Дінтану танымы,діни култі,діни дәстүрі,діни ұйымдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2015 в 16:08, доклад

Описание работы

Жалпы діннің құрылымы – адамзат пайда болғалы бар және қазір де өміршеңдігін тоқтапаған, тіпті адамдармен бірге өмір сүре беретін тәңірлік құрылым. Адамзат тарихында, мейлі қай кезеңде болмасын, наным-сенімнен жұрдай бірде-бір қоғамды кездестіре алмайсыз. Жастардың діни санасы мен діни білімін қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Еліміз бойынша мектептерде «Дінтану негіздері» пәні оқытылуда. Мұны дұрыс шешім деп қабылдауымыз керек. Өкінішке қарай, сол пәнді оқытатын мамандар жеткіліксіз.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3
Дінтану танымы,діни култі,діни дәстүрі,діни ұйымдары..........................4
Діни ұйымдар:түрлері мен типтері............................................................15
Мазмұндардың мағынасы:секта,деноминация,конфессия,церковь.......18
Қорытынды............................................................................................................24
Әдебиеттер тізімі...................................................................................................27

Файлы: 1 файл

Алтыншаш РГР Дінтану.docx

— 59.80 Кб (Скачать файл)

2.Сабыр Қазақ халқы «Сабыр түбі – сары алтын» дейді. Мұхаммед (с.ғ.с.) Пай- ғамбар да өзінің талай хадис-шәріптерінде адамды сабырлы болуға шақыра-ды. Солардың бірінде былай өсиет айтады: «Кімде-кім сабыр – қанағатпен іс қылса, істеген ісі дұрыс шешіледі, әйтпесе соған жақын болады. Сабырсыз адамның ісі қате болады немесе соған жақын болады»; «Сабырлылық – қайғылы кезеңнің алғашқы сәтінде танылады».Пайғамбардың сабырлы болуды қалай бағалай-тыны туралы Урайға деген сахаба былайша айғақтай- ды: «Пайғамбарымыз: «Кү-ресте жеңген палуан емес, өзінің ашуын тоқтата білген – палуан», - дейді. Негізінен, сабырдың жауы – ашу. Ол дос пен досты, ағайын мен ағайынды ажыратады, отбасы шырқын бұзады, ел алдында абыройсыздыққа қалдырады. Біз осы орайда мына бір әңгімеге назар аударсақ:«... Бұл әңгіме Аббас деген кісінің баласынан жеткен. Бірде Ыснан деген кісінің ұлы Ұрайға Медине қаласына қыдырып келеді. Жақын туысы Қайысұлы Үррінің үйіне мейман болады. Үррі Халифа Омардың жақсы көретін адамдарының бірі еді.Әңгіме үстінде қонағы оған: 
- Омардың мәжілісіне жиі барып тұрады екенсіз. Мені де сонда алып баршы. Халифаға сәлем берейін, - деп өтініп қоймағасын, кезекті бір жиылысқа ертіп барады. Омардан рұхсат сұраған соң, олар ішке кіріп кетеді.  
Ұрайға кірген бойда халифаның қасына келіп: 
- Ей, Хаттабтың баласы, сен бізге әділдікпен үкім етпейсің. Біздерге жәрдем етпейсің, - дейді. Сол кезде Омар қатты ашуланады. Халифаның ашуын көрген Үррі: 
- Ей, халифа, Аллаһ Тағала Пайғамбарымызға «Кешірімді бол, жақсы іске жол көрсет, надандардан аулақ бол» деген жоқ па еді? Бұл адам сол надандардан ғой, несіне ашуланасың, - дейді.«Қасиетті Құранның ая-тын естіген халифа сол заматта ашуын басып, басқа әңгімеге ауысқан еді», - деп Аббастың ұлы әңгімесін аяқ-тай келіп, оларды Құранның құрметіне бас иген жан болатын дейді. Міне, көпшілік алдында ашуын ақылға жеңдіріп, сабырлық таныта білген. Сондай кісілердің ізгі қасиеттері кейінгі ұрпаққа үлгі болып қалды» (Мұсылман күнтізбесі, 2001 ж. У.Ибадуллаев, Сабыр). 

