Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 14:52, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Өтпелі кезеңде нарықтық экономикаға өту мемлекет үшін қиын болды. Меншік қатынастарын өзгерту, қайта құру, жалпы жаппай мемлекеттік меншіктен жеке меншікке өту, тіпті олардың толық бірігуін қамтамасыз ету. Демек, мелекеттік меншікті реформалау, оны жекешелендіру, мемлекеттік мүліктің жеке объект және жеке ұжымдық иелігіне ауыстыру мәселелері туындайды. Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру ғана кәсіпорынның экономикалық еркіндігі мен жауапкершілігін ұйымдастыру.
Бұрынғы кейбір социалистік елдерде мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерінің жалпы құрылымынна қарағанда артықтау болады.
КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І. ЖЕКЕ МЕНШІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ----------------------------5
І.1. Меншіктің пайда болуы, мәні-------------------------------------------------------5
1.2. Жеке меншіктің экономикалық қатынастардағы маңызы мен рөлі---------8
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ МЕН МЕЛЕКЕТ ИЕЛІГІНЕН АЛУ --------------------------11
2.1 Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мелекет иелігінен алу бағдарламасы--------------------------11
2.2 Қазақстандағы жекешелендірудің кезеңдері, әдістері мен сатылары--------------------------------------------------------14
2.3 Қазақстан Республикасындағы жеке меншіктің ұйымдық – құқықтық пішіндері-------------------------20
III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕ МЕНШІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ----------------------------------------23
ҚОРЫТЫНДЫ------------------------------------------------------------------------------26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ-------------------------------------------28
ҚОСЫМША -----------------------------------------------------------------------------29-31
Ендігі басты мәселе — меншіктің мәні және сипаты туралы. Жалпы, меншік дегеніміз не?. Міне, осы сұраққа жауап іздеу қажет.
Меншік дегеніміз - өндіріс құрал-жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар. Ол адам және заттың арасындағы қарым - қатынас емес, адамдар арасындағы қатынастар болып табылады.
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ МЕН МЕЛЕКЕТ ИЕЛІГІНЕН АЛУ
2.1 Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мелекет иелігінен алу бағдарламасы
Қазақстан Республикасындағы 10 жылдағы мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру процесін төрт кезеңге бөліп қарауға болады; олардың әрқайсысының өз мақсаттары бар. Бұл процестердің басы Қазақстанның еге-менді мемлекет ретінде орнығу кезеңіне түспа-түс келеді.
І кезең 1991-1992 жылдар аралығын қамтиды. Бүл кезеңдегі жекешелендіру процесінің негізгі бағыты - мемлекеттік орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту үшін жағдай жасау мақсатында кең ау-қымда реформалау болды. Ол кәсіпорындарды олардың еңбек ұжымдарының ұжымдық немесе акционерлік менші-гіне жеңілдетілген талаптармен беру және сауда мен қызмет көрсету объектілерін сату, соның ішінде тұрғын үй купондарына сату жолымен жүргізілді.
ІІ кезең 1993-1995 жылдарды қамтиды. Бұл кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдардағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық Бағдарламасына" сәйкес жүзеге асырылады.
Жекешелендірудің екінші
кезеңінің негізгі мақсаты
Жекешелендірудің екінші
кезеңінің бағдарламасы институционалдық
реформалардың негізгі
"шағын жекешелендіру",
ол шағын сауда
- ірі және бірегей мүлік көшендерін (жүмысшылар саны 5000-нан асатын кәсіпорындар) жеке жобалар бойынша жекешелендіру;
- "мемлекеттік ауыл шаруашылық, кәсіпорындарын (совхоздар) жекешелендіру".
Жекешелендірудің III кезеңі 1996-1998 жылдар аралығын қамтиды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 2 ақпандағы №246 Қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасындағы 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру мен қайта құрылымдау Бағдарламасына" сәйкес жүзеге асырылды.[6]
Үшінші кезең Бағдарламасының басты мақсаты жекешелендіру процесін аяқтау жолымен Қазақстан Республикасының экономикасында жеке меншік секторлардың басымдылығына қол жеткізу және оны бекіту болып еді.
