Курсовая работа

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2015 в 17:26, контрольная работа

Описание работы

Жоспар

Содержание работы

1.Қазақ ұлттық музыкалық аспаптардың тарихы.
1.1. Музыкалық аспаптардың түрлерімен таныстыру.

2.Мектеп жасына дейінгі балаларының музыкаға қызығушылығын қалыптасту.
2.1 Жеке тұлғаны қалыптастырудағы музыкалық мәдениеттің рөлі.
3. Музыка мен әдебиеттің байланысы.

4. Қорытынды
5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

курсовая музыка.docx

— 72.60 Кб (Скачать файл)

                                         

          Мектеп дейінгі,бастауыш және  арнайы білім  беру кафедрасы

              

                Қостанай  Мемлекеттік   педагогикалық   институт

                          

 

                   Макатова Макатова  Кенжегуль  Әміржанқызы

                

 

                                           Курстық жұмыс

              

                                           Көңілді  аспаптар

                            

        Мамандығы 050101 Мектепке дейінгі  оқыту  мен тәрбиелеу.

 

 

                                                            Пән  мұғалімнің:

 

 

 

                                            

Қостанай                                                              

2015ж

 

 

Кіріспе

Тәуелсіз   елімізде табандылықпен жүзеге асырылып жатқан ілгерілесу саясатты қоғам өмірінің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізуде. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әл-ахуалының артуын жүзеге асырудың аса маңызды құралы қоғамның барлық саласын, соның ішінде өнер саласында мәдениет пен білімді дамытуда аса маңызды

рөл атқарды. "Тәрбиенің түп мақсаты -  коғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшуі кезінде саяси экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, өмірге икемделген, білікті, жанжақты мәдениетті жеке түлғаны тәрбиелеу" - деп өнер мен мәдеиетті дамытуға ерекше мән берілген.

Тәуелсіз еліміздің дамуы үшін мәдени - рухани мұраның жетістіктерін келешек үрпаққа қалдырудың үлесі зор. Халықтың даналық мұрасын сақтаудың негізі халықтық тәрбиеде. Күнделікті өмір мен табиғаттағы әдемілікті түсіну, бақылау, пайдалану үшін балалардың сезім-түйсігі

ұшқыр, ақыл-ойы алғыр,терең білімді азамат болуы керек.

 Осындай ұрпақтың өмірге  деген эстетикалық көзқарасы оның қызметінің барлық саласында көрініп түрады. «Ата-бабаларымыздың рухани мәдени мұраларының тарихи ескерткіштермен ғана шектелмейтіні мәлім.

Аязды, аңызақ желді, қақаған қысы мен аптап ыстығы жеткілікті

ұлан-ғайыр кеңістіктегі шаруашылық ұйымдастыру мен күнкөріске байланысты қалыптасқан қазақтың қол өнері, әуез аспаптары, тіпті қырыққа тарта жанрлары мен қосалқылары бар өте бай ауыз әдебиеті белгілі бір

 мазмұнға құрылатын  күйлері, ақындық шешендік өнері, халық әуендері

мен билері, ұлттық әдет-ғұрып, ізгілік, имандылық дәстүрлері қазақ

 ұлтының  ақжанын сезілтіп оятатын құбылыстар». Музыка пәні арқылы тәрбие беру тек қана жекеленген нысандарды елестете ұғыну ғана емес, ол мәдениетті сезіну мен түсінудің негізі. Бұл өмірге  деген эстетикалық қатынасқа тығысатын барлық үйреншікті заттарға, дағдылы әлемге жаңа қатынас орнатады.  Жоғарғы оқу орнының болашақ түлектеріне: «Ұстаздық  еткен   жалықпас,   үйретуден   балаға», - деп, ұлы Абай айтқандай, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие  беріп,  жан-жақты  дамыған  тұлған қалыптастыруға  үлес   қосатын   ұстаз  орны  әрқашан ерекше.