3.Ниет 
Ниеттің орны – жүректе. Араб тілінде «ниет» (анииатун) деген сөздің мағынасы – мақсат. Шариғат тілімен талдап, түсіндіргенде сол мақсатты құлшылық әрекетімен таныту. Адам баласы жүрегі қалаған әрбір істі орындарда оған шын ниетімен құлшынса, ол же- місті жүзеге асады. Соған сәйкес, Ұлық Пайғамбары-мыз (с.ғ.с.) өзінің хадисінде былай деген: «Әлбетте, әрбір іс-әрекет адамның ниетіне байланысты. Егерде кез-келген кісінің ниеті Алла үшін, Пайғамбардың шапағаты үшін болса, онда сол ниетіне жетеді. Ал егер адамның ниеті дүние табу не үйлену болса, ол сол ниет мақсатына жетеді». Және де Ол тағы да былай деген: «Әрбір адам өлер алдында қандай ниетте болса, қияметке сол ниетімен Алланың алдында тіріледі».Намаз шарттарының алтыншысы да – ниет. Ол Ал-лаһ Тағаланың ризашылығы үшін намазға шын көңілмен ниеттеніп, әрі қандай намаз оқығалы тұрғанын білу. Ниет тілмен айтылғаны-мен, көңілде болмаса, ол орындалмаған болып саналады. Имам Раббани Хазіреті «Мәктубәт Шәриф» атты кітабында былай деп жазып қалдырған: «Тілмен ниет еткен дұрыс екен деп көбі тек қана ауызша ниет етіп, көңілмен мән бермейді, онда намаз парыздарының бірі болған ниет орындалмайды және намаз қабыл болмайды. Сондықтан ниетті тілмен емес, жүрекпен орындау қажет». Аллаһ Тағала адамға жақсылықтар мен жаман-дықтарды жазып, былай уә- де еткен: «Кімде-кім жақ-сылық істі ниет етсе, бірақ бір себептерге байланысты оларды істей алмаса, Алла оған жақсылықтың толық сауабын береді. Егер де сол ниетін жүзеге асырса, Алла сол адамға жақсылы-ғын оннан жеті жүзге дейін арттырады. Ал егер де жаман істі ниет етіп, бірақ райынан қайтып жаман ісін істемесе, Алла оған толық жақсылықты жаудырады. Егер сол жаман ниетін іске асырса, Алла жамандықты жазады».  
4.Тәубе 
Ол – араб сөзі. Мағынасы – тағдырға ризалық білдіріп, шүкіршілік ету, өткен күнәларына шын жүректен өкіну, кешірім сұрау, жіберген қателіктеріне қынжы-лып, түзеуге уәде беру. Тәубе ету - әрбір мүмин үшін уәжіп. Аллаһ (субхана-һу уа тағала) Құран Кәрімде Нұр сүресінің 31 аятында: «... Әй, мүминдер, түгел Аллаһқа тәубе етіңдер! Әрине, құтыларсыңдар!» де- се, Тәһрим сүресінің 8 аятында: «Әй, мүминдер! Аллаһқа шынайы тәубе етіңдер!...» деп бұйырады.Қасиетті Құран Кәрімдегі тоғызыншы сүренің аты да, мазмұны да осы Тәубе тұралы. Тәубеге келу Аллаһ Тағаланың өз пендесіне деген сүйіспеншілігін оятуға себепкер. Құран Кәрімнің Бақара сүресінің 222 аятында: «... Шәксіз Аллаһ тәубе етушілерді жақсы көреді, әрі таза болушыларды да жақ-сы көреді» деп айтылған. Әлемдегі барлық адамзат Жаратқан Иесіне титтей де тәубе етпесе де (Аллаһ Тағала оның бетін аулақ қылғай), оған ешқандай да зиянын тигізе алмайды. Керісінше, ол өзіне зиянды. Тәубе адамдардың күнәсін жоюшы. Ол жөнін- де Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғам-бар өз хадисінде былай дейді: «Тәубе етуші Аллаһтың сүйікті пендесі әрі бейкүнә сәбидей таза болады». Ал енді Хасан риуаят еткен хадис-хұдсиде: «Аллаһ Таға-ла Адамның (ғ.с.) тәубесін қабыл еткен уақытта, тіпті, періштелер де қуанып Адам атаға (ғ.с.) сүйінші айтып құттықтады. Жәбірейіл (ғ.с.) мен Микәйіл (ғ.с.) Адам атаға (ғ.с.) келіп: «Әй, Адам! Сүйінші, Аллаһ Тағала тәубеңді қабыл етті», - деді. Адам (ғ.с.): «Әй, Жәбірейіл, осы тәубеден кейін сұрақ-жауап болса, ақиретте менің жайым қай жер болады?» - деп сұрады. 
Аллаһ Тағала уәһи етіп: «Ей, Адам! Сенің ұрпағыңа сынақ қиыншылығын бер-дім. Кімде-кім маған дұға етсе, саған «ләббай» дегенімдей, оларға да «ләббай» деймін. Кімде – кім кешірім сұраса, сараңдық жасамаймын. Себебі, мен оларға жақынмын әрі дұғаларын қабыл етушімін. Ей, Адам! Қиямет күні тәубе етушілерді қабірінен сүйінішті және де дұғаларын қабыл етіп тұрғызамын» - деген. Тәубенің берекесі Әл – Бухаридың тәубенің берекесі кітабында тәубенің берекесі туралы Ислам данышпандары былай деген: «Кімде – кімге Аллаһ төрт нәрсені нәсіп етсе, ол адам және төрт нәрседен құр қалмайды. 
1. Аллаһқа жалбарынып дұға етуді нәсіп етсе, дұғасының қабыл болуы сөзсіз. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде: «Маған дұға етің-дер, тілектеріңді қабыл етемін» - деген.

