Жеке меншік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 14:52, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі. Өтпелі кезеңде нарықтық экономикаға өту мемлекет үшін қиын болды. Меншік қатынастарын өзгерту, қайта құру, жалпы жаппай мемлекеттік меншіктен жеке меншікке өту, тіпті олардың толық бірігуін қамтамасыз ету. Демек, мелекеттік меншікті реформалау, оны жекешелендіру, мемлекеттік мүліктің жеке объект және жеке ұжымдық иелігіне ауыстыру мәселелері туындайды. Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру ғана кәсіпорынның экономикалық еркіндігі мен жауапкершілігін ұйымдастыру.
Бұрынғы кейбір социалистік елдерде мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерінің жалпы құрылымынна қарағанда артықтау болады.

Содержание работы

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І. ЖЕКЕ МЕНШІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ----------------------------5
І.1. Меншіктің пайда болуы, мәні-------------------------------------------------------5
1.2. Жеке меншіктің экономикалық қатынастардағы маңызы мен рөлі---------8
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ МЕН МЕЛЕКЕТ ИЕЛІГІНЕН АЛУ --------------------------11
2.1 Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мелекет иелігінен алу бағдарламасы--------------------------11
2.2 Қазақстандағы жекешелендірудің кезеңдері, әдістері мен сатылары--------------------------------------------------------14
2.3 Қазақстан Республикасындағы жеке меншіктің ұйымдық – құқықтық пішіндері-------------------------20
III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕ МЕНШІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ----------------------------------------23
ҚОРЫТЫНДЫ------------------------------------------------------------------------------26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ-------------------------------------------28
ҚОСЫМША -----------------------------------------------------------------------------29-31

Файлы: 1 файл

жеке меншик.doc

— 493.50 Кб (Скачать файл)

-   кәсіпорындардың  материалдық және материалдық  емес активтерін;

-   акционерлік қоғамдардың  (серіктестіктердің) капиталындағы   мемлекет  пен  жергілікті  билік  органдарының үлестерін (пай, акциялар); жекешелендірілетін кәсіпорындардың басқа кәсіпорындар капиталындағы үлестерін (пай, акциялар) меншікке алуын білдіреді,

Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік меншік пен оның қызметтерін жеке секторға толық және жарым-жартылай өткізіп берудің 22 түрлі тәсілі бар.

Жекешелендіру процесі - ұзаққа созылатын процесс. Жапонияда ол 10 жыл, ал Батыс Еуропада 10-15 жыл бойы жүрді.

Нарықтық экономикаға  өту, меншік қатынастарын түбірімен  өзгертуді талап өтті, өйткені, шаруашылық объектілер (иелері) нарықта өз жұмыс-тарына өздері жауап беретіндей, соған әрдайым  иелік ететіндей болуы керек. Мұндай талаптар дәрежесінен көріну үшін нарықта меншік иелері бәсеке жағдайында әрекет етіп, жұмысты тиімді ұйымдастыруы шарт. Нақтылап айтқанда, қазіргі нарықтағы меншіктілік жағдайында ғана өз қызметін атқара алады. Меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нарыққа көшу барысында аса маңызды мәселе. Осыған байланысты республикамызда «Мемлекет иелігінен алу мөн жекешелендіру туралы» заң қабылданды. Жекешелендіру барысында Қазақстан мынадай ерекшеліктер мен қиыншылықтарды ескеруіне тура келді.

— біріншіден, экономикалық реформалар басталғанда мемлекет меншігінде негізгі қорлардың 80 пайызы болды, жекешелендіру барысында мемлекеттік сектордың үлесін 30— 40 пайызға түсіру көзделінді;

---   екіншіден экономикадағы  дағдарыс  тереңдеп,   үдеп   жатқанда жүргізілді;

--  үшіншіден,    инфляциялық процестердің       күшеюі   жұмыс дәрежесінің төмендеуіне әкеліп соқты, өйткені өндіріс құрал-жабдықтарын сатып алушы_халықтың жеткілікті қаражаты болмады;

—  төртіншіден, республиканың  халық  шаруашылық  кешенінде  ірі кәсіпорындардың үлес салмағының жоғары болуы;

—   бесіншіден, экономиканың  шикізат өндіру бағыты басым болды;

—   алтыншыдан, кәсіпорындардың  аймақ бойынша, қалалар мен селолар  арасында біркелкі бөлінбеуі.

Шағын жекешелендіру  бағдарламасында сауда, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру, коммуналдық шаруашылық объектілерін, бәсекелестік жолмен жекешелендіру көзделінді. Жекешелендірудің алғашқы кезеңінде біраз кемшіліктер болды, себебі жекешелендірілген объектінің 50 пайызынан астамы меншіктің ұжымдық нысанына берілді.

Жекешелендірудің басты  мақсаты - өнім өндіруді және оның сапасын жақсартуды бұрынғыдан арттыра түсу, тауар молшылығын жасау, халықтың тұрмыс дәрежесін жаңа сатыға көтеру. Сондықтан, қоғамдық мүлікті жекешелендіру, оны талан - таражға салу емес, керісінше, оны тиімді пайдаланудың, еселенген еңбек өнімділігінің негізгі тұтқасы. Міне, сондықтан да әлеуметтік әділеттік принциптерін сақтау және азаматтардың халықтық меншікке үлесінің, конституциялық құқығын іске асыру мақсатында жекешелендіру процесіне Қазақстан Республикасының халқын жалпылама тарту.

Жекешелендіру процесі төмендегідей міндеттерді шешу үшін жүргізіледі;

— түсімсіз және түсімі аз мемлекеттік кәсіпорындарға субсидиялар  мендотацилар берілуі себепті пайда  болған бюджет ауыртпалығын қысқарту.

—  жекешелендірілген  кәсіпорындарда экономикалық өсуі арқасында ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру.[3]

Қазақстанда жекешелендірудің ұлттық бағдарламасының іске асырыла  бастағанына, міне, 14 жыл толды. Мемлекеттік  меншікті кең ауқымда реформалау экономикалық реформалардың кезекті мәселесі болып табылады. Мұндағы басты нәрсе — мемлекеттік меншікті таратып беруде емес, шын мәнісіндегі меншік иелерін қалыптастыру, нарықтық қатынастарға көшуді қамтамасыз ету.

 

2.3 Қазақстан Республикасындағы жеке меншіктің ұйымдық – құқықтық пішіндері

 Республикалық бағдарламада  мемлекет  иелігінен  алу және  жекешелендіру  процесін  өрістетуді қарастырды.

Бұл бағыттар төмендегіше  болды:

    • ірі және  бірегей  мүліктік  кешендері жеке   жоба арқылы жекешелендіру;
    • орта кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру;
    • шағын  кәсіпорындарды  жаппай жекешелендіру;
    • шағын кәсіпорындар – сауда,  коммуналдық  шаруашылық, тұрмыстық  қызмет көрсетуді аукционда және конкурстар арқылы шағын жекешелендіру.

Жеке жобалау арқылы жекешелендіру -  экономика түрін  анықтайтын және Қазақстанның   ішкі рыногындағы  монополия жайғасымын  қорғайтын  ірі кәсіпорындарын жекешелендірудің ерекше  тетігін қамтыды. Ол халық  шаруашылығының  шешуші салалары базалық кәсіпорындарының оңтайлы ұйымдық құрылымдарын жасау, оларды басқарудың жекеше және мемлекеттің қатысуының арақатынгасын анықтау, жобаны әзірлеу сатысынан бастап отандық және шетелдік  инвесторларын қатыстыруға  мүмкіндік берді.

Жеке жробаларды шешу  мына  төмендегі  әдістермен  жүзеге асырыла бастады:

    • келісілген жағдайдва белгілі инвесторларға сату;
    • аукциондар немесе конкурстар арқылы сату;
    • нығайту үшін өзара шарт жасау;
    • акцияларды ашық сату.

Жалпы  жекешелндіру –  мемлекеттің  бекіткен тізіміне  сәйкес  өндіріс  орындарын алдын  ала  акционерлеуді қарастыру. Осымен қатарлас чектік кітапшалар, жекешелендіру – инвестициялық  купондар  шығарылды, олар  республиканың  барлық  азаматтарына  берілді. Жалпы жекешелндіру республика халқының кең  ауқымды топтары  үшін мүлік құқықтарын іске асыру мүмкіндігін туғызды, құнды қағаздармен жұмыс істеу тәжірибесі де қолға алына бастады (инвестициялық – жекешелендіру купондапрын акциялар мен басқа да операцияларға айырбастау).

Шағын жекешелендіру  – меншіктелушілердің  кең  көлемдегі  топтарының пайда  болуының негізін   қалыптастырып, тұтыну  рыногындағы  тауарлар және қызмет көрсетуді қамтамасыз  етуге жол ашты. Ол бәсекелестік  аукциондарда нақтылы ақша  қаражаттарына  және  пәтер үй купондарына сауда, тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін және  қоймаларды сатып алуға арналды. Кіші  жекешелендіру барысының  артықшылығы – жаңадан  мыңдаған жұмыс орындары ашылды. Сонымен  қатар, жаңа  меншік иелерінің өздері  жұмыс уақыттарын ұзартып, көптеген жағдайларда тауарларды жеткізіп тұру, қоймаларды кеңейтудің арзан көздерін табуға мүмкіндік берді.

Жекешелендірудің субъектілері болып табылатындар.

    • сатушы – жекешелендіруді  жүзеге асыруды қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік орган;
    • сатып алушы – жеке тұлғалар, мемлекетітк емес заңды тұлғалар немесе жекешелендіру процесінде мүлікті пайдаланатын  шетелдік заңды тұлғалар.

Жекешелендірудің объектілері мемлекеттік мына  төмендегі мүлік түрлері болып табылады:

    • мемлекеттік  кәсіпорын және  мүлік кешені  ретіндегі мекемелер;
    • өндірістік және өндірістік емес бөлімшелер және  мүліктік кешені ретіндегі өндіріс құрылымының бірлігі;
    • кәсіпорынның мүліктері;
    • акциялар және шаруашылық серіктестердің  жарғылық қорындағы үлестері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕ МЕНШІКТІ ДАМЫТУДЫҢ  ЖОЛДАРЫ

Қазақстан Республикасында  жеке меншіктің дамыту барысында  ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мынадай шараларды іске асырды:

1. "Мемлекеттік мүлік мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір зандық кесімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Мұның өзі мемлекеттік меншік нысандарын басқаратын субъектілердің өкілеттіктерін шектеуге және нақтылауға, мемлекеттік меншікті республикалық және коммуналдық меншікке болу арқылы мемлекеттік меншіктің иесін анықтауға мүмкіншілік туғызды, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне, "Акционерлік қо-ғамдар туралы", "Мемлекеттік кәсіпорын туралы", "Жауапкершілігі шектеулі жеке серіктестіктер туралы", "Жекешелендіру туралы" заңдарғы өзгерістер мен толықтырулар енгізуге әкеліп соқтырады.

2. Мемлекеттік мүлікті  басқарудың және жекешелендірудің  тиімдлілігін арттырудың 2003-2005 жылдарға  арналған салалық бағдарламасы бекітілді, бұл бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған кешенді шаралар қабылданды.

3. Казақстан Республикасының  "Экономиканың стратегиялық маңызы  бар салаларындағы меншікке мемлекеттік  мониторинг туралы заң жобасы әзірленіп, ол Парламент Мәжілісінде мақұлданды және Сенаттың қарауына жіберілді. Аталған заң елдің экономикалық дамуын реттеу және болжау процестерінде мемлекет рөлін күшейтудің құқықтық негіздері болмақ, жалпы Қазақстан экономикасын басқаруда тиімді шешімдер қабылдау үшін мемлекеттік басқару органдарын қажетті ақпараттармен қамтамасыз етпек.

4.  Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне көшірудің Ережелері бекітіліп, бұл істің тәртібі анықталды.

5.  Бақылау пакеті  акциялары мемлекетке жататын акционерлік қоғамдар мен мемлекеттік кәсіпорындардың әкімшілік шығындарына мониторинг өткізу тетігі анықталды. Кейбір әкімшілік шығындарға лимит белгілеуге мүмкіндік туды, сөйтіп кәсіпорындардың таза пайдасы көлемінің өсуіне, мемлекеттік бюджетке    түсім артуына оң әсерін тигізді.

Мұнан басқа да дивидендті есептеу туралы шешімге, Мемлекеттік мүлік комитеті, Қаржық бақылау, Қазынашылық және Салық комитеті араларындағы салықтан тыс түсімдер      жөніндегі ақпарат алмасуға бақылау жасау жүйесі қамтамасыз етілді.

Салалық бағдарламада мынадай негізгі бағыттар бойынша кешенді шараларды іске асыру көзделеді:

• мемлекеттік мүлікті  басқару жүйесін жетілдіру;

• мемлекеттік мүліктің тиімді пайдалануын бақылауды күшейту;

  мемлекеттік меншіктің  жекелеген нысандарын басқарудың стратегиясын қалыптастыру, экономиканың стратегиялық салаларын бақылау және олардың дамуын реттеу;

•  мемлекеттік мүлікті  есепке алуды жетілдіру;

• мемлекеттік мүлікті  мемлекет мүддесіне сәйкес жекешелендіруді  жүзеге асыру;

• жекешелендіруден кейінгі бақылауды жетілдіру. Бағдарламаның осы бағыттарынан Аумақтық комитеттің мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімді-лігін арттырудағы негізгі міндеттері туындайды. Олар:

• мемлекеттік мүлікті  пайдаланудан салықтан тыс түсімдер есебінен республикалық бюджеттің кірісін арттыру;

•  мемлекеттік экономикалық саясат және әрқилы салалар мен нақты кәсіпорындардың іс-әрекеттерін мемлекеттің стратегиялық мүдделеріне сай реттеп отыру үшін мемлекеттік мүліктің құрылымын (құрамын) оңтайландыру;

• мемлекеттік мүлікті экономикаға инвестиция тартудың, заңды тұлғалардың қаржы-экономикалық жұмыстарын жақсартудың құралы ретінде пайдалану.

2003-2005 жж. жекешелендіру  мемлекеттік мүлікті баскару  саласыңда мемлекеттік саясаттың  құрылымдық элементі ретінде  қаралатын болады, жекешендірудің көлемдерін қалыптастыру мемлекеттік активтерді басқару нәтижелерімен, қарыз алу көлемдерімен және мемлекеттің бар борыштық міндеттемелерімен байланысты болады. Мемлекеттік меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясат экономиканың стратегиялық маңызды садаларының дамуын сақтауға және нығайтуға, мемлекеттің мүдделерін негізге ала отырып, мемлекеттік мүліктің құрылымын оңтайландыруға бағытталган.

Осы мақсатта Мемлекеттік  мүлікті баскарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 2003— 2005 жж. арналған Салалық бағдарламасын іске асыру шараларына орай, Аумақтық комитет мемлекеттік меншіктің акпараттық мәліметтер базасын қалыптастыруды жүзеге асырып келеді. 2003 жылдың 5 қазанына облыс бойынша мемлекеттік тізімдемеде тіркелген нысандар саны төмендегіше: [3]

Барлығы —                                                        893

Оның ішінде:

Мемлекеттік бюджеттік  мекемелер                 563

Мемлекеттік кәсіпорындар                              321

Акционерлік қоғамдар                                         8

Шаруашылық серіктестіктері                               1

Мемлекеттік республикалық  меншік нысандары — мемлекеттік кәсіпорындар және мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалармен жұмыс жасауына және оларды тиімді басқаруға кешенді мониторингті қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік пакет акциялары бар акционерлік қоғамдардың қаржы-шаруашылық жұмыстардың негізгі көрсеткіштері жинақталып, өнделіп, мемлекеттік кәсіпорындардың тапқан таза пайдасының бөлігі республикалық бюджетке уақытында және толықтай аударылып отырылуына, мемлекеттік мүліктің мақсаты және тиімді пайдаланылуына бақылау жасап отырады. Өткен жылдың қорытындысын шаруашылық жүргізу құқығындағы 11 кәсіпорынның 9-ы пайдамен аяқтады. Республикалық бюджетке кәсіпорындар 12 209,43 мың теңге аударды.

Шаруашылықты жүргізу  құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен бақылау пакет акциялары мемлекетке қарасты қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруа-шылық жұмыстарына жасаған талдау ақпараттары жинақталып, коммуналдық меншіктің өз мақсатына және тиімді пайдаланылуы жөнінде қорытындыларды Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне табыс етіп отырдық.

Информация о работе Жеке меншік