Курсовая работа

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2015 в 17:26, контрольная работа

Описание работы

Жоспар

Содержание работы

1.Қазақ ұлттық музыкалық аспаптардың тарихы.
1.1. Музыкалық аспаптардың түрлерімен таныстыру.

2.Мектеп жасына дейінгі балаларының музыкаға қызығушылығын қалыптасту.
2.1 Жеке тұлғаны қалыптастырудағы музыкалық мәдениеттің рөлі.
3. Музыка мен әдебиеттің байланысы.

4. Қорытынды
5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

курсовая музыка.docx

— 72.60 Кб (Скачать файл)

Домбыра – қазақ арасына кең жайылған, шертіліп ойналатын аспап.

Қобыз – қазақ қауымына көп таралған ыспалы аспап.Қобыздың мойны имек, шанағы ожау тәрізді және қуыс, бет жағы ашық, ал түбі көнмен(терімен) қапталады.Екі ішегі және садақ тәріздес ысқыш жылқының қылынан жасалады.

Сыбызғы – үрлеп тартатын аспап, оны қамыстан немесе жұмсақ ағаштың ішін үңгіп жасайды.Сыбызғыда саусақпен басып ойнайтын төрт тесік болады.Оның үні майда қоңыр, мұңды келеді.Сыбызғы да қазақ арасында ерте кезден таралған аспаптардың бірі.Ол үнемі алып жүруге ыңғайлы.Сыбызғыны ен далада мал жайып жүрген қазақ малшылары көп тартқан. Фольклорлық халық музыка аспаптарына уілдек, сазген, желбуаз, даңғыра, дабыл, дауылпаз, шыңдауыл, керней, дудыға, дүңгіршек, тоқылдақ, асатаяқ, адырна, шыртылдауық, сақпан жатады.Осымен бірге бұл топқа құрылысы, жасау әдісі, музыкалық үні, дыбыс шығару тәсілі көрші елдерден алынған сырнай, кепшік, жетіген, бұғышақ, шың, шаңқобыз, ауыз сырнай қосылады.

Ұлттық музыка аспаптарының ішіндегі ең бастысы-домбыра.

Домбыраның бір өзімен күй орындалады.Оны әнге қосып, сүйемелдеу

үшін де тартады.Қазақтың Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрінің құрамында домбыра жетекші орын алды. Сонымен бірге оркестрде қазақ арасында бұрыннан тараған қобыз, сыбызғы, сырнай, дауылпаз сияқты аспаптар да кеңінен қолданылады.Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрі Қазақтың дәстүрлі күйлерімен қатар орыстың және Батыс Еуропаның классикалық және қазіргі кездегі музыкалық шығармаларын сазына келтіріп орындайды.

Гармоньның тарихы жайлы нақты ақпарат сирек кездеседі. Оның дәл қай уақытта жасалғаны туралы да айту қиын. Бірақ та кейбір деректер көзіне сенсек, гармонь аспабы бізге немістердің елінен жеткен көрінеді. Өткенімізге үңіліп қарасақ, гармоньдар 18-19 ғасырларда Германия, Австрия, Италия, Франция және Англия елдерінде қатар қолданылған. Сондықтан да гармоньның шығыс жақта қалай тап болғаны жөнінде де нақты дерек келтіре алмаймыз.

Гармондардың жасалуыне келер болсақ, кезінде әр шебер аспап жасау ісінде түрлі формаларды пайдаланды. Бірақ гармонь тарихы дегенде оның тақтайшасын алғашқылардың бірі болып кім жасағанын біліп алған жөн. Кейбір деректерге сүйенсек, гармоньның тақтайшасын жасаумен ресейлік академик А.М.Миреку айналысқан. Ол 1783 жылы тұңғыш толық құрылымды гармоньды ең алғаш рет жұрт алдына шығарды. Ол осы жасаған жаңа аспабына «гармония» деп ат қойды. Кейінірек «гармония» сөзі ауыздан-ауызға айтылып жүріп, «гармошка» де атала бастады. Ал аспатың Бүгінгі ресми атауы – гармонь.

Саксафон – үрмелі музыкалық аспап. Саксафон осыған дейін ешқандай ағаштан жасалмаса да, оны музыкада ағаштан жасалған үрмелі аспаптардың қатарына жатқызады. Саксафонның «туысы» саналатын аспап – кларнет.Саксафон аспабы 19 ғасырдың 40 жылдары өмірге келді. Оны бельгиялық танымал қолөнер шебір Адольфом Сакс жасап шықты. Уақыт өте келе саксафонның баритон, тенор, альт, сопрано және сопранино түрлері де өмірге келе бастады.

Скрипканың өзіндік халықтық тарихы бар. Бұл аспаптың арғы тегі арабтардың ребаб аспабы мен француздардың фиделі, немістердің ротасы.

 

Скрипканың бұрынғы формасы XVI ғасырда жасала бастады. Осы ғасыр мен XVII ғасырдың басында белгілі Аматилер отбасы скрипка жасау ісімен шұғылданды. Олардың аспаптары өзіндік өзгеше формасымен және жақсы сапасымен үнемі ерекшеленді. Осы скрипка өндірісі-ақ Италия елінің абыройын біраз аспандатып тастады. Сол замандағы Страдивари мен Гварнери атты шеберлердің скрипкасы өте өтімді болды. Спасына тағар ешкім де мін тапқан жоқ. Олардың жасаған аспаптарының құны да жоғары болды.

Скрипканың бүгінгі түрі XVI ғасырдың аяғында пайда болып, XVII ғасырдан бастап кең түрде қолданыла бастады.

Археологиялық зерттеулер кезінде Месопотамия жерінен б.з.д алты мыңыншы жылдардан сақталған кішкентай цилиндр пішінде жасалынған ежелгі ұрмалы аспап табылған. Оңтүстік Америкадағы үңгірлерде ұшырасқан қабырғадағы суреттерде де осы аспаптың бейнесі кездеседі. Ал Моравия жеріне табылған барабан б.з.д 5 мыңжылдан бері сақталып келген. Алғашқы барабанға ұқсас ұрмалы аспаптарды ежелгі шумерлер тайпасы да қолданған. Демек, бұл аспаптың тарихы басқалармен салыстырғанда тым тереңде жатыр. Сол уақыттан бері сақталып келе жатқан бұл аспаптың бүгіндері де сұранысы аз емес.

Бұрындары барабан тек сигналдық не дабылдық құрал ретінде ғана қолданылып келген. Сонымен қатар барабанның дыбырына қосылып ежелгі тайпалар діни билерін билеген, осылайша өздерінің ғұрыптық рәсімдерін өткізіп тұрған. Әскери шаралар мен түрлі жиындарда да бұл белгілі бір өзінің маңызы бар рөлдерді атқарған.

Уақыт өте келе, осындай рәсімдердің ретімен барабан үндері салмақты жиындарда басқару рөлін атқарып жүрді.

Мәселен, XVI ғасырда барабандар британдық әскердің жаяу әскерлік жауынгерлерінде де қолданылды. Генрих VIII кезінде 100 адамдық құрайтын әскери бір ротада екі барабаншы болу керек болған. Ол кездері барабан аспабы «Назар аудар!», «Қатарға тұр!», «Дайындал!», «Алға қадам бас!», «Атысқа шық!» , «Шегін!» сынды бұйрықтарды жеткізу үшін қызмет атқарған.

ХХ ғасырда барабан аспабының екі маңызды атқарар қызметі болды. 1920-1940 жылдары Gretsch компаниясы ағаштан көпқабатты етіп барабанның сыртын жасады. Барбан құрастырудағы бұл әдіс бүгіндері де қолданылып келеді.

Арфа аспабы Ирландия елінің ұлттық символы саналады. Бұрындары осы елдерде арфашылар өте сыйлы адамдар саналған. Олардың әлеуметтік дәрежелері де қара халықтан не басқа да өнер иелерінен жоғары болған. Соғыс басталған тұста арфашылар шайқасқа қатысатын ерлердің рухын көтеру мақсатында арфа аспабында ойнаған. Құнды арфалардың бетінде өзгеше асыл тастары мен қымбат бұйымдары болған. Тіпті кейбірі оны алтын жалатып та жасаған.

Кельт арфалары ирландық ұлтшылдықты танытатын символ есебінде болған. 19 ғасырдың алты жүзінші жылдары ағылшын патшасы Генри VIII Жаңа Жердің ресми символына арфаның бейнесін жасатты. Сол уақытта шыққан тиындарға да осы бейнені орнатты.

Кейінірек жергілікті арфашылар ирландықтардың бас бостандығын көздеген ел ішіндегі «революциялық» қақтығыстарға қатыса бастады. Содан бастап британ ел басқарушылары тез арада кельт арфаларының дәрежесін бұрынғыдан түсіріп тастада да, арфистерге өлім жазасын бұйыруды талап етті. Міне, осы кез арфа аспабы үшін қаралы жылдар еді. Осындай жағдайлардан кейін, кельт ұлтының музыкасы да құрдымға кете бастады.

Бірақ 1792 жылдан бастап, арфа өз іргесін қайта көтере бастады. Сол жылы жоғалған дәстүрді қайта жаңғырту үшін Белфаст жерінде байқау өткізілмек болды. Шақырулар мен хабарландырулар жергілікті газет беттерінде жариялана бастады. Кең түрде өткізілетін жиынға арфашыларды да шақырды. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлық тағайындалды. Бірақ та қорқынышқа бой алдырған 15 жастан 97 жасқа дейінгі арфистерден тек оны ғана жиналды. Бүкіл Ирландия жерінен осынша ғана арфашының жиналуы түсінікті де еді. Өйткені бағзыдан бері арфадан көңілін басқаға аударып көрмеген өнерлі халықтың мысын британ үкіметі басып тастап еді.

Бірақ байқауды ұйымдастыруға кеткен қаражат өзін-өзі ақтай алмай қалмады. Байқауға ағылшын органшысы Эдвард Бантинг арфада ойнайтын арфашылардың туындыларының нотасын жазып алу үшін арнайы шақырылған болатын. Бантинг 1797, 1809 және 1840 жылдары жазып алған ноталарын жинақ етіп шығарды. Осы арқылы ол арфа аспабына байланысты түрлі теориялық және техникалық білім алып үлгерді. Мұнан кейін Бантинг арфа аспабын өзі де қолға алып көргісі келді. Бантингтың жинақтарына негізгі дәйектемелерді дарынды кәрі арфашы Торла О’Каролане (1670-1738) берді. Ол өз саналы ғұмырында жүзге жуық шығарманы өмірге әкелген. Олардың кейбірі қазір де кездеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Мектеп  жасына  дейінгі балаларының музыкаға  қызығушылығын қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызын арттыру жалпы дүние жүзілік тенденциялар санына жатады. Мектепке дейінгі білім беру уақыты бала дамуының анағұрлым белсенді кезеңі болып табылады» - делінген.

Қазақстанда білім берудің бүкіл жүйесін ұлттық негізде кайта кұру жағдайында мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың ұлттық музыка өнеріне, соның ішінде ұлттық аспаптарда ойнауға қызығушылығын арттыру және оны тереңірек меңгерту қажеттігі туындайды. Ол баланың көркемдік қабылдауы мен талғамын, эстетикалық қызығушылығын, қажеттілігін дамытады, болмысқа деген шығармашылық қатынасын арттырады. Балалар өнерге еліктеген жағдайда, олардың тәрбиесінде ең алдымен ұлттық құндылықтарды, әсіресе төл музыкалық өнерімізді дұрыс қабылдап, аспаптық музыкаға әуестенуге баулу, оларды меңгерту теңдесі жоқ рөл атқарады. Жеке тұлғаның эмоционалдық мүмкіндігін көтереді.

Қазақстан ғалымдары ішінде С.А.Ұзақбаева,Р.К.Дүйсембінова, М.Х.Балтабаев, Т.А.Қышқашбаев,Ұ.А.Асанова,Ж.Нәжмеденов, Ж.З.Өтемісов, М.Оразалиева , әдіскер-ұстаз А.Райымбергенов т.б. өз еңбектерінде қазақ халық музыкасы мен дәстүрлі көркем мәдениетін оқушылар мен студенттердің тәрбиесін (музыкалық, эстетикалық, адамгершілік) жетілдіру мақсатында пайдалану жолдарын қарастырып, педагогикалық мүмкіндіктерін ашып көрсетті.

Мектепке дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиелеу мәселелерін Н.Құлжанова,.К.Меңжанова, Қ.М.Меңдаяқова, Т.А.Левченко, Ф.Н.Жұмабекова және т.б. зерттеген.

Ресейде және шетелдерде Б.Т.Лихачев, П.В.Халабузарь, В.С.Попов, А. Н.А.Ветлугина, А.Бейлино, Л.Кузмичева, М. А. Михайлова және т.б. мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық іс-әрекетін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін, музыкалық қызығушылығының ерекшелігін теориялық және әдістемелік тұрғыда негіздеген.

Мектепке дейінгі балалар білім берудің барлық деңгейлерінде білімді тез қабылдап, жалпы өмірде табысты болып келетіндіктен, мектепке дейінгі ұйымдағы оқыту мен тәрбиелеу үдерісі оларды алғашқы біліммен қаруландырып, қоғам талабына сай тұлғаны қалыптастырудағы алғашқы негіз болады.

Қызығушылық мәселесі қазақ ойшылдары мен философтарының да, ағартушы-педагогтарының да (Әбунасыр Ибн Мухаммед әл-Фараби , Әбуғали Ибн-Сина және т.б.) назарынан тыс қалмаған. Олар айналаны танып-білуде қызығушылықтың рөліне үлкен мән берген.

Сонау XI ғасырдағы Шығыс педагогикасы тарихында тәлім-тәрбиелік жағынан аса құнды еңбек болып есептелетін «Кабуснама» шығармасында музыканы тыңдау, қабылдай білуге байланысты құнды пікірлер, ойлар айтылған. Кітаптың авторы Кайкаус осы аталған еңбегін 63 жасында өзінің ұлы Гиланшахқа арнап жазады. «Жыршы және музыканттық туралы» деп аталған отыз алтыншы тарауында былай деп жазды:

«Балам, біліп қой, егер сен музыка жолына түсер болсаң, жеңіл де жайдарлы бол. Үстіңдегі киіміңді әр кез таза ұста. Музыка өнеріне арналған зәулім сарайға кіргенде бет-әлпетіңді тыржитып, қабағыңды түйме...

Бір ғана баяу немесе жылдам орындалатын әндерді орындай берме. Музыкалық шығарманың бір үлгісін қайта-қайта ойнай беру жарамайды. Адамдардың мінезі бірдей емес... Сол себепті аспаптық музыка шеберлері бұл өнерге арнап ережелер жазған», - деп алдымен хусрауани, одан соң рах, хафиф, тарана мақамдарының айтылатындығын жазады . Байқап отырсақ, алғашқы хусрауани мақамы патшалар қабылдауында ойналады екен. Рах – ән әуеніне бейім, хафиф жастарға бағышталған мақам, тарана – көңілді де, ойнақы әуен деген ұғым болып шығады.

Әкесінің баласына айтқан ғибрат сөздерінің ішінде адамның үлкен жиын үстінде өзін қалай ұстауы да қамтылған. «Егер тыңдаушылар толыққанды, шырайлы болса – екінші ішекте; сұрланып, сарғыш тартып отырса – жоғарғы ішекте, ал аққұба жүзді, толық күйінде отырса – баста көбірек ойна. Өйткені, бұл ішектер адам мінезінің төрт түріне сай жасалынған», - деген жерде, автор музыкалық аспап пен адам мінезі арасындағы байланысты тыңдаушылардың қабылдауына, яғни эстетикалық талғамына сай айырып отыр. Оның ән айту (орындау), ән мен аспаптың сүйемелі музыкалық шығарманың әркелкілігі жайындағы пікірлері де қонымды.

Одан әрі кәрілер мен балаларға арналған музыканың ерекшеліктеріне тоқталады. Алғашқыларына ойлы да сазды, ал соңғыларына жеңіл де ойнақы музыка әуенін ойнауды ұсынады.

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың музыкаға қызығушылығын арттыру үшін тәрбиеші өзінің алдына белгілі мақсат қоюы тиіс. Ал осы музыка сабағындағы қойылған нақты мақсат белгілібір музыкалық тәрбиенің міндеттерін жүзеге асыруды көздейді.

Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының музыкаға қызығушылығын дамытудағы ең бірінші міндет ол музыкалық іс-әрекеттер арқылы баланың сезімін (эмоциясын) ояту. Өйткені балалардың сабақ үстіндегі іс-әрекетінде эмоция өзіндік бағыттаушы және реттеуші рөл атқарады. Ол:

а) музыкалық шығармалардың мазмұнын балалармен бірге талдау;

ә) музыкалық-дидактикалық ойындар ұйымдастыру;

б) тиімді әдіс-тәсілдерді таңдай білу;

в) балалардың жас ерекшеліктері мен музыкалық даму ерекшелігін ескеру.

Екінші міндет – белгілібір шығарманы саналы түсініп қабылдауға баулу.

Ол үшін мынадай жұмыстар атқарылуы тиіс:

а) музыканың көркемдік құралдарының (екпін, ырғақ, әуен, дыбыс 
бояуы, дыбыс биіктігі т.б.) музыкалық шығарма мазмұнын жасаудағы 
ерекшеліктерін түсіндіру;

ә) түрлі көрнекі құралдарды пайдалану;

б) ырғақтық қимылдар жасау (нота биіктігін көрсету, ырғақты колмен 
шапалақтап көрсету, ойнауға жеңіл қарапайым ұлттық аспаптарды қолдану арқылы меңгертіледі).

Үшінші міндет — музыкалық шығарманы өз шама-шарқынша орындауға үйрету барысында орындаушылық дағдыларды меңгерту. Бұл:

а) шығарманы тыңдап, талдай білу дағдысын қалыптастыру;

ә) күйлерден шағын үзінділерге ұлттық аспаптарды қосып ойнауға үйрету;

б) домбыра үйретуді нотасыз және сандық жүйе бойынша меңгерту.

Мектепке дейінгі ересек топ балаларының жас ерекшелігі - олардың дамуымен, жаңа әлеуметтік жағдайлардың, құрдастарымен жасайтын арнайы өзара қарым–қатынасының пайда болуымен, «балалар қоғамының» құрылуымен, басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы, өз «менін» және өз қылықтарының маңызын аңғарудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс– әрекеттері мен өзара қарым–қатынастарына ерекше қызығуымен сипатталады.

Қазіргі музыка сабағы – мектепке дейінгі ұйымдағы музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы, музыка сабағында балалар педагогика ғылымының оған қойылатын соңғы талаптары бойынша мынадай іс-әрекеттермен айналысады: хормен ән айту, музыка тыңдау, музыкалық ырғақтық қимылдар, балалар аспабында ойнау, музыка сауаты, балалар шығармашылығы т.б.

Музыка – эстетикалық тәрбие беру құралдарының бірі. Өнердің басқа түрлері сияқты ол да өмірдегі әсемдікті, табиғат сұлулығын бағалауға және адамдар арасындағы қарым-қатынастарды түсініп, білуге үйретеді. Баланы жастайынан өнерге баулып, музыка әлемімен таныстыру, оны сезіндіріп ән айтқызып, күй тартқызудың мақсаты –халқымыздың асыл қазынасын, дәстүрлі ән-күйлерін бойларына сіңіре білу, олардың эстетикалық талғамын жан-жақты байытып, дамыту – бүгінгі таңда өте маңызды мәселеге айналып отыр.

Информация о работе Курсовая работа