Сондықтан да бүгінгі өмір талабы ұстаздарға қажымай-талмай жемісті еңбек етіп, ыждағаттылықпен, шығармашылық ізденімпаздықпен жұмыс істеуді міндеттейді. Ұрпақ тәрбиесі ісіне жете көңіл бөліп, жас жеткіншектерге музыка әлемінің қыр-сырын үйретуде талапқа сай ұзтаздарымыз еңбек етіп жүр. Музыкадағы оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі басты мақсат - әрбір жас адамды қоғамның тірегі, рухани бай, мәдениетті, эстетикалық талғамы зор, өз Отанының елжанды азаматы етіп тәрбиелеу болып табылады. а) музыканы тыңдау және ән салу, күй, жыр сияқты музыкалық шығармалардан үзінділер орындау (кез-келген музыкалық аспапта);

ә) музыкалық шығарламалардың мазмұны мен үлгісіне қатысты төл ерекшеліктері және қазақ халқының дәстүрлі музыкалық мәдениеті туралы білім қалыптастыру;

б) ән мен күйдің идеялық, эстетикалық мәнін түсіну, олардың сезім тербер дүниелі мазмұнын болжау;

 в) оқу барысында (оқытушы  мен оқушының қарым-қатынасы) еркін  шығармашылық ахуал орнықтыру  мақсат тұтылады. Ойдағыдай нәтижеге  қол жеткізу үшін музыка мұғалімі  ұдайы өзін-өзі шындап, дамытып отыру керек, жаңаша ізденіс үстінде болуы қажет;

г)басқа пәндермен байланыс жасау,шешендік өнерін дамытуға ден қою,тіл ұстарту мәселесіне көңіл бөлінеді. XXI ғасыр табалдырығын аттау сәтінде тұрып, жан-жақты дамыған қоғам ретінде адамгершілік қасиетті жоғары сақтауды талап етеді.

 Көпқырлы қоғам бағытын  жетілдіру процесінде, ой-өрісі жоғары, мәдени тәрбиелі, сезінуі, эмоциялылығы, өмірдің бағасын сезіне, болжай  білуіне үйретеді.  
 Мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың музыкаға қызығушылығын, музыкалық әрекеттің әр түріне эмоционалдық қарым-қатынасын білдіруге талпынысын қалыптастыру. 

 

 

 

 

 

 

Жоспар 

       

 1.Қазақ ұлттық музыкалық аспаптардың  тарихы.

1.1. Музыкалық  аспаптардың түрлерімен таныстыру.

             

 2.Мектеп  жасына  дейінгі  балаларының музыкаға  қызығушылығын қалыптасту.

 

 2.1 Жеке тұлғаны қалыптастырудағы музыкалық мәдениеттің рөлі. 

  3. Музыка мен әдебиеттің байланысы.

                  

4. Қорытынды   

5. Пайдаланған  әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Қазақ ұлттық музыкалық аспаптардың  тарихы.

 

Домбыра-қазақ халқының ертеден келе жатқан қос ішекті музыкалық аспабы. Қазақ өзінің тарихын,өмірін, сезімін домбыра арқылы жеткізген. Домбыраның  шанақ,мойын,тиек,ішек,перне сияқты бөліктері бар. Домбыраны шырша,қарағай  т.б ағаштардан жасайды. Ал домбыраның ішегін, пернесін қойдың ішегінен жасаған. Домбырамен күй тартуға,әнді сүйемелдеуге болады

Домбыра-қағып, шертіп ойналатын ішекті музыкалық аспап. Қазақтың

ән-күйі орындау дәстүріне байланысыты домбыраның бірнеше түрі бар, олардың тек пішіні ғана емес, ішек және перне саны да әр қилы болып келеді. Шертер- шанағы терімен қапталған, қазақ хыалқының ең көне музыкалық аспаптарының бірі. Шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған.Ол екі немесе үш шекті болып келеді. Құрылысы жөнінен домбыра аспабына ұқсас келеді.

 

Жетіген - қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. 
Жетіген — жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған. 
 
Қобыз — таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап.

Қобыз - ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілер және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар.Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. 
Шертер – ежелгі шекті аспап. Шертерде домбыра сияқты ойнайды. Шертердің көлемі домбырадан көп кіші, бірақ сыртқы түрі қобызды еске салады, оған жұмыр түр беріп, сыртын терімен қаптайды, аттың қылынан екі шек тартылады. Аспап бір ғана бұрандалы болып келеді, шектің бір басы бұрандаға, екіншісі басына бекітіледі. Шертер аспабы аңыз, ән, ертегілерді айтқанда қолданылған. Ол бақташылар арасында кең тараған. Қазақтың көне музыкалық аспаптарының біріне жататын ол шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Шертер екі немесе үш ішекті болып келеді. Ертедегі шертерлер ағаштан ойылып, шанағы көнмен (терімен) қапталған. Дыбыс күші қапталған терінің жұқа-қалыңдығына, ішегінің жуан-жіңішкелігіне байланысты. Пернесі болмайды, ішегіне ызған жылқы қылы тағылады. Жалпы тұрқы 650 — 700 мм. Ойнау тәсілі  домбыраға  жақын болғанымен, жасалуы жағынан қылқобызға көбірек ұқсайды. 
 
Адырна -қазақтың көп ішекті шертпелі аспабы. Аспаптың шанағы қуыс, беті көн терімен қапталады. Б.з.б. аңшылар ұстанған көне аспап саналады. Оның көне үлгісі әуелде садақ тәріздес болған. Кейін бұғы, марал, киік, бөкен тәрізді аңдарға ұқсастырып жасап, мүйіз бен құйрықтың екі арасына ішектер тартып ойнаған. Адырнаны тізенің үстіне қойып, басын иыққа тіреп, ішектерін іліп тартып кейде шертіп ойнайды. Адырнаның ішегі шуда жіптен немесе тарамыстан тағылады, аспаптың тұрқы 48-50 см., қалыңдығы 8-10 см, 7-ден 13-ке дейін ішектер тағылады. Адырна қазіргі кезде фольклорлық әуендер мен шағын күйлерді  орындауға   қолданылады.

 

 Дауылпаз – қазақтың ұрып ой-налатын көне саз аспабы. Ертеректе бұл аспап соғыс құралы ретінде айбар беріп, қыр көрсету үшін қолданған. Бертін келе дауылпазды  аңшылық пен құсбегілікке де пайдаланатын болған. Оның жасалу әдісі күрделі. Дауылпаздың шапаты - өзегі алынған сырты жұмыр бітеу  ағаштан ойып жасалған. Беті әбден иленіп, кеңкей шыңылтыр терімен қапталады. Жайға байлап немесе мойынға, иыққа іліп алып жүруге арналған аспалы бауы мен ұрып ойнайтын шағын таяқшасы болады. Дауылпаздың шанағының сыртын мүйізбен, түрлі тастармен,  ою-өрнекпен  безендіріп, сәндел жасайды. 

 

 

 Асатаяқ-ертеден келе  жатқан ұрмалы аспап.Қазақта қоңырау, сақпан, тұяқтас, шартылдақ сияқты  аспаптарда бар.Соқпалы, ұрмалы аспаптар: дабыл, даңғыра, кепшік, дауылпаз, шыңдауыл.Ұрмалы  аспаптар аңға шыққанда, діни  жоралғыларда, жаугершілік жорықтарда пайдаланған.

 Шаңқобыз-көне музыкалық  аспап. Оның ортасында сүйір тілшесі  болады. Щаңқобызға жіп байлап, сол  жіпті серпіп тарту арқылы  тілшені тербеліске келтіреді  де, дыбыс шығарады. Мұндай аспаптың  темір текшелерден жасалған түрі  де бар. Сыбызғы- қурайдан, ағаштан  жасалатын көне музыкалық аспап. Ол ертеректе бақташылардың ең сүйікті аспабы болған.

Сазсырнай - үрмелі аспаптар тобына жатад,ол саздан жасалып, отқа күйдіріледі. Бұл аспаптың көлеміде, түрі де әр түрлі болады. Аспаптың іші қуыс, қарама-  қарсы жақтан тесілген бірнеше кішкентай ойығы бар.

Қобыз-ысқышпен тартылатын, қос ішекті музыка аспабы. Дыбыс ішекті тырнақтың жағымен басу арқылы шығалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1Музыкалық  аспаптардың түрлерімен таныстыру.

Музыкалық аспаптар- адамның қатысуымен белгілі бір ырғақтағы

 және  тұрақты жоғарылықтағы дыбыстарды шығарып, музыкалықшығармашылыққа мүмкіндік беретін аспаптар.

Музыкалық аспаптардың әрқайсысының өзіне тән дыбыс тембрі (бояуы), динамикалық мүмкіндігі (ырғағы), белгілі бір диапазоны болады.

Музыкалық аспаптардың дыбыс шығару сапасы аспаптарды жасауда қолданылатын материалдардың түрі мен қасиетіне, пошымына, дыбыс шығару тәсіліне байланысты. Музыкалық аспаптардың алғашқы қарапайым түрлері табиғаттағы түрлі дыбыстарға, адамның, хайуанаттардың дауысына еліктеуден шыққан. Ол ‘‘халықтық’’ және ‘‘кәсіби музыкалық аспаптар’’ болып бөлінеді. Әр халықтың музыкалық аспаптарының өзіндік ерекшеліктері болады. Сондай-ақ өзара этникалық, тарихи-мәдени байланысы бар бірнеше халықтарға ортақ әрі олардың “ұлттық аспабы” болып саналатын музыкалық аспаптар бар. Мысалы, бандура тек Украйнада , пандури менчонгуриГрузияда  ғана болса, гусли, жалейка, волынкалар орыстарда, украиндарда, белорустарда да бар; саз, тар,зурна Әзірбайжан менармения  кездессе,Өзбекстан мен тәжікстанның  бірқатар аспаптары ұқсас болып келеді. 19 ғасырдың аяғында В.В. Андреевтің және оның серіктері С.И. Налимов, Ф.С. Пассербский, Н.П. Фоминдердің көмегімен кейбір музыкалық аспаптар (балалайка, гусли, домрат, т.б.) жетілдіріліп, солардың негізінде орыс халық аспаптар оркестрі құрылды.

 Кәсіби музыкалық аспаптарға  симфониялық (опералық), үрлеп ойнайтын   және  эстрадалық оркестрлер құрамына енетін аспаптар жатады. Кәсіби аспаптардың шығу тегі халықтық музыкалық аспаптарға саяды. Музыкалық аспаптардың даму жолы адамзат қоғамының, оның мәдениетінің, музыкасының, орындаушылық өнерінің жолымен тығыз байланысты. Музыка жанрларының дамуына орай кейбір музыкалық аспаптар халық арасына кең тараған, өзгермей қазіргі заманға жеткен, ал бірқатары біртіндеп жойылып, олардың орнына жаңа музыкалық аспаптар пайда болған. Осы кездегі симфониялық оркестрде қолданып жүрген скрипка,флейта, гобой, кларнет, литавра,  арфа,, фортопеано, т.б. ертеден келе жатқан аспаптар қатарына жатады. Бұл аспаптарды жетілдіру жұмысы 15 ғ-дан басталды, ал 18 ғ-да кеңінен қолға алынды. 16 – 18 ғ-лардағы брешан және кремон шеберлері (Гаспаро да Сало, Н.Амати, А.Страдивари, Дж.Гварнери) жасаған

 Дыбыс  шығару ерекшеліктеріне қарай  музыкалық аспаптар негізінен үрлемелі(флейта, кларнет, саксофон, гобой, труба, , валторна, сурнай, лимба, шоор, қурай, сыбызғы, т.б.); шекті ысқылы (виола, скрипка, альт, виолончель,контробс, гиджак, икили,қылқобыз,, т.б.) және шертпелі (арфа, лютня, гитара, балалайка,жетіген, дутар, рубаб, чанг, домбыра; 

соқпалы  барабан, литавра, ксилофон, челеста, нагора, дойра,  дауылпаз,дабыл), т.б. болып бірнеше топқа бөлінеді. Қазіргі заманда қолданылатын ‘‘электрлі музыкалық аспаптар’’ тобы бар.рипкалар өте жоғары бағаланды.

 

  

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ ұлттық музыкалық аспаптардың  тарихы

Қазақтың музыкалық аспаптары  (домбыра, қобыз, сыбызғы,даңғара, үскірік, кепшік, шаңқобыз, жетіген т.б.) ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра. Қазақстанда ұлттық музыкалық аспаптарды жетілдіру мақсатымен бірнеше шеберханалар ашылып

(1932 ж.Алматыда, 1947 ж. Осакаровкада, 1957 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясы жанында), осылардың  негізінде. А.Жұбановтың  басшылығымен қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық халық

 аспаптар оркестрі  құрылды. Қ.Қасымов, А.Ермеков, Э.И. Романенко, О.Бейсенбаев, А.Ауқадиев, Д.Шоқпаров, т.б. шеберлер әр түрлі музыкалық аспаптар үлгілерін жасады.

Қазақтың музыка аспаптарын жалпы ұлттық және фольклорлық деп екі топқа бөлуге болады. Негізгі ұлттық музыка аспаптары:домбыра, қобыз және сыбызғы. .Домбыраның шанағы қырлы немесе жұмыр болып келеді.Оның мойнынан шанағының түбіне тартылған қос ішегі, бұл ішекті көтеріп тұратын екі кішкене ағаш тиегі болады.Мойнындағы тиек қозғалмайтын болып келсе, шанақтағы тиек жылжымалы болады.Мойнына перне байланады.Пернелердің саны әр түрлі:сегіз, он, он бір, он үш болады.Домбыраның ішегі қой мен ешкінің ащы ішегінен ширатылып жасалады.

Информация о работе Курсовая работа