-Түркменстанмен мемлекеттік шекара телімінде пойыз қозғалысына жол ашылса, желтоқсанда Жетіген –Қорғас бағдарында пойыз қозғалысы басталады.  «ҚТЖ» ҰК» АҚ өзінің негізгі міндетін атқарумен қатар Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы тапсырмаларды орындауға, қазақстандық үлесті көбейтуге, Қазақстанның көліктік –логистикалық әлеуетін тиімді пайдалануға баса назар аударуда.                                                                                                       Биылғы жылы Павлодар облысындағы Екібастұз қаласында жылына үш мың вагон шығаратын зауыт іске қосылды. Жыл аяғына дейін Астанада жолаушылар вагоны шығарыла бастайды. 2012 жылы жүк және жолаушылар пойыздарына арналған элктровоздар шығарылады. Жүзеге асырылып жатқан жобалар арқылы жылжымалы құрамға сұранысты өзіміздің ішкі ресурс арқылы орындауға қол жеткіземіз. Үстіміздегі жылы компанияның жүк мүкәммәл мүлік паркі 4500 вагонға толығады. 2011 жылы компания жобаларындағы қазақстандық өнім көлемі 83 пайызға жеткізіледі.                                       Қазіргі таңда Қазақстанда шағын бекеттерден 100 жаңа вокзал салу жұмысы басталып кетті.Жаңа жолаушылар вагондары «Каспий» жылжымалы құрамында Атырау –Астана, жоғары сапалы Алматы –Атырау, Ақтөбе және Шымкент қалаларына қатынайды.                                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1.Жүк тасымалдаудың шығындары мен кірістері .       Тaсымалдаудың кірістері жолаушыларды тасымалдаудан,пойыздарда төсек орын керек жарақтарын беруден түскен ақшалай түсімдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды ҚР көлік кешені қызметін үйлестіру реттеу және бақылауды жүзеге асыратын уәкелетті орган.Белгіленген бағалар бойынша коммерциялық алымдар.                                                                                 Тасымалдау шығындары ҚР заңнамасымен көзделген салық міндеттемелері ескеріле отырып ,ҚР темір жол көлігінің негізгі қызметі жөніндегі шығыстар номенклатурасында ескерілген жолауцшылар тасымалдарын жүзеге асыруға арналған тасымалдау шығындары.                                                                     Жолаушылар тасымалын жүзеге асыру жөніндегі қызметтер көлемі мынадай көрсеткіштермен сипатталады:тасымалданған жолаушы саны жолаушылар айналымы магистральдық темір жолдар бойынша вагон жүрісі.                              Есептеу мынадай құрамдастардан жүргізіледі:                                                Жолаушылар пойызының барлық жүру жолындағы және ҚР шекарасындағы қатынау маршруттық қашықтығы.Қатынау кезектілігі Пойыз қозғалысының кестесі бойынша  анықталады.                                                                          Жолаушы тасымалдау негізгі анықталатын құрамдағы вагондар саны ,вагондар жүрісін есептеу,вагондар түрлері бойынша бөлінеді.                 Тасымалдау арқылы темір жолға келетін кіріс жүктерді тасымалдау.жолаушыларды,багаждарды және пошталар сонымен қатар жүк жіберуші және жүкті қабылдаушы арқылы қөрсетілетін басқа да қызметтер үшін басты тарифтік төлем қалыптасады.Кірістер бойынша есептерге арналған эксплуатациондық жолдардың өлшеуіштері болып табылады.Жүк тасымалы бойынша тарифтік тонна км тікелей хабарлаушы жүктер бойынша бастапқы және соңғы операциялар жолаушылар тасымалы бойынша пошталық вагондардың жолаушылық км лері.        Жүк тасымалдау кірісі жолаушыларды тасымалдау  кіріс жоспарынан пойыздық өлшеммен саналады.                                                                                 Темір жолдың табыстары жүк  және жолаушы тасымалдаудың көлеміне,құрылымына,қашықтығына,тарифтердің құрылысының деңгейіне және жүйесіне тәуелді болады.                                                                                 Темір жол кірістері жолаушыларды және жүктерді тасымалдау және және тарифтердің деңгейіне және жүйесіне байланысты.Осы кірістерге сонымен қатар телеграф телефон операциялары ғимараттарды жалға беру.Кірістік ставкалар әр хабарламаның түрі бойынша тіркеледі.    

