Теміржол саласындағы жүк тасымалдауды ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2014 в 20:31, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі күні қосымша бағыттар жіберуге орай белсенді жұмыстар жүруде. «Қазтеміртранс» АҚ-ның тасымалдау міндетті қызметінің оындалуына байланысты өткізілген пилотты жоба сараптамасы жүкті жеткізуде бірталай уақыт ұтуымен, жолды өтуде тиелген вагондарды ажыратудың төмендеуімен және жүк тиеуде жүк аттандырушы тапсырыстардың 100% орындалуымен тиімділгін танытты.Жүк иелері тарапынан күннен күнге өсіп келе жатқан талаптарды ескере отырып, сондай-ақ жүк тасымалдаудың жаңа тиімді технологиясына өтуді жүзеге асыру үшін «Қазтеміртранс» АҚ контрейлерлік тасымалдауды ұйымдастыру үшін 13–4095 моделді ажыратусыз тартқышы бар жартылай тіркемелерсіз автопойыздарға артуға арналған мамандандырылған плотформалардың 50 бірлігін сатып алды.

Файлы: 1 файл

курсовая экономика.docx

— 75.70 Кб (Скачать файл)

 

 

 

                                                     Қорытынды        

Жалпы еліміздегі жүк пен жолаушылар айналымында теміржол көлігінің үлесі шамамен 50%-ды құрайды. Астық, көмір, руда, металл сияқты жүктерді тасымалдауда теміржол көлігіне тең келер көлік жоқ.      Сонымен қатар, бір кездердегі бірыңғай теміржол жүйесі жекелеген мемлекеттік және жеке кәсіпорындарға бөлініп кетті. Бұдан қызмет көрсету сапасы жақсармады және нарықтық қатынастардың дамуы байқалмады, керісінше жүйелік қиындықтарға тап болды.                                                      Бүгінгі таңда қызмет ету мерзіміне және техникалық жағдайына қарай жылжымалы составтың істен шығуы жаңарту қарқынын едәуір басып озады.       Мәселен,1995 – 2011 жылдар аралығындағы кезеңде саланың локомотив паркі 3045-тен 1772 данаға (42%-ға) немесе шамамен екі есеге дейін айтарлықтай қысқарды. Жолаушылар вагондары саны бойынша да жақсара қоймады. Жүк вагондары паркі де өте қиын жағдайда. 2011 жылы олардың саны небәрі 56 бірлік қана болды.                                                                      Бұл ретте, материалдық активтердің тозу дәрежесі     70%-ды құрайды. Салада техникалық және сапалық тұрғыдан ескірген жылжымалы составтың, жол техникаларының үлгілері, тозығы жеткен жол конструкциялары, көне жөндеу технологиялары пайдаланылады.                                                              Осы факторлармен қатар, жол желісінде электр күшінің толық тартылмауы; техникалық мамандардың кәсіби деңгейінің жеткіліксіздігі; бос вагондарды тасымалдау үлесінің жоғары болуы; салаға ғылыми тұрғыдан қолдау көрсетпеу секілді проблемалар саланы дамытуда тежеуіш факторлар болып табылады.                    Сондықтан, біздің пікірімізше, Министрлік теміржол көлігін дамыту үшін шығынды барынша аз жұмсай отырып, тасымалдауда экономиканың және халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін пәрменді шараларды қолдануға тиіс. Өйткені отандық өнімнің өзіндік құны мен оның бәсекеге қабілеттілігі көліктік құрауыштың үлесіне байланысты болады. Салаға табыс әкелетін жеткілікті деңгейге қол жеткізу қажет. Мысалы, контейнермен тасымалдаудың (жүк тасымалының жалпы көлемінің 55%-ы) өсуінің әлемдік қарқынын ескеру арқылы контейнерлік, мультимодальды тасымалдауды барынша дамытып, көліктің алуан түрінің технологиялық тұрғыдан біркелкі болуын қамтамасыз ететін көлік-логистикалық орталықтарды құру қажет.                                                                               

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақтан Республикасының темір жолы

2.yandex

3.google

4.temirjoly.kz

5.zakon.kz

6.kaz.gazeta.kz

7.railways.kz

8.freepapers.ru

9.topreferat.com

10.pandia.ru

 

 

 


Информация о работе Теміржол саласындағы жүк тасымалдауды ұйымдастыру