2. Аллаһтан күнәсінің  кешірулерін сұрайтын болса, күмәнсіз  кешіреді. Аллаһ Тағаланың: «Расында  Аллаһ Күнәларды кешіруші» деген  сөзі бар.  
3. Аллаһтың нығметіне шүкіршілік етсе, Аллаһ Та-ғала нығметтерін және де көбейтеді. Аллаһ Тағала Құранда: «Егер шүкір ет- сеңдер, сендерге нығме-тімді көбейтіп беремін» - деген.

4. Кімде – кім тәубе  етсе, тәубесі қабыл болады. Ал- лаһ  Тағаланың Құран Кә- рімде мынандай  сөзі бар: «Аллаһ пенделерінің  тәу-бесін қабыл етіп, күнәларын  кешіреді». Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өзі әр күні жетпіс рет  истиғфар айтып, тәубе етіп және  үмметіне тәубе етіп жүруді  бұйырған.Ұлық Пайғамбар (с.ғ.с.): «Аллаһқа  ант етіп айтамын. Мен де күніне  жетпіс реттен аса Аллаһтан  кешірім сұрап, тәубе етемін».Пайғамбардың хадис – шә- ріпінен: Адам ата (ғ.с.): «Аллаһ Тағала Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметіне маған бермеген бес нәрсені берді.

Біріншіден-менің тәубем Меккеде ғана қабыл болды. Яғни, Аллаһ Тағала Адам атаның (ғ.с.) тәубесін Меккеде Арафат тауында қабыл еткен. Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметі қай жерде тәубе етсе де, Аллаһ Тағала олардың тәубелерін қабыл етеді. Басқа үмметтер- ден артықшылығының бірі осында. 
Екінші- Мұхаммед (с.ғ.с.) және оның үмметі басқа үмметтерден барлық жер намаз оқитын жай етілумен ерекшеленеді. Басқа үмметтер ғибадаттарын тек қана шіркеулерінде оқыған. 

Үшінші мен киімді едім, Аллаһ Тағалаға күнә жасап, едім, Аллаһ мені жалаңаш етіп қойды. Ал Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметі тыр жалаңаш болып күнә істесе де, Аллаһ оларды киіндіреді.

Төртінші- мен Аллаһ Тағалаға күнә істегенімде Аллаһ менен әйелімді ажыратты. (Адам (ғ.с.) мен Һауа анамызды жерге түсіргенде, екеуін екі жаққа адастырып күнә іс істесе де, Аллаһ олардың орталарын ажыратпайды. Бесінші, мен пейіште жү-ріп күнә істеп қойып едім, Аллаһ Тағала мені пейіштен шығарып жіберді. Мұхамедтің (с.ғ.с.) үмметі пейіштің сыртында (Жерде) жүріп күнә істеп, кейін тәубе етсе, Аллаһ Тағала оларды пейішке кіргізеді».  
 
