БАЛАЛАР БАҚШАСЫНДАҒЫ
МЕРЕКЕЛЕР
КІРІСПЕ:
Балалар бақшасындағы мерекелер
еліміздің өміріндегі атаулы оқиғаларға
арналады және педагогикалық процестің
маңызды буыны болып табылады.
Балалар
бүкіл халықтық мерекелер негізінде
жатқан үлкен идеяларды барынша
түсінікті түрде, көркем образдар
арқылы онан әрі қабылдауға
дайындалады; салтанатты жағдай,
көркем безендіру, музыка патриоттық
сезімдердің дамуына белсенді
ықпал етеді, балалардың өз
Отанына деген мақтаныш сезімін
арттыруға тәрбиелейді.
І. Мерекелердің мақсаты,
міндеттері, мазмұны
- Мақсаты: балабақшадағы балаларды айнала қоршаған әлем мен өмірлік құбылыстарды сезінуге, қабілетті, қарапайым шығармашылық іскерліктер мен дағдыларды меңгерген бала тұлғасын қалыптастыру.
- Міндеттері: балалардың мерекелерге қызығушылықтары мен оған қатысуға ынтасын арттыру; елжандылық пен азаматтық сезімдерін қалыптастыру, қоғамдық өмірғе араласуына талпынысын тәрбиелеу, қоршаған шындықты, эстетикалық қабылдауды, эстетикалық бейнелер қорын қалыптастыру, мемлекеттік және қоғамдық мерекелерге ортақтастық сезімін, эмоционалдық ықыластылық, ұлтжандылық және азаматтык сезімдерін дамыту.
- Мазмұны: Балалармен бірге мемлекеттік, жалпыұлттық мерекелерді атап өту: Білім күні, Қазақстанда тұратын ұлттардың тіл мерекесі - «Көп тілде сөйлей білеміз», Қазақстан Республикасының күні - «Еліміздің туған күні», Тәуелсіздік күні - «Еркіндік күні», Жаңа Жыл, 8 Наурыз - «Аналар мерекесі», Наурыз - «Көктем мерекесі», Қазақстан халықтарының бірлігі күні - «Достық күні», Жеңіс күні, Балаларды қорғау күні.
Мемлекеттік және жалпыүлттық мерекелер
туралы түсініктерін кеңейту.
Мерекелерге қатысуға белсенділігін
арттыру.
Серуенде
жүргенде мемлекеттік мерекелер
қарсаңында қаланың, көшелер мен
үйлердің қалай безендірілгенін
бақылау.
Мереке
қарсаңында топ бөлмесін безендіру.
Мерекеге дайындығын мадактап, бірлесіп
жасаған жұмыстары мен оның нәтижесіне
қуану сезімдерін қолдау.
Мерекелік
ертеңгіліктерге қатысып өз өнерлерін
көрсетуге: өлең оқуға, ән салуға, би билеуге,
ойын ойнауға, ертегі кейіпкерлерін сомдауға
қатысуға талпыныстарын қалыптастыру.
Өз
қолдарынан туысқандары мен балабақша
қызметкерлеріне арнап сый-сияпаттар
мен мерекелік шақыру билеттерін
дайындау, ойыншықтар мен әшекей бұйымдарын
жасауға талпыныстарын қалыптастыру.
Үлкендерді мерекемен құттықтауға үйрету.
Үлкендер
үйымдастырған мерекелік ертеңгілік
түрлеріне қызығушылығын арттыру (қуыршак
театры, музыкалык және әдеби композиция,
концерт, ән кештері, ертегі, телебағдарламалар
мен мультфильмдер көру).
Түрлі
сайыстарға, жұмбақтар шешуге, тақырыптық
кештерге, ән байқауларына, театрландырылған
көріністерге қатысу белсенділіктерін
арттыру.
Ертеңгіліктерге белсенді қатысуға ниеттерін
дамыту.
Балалардың ойындардағы, жарыстардағы
шығармашылық бастамасын көтермелеу.