Тасымалдаушы шығыстарын  қалыптастыру                                                Шығыстарды қалыптастыру тәртібі өндірістік-технологиялық факторларды ескере отырып жолаушы поезының әрбір маршрутына жүргізіледі:

Rтасымалдаушы = Rмтж + Rлок + Rвагонды жалға алу + R жолау.тас.             мұндағы:                                                                                                    Rтасымалдаушы – толық өзіндік құнына енгізілген тасымалдаушының шығысы;                                                                                                                       Rмтж – магистральдық теміржол желісін пайдалану қызметі үшін шығыстар  Rлок – локомотивпен тартуды ұсыну қызметі үшін шығыстар;                  Rвагонды жалға алу – вагондарды жалға алуды ұсыну қызметі үшін шығыстар;                                                                                                          Rжол.тас. – кезең шығыстарды қоса алғандағы жолаушыларды тасымалдаумен байланысты тасымалдаушының шығыстары. Тасымалдаушының шығыстарын есептеу мынадай бөлімдерден тұрады:              - вагондардың түрлері бойынша жолаушы поезының нақты әрбір маршруты бойынша тасымалдаушының тура өндірістік шығындарын анықтау;               - үлес салмақ бойынша үстеме шығыстар және маршруттар бойынша кезең шығыстарын есептеу және бөлу.                                                                                    1) Магистралдық темір жол желісі қызметіне (бұдан әрі – МТЖ) шығыстарды есептеу мына формуламен анықталады:

  а) төмендететін коэффициентсіз         б) төмендететін коэффициентпен                                                                                   а) Rмтж = Vваг-км *Pмтж      б) Rмтж = Vваг-км *Pмтж *kмтж                      мұндағы=Бастапқы құн – жойылу құны = 100 000 – 10 000 = 18 000                                                                                                                    Rмтж – МТЖ пайдалану қызметі үшін шығыстар;                                                     Vваг-км – жоспарланған кезеңге вагон-км (ваг-км) көлемі;                                                  PМТЖ – МТЖ пайдалану қызметі үшін тариф, теңге

kмтж – уақытша төмендететін  коэффициент (бұдан әрі - УТК).                        2) Локомотивпен тартуды ұсыну қызметі үшін шығыстарды есептеу мынадай формулалар бойынша 2 кезеңмен анықталады:                                                          1-кезең: Поезд бойынша қызметтің құны

Rлок= (Vтеп.лок.сағ *Pтеп.лок.сағ) + (Vэлек.лок.сағ *P лек.лок.сағ)    мұндағы =160*220-315*4=58552425                                                                                                          

Rлок – поезд бойынша  локомотивпен тартуды ұсыну қызметі  үшін шығыстар;

Vтеп.лок.сағ – тепловозбен  тарту жоспарланған локомотив-сағаттың  саны;      Pтеп.лок.сағ – тепловозбен тарту қызметі үшін тариф, теңге                    Vэлек.лок.сағ – электровозбен тарту жоспарланған локомотив-сағаттың саны;       Pэлек.лок.сағ – электровозбен тарту қызметі үшін тариф, теңге.

2-кезең: Вагон түрлері  бойынша қызметтің құны                                                  Rваг.лок.= Rлок /VQ i поездың вагон-км.* VQ i вагонның вагон-км.    мұндағы:                                                                                                                     Riлок – поезд құрамында қатынайтын i–түрі немесе вагондар тобы бойынша қызмет құны, теңге                                                                                                            Rп лок – поезд бойынша қызмет құны, теңге                                                                  VQ i поезд ваг-км. – ҚР аумағы бойынша жоспарланған кезеңге поезд жүрісі, ваг/км                                                                                                                                VQ i ваг. ваг-км. – ҚР аумағы бойынша жоспарланған кезеңге поезд құрамында қатынайтын тиісті вагон жүрісі, ваг/км.                                                    3) Жылжымалы құрам жалға алынған парк шығыстарының есебі:   Поездарды құру үшін жылжымалы құрам паркі есебі (резервте барды есепке ала отырып) мынадай формулалармен қажетті вагон түрі бойынша анықталады:                                                                                                         Жолаушылар вагондарына:

 Rваг. жалға алу = (Nваг.* Nқұрам.* kрезерв* Nжалға алу күндері

kпаркі* Pваг. жалға алу.)/ VW i dfu-rv* VQ i dfu-rv

 Электрсекциялар және дизельді поездар вагондары:

Rваг. жалға алу = [(Nваг+ kрезерв.)* Nқұрам. * Nжалға алу күндері *kпаркі* P Pваг. жалға алу]/ / VW i ваг-км* VQ i ваг-км;

 мұндағы:                                                                                                                       Rваг. жалға алу – вагондарды жалға берген қызметіне шығыстар;

Nваг – құрамдағы вагондар  саны;

Nқұрам – құрамдағы  қажетті саны;

kрезерв – вагондардың  міндетті резервті коэффициенті: жолаушылар вагондары бойынша 1,07 тең (айналымдағы барлық вагондар  санынан 7%); электросекция және дизельді  поездар бойынша 3 вагонға тең (бас, моторлы және тіркелмелі);

       Nжалға  алынған күндер – жоспарланған  кезеңге жалға алынған күндер  саны;

      kпаркі –  уәкілетті орган белгілеген жалға  алынған жолаушылар жылжымалы  құрамын пайдалану коэффициенті;

       VQ i ваг-км  – ҚР аумағы бойынша жоспарланған  кезеңге поезд құрамында қатынайтын  тиісті вагон жүрісі, ваг/км.;

       VW i ваг-км  – бүкіл жол бойында жоспарланған  кезеңге поезд құрамында қатынайтын  тиісті вагон жүрісі;

       Pвагонды  жалға алу – тиісті үлгідегі  бір вагонды жалға алу тарифы, тәулігіне вагон үшін теңге.

Nқұрам = Zn * Vқұрам

мұндағы:

Z – тәулік ішінде жөнелтілетін  поездар саны;

Vқұрам – жолаушылар  құрамының айналымы, тәулігіне.

Vқұрам жолаушылар құрамы  айналымының уақыты және поездарды  жөнелту жиілігінің Zn коэффициенті  бойынша нақты бағытқа қызмет  көрсету үшін Nқұрам құрамының  қажетті санын анықтауға болады:

 Поездардың күнделікті  рейске жөнелтілуі кезінде = 1 коэффициенті  қолданылады, поездардың күн ара  жөнелтілуі кезінде = 0,5, және т.с. Жолаушылар құрамының айналымы  – бұл Vқұрам, құрамның құрылған  пунктінен рейске жөнелтілген  сәттен бастап құрылған пунктіне  қайтып оралғанға дейін толық  тәулікпен есептеледі

  Мұндағы

 – құрамның құрылған  пунктінде және айналым пунктінде  тиісінше тұру уақыты, сағат;

  – құрылу пунктінен  айналым пунктіне дейінгі қашықтық, км;

  – тиісті құрылу пунктінен айналым пунктіне дейінгі және кері поезд жүруінің маршруттық жылдамдығы, км/сағат.

 4) Кезең шығыстарын қоса алғандағы жолаушыларды тасымалдаумен байланысты тасымалдаушы шығыстарының есебі.

R жолауш. тасымал.= (RW тікелей + RW үстеме+RW кезең шығыстары )* + RQ тікелей                                                                                                               мұндағы:                                                                                                                 Rжолауш. тасымал. – Қазақстан Республикасының шекарасындағы кезең шығыстарын қоса алғандағы жолаушыларды тасымалдауға байланысты тасымалдаушының шығыстары.                                                                        RWтікелей – тасымалдаушының бүкіл жол бойында жұмсайтын өнім (поезд, вагон түрі) бірлігі үшін шығыстарды қоса алғандағы өндірістің негізгі тікелей шығыстары                                                                                                              1) жолаушылар поездарында вагондарға қызмет көрсету: жолсеріктердің, поезд, локомотив бригадалары бастықтарының (электр секция және дизельдік поездар бойынша) жалақысы, әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар                                                                                                                         2) жеке жылжымалы құрамды күрделі және деполық жөндеу;

Информация о работе Теміржол саласындағы жүк тасымалдауды ұйымдастыру