а) Мусаууафун деген кім?

Мусаууафун деп «Мен сондай жасқа келген кезде тәубе етіп, барлығын тастап, намаз оқып, Құдайға құлшылық жасаймын» деп өзін-өзі жұбатушы, мұсылмандық бес парызын атқаруды кейінгі қалдыра беруші адамды айтады. Бұл – адасу, адамды тозаққа апаратын бұрыс ой. Өйтке-ні, ешбір адам өзінің қай күні көз жұматынын білмейді ғой. Сондықтан да мұсылмандық бес парызын атқаруға сылтау іздемей, қартайғанын күтпей, тәубеге келуге тиісті. Әйтпесе күнәға батады.

Бесіншіден- Аллаһ алдындағы ант (Уәдеде тұру) 
Ант, Ахд – Құран Кәрімде тұрақты ұғым. Негізгі ма-ғынасы адамдардың Аллаһ Тағаланың алдындағы берген анты. Ант – адамдар-дың арасындағы да келісім-шарт болғандықтан, оның тәртібі Ислам дініне дейін-ақ қалыптасқан. Рас, ант суфизмде де ерекше орын алады. Себебі, бір адам осы ұйымға мүшелікке кіргенінде оның барлық дәстүрлерін сақтауға міндеттеледі. Жаугершілік заманда сарбаздар елдің бостандығын, арнамысын қасық қаны қалған-ша қорғауға серттесіп ант берсе, қазір де ел қорғау міндетін өтерде салтанатты түрде ант беру рәсімі бар. Қазақстан Республикасы- ның Президенті өзінің мәртебелі қызметіне кірісер алдында еліміздің Басты За-ңы – ҚР Конституциясының 42 бабына сәйкес: «Қазақ-стан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республи-касының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, ҚР Президентіне жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға» салтанатты түрде ант етеді. Елбасымыздан өзге де мемлекеттік лауазымды қыз- метке сайланған немесе тағайындалған адамдар да мәртебелі қызметтеріне кі- рісер алдында салтанатты жағдайда халқына, еліне ант береді. Мемлекет басшылары Құран ұстап ант беретін араб елдері Қазақстандай көп ұлтты, көп дінді халықтың Отаны емес, Қазақстанда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, мұнда 40-тан астам конфессиялар өзара діни түсінікте бейбіт қатар жұмыс істеуде. Еліміздегі дінаралық, ұлтаралық татулық, адамдардың діни сенім бостандығы Конституциямен берік қорғалып отырғандықтан Президен- тіміз Конституцияға алақа-нын тигізіп тұрып ант береді. Негізінен, Қазақстан - өркениетті де құқықтық мемлекет құру жолындағы ел. Ол басты Заңы – Шари-ғат үкімдері болып саналатын Ислам мемлекеті емес. Көп ұлтты, көп дінді хал-қы Конституция бойынша өмір сүріп келе жатыр ма, осы елдің, яғни Қазақстан Республикасының Президенті де Конституцияны ұстап ант беруге, өзі бас болып Ата Заңын бұлжытпай орындауға тиіс. Кәлимә Шаһадат айтып, намаз оқыған, зекет беріп, рамазан айында ораза ұстап, қажылыққа барған, сөйтіп мұсылмандық бес парызын адал атқарушы әрбір мүминнің көп ант беруден сақтануы қажет. Және де күнделікті өмірде ол бұлжытпай орындауға тиісті елу төрт парыз-дың бірі - өтірік ант етпеу. Мына жарық дүниеде қандай істі қолға алсаң да, оның жүзеге асуы, жүзеге аспауы, бәрі-бір Аллаһ Та- ғаланың бұйрығымен. Мысалы, жанұяңа жеке бір үй салады екенсің, неме-се имандылық шарттары туралы бір кітап жазады екенсің. «Мен мұны бір айдың (мүмкін бір жыл- дың) ішінде аяқтап шыға-мын» деп ант бердің дейік. Аллаһ Тағала сәтін сал- маса, ауырып қалып, жұ-мыстан қолың тимей, түр-лі қиыншылықтарға тап болып, антыңды орындай алмай қалуың мүмкін. Сон-дықтан да қандай істі қолға аларыңда өзіңе-өзің, немесе халқыңа ант беруіңе болады, ойланғаның жөн. Жалпы, халқымыз «уәде – Құдай сөзі» дейді ғой. «Кез келген істі қолға аларда, міндетті түрде Құ-ран ұстап, ант бер» деген шариғат үкімі жоқ. Сол себепті Құран ұстап ант берерде, ойланғанымыз абзал, «мен бұл істі орындай аламын ба, әлде орындай алмаймын ба? Ол барлық іс өзінің бұйрығымен жүзе-ге асатын Жаратқанның құдыреттілігіне шек келтіргендік емес пе?» - деп. Ұлық Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің хадис шәріп-терінде айтқан ғой: «Жалпы адам баласы бір істі бастамас бұрын, соған ықылас қойып және шын ниеттеніп, сол ниетін іспен көрсетуі керек. «Ниеттің орны – жүректе», «Сөзінде тұру – уәдесін орындау – имандылықтың белгісі. Иманы толық адам айтқан сөзінде тұрады. Уәдесіне еш уақытта опасыздық ет- пейді. Бұл – толық иман-дылықтың белгісі», - деп, Ант етесің бе, уәде бересің бе, орында! 