Достық
сезімдерді ояту, командадағы жолдастарына
қолдау көрсеіу, өз жолдастарының жетістіктері
мен сәтсіздіктеріне ортақтасу, бір-бірін
сақтандыру.
Балалардың
түрлі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде
алған білім, білік, дағдыларын мерекелік
ертеңгіліктер мазмұнына сәйкес белсенді
қолдану.
Балалардың ертеңгілік
салтанатты көркемдік қызметтері сан түрлі:
салтанатты шеру, қайта құрылу, өлең айту,
ойындар, билер. Мәнерлеп оқу, сахнадағы
көрініс, музыкалық шығармаларды орындау,
музыка бөлмесін, топтардың бөлімдерін
сәндендіріп, көркемдеу балалардың көңілдерін
көтереді, эстетикалық сезімдерін оятады.
Балалардың шат-шадыман болуларына, сүйікті
әндерін орындауға, ойнауға, аттракциондық
ойындар мен жарыстарда ептілік көрсетулеріне
мүмкіндік туғызады.
Сөйтіп,
баланы жан-жақты дамыту міндеттері
тұтасымен ертеңгілік салтанаттарда
шешіледі.
Балалар
бақшасында Қазақстанның Тәуелсіздік
күні, Қазақстан халқының бірлігі
мерекесі, Қазақстан республикасының
Конституция күні, Республика күні,
Жаңа жыл мерекесі, Жеңіс күні,
халықаралық әйелдер күні, Наурыз
мейрамы мен дайындық тобындағы
балаларды мектепке шығарып салу
күні жыл сайын аталып өтеді.
Ертеңгіліктерде
музыка өнері ерекше роль атқарады. Эмоционалдық
ықпал етудегі үлкен күшке ие болған ол,
балалардың боыйнда тиісінше салтанатты
– көтеріңкі, жайбарақат, көңілді көңіл
қалыптастырады. Әуелі жалпы сезімді көтеретін
жағдай жасап, балалардың санасына мерекенің
негізгі идеясын орнықтыру керек. Осы
мақсатпен ертеңгіліктің бірінші бөліміне
салтанатты марштар, мерекелік өлеңдер
таңдалып алынады, ересектердің орындауында
әндер де шырқалуы мүмкін.
Ойын
барысында мерекенің музыкамен
сүйемелденуі түрліше және ол
келесі кезекте қойылатын ойынның
мазмұнына байланысты болады. Көңілді
марш саздары балаларды мерекелік
шеруге дайындайды. Би әуенінің
жігерлі сипаты немесе әннің
жайымен басталуы балалардың
эмоционалды сезімін қанағаттандырады.
Музыка
балаларды әннің мазмұнына қарай
толғандырады, поэтикалық тексттің
көркемдік образын тереңдете
түседі.
Ертеңгіліктерде
музыка қызметтің сан алуан
түрі жетекші орын алады. Балалар
өлең айтады, би билейді, музыкалық
ойындар ойнайды, шағын ансамбль
болып музыкалық аспаптарда ойнайды.
Ертеңгіліктің жоспары музыкалық-драмалық
көріністі жиі қамтиды, балалар
өздері ойлап тапқан билерді,
ойындарды көрсетеді.
Сөйтіп,
ертеңгіліктерде пайдаланатын музыка
репертуары мейлінше сан түрлі
болып келеді. Оны таңдау ең
алдымен қалыптасқан жалпы принципке
сай жүргізіледі. Ол тәрбие-білім
міндеттеріне жауап беруге, көркемдік
жағынан құнды және баланың
орындауына ыңғайлы болуы керек.
Музыка репертуары музыка қызметтің
әр түріне - ән салу, музыка ойындары,
би, сахналық көріністерге сай
іріктеледі. Осы мақсатпен қазақ
композиторларының әндері мен
пьесалары, халық әуендері таңдалады.
Музыка
репертуарының мазмұны, сондай-ақ
ертеңгіліктің тақырыбына байланысты
анықталады. Қазақстан республикасының
тәуелсіздік алған күні мерекесі
біздің Отанымыздың туған күні
ретінде атап өтіледі, онда
халық шаруашылығының әр саласындағы
жетістіктеріміз қорытындылады.
Бұл ертеңгіліктегі салтанатты
марштарда, ойындарда, өлеңдерде
осы жетістіктер бейнеленеді.
Бірінші
мамыр (Қазақстан халқының бірлігі
күні) әр түрлі халықтар балаларының
достығы тақырыбы басты орын
алады. Осының бәрі әр түрлі
ұлттардың өлеңдері мен билерінен
көрініс табады. Музыкалық және
поэтикалық репертуардағы мерекелік
тақырып көктем әуендерімен астасып
жатады.
8 наурыз
– баланың өміріндегі ерекше
күн, ол оның сүйікті бейнелерімен
байланысты. Ана, әже туралы лирикалық
әндер жұмсақ, сазды интонациялар
арқылы балалардың оларға деген
махаббаты мен ақ пейілді ойын
жеткізуге көмектеседі.
Қазақстан
Республикалық сарбаздар күніне
арналған мереке (7 мамыр) каһармандық-патриоттық
бағыт ұстайды. Әндер мен өлеңдерде
әскердің сан алуан түрі (жаяу
әскерлер, ұшқыштар, теңізшілер, шекарашылар
және т. б.), бейбітшілік жолындағы
күрес жайында сыр шертеді.
Осы кезде орындалған музыка
қазақ халқы мен оның каһарман
әскеріне деген мақтаныш сезімін
тудыратындай асқақ та жасампаз
болып келеді.
Дәл
осындай сезім мен көңіл күй
Жеңіс мерекесіне арналған ертеңгілікте
де орын алады. Осы марекені
атай отырып, балаларға фашизмді
күйреткен ардагерлері жайында
түсінікті түрде әңгіме айтылады.
Балалар бақшасындағы ертеңгілікке
соғысқа қатысушылар шақырылады,
оларға арнап ән салады, өлең
оқиды, ойындар өткізеді.
Жаңа
жыл – қыс мерекесі, ол балаларды
Аяз Атамен, Қаршамен, орман аңдарымен
қауыштырады. Шырша айналасындағы
ойындар мен билерде көңілді,
асқақ музыка ойналады, ол жалпы
көңілділіктің, шаттықтың күйін
шертеді, сан қилы, біразға дейін
ұмытылмайтын әсерлермен байытады.
Балалар бақшасымен қоштасу
және мектеппен кездесу ертеңгілігі
даярлық тобының балаларымен
өткізіледі. Сүйікті ән және ойындармен
(мереке көктемнің аяқ кезінде
немесе жазда өткізіледі) қатар ол
дене шынықтыру, аттракциондық-ойындарды
қамтиды.
Ертеңгілікте
балалардың музыкалық қызметі
негізгі орын алады. Мұның өзі
музыка репертуары мен оны
таңдауға қойылған талаптардың
ерекше ролін анықтайды.
Дегенмен
ертеңгіліктің маңызы эстетикалық
тәрбие құралдарының бірі ретінде
тек музыка ықпалымен шектеліп
қалмай, сонымен қатар өнердің
бірнеше түрін үйлестіріп, бір
тақырыпты шешуде бірін-бірі толықтырады,
мұның өзі барынша айқындала
түсуіне мүмкіндік береді.
Музыка
бөлмесінің жарқын де көктем
безендірілуі оған салтанатты, мерекелік
сән береді және кірген балалардың
көңілдерін бірден көтереді. Мерекені
жүргізушінің әсерлі сөздері
көпшіліктің сезім дүниесін ширатады.
Балалар оқыған өлеңдерден мерекенің
негізгі идеясы толық әрі айқын
беріледі.
Ертеңгіліктің құрылымы
Әрбір
ертеңгіліктің жоспары оның негізгі
идеясын қамтиды және оның
өзіндік өткізу дәстүрі болады.
