Дінтану танымы,діни култі,діни дәстүрі,діни ұйымдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2015 в 16:08, доклад

Описание работы

Жалпы діннің құрылымы – адамзат пайда болғалы бар және қазір де өміршеңдігін тоқтапаған, тіпті адамдармен бірге өмір сүре беретін тәңірлік құрылым. Адамзат тарихында, мейлі қай кезеңде болмасын, наным-сенімнен жұрдай бірде-бір қоғамды кездестіре алмайсыз. Жастардың діни санасы мен діни білімін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Еліміз бойынша мектептерде «Дінтану негіздері» пәні оқытылуда. Мұны дұрыс шешім деп қабылдауымыз керек. Өкінішке қарай, сол пәнді оқытатын мамандар жеткіліксіз.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3
Дінтану танымы,діни култі,діни дәстүрі,діни ұйымдары..........................4
Діни ұйымдар:түрлері мен типтері............................................................15
Мазмұндардың мағынасы:секта,деноминация,конфессия,церковь.......18
Қорытынды............................................................................................................24
Әдебиеттер тізімі...................................................................................................27

Файлы: 1 файл

Алтыншаш РГР Дінтану.docx

— 59.80 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3

  1. Дінтану танымы,діни култі,діни дәстүрі,діни ұйымдары..........................4
  2. Діни ұйымдар:түрлері мен типтері............................................................15
  3. Мазмұндардың мағынасы:секта,деноминация,конфессия,церковь.......18

Қорытынды............................................................................................................24

Әдебиеттер тізімі...................................................................................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Кіріспе

Жалпы діннің құрылымы – адамзат пайда болғалы бар және қазір де өміршеңдігін тоқтапаған, тіпті адамдармен бірге өмір сүре беретін тәңірлік құрылым. Адамзат тарихында, мейлі қай кезеңде болмасын, наным-сенімнен жұрдай бірде-бір қоғамды кездестіре алмайсыз. Жастардың діни санасы мен діни білімін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Еліміз бойынша мектептерде «Дінтану негіздері» пәні оқытылуда. Мұны дұрыс шешім деп қабылдауымыз керек. Өкінішке қарай, сол пәнді оқытатын мамандар жеткіліксіз. Мамансыз дінтану пәнін жүргізу – ең үлкен қателік. Егер де жас азаматтардың діни санасын қалыптастыруға дін маманы, дінтанушы білім бермесе, оның дүниетанымы, діни санасы қайда бағытталары белгісіз.

Діни сана күнделікті және концептуалды болып екі сатыға ажыратылады.Бірінші сатыға діни түсініктер,дағдылар,қағидалар мен діни дәстүрлер жатады.Концептуалды деңгейде осылардың бәрі белгілі бір ізге түсіріліп,дін ілім сипатына ие болады,оның теориялық негізі жасалады,ақиқаттығы дәлелденеді.Мұнымен теология және діни философия шұғылданады.Негізінен оның үш сатысын атауға болады.1-ші сатысы-діни сана қоғам санасында  орын алады,діни тұрмыс бүкіл қоғамның әлеуметтік тұрмысының құрамды бөлігі болады,бұл үрдіс сакрализация деп ат-ды.2-ші діни сана қоғамдық санада басымдылықпен көрінеді,одан азаматтық дүниетаным мен мәдениет озық тұрады,діни қызмет барған сайын өзінің негізгі қызмет аясына дейін тарала береді,бірақ,діни діни тұтастық бұрынғысынша этностық тұтастыққа ұмтылады.3-ші діни сана қоғамдық ойға мейілінше аз ықпал жасайды,діни ортақтастық этникалық,мемлекеттік тұтастық мәселесімен сәйкестігін жояды,діни және азаматтық өкімет биліктері біржола ажыратылады.Бұл үрдіс секуляризация үрдісі деп ат-ды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Дінтану танымы, діни култі, діни дәстүрі, діни ұйымдары.