                                Дәстүрден тыс діни ағымдар.

  Атам қазақтың алты  алаштан мәшһүр, сертімізге сеніммен, өзіндік беріктігімен енген мұсылман  діні, қаймана қазақтың қасиетті  де, қадірлісі болып саналады. Діні  жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Келмеске кетіп, көңілден көшіп, өмірін өксітері шындық. Бар қазаққа  тән мұсылман діні сырттан  келген содырлардың сүреңсіз  дініне сұғынып, табынып кетпеуін  әр мұсылман бауыр ұстануы  керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Діни ұйымдар:түрлері мен типтері

    Діни ұйымдар  дегеніміз -  сенім-нанымның ұйымдасқан түрдегі жүйесі әрі рухани дәстүр. Сонымен қатар ол Жаратушы жайында қалыптасқан жоғары деңгейдегі киелі ұғым. Адамдар арасында өзінің жеке ұғымын, өмір сүру тәсілін, дүниетанымын дін ретінде түсіндірушілер де кездеседі. Алайда, ортақ бір мәселе бар: дінге сенетін барлық пенде өзіне әсер ететін белгілі бір құпия күштің бар екендігіне сенеді. … Діни қауым о баста — діннің негізін қалаушы, оқытушы мен оның оқушыларын біріктіруші топ. Бұл ешқандай тұрғыдан ресми бекітілмеген жеке байланыс. Тек кейінірек христиандықта діни иерархия қалыптасады, ол шіркеуге айналады.

  Діни ұйымдарды типке бөлудегі  келесі бір қадам өткен ғасырдың 20-шы жылдарында Р.Нибур тарапынан  жасалды. Ол секта мен шіркеуді  діни ұйымның даму кезеңдері  ретінде көрді: секта шіркеуге  айналуы мүмкін, ал шіркеу секта  болып кетуі мүмкін. Нибур, әзірге  қалыптасу, эволюция, ұйымдастырушылық  дайындық кезеңінде тұрған діни  бірлестіктерді атау үшін деноминациялар  деген түсінік енгізді. Ол шіркеу  мен секта арасындағы айқын  шекараларының жоқтығына, бұрынғы  оппозициялығын жоғалтқанына назар  аударды. “Дүниені” жоққа шығару  оны мойындаумен ауысуда, секталар  өзінің дүниеге деген көзқарасы  бойынша шіркеуден ерекшеленуін  қойды, алайда олар бірқатар басқа  қатынастарда “шіркеу” деген  түсінікке сәйкес келмейді.

   Осындай барлық ұйымдар  деноминация деген атқа ие  болады, ұзақ уақыт бойы өмір  сүруші секталар соңына келгенде  дін ұстануға айналады, мысалы  методизм. Ол тағы бір түсінік - табынушылық түсінігін ұсынды. Бұл әдетте қоғамда өмір сүруші  құндылықтарды, ресми көзқарастарды, т.б. қабылдамаушы адамдар бірлестігі  әлеміне қатысты сектаны еске  салушы ретінде көрінеді. Бұл  қандай да бір діни, харизмалық  типтегі жетекшінің айналасында  шоғырланатын, өте көп ізбасарлары  бар айтарлықтай аморфты бірлестік. Қазіргі кездегі діндердің мысалына  спиритуализмді, трансценденталды  медитация қозғалысын, астрологияға  сенуді, т.б. жатқызуға болады. Кейде  бұл ұғым Христостың мыңжылдық  патшылығының орнығуы үшін милленаристік (мыңжылдықты) қозғалыстарды атау  үшін қолданылуда.

     Бұл ұғымдардың барлығы  христиандықты талдауға негізделген, діни ұймның өзіне тән ерекшеліктерін  көрсетеді. Алайда кейбір ірі  діндерде дамыған бюрократиялық  иерархия жоқ, мысалы индуизмге, исламға қатысты секталарды айтуға  болады. Және басқа да әлемдік  діндерде осы сияқты топтасқан  топтар болады. Бірақ олар “секта-шіркеу”  деген міндетті дихатомияға енгізілмеген. 
  Діни топ әрекетінің ұйымшылдығы басшылықпен, рухани жетекшінің іс әрекетімен анықталады. Социология үшін маңызы зор рухани басшылардың бірнеше түрлері болады. Ең маңызды түрінің бірі — “пайғамбар”, діни оқылымдарды немесе құдайды мадақтаушы, жеке дара харизманың иегері. Пайғамбар осы ертеректегі ашылымдарды мадақтай алады және сол кезде ол жаңа дін құрмайды, бірақ ескі дінді жаңа арнаға салады, яғни діни реформалар ретінде алға шығады. Егер пайғамбар дүниеге тіпті жаңа ашылым алып келсе, онда ол діннің негізін қалаушы болады. Әлбетте, әрбір дінге сенуші өзі қолдайтын дінді терең білуге, мәнін ұғынуға және өзге діндер алдында өзінікін қорғаштауға ерекше мән беріп, өзінікін ең тура, шынайы дін деп санары сөзсіз.

“Шіркеу”, “секта”, “деноминация”, “дін ұстану”, “табынушылық” түсініктерін біршама шартты түсініктер деп санауға болады. Сонда олар діни өмірдің жағдайы мен формаларын сипаттаушы маңызды тенденцияларды талдау үшін пайдалы болады. Қазіргі кезде әлемде түрлендіру проблемасы, шіркеуден тыс діндарлықтың дамуына байланысты қажетті деңгейдегі мәнге ие болуда, зерттеушілердің назары индивидтің ішкі діншілдігі мен қатаң тәртібі, салты, ұйымы бар шіркеулік институциалданған діншілдіктің ара қатынасына қарай ауып отыр. Типке бөлуді жасау діни топтарды эмпирикалық зерттеудің дамуындағы маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Адвентистер - (лат. adventus — қайта оралу) - протестант дінінің тармағы. Таралуы аймағы АҚШ.19 ғасырдың 30-шы жылдары ұсақ буржуазия топтарының арасында пайда болды.Сектаны құрушы - баптист Уильям Миллер (1782-1849). Ол 1831 ж. жазында Христостың қайта оралу күнін жариялады - 21 наурыз 1841ж.Адвентистер іліміне сай Христос (Иса пайғамбар) қайтып оралады. Сонан соң жер бетінде "мың жыл тыныштық" орнайды.

Таблиғи жамағат (араб.: جماعة التبليغ‎, урдуша: تبلیغی جماعت‎, «(дін) тарату жамағаты»)— Үндістандық Мұхаммед Ілияс Кандеһләуи (1303-1364) 1926 жылы Үндістанда құрған ағым. Исламға шақыру, Исламды тарату мақсатында құрылған. Бұл ағым өкілдері дін таратуға 3 күнге, бір жетіге, 40 күнге шығып, елді мекендерді аралап уағыз айтумен айналысады. Бұл ағымның негізін салушылар сопылық тариқаттардың өкілі болып, матуриди сенімін ұстанған

Хизб ут-тахрир (араб.: حزب التحرير‎) — Тