Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2014 в 20:31, курсовая работа
Бүгінгі күні қосымша бағыттар жіберуге орай белсенді жұмыстар жүруде. «Қазтеміртранс» АҚ-ның тасымалдау міндетті қызметінің оындалуына байланысты өткізілген пилотты жоба сараптамасы жүкті жеткізуде бірталай уақыт ұтуымен, жолды өтуде тиелген вагондарды ажыратудың төмендеуімен және жүк тиеуде жүк аттандырушы тапсырыстардың 100% орындалуымен тиімділгін танытты.Жүк иелері тарапынан күннен күнге өсіп келе жатқан талаптарды ескере отырып, сондай-ақ жүк тасымалдаудың жаңа тиімді технологиясына өтуді жүзеге асыру үшін «Қазтеміртранс» АҚ контрейлерлік тасымалдауды ұйымдастыру үшін 13–4095 моделді ажыратусыз тартқышы бар жартылай тіркемелерсіз автопойыздарға артуға арналған мамандандырылған плотформалардың 50 бірлігін сатып алды.
3) техникалық қызмет көрсету
(1, 2, 3, және т.с. көлемінде
4) биоәжетханаларды
5) жолаушыларды тасымалдау
бойынша қызмет көрсетуге
10) вагондардың басқа поездарда
12) медициналық қызметтер;
13) жолаушыларды, жұмысшыларды (жолсеріктерді) сақтандыру;
14) электросекцилардың және дизелдік поездардың жұмысы;
15) электросекциларды және
дизелдік поездарды рейске
RQ тікелей
– тасымалдаушының тек қана
Қазақстан Республикасының
1) Жолаушыларға қызмет көрсету (анықтамалық-ақпараттық қызмет құны);
2) тасымалдаумен
байланысты өндірістік
3) Жолаушылар вагондарын сумен және отынмен жабдықтау;
RW үстеме
– персоналға қызмет
RW кезең
шығыстары – кезең шығыстары:
салықтарды есепке алғандағы
өндірістік сипаттағы
Жүк тасымалдаудың қаржы экономикалық көрсеткіштері. Қарқынды дамыған, тұрақты жұмыс істейтін және тепе-теңестірілген ұлттық теміржол кешенін жасау Қазақстанның экономикасын тұрақты дамытудың қажетті шарты болып табылады. Бүгінгі таңда теміржол көлігі Қазақстан Республикасының өндірістік инфрақұрылымының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстанның географиялық жағдайы (теңізге тікелей шығу жоқ, кеме жүретін өзендер болуы), жердің кеңдігі, өндірістің шикізаттық құрылымы мен өндірістік күштердің орналасуы теміржол көлігінің экономикадағы рөлін өте маңызды етеді. Нарықтық қайта құрылулар кезеңінде республикадағы көліктік кешен отандық экономиканың құрылымжасаушы белсенді факторы ретінде алға шығады, оған барлық көлік түрлері қатысатын жүктер мен жүкайналымының 2003 жылдан 2010 жыл аралығындағы қарқыны дәлел болып отыр (2 кесте).
Кесте 2 - Көлік кешені тасымалының құрылымы, млрд. ткм
Көлік түрлері |
2003 ж. |
2004 ж. |
2005 ж. |
2006 ж. |
2007 ж. |
2008 ж. |
2009 ж. |
2010 ж. |
Барлығы |
225,4 |
232,3 |
258,4 |
283,1 |
296,3 |
328,5 |
350,5 |
375,4 |
олардың ішінде: |
||||||||
Теміржолдық |
135,7 |
133,1 |
147,7 |
163,5 |
171,9 |
191,2 |
200,8 |
215,1 |
Автомобильдік |
33,0 |
37,6 |
40,2 |
43,9 |
47,1 |
53,8 |
61,5 |
68,7 |
Өзндік |
0,04 |
0,05 |
0,07 |
0,08 |
0,09 |
0,04 |
0,05 |
0,07 |
Әуе жолдары |
0,43 |
0,52 |
0,93 |
0,679 |
0,98 |
0,70 |
0,88 |
0,69 |
Құбыржелілік |
56,6 |
61,5 |
70,4 |
75,6 |
77,1 |
83,3 |
87,8 |
90,0 |
Теңіздік |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
0,3 |
0,8 |
Ескерту – ҚР статистика жөніндегі Агенттік мәліметтері. |
Жүк айналымының құрылымы келесі көлік түрлерімен берілген – теміржол көлігі - 46%, автомобиль көлігі - 14%, әуе жолдары көлігі - 20%, құбыржелілік - 19,9%, өзендік - 0,02%, теңіздік - 0,08%. Жолаушылар айналымында көлік түрлерінің үлес салмағы былайша қалыптасты: теміржол көлігі - 12%, автобустық - 58,7%, әуе жолдары - 4%, такси - 25%, троллейбус пен трамвай – 0,3% . Қазақстанның теміржол көлігі дамуының негізгі көрсеткіштерінің 1997-2010 жылдардағы қарқыны 3-ші кестеде көрсетілген. Теміржол көлігі тасымалданатын жүктің барлық көлемінің 11,7% және жүк айналымының 57,7% атқарады. Соңғы онжылдықта жүктер мен жолаушылар тасымалының көлемі 1,5 есеге айтарлықтай өсті. Жолаушылар айналымы 10 669 ж/км-ден 14 719 ж/км дейін, ал жүкайналымы 103,0 т/км-ден 214,9 т/км ұлғайды. «ҰҚ «ҚТЖ» АҚ-ның жүк тасымалының жалпы көлемі 2010ж. 268 890 мың тонна құрады, оның ішінде 35% экспорттық, 52% - облысаралық, 7% - импорттық және 6% транзиттік бағытта. Жүктерді теміржол көлігімен барлық бағытта тасымалдау 2010 жылға 14 155 млн. ткм-ге немесе 7%-ға өсіп, 214 907 млн. ткм құрады. Тасымалдардың орташа қашықтығы 29 км ұлғайып, 799 км құрады.
Кесте 3 - Қазақстанның теміржол көлігі дамуының негізгі көрсеткіштерінің қарқыны
Көрсеткіш-тер |
Жылдар | |||||||||||||
1998 |
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 | ||
Жолау- шылар тасымал данды, млн. адам |
31,8 |
27,5
|
21,6
|
18,8
|
21,3
|
21,6
|
20,7
|
17,7
|
16,4
|
16,5
|
17,8 |
18,1 |
17,7 | |
Жолаушы-лар айна- лымы, млн. жкм |
14188 |
12802 |
10669 |
8859 |
10215 |
10384 |
10449 |
10666 |
11649 |
12136 |
13670 |
14587 |
14719 | |
Жүкайна-лымы млрд. ткм |
112,7 |
1063,4 |
103,0 |
91,7 |
125,0 |
135,7 |
133,1 |
147,7 |
163,5 |
171,9 |
191,2 |
200,8 |
214,9 | |
Жүктер тасымал-данды, млн. тонн |
140,2 |
190,9 |
170,0 |
133,7 |
171,8 |
183,8 |
178,7 |
202,7 |
215,6 |
222,7 |
246,9 |
260,6 |
269,0 | |
Ескерту – ҚР статистикалық жинақтар мәліметтері бойынша жасалды. |
Индустриалды-инновациялық жобалар заманауи көлік инфрақұрылымын қалыптастырып, жетілдіруге және жаңартуға, оның өткізу қабілетін ұлғайтуға бағытталған. Көлік инфрақұрылымын индустриализациялау картасын жасау және аналитикалық мәліметтерді іс жүзілік жазықтыққа ауыстыруды бастау, келелі салалық бағдарламаларды және Қазақстанның 2010-2014 жж. арналған индустриалды-инновациялық күшейтілген дамуы жөніндегі нақты бизнес-жоспарларды жасауға дайындық олардың нәтижелеріне айналмақ. Қаржылық дағдарысқа қарамастан, тек 2010 ж. республиканың көлік кешенін дамытуға инвестициялар 355,6 млрд. теңге құрады, оның ішінде теміржол саласына - 138,5 млрд. теңге (37%); автожолдар саласына - 191,5 млрд. теңге (57%); су көлігін дамытуға - 12,8 млрд. теңге (3%); әуе жолдары көлігін дамытуға - 12,7 млрд. теңге (3%).
Инновациялық үдерістер үздіксіз қозғалыстар мен өзгерістерге толы, оларды басқару жүйесі ішіндегі барлық үдерістері бір-бірімен байланысты бірыңғай тұтастықты білдіреді; инновациялық қызметті басқару нақты тұрақтылықпен сипатталатын ұйымдастырушылық формалармен жүргізіледі; инновациялық қызметті басқару жүйесі экономиканың қарқынды әрі пропорциялы дамуын қамтамасыз етеді; басқару инновациялық шешімдерді қабылдауға инерциялық ұстанымды жоюды және қолдағы әлеуетті мүмкіндіктерді білу мен пайдалануға сүйенетін заманауи әдістерге көшуді көздейді. Теміржол көлігіндегі инновациялық дамудың негізгі қағидалары мыналар болып табылды: ұлттық көлік жүйесін инновациялық дамыту, ең алдымен, көліктік қызмет көрсетулердің қолжетімдігін арттыруға және экономиканың жүксіңіргіштігін төмендетуге бағытталуы тиіс; енгізілетін жаңа технологиялар республика ішінде жүргізілетін көліктік үдерістерді жаһандық көлік жүйесінің үдерістерімен біріздендіруді қамтамасыз етуі тиіс. Инновациялық дамудың стратегиялық екпіндері: көлік технологияларын жетілдіру және заманауи техника мен жабдықтарды енгізу; өндірістік және көліктік үдерістерді кешенді ақпараттандыруды интеграциялау мен қамтамасыз ету. Теміржол көлігінің инфрақұрылымын дамыту Қазақстанның халқының, экономикасы мен өнеркәсібінің сұраныстарына қарай жаңа учаскелер салу арқылы желілерді оңтайландырумен қатар, темір жолдардың қолда бар желілерін қозғалыс қауіпсіздігі мен жылдамдығының әлемдік стандарттарына сәйкестікке келтіруге бағытталатын болады. Көліктік Стратегияны жүзеге асыру кезеңінде жаңа теміржол желілерін салу жөніндегі келесі инфрақұрылымдық жобалар қаралып және экономикалық негіздеу болған жағдайда жүзеге асырылатын болады: Бейнеу - Шалкар ст. участігі, ол поездардың батыс аймаққа және Ақтау теңіз порты арқылы азиялық елдермен қатынау ұзақтығын 530 км қысқартады; Хоргос – Сарыөзек участігі, ол қазіргі маршрутпен салыстырғанда Ақтау портынан Қытайға дейінгі теміржол тасымалының ұзақтығын едәуір қысқартады, ал Шалкар-Бейнеу теміржол желісін салу жобасын іске асырғанда Цзинхэ-Ақтау бағытының ұзындығы 3920 км-ден 3222 км-ге қысқарады; Жезқазған - Сексеул ст. участігі, ол Қазақстанның орталық облыстарынан Ақтау портына шығу жолын қысқартып, жақын жатқан аймақтардағы көмір, мұнайгаз, мыс-темір-руда және басқа кен орындарын игеруге ықпал етеді; Шар ст.-Өскемен участігі, ол Локоть станциясы арқылы өтетін қазіргі жолмен салыстырғанда тасымалдау ұзындығын 300 км аса қысқартып, Ресей аумағынан өту қажеттігін болдырмайды.
«ҰК «ҚТЖ» АҚ магистралды теміржол желісінің операторы, жолаушылар мен жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау міндеттерін орындау тәрізді қызмет түрлерін жүргізеді. Көрсетілген қызметтер, сәйкесінше, Қазақстан Республикасының «Теміржол көлігі туралы» және «Табиғи монополиялар мен реттелінетін рыноктар туралы» Заңдарымен реттеледі. «ҰК «ҚТЖ» АҚ қызметінің мақсаттары мыналар болып табылады: таза пайда алу арқылы ационерлік капиталды максимизациялау; теміржол саласының көрсететін қызметтеріне мемлекеттік, әлеуметтік және экономикалық сұраныстарды үздіксіз әрі сапалы қамтамасыз ету; магистралды теміржол желісінің инфрақұрылымы мен жылжымалы құрам паркін жоспарлы және кешенді ұстап тұру мен дамыту; теміржол саласындағы өзара қарым-қатынастардың рыноктық тетіктерін бейімдеу. «ҰК «ҚТЖ» АҚ қызметінің инновациялық қызметі жөніндегі есептілік ақпараты 4-ші кестеде берілген.
Кесте 4 - «ҰК «ҚТЖ» АҚ-ның инновациялық қызметі жөніндегі ақпарат, млн. теңге
Көрсеткіштер атауы |
2010 ж. |
1. Зерттеулер мен әзірленімдер Зерттеулер мен әзірленімдер кеткен шығындар, көрсетілген кезеңдегі |
|
- тасымалдау үдерісін автоматтандыру |
80,6 |
- корпоративтік басқару және техникалық жарақтандыру |
855,4 |
- телекоммуникацияларды дамыту |
843,4 |
2. ҒЗТҚЖ шығындары, айналмайтын активтер құрамында ескерілген |
2436,6 |
3. Материалды емес активтерге инвестициялар |
|
Ұйым құрған және кезең ішінде есепке алынған материалды емес активтер |
3066,1 |
Сату және материалды емес активтердің басқа да сыртқа кетуі |
31,8 |
4. Негізгі қаражаттарға салынған инвестициялар |
|
- Астана қаласында локомотивтер құрастыру зауытын салу |
4637 |
-. Достык ст. Мен Ақтоғай-Достық теміржол участкісін дамыту |
1152 |
- локомотив паркін жаңарту және модернизациялау |
10 862 |
- жүк вагондарын алу |
2 421 |
- контейнерлер алу |
186 |
- жолдың үстіңгі бетін модернизациялау және күрделі жөндеу |
22266 |
- жүк вагондарын күрделі жөндеу |
6174 |
- жолаушылар вагондары мен электропоеаздарды күрделі жөндеу |
1407 |
- ауыр жол техникасын алу |
7705 |
- байланысты ақпараттандыру және дамыту |
9930 |
5. Ағымды қызмет |
15 521,6 |
Ескерту – «ҰК «ҚТЖ» АҚ есептерінің мәліметтеріне негізделген автордың жасауы. |
Информация о работе Теміржол саласындағы жүк тасымалдауды ұйымдастыру