Үшінші кезең мемлекеттік
меншіктің тек ақшалай
- мүліктік кешен ретінде мемлекеттік кәсіпорын;
- жекешелендірілуі
тұйық технологиялық циклді
- кәсіпорын мүлкін, мемлекеттік кәсіпорынды жойған жағдайда, тек аукционда ғана;
- шаруашылық серіктестіктердің жарғылық қорларындағы мемлекеттің акциялары мен үлестерін.
Сондай-ақ мемлекеттің акциялар пакеті мен үлестерін сенімдік басқаруға беруді:
- электроэнергетикалық кешендегі;
- мүнай-газ және мұнай-химия кешеніндегі;
- металлургиялық және таукен кешеніндегі;
- көлік-коммуникация кешеніндегі;
- агроөнеркәсіп кешеніндегі;
- әлеуметтік саладағы секторлық бағдарламаларды;
IV кезең 1999-2000 жылдар аралывын қамтиды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген "1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мулікті басқарудың тиімділігін арттыру Бағдарламасына" сәйкес жүзеге асырылды.
IV кезең Бағдарламасының басты мақсаты - жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру; есепке алуды жақсарту, басқарудың тиімділігін жоғарылату және мемлекеттік мүлікті конкурстық және транспаренттік негізде жекешелендіруді қамтамасыз ету еді:
Бағдарламаға сәйкес:
- мемлекеттік акцияларды
иемдену және пайдалану
- "көгілдір фишка" ретінде анықталып, мемлекет оларда үлес қосушы ретінде қалдырылды; мемлекеттік мүлікті республикалық және коммуналдық деп бөлу жүргізілді; бұл жергілікті бюджеттер табыстарын жоғарылатуды және аймақтардың міндеттерінен шыға отырып, жергілікті жерлерде инвестициялық саясат жүргізуді көздейді. 1999-2000 жылдары Мемлекеттік мүлік комитеті мен оның облыстық бөлімшелері 34,5 мыңнан астам мемлекеттік меншік объектілерін, соның ішінде 1991-1992 жылдары 6,2 мың объектіні купондарға және Ресей рубльдеріне жекешелендірді; 28 мыңдай объект 1993-2000 жылдары ұлттық валюта енгізілгеннен кейін жекешелендірілді.
Алғашқы кезеңде жекешелендіруден 4144 млн. рубль алынған. 1993-2000 жылдары республикада жекешелендіруден 215,4 млрд. теңге, соның ішінде акционерлік қоғамдар акцияларын сатудан - 90%-тен астамы түсті.
2.2 Жекешелендірудің кезеңдері, әдістері мен сатылары
Жекешелендіру ұғымы ол мемлекетке қарасты кәсіпорындар, көлік құралдары, тұрғын үйлер және басқа мүлік ақы төлеп немесе басқадай жолмен азаматтардың немесе акционерлік қоғамдардың (серіктестіктердің жеке меншігіне алынатын процесті білдіреді.
Қазақстанда жекешелендіру 1991 жылдан басталды. Он жыл болған мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру процесін төрт этапқа бөліп көрсетуге болады, әрбіреуінің өзінің мақсаты, міндеті болды.
Бірінші кезеңнің (1991-1992 ж.) негізгі бағыты мемлекеттік менішікті кеңінен реформалау, ондағы мақсат әкімшілік-әміршілдік тәсілден нарықтық экономикаға өтуді қамтамасыз ету болып табылады. Ол мемлекеттік кәсіпорындарды жеңілдік жағдайында ұжымжық немесе акционерлік меншікке беру, сауда және қызмет көрсететін объектілерді, соның ішінде үй купонына сату жүргізіледі.
Жекешелендірудің бірінші кезеңінде көптеген қателіктер болды, соның арқасында дағдарыстан шыға алмай, экономиканың дамуы нашарлады. Сол жіберген қателіктердің біразына тоқтальш өтейік.
Мамандардың айтуы бойынша, 1991-1992 жылға арналған жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алудың бірінші кезеңінің Нәтижесінде құны 41 млрд. сомға (1991 жылғы бағамен) жуық бағаланған 6198 объекті өзгертілді. Жекешелендірілген кәсіпорындарда 767 мың адам сөз жүзінде емес, іс жүзінде меншік иелеріне айналды. Бұл - республика бойынша жалпы жұмыс істеушілердің 12%-ы.
Жекешелендірудің екінші кезеңінің (1993-1995 ж.) негізгі мақсаты -
мемлекетке қарасты өндірістік объектілерді, басқа да материалдық және материалдық емес активтерді мемлекеттің өтеусіз және өтеммен беру арқылы республика халқына ұлтттық мүлікті қайтару барысында меншік құқығын дербестендіру негізінде орталықтандырылған - жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Осы
мақсаттарды жүзеге асыру
Жекешелендіру нәтижесінде әрбір кәсіпорындарға өзін-өзі реттеу арқылы дамуына жол ашылды, халық шаруашылығының дамуы жақсарды, тиімділік жоғарылады. Жекешелендіру бәсеке болатын, негізінен ұсак кесіпорындарын қамтыды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру - заман талабынан туып отырған объективті құбылыс. Қай елде болмасын жүргізілетін жекешелендіру халықтың әлеуметтік қорғау шараларымен бірге жүргізілуі тиісті.
Жекешелендіру бағдарламасының үшінші кезеңіндегі (1996-1998 жыл) негізгі мақсат Қазақстан Республикасының экономикасында жекешелендіру процесін негізінен аяқтауда жекеменшік сектордың басым болуы болып табылды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру тек ақша қаражатына сатылатын болды.
Жекешелендірудің төртінші кезеңі, 1999-2000 жылдардағы мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру және жекешелендіру бағдарламасына сәйкес жүргізілді.. Мұндағы негізгі мақсат жекешелсндірудің құқықтық негізін және мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру болып табылды, басқару тиімділігі артып, есепке алу жақсарды және т.б.
1991-2001 жылдары жалпы республика бойынша мемлекеттік меншікке қарасты жекешелендірілген объектілер саны - 36,7 мың, болды, соның ішінде 1991-1992 жылдары 6,2 мың объектілер купонға және ресей рубліне сатылды; 30 мыңнан астам объектілер 1993-2001 жылдары ұлттық валютаны - теңгені енгізгеннен кейін жекешелендірілді. Жекешелендірудің бірінші кезеңінде 4144 млн. рубль алынды. Он жьл ішіндегі кезенде жекешелендіруден ең кеп түскен ақша қаражаты, үшінші жөне төртінші кезеңдерде болды, яғни осыған сәйкес 354,2 және 58,7 млрд. теңгені құрады. 1993-2001 жылдары жекешелендіруден 232 млрд. теңге алынды. Жекешелендіруден алынған қаржының 97% астамы республикалық бюджеттен түсті, жергілікті бюджетке - 2%, басқа мақсаттарға - 0,9 пайызы жұмсалды.
Экономикада жекеменшік секторы осылайша қалыптасты. Қазіргі кезде онда республикадағы өнеркәсіп өндірісінің 85% жуығы ондіріледі.
Өтпелі экономика жағдайында меншік қатынастары түрлі өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру процестерімен байланысты.
Мемлекет иелігінен алу - мемлекеттік меншікті өзгертуге байланысты мемлекеттің экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шаралар жиынтығы.[10]
Мемлекет иелігінен алу монополизмді жеңуге, бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
Ол мына бағыттар бойынша жүреді:
1) иемдену процестін мемлекет қарамағынан алу;
2) шаруашылық жүргізудің сан түрлі нысандарын жасау;
3) жаңа ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру тығыз байланысты.
Жекешепендіру - меншікті мемлекет иелігінен алудың бағыттарының, бірі, оның мәні - меншікті жеке және заңды түлғалардың жеке меншігіне беруде. Мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарды жекешелендіру - азаматтар мен акционерлік қоғамдардың мемлекеттен және жергілікті билік органдарынан;
- кәсіпорындарды және
олардың кәсіпорындар ретінде
бөліп шығарылатын