Дәстүрлі діни таным дегеніміз ол – біздің ұлттық болмысымыздың өзегі. Егер қазақ мәдениетінің өзегін ашып қарайтын болсақ, ішінен Ислам діні шығады. Біздің діни танымымыз фиқһта Әбу Ханифа мәзһабына, сенімде Матуриди ақидасына және Ясауи ілімінің қабаттарына негізделген. Демек, қазақ жеріне Ханафи-Матуриди ілімін алып келген осы Ясауи болатын. Осы негіз бойынша ғасырлар бойы қалыптасқан біздің діни таным-тарихымыз бар. Ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолы исламмен байланысын ешқашан да үзген емес, тіпті ислам дәстүрлерінсіз қазақ мәдениетін елестету де мүмкін емес.

                                                Діни сана

      Жастардың  діни санасы мен діни білімін  қалыптастыру – бүгінгі күннің  өзекті мәселесі. Еліміз бойынша  мектептерде «Дінтану негіздері»  пәні оқытылуда. Мұны дұрыс шешім  деп қабылдауымыз керек. Өкінішке  қарай, сол пәнді оқытатын мамандар  жеткіліксіз. Мамансыз дінтану пәнін  жүргізу – ең үлкен қателік. Егер де жас азаматтардың діни  санасын қалыптастыруға дін маманы, дінтанушы білім бермесе, оның  дүниетанымы, діни санасы қайда  бағытталары белгісіз.Ендеше, халық  арасына кеңінен таралған «Ағаш  түзу өсу үшін оған көшет  кезінде көмектесуге болады, ал  үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деген қанатты сөздің мағынасы тереңде жатыр. Жастардың бойына бала кезінен ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен білім беру ұйымдары шешуші рөл атқарады.

   Культ-(латынша cultus - құрметтеу, бас ию) — ерекше тылсым күшқе сену бағытында жасалатын қимыл, әдет-ғұрып, салт-жоралар жиынтығы. Культ - орталығы түрлі ғибадат етер заттары бар храм, табынатын үйлер. Көп жағдайда көркем шығармтың классик, үлгісі де культтіқ қызмет атқарады. Культтің негізгі түрлері - магия (қоршаған ортаға бір тылсым күштің әсер етуі, арбау); тілек тілеп жалбарыну, шарапат күту (қүдайға, рухқа, Аллаға, Аруаққа жалбарыну, т.б.) қасиеттілер культі, православиядағы мәдениет концепциясы діни мәдениеттің негізін құрайды. Адамзат баласына жоға-рыдан "Құдайдың бергені" рухани құндылық, сақтаушы мен жарату-шының қолында екені білінеді.

Діни бірлестіктер - діни сенімді уағыздау, тарату мақсатында құрылған. Осы мақсатқа лайықты белгілері: дін тұту, құдайға құлшылық ету, басқа діни салттар мен ырым-жоралғылары бар, сондай-ақ дінге үйрету және өз ізбасарларына діни тәрбие беруге ұмтылатын азаматтардың ерікті бірлестігі. Олар діни топтар (заңды тұлға емес) жәнедіни ұйымдар (заңды тұлға ретінде тікеуден өткен) ретінде құрыла алады. Діни ұйымдар жергілікті (ізін қуған адам оннан кем емес) және орталықтандырылған (құрамында үштен кем емес жергілікті ұйымдар кіретін) болып бөлінеді

                                          Діни дәстүрлер

  Діни салт-дәстүрлердің ең бастыларының бірі емес, бірегейі: ізгі сенім, мықты сабыр, ақ ниет, тәубеге келу, уәдеде тұру.1. Сенім 
Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар: «Кез-келген адам өмірге мұсылман болып (яғни, Алланы жалғыз Тәңір деп танып) туылады, бірақ оны ата-аналары (туылған ортасына қарай) иудей, христиан, иә болмаса отқа табынушы етеді. Сен бір жануардың туылғанда мұрнының кесіліп туыл-ғанын көресің бе? Міне, бұл да сол сияқты» (Хадисті Әбу Һурайдан (р.а.ғ) иман әл-Бухари және имам Мусилим риуаят еткен).

  Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар: «Кез-келген адам өмірге  мұсылман болып (яғни, Алланы жалғыз  Тәңір деп танып) туылады, бірақ  оны ата-аналары (туылған ортасына  қарай) иудей, христиан, иә болмаса  отқа табынушы етеді. Сен бір  жануардың туылғанда мұрнының  кесіліп туылғанын көресің бе? Міне, бұл да сол сияқты» (Хадисті  Әбу Һурайдан (р.а.ғ) иман әл-Бухари  және имам Мусилим риуаят еткен).

   Яғни, адам  өмірге келісімен-ақ оның жүре-гі  Жаратушысының бар екендігіне  деген сеніммен соғады. Қай тіршілік  иесін, жанды-жансыз заттарды алып  қарасаңыз да оның бір Жаратушысы  барлығын байқайсың. Бұл орайда  Аллаһ Тағаланың өзі қасиетті  Құран Кәрімде былай деген : «Немесе  олар екі нәрсесіз (өзінен-өзі) жаратылды  ма? Әлде жаратушы өздері ме? Яки, олар көк пен жерді жаратты  ма? Жоқ, олар нанбайды».Бұл жерде  Аллаһ Тағала адамзат баласына: «Олар Жаратушысынан жаратылды  ма, не болмаса өздерін өздері  жаратты ма?» деп сұрап, үлкен  ой салып отыр. Әрине, қай нәрсе  де өзінен-өзі жаратылмайды, олардың  бәрінің де жаратушысы бар. Ол  – Аллаһ Таға-ла. Яғни, Ислам дінінің  негізі – Аллаһ Тағалаға деген  кәміл сенім. Осы Раббымыздың  бар екеніне, оның он сегіз  мың ғаламды жаратқанын, одан  басқа Тәңірдің жоқ- тығын мойындау  сенім- нің кемелділігі, мұсыл-мандық. Сол себепті біз қашан да: «Ләә  иллалаһ Мухаммадур Расулулаһ!»  деп осы сенімімізді тілімізбен  айтып, ділімізбен бекітуге тиістіміз.Тек  есте болатын бір жағдай. «Мен  осындай жақсылық жасадым. Енді  барлық күнәм кешіріліп, жұмаққа  барамын» деп ойлап, сондай сенім  де болу, өзін Аллаһ- тың жазасынан  құтылдым деп иландыру-күпірлік. Өйткені, бәрі де Аллаһтың бұйрығымен. 

   Қазіргі кездегі  иудейлер арасында туылғаннан  өлгенге дейінгі бірқатар діни  міндеттерді және салт-дәстүрлерді  орындауға мәжбүр ететін наным-сенім  кең тараған. Жаңа туылған нәрестеге  белгілі бір уақыт ішінде есім  қойылады. Қыз баласына ат беру рәсімінің жай қарапайым орындалуының себебі – олардың еркек құрлы қадірі жоқтығынан. Бала сегізінші күні сүндетке отырғызылады. Сүндетке отырғызу кезінде дәстүрге сай діни рәсімдер орындалады. Сүндетке отырғызылатын баланы ұстап тұратын кісіге өкіл әке мағынасына келетін «сандек» делінеді. Сандектің салт-дәстүрді, діни мәселелерді жақсы білуі тиіс. 
Тауратта еврей әйелдерінің өте күшті болғандығы, кіндік шешесіз-ақ босана беретіндіктері айтылады. Сонымен қатар әйелдердің туа салысымен қайтыс болуы Талмудта үш себеппен байланыстырылады: етеккірге онша көңіл бөлмеу, қамырды ажыратып бөлуде және Шабат шырағын жағу кезінде қателік жасаулары.

Бала сүндетке отырғызылғанда жанұясы бесіктің айналасында жиналып, бесікке Таураттың парағы (біршама уақыт бесіктің басында ұстап тұрады), сия мен қалам қойылады. Осылайша бала Тауратты көркемдеп жазушы болады деген тілекпен орындайды. Тауратты үйренуі және қорғауы үшін дұға жасалады.Иудейлер балаларын мектепке бермей тұрып, оларға ең кемінде таңертеңгілік және кешкілік оқылатын дұғалар үйретеді. Бала мектепке салтанатты түрде барады. Раввин бұл тақырыпта әңгіме жүргізіп, оқыта бастайды. Бала 6-7 жасқа келгенде синагогада діни білім беріледі. Әрбір ер бала он екі жасқа толып, одан бір ай өтер-өтпес шариғаттың ұлы мағынасындағы «Бар Митзва» деген ат алады. Ол енді иудей шариғатына бағынуға тиісті болады. Бұл балиғат жасына толғанды білдіреді. Бала бұдан былайғы жерде синагогаға барып, «тефилим» деп аталатын құлшылық белбеуін және «таллит» деген дұғалық мойын орағышты пайдалана бастайды. Жас жеткіншек ораза тұтуға міндеттеледі, синагогада Тауратты оқуға шақырылады.Иудаизмде үйлену діни үкімге жатады.Үйлену ережелері Талмудта егжей-тегжейлі жазылған. Үйленбек болған екі жас некелеспей тұрып, неке қиятын раввинді жағалайды, кеңес сұрайды. Раввин оларға иудей дінінің үйлену негіздерін түсіндіреді. Бұл мәселеде раввиндердің ықпалы жоғары болады. Раввин түрлі жағдайларға байланысты үйленуге рұқсат бермеуі де мүмкін. Иудейлерде басқа дін өкілдерімен үйленуге рұқсат жоқ. Сонымен қатар мұндай үйленгендер болған жағдайда, дүниеге келетін баланың яхуди дінінің ережелеріне сай тәрбиеленуі шарт қосылады (ұзақ бір тәжірибеден кейін кейбір мақсаттарға жету үшін басқа діндегілермен үйленуге рұқсат етілген).Иудаизмде үйлену неке қидыру арқылы орындалады. Неке екі куәгердің алдында жасалады. Яхуди некесі белгілі ақшаның немесе құнды бір нәрсенің берілуі, қағаздарға қол қойылуы және неке түнімен аяқталады. Неке жалпы синагогтарда қиылады. Үйленетін күні жас-жұбайлар ораза тұтады және рәсімдер түскі уақытта жасалады. Үйлену рәсімі үйленіп жатқандардың алдыңғы жасаған қателіктерден тазаруға бағытталған күнә мойындау түрінде жүреді. Келіннің ораза тұтуынан бөлек раввин бір күн бұрын суға малынуы тиіс. Жамағаттан үйлену рұқсатын алу осы шартқа байланысты (Иудаизмде бой дәрет не толықтай суға түсу немесе ағын су, жаңбыр суымен жуыну арқылы орындалады).

Келіні, анасы, күйеу бала, әкесі синагогта «хубба» деген жамылғының астында орындарына отырады. Раввин бір стакан шарап алып дұға еткеннен кейін, келін мен күйеуі шарап алып ішеді. Кейін күйеуі келіншегінің жаулығын ашып оған: «Сен маған мына жүзікпен Мұса мен Исрайыл шариғаты бойынша некелендің», - деп жүзікті оның саусағына тағады. Келіннің үйленуді қабыл еткендігін айтуы тиіс емес. Неке осылай аяқталады. 
Иудаизмде әйелдің ажырасу құқығы жоқ. Еркек қалаған уақытта әйелімен ажыраса алады. Қазіргі таңда әр қилы елдердің шарттарына қарай түрлі қағидалар орындалып жатқанын кездестіруге болады. Жаназа көмілгеннен кейін қара жамылып отырған адам жеті күн бойы үйде болып, аза тұту рәсімін өтейді. 
           Күнделікті өмірдегі құдайы жан тыныштығын сезіну иудейдің барлық іс-әрекеттерін айқындайды. Ояна салысымен иудейдің ең алғашқы ойы Тәңір болып табылады. Таңертең жуынғаннан кейінгі иудейдің ең бірінші міндеті – таңертеңгілік дұға оқу. Дұғадан алдын Тораны үйрену немесе зерттеуден басқа ешқандай жұмысқа бастамайды.Тәңір адамды тыңдайтындықтан дұға мен жалбарынулар Оған бағытталады. Талмұт және литургияның кейбір мәтіндері дұғаның шын жүректен жасалуын талап етеді және қабыл етілуін осыған байланысты екендігін айтады. Жеке дұғамен қатар уақыт өте келе белгілі кезеңдерде көпшілікпен айтылатын дұғалар да пайда болған. Бұл дұға жалпы жиындарда болмаған адам үшін де міндетті. 
Иудаизмде діни мейрамдар өте көп. Бұлардың маңыздылығы мен мәндері бір-бірінен бөлек. Хронологиялық тұрғыдан бұл мейрамдарды былай келтірсек болады: 
1. Рош ха шана: Иудей күнтізбесінде жыл басы болып саналады. Исламдағы секілді иудаизмде де діни күнтізбе күнге емес айға қарап есептеледі. Рош ха шана мейрамы тишри (қыркүйек-қазан) айларының бірінде басталып екі күн жалғасады. Иудей сенімінде Рош ха шана әлемнің және адам тағдырының жаңадан жаратылуын білдіреді. Яхудилер бұл екі күнді құлшылықпен және тәубемен өткізуге тырысады. Бұл күндерде ойын-сауықтар жасалмайды. 
2. Иом киппур: Рош ха шананың алғашқы күнінен бастап жалғасатын он күндік тәубе уақытының соңындағы күнәларды жабу (кәффарат) күні болып есептеледі. Иом киппурда өмір тоқтаған тәрізді болады. Яхудилер бұл күндерді әрдайым құлшылықпен өткізеді. Ешқандай жұмыс істелмейді, Израилде газет шықпайды, радио және теледидар хабар таратпайды, көлік қолданылмайды, арапа күні ақшамнан бастап ертеңгі күннің ақшамына дейін жиырма алты сағат ораза тұтылады. Яхуди сенімі бойынша рош ха шанада (жыл басы) жоспары жасалған адамның бір жылдық тағдыры, иом киппурда атқарылған құлшылық пен тәубе дәрежесінде деп қабыл етілді. 
3. Пасха: Песах Мысырдан шығуды еске алу үшін аталып өтілетін діни «қажылық» мейрамы. Көкек айының он бесінен бастап 8 күн жалғасады. Бұл мейрамның ерекшелігі осы уақыт аралығында ашытқы қосылған ешнәрсе желінбейді. Сол себепті Түркияда қате қолданыста бұл мейрамға «қамырсыз» мейрамы дейді. Песахтан бұрын үйде ешқандай ашытқы қосылған нәрсе қалдырмау керек. Таураттың бұйрығымен бұл тыйым салынған. Песахтың тағы бір ерекшелігі «седер» тамағы. Бұл тамақта барынша дастарханды бай етіп дайындайды.

4. Шавуот: Апталар мейрамы немесе он бұйрық берілгеніне қатысты мейрам. Таураттың Тәңір тарапынан яхудилерге берілгенін атап өтетін мейрам. Шиван (Шілде-тамыз) айының алтысынан бастап екі күн аталып өтіледі. 
5. Суккот: Шатырлар мейрамы. Суккот яхудилердің Мысырдан шыққаннан кейін қырық жыл шөлде шарлағандарын еске алу үшін орындалатын қажылық мейрамы. Иудейлер ежелден бұл мейрамда Құдысқа қажылыққа баратын. Қазіргі таңда бұл әдет тоқтаған. Суккот сегіз күнге созылады. Ойын-сауық басым болады. Әрбір яхуди суккот күндерінде дәстүр бойынша үйлерінің жанына шатыр құрады. Шатырда ұлттық ойындар ойналады. Бұл мейрамның басқа бір ерекшелігі мейрам уақытында «лулав» ұстап жүреді. Лулав төрт өсімдіктің сабағын қосып алған бір шоқ гүл. Бұл дәстүр бүгінде көп тарамаған, тек қана «хареди» деген шектен тыс діндарлар тобы бұл дәстүрді айнытпай жалғастыруда. 
6. Симха тора: Таураттың бастан-аяқ оқылу мейрамы. Әр жылы Таурат бір рет бастан-аяқоқылып соңында мейрам жасалады (яхудилердің әрбірінде Таурат бар. Тауратқа құрмет бәрінен маңызды. Бір топтың ішінде Таурат жерге түсетін болса, сол жердегілер 30 күн ораза тұтуы керек). Суккоттың ертесіне аталып өтіледі. Таурат жазуларын ұстап алып синагогтағы «бима»-ның жанында билейді. Діни әрі ойын сауық мейрамы. 
7. Пурим: Тәтті мейрамы. Жоғарыда аталып өткен мейрамдар иудейлердің діни мейрамдары, пурим мен ханука ұлттық мейрамдары. Пурим Құдыста бір, басқа жерлерде екі күнге жалғасады. Бұл мейрам яхудилердің Иранда Эстер атты яхуди қызының көмегімен өлімнен аман қалғандарын еске алуға арналған. Сол себепті көңілді ойын-сауықтар ұйымдастырылып, қызықты ойындар ойналады.

8. Ханука: Шырағдан мейрамы. Ханука ивритше ашылу, құттықтау мағынасына келеді. Сирия патшасы Антиокусты яхудилердің жеңгенін естеріне түсіреді. Ұлттық әрі тарихи мейрам. Б.э. 168 де яхудилердің Селеуижустармен (Селевкосиар) болған соғыс кезінде ғибадатханадағы жеті тармақты шамның ыдысындағы (менораһ) бір күндік майдың сегіз күн жанғанын еске алу күні. Кислев (Қараша-жертоқсан) айының он бесінде басталып сегіз күнге жалғасады. Басқа күндерден айырмашылығы ханукия деген тоғыз тармақты шамның ыдысындағы шамнан әр күні біреуінің жағылуы     

                                Діни салт-дәстүрлер

Діни салт-дәстүрлердің ең бастыларының бірі емес, бірегейі: ізгі сенім, мықты сабыр, ақ ниет, тәубеге келу, уәдеде тұру.

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар: «Кез-келген адам өмірге мұсылман болып (яғни, Алланы жалғыз Тәңір деп танып) туылады, бірақ оны ата-аналары (туылған ортасына қарай) иудей, христиан, иә болмаса отқа табынушы етеді. Сен бір жануардың туылғанда мұрнының кесіліп туыл-ғанын көресің бе? Міне, бұл да сол сияқты» (Хадисті Әбу Һурайдан (р.а.ғ) иман әл-Бухари және имам Мусилим риуаят еткен).Яғни, адам өмірге келісімен-ақ оның жүре-гі Жаратушысының бар екендігіне деген сеніммен соғады. Қай тіршілік иесін, жанды-жансыз заттарды алып қарасаңыз да оның бір Жаратушысы барлығын байқайсың. Бұл орайда Аллаһ Тағаланың өзі қасиетті Құран Кәрімде былай деген : «Немесе олар екі нәрсесіз (өзінен-өзі) жаратылды ма? Әлде жаратушы өздері ме? Яки, олар көк пен жерді жаратты ма? Жоқ, олар нанбайды». Бұл жерде Аллаһ Тағала адамзат баласына: «Олар Жаратушысынан жаратылды ма, не болмаса өздерін өздері жаратты ма?» деп сұрап, үлкен ой салып отыр. Әрине, қай нәрсе де өзінен-өзі жаратылмайды, олардың бәрінің де жаратушысы бар. Ол – Аллаһ Таға-ла. Яғни, Ислам дінінің негізі – Аллаһ Тағалаға деген кәміл сенім. Осы Раббымыздың бар екеніне, оның он сегіз мың ғаламды жаратқанын, одан басқа Тәңірдің жоқ- тығын мойындау сенім- нің кемелділігі, мұсыл-мандық. Сол себепті біз қашан да: «Ләә иллалаһ Мухаммадур Расулулаһ!» деп осы сенімімізді тілімізбен айтып, ділімізбен бекітуге тиістіміз.Тек есте болатын бір жағдай. «Мен осындай жақсылық жасадым. Енді барлық күнәм кешіріліп, жұмаққа барамын» деп ойлап, сондай сенім де болу, өзін Аллаһ- тың жазасынан құтылдым деп иландыру-күпірлік. Өйткені, бәрі де Аллаһтың бұйрығымен.

Информация о работе Дінтану танымы,діни култі,діни дәстүрі,діни ұйымдары