Мысалы, қоғамдық-саяси оқиғаларға
арналған мерекелік бағдарлама
үш бөлімнен тұрады.
Аз уақыттан
тұратын бірінші бөлім (5-7 минут),
сәнді киінген, қолдарында жалаушалары,
гүлдері, бұтақшалары бар балалардың
салтанатпен музыка бөлмесіне
келуін және т. б., қайта құрылу,
өлең оқу, бір-екі ән айтуды
қамтиды.
Екінші
бөлім – едәуір ұзақ. Ол балалардың
ұжымдық және жеке орындауларынан,
көрініс сәттерінен тұрады. Балалар
музыка сабақтарында үйренген
әндерін орындайды. Мұнда балаларға
таныс дәстүрлі халық әндері,
ойындар және билер жетекші
орын алады.
Барлық
орындаулар концерт түрінде өтуі
мүмкін, онда қызметтің сан алуан
түрі кезектесіп тұрады немесе
репертуардың бір бөлігі белгілі
бір тақырыпқа біріктіріліп өткізіледі.
Мысалы, Қазақстан халқының бірлігіне
арналған мерекелік салтанатта
негізінен «Келіңдер ойнайық»
деген ән орындалады, онда біздің
еліміздің балаларының достығы
туралы айтылады. Өлең айтылып
болғаннан кейін балаларға еліміздің
әр түрлі ұлттарының таныс
ойындары өткізіледі. Мысалы, «Лаула,
лаула алаула» орыс ойыны, «Көгершін»
украиндыкі, «Жүр, өтіп кет» эстондыкі
және т. б.
Әр түрлі
сыйлықтары бар қонақтардың келуі,
қуыршақ театрының көрінісін
көрсету қызықты сәттер болып
табылады.
Үшінші,
қорытындылаушы бөлімде балалардың
назары қайтадан мерекенің негізгі
идеясына аударылады. Жүргізуші
тағы да мерекемен құттықтайды,
балалар мерекеге, Отанға арналған
тақырыптарын оқып береді.
Жаңа
жылдық жоспары да үш бөлімнен
тұрады, олардың әрқайсысының өзіндік
ерекшелігі бар. Алғашқысында
балалар әдемі безендірілген
шыршаны қарайды, өлең оқиды,
би билейді. Екінші, қызғылықты
бөлімде, дәстүрлі Аяз Ата мен
Қарша пайда болады, олар ертеңгілікті
онан әрі жалғастырады, қуанышты
орта тұғызады. Балалар өлең оқиды,
ән айтады, көріністер, қызықты ойындар
көрсетеді. Мерекенің бұл бөлімінде
аттракцион, қат-қабат ойындар өткізіледі,
жұмбақтар айтылады.
Балалар
бақшасымен қоштасу және балаларды
мектепке шығарып салу ертеңгілігі
басқаша өткізіледі. Мұнда ерекше
салтанаттылық болмайды, тек дайындық
тобының балаларына деген достық
ілтипат білдіруге мүмкіндік
жасалады. Олар өздерінің сүйікті
өлеңдерін айтады. Ойындарын, билерін
орындайды, басқа топтың балаларының
өнерлерін тамашалайды, олардың
құттықтауларын, гүлдерін, ескерткіш
сыйлықтарын қабылдайды. Ертеңгілікті
қорытындалайтын әндер мен өлеңдерде
балалар бақшасының қызметкерлеріне
алғыстарын айтады, мектепке жақсы
оқуға уәде береді.
Соңғы
жылдары мектеп жасына дейінгі
балалар мекемелерінің тәжірибесінде
туған күнді атап өту дәстүрге
айналды, ол өзіндік отбасы
салтанаты ретінде әр жастағы
топтарда өткізіледі. Балаларға
өз құрбылары жасаған сыйлықтар
(қолан жасаған заттар, суреттер
т. б.) табыс етіледі, шағын концерт
қойылады. Мұның бәрі күннің екінші
жартысында өткізіледі және тәтті
тағамды шай ішумен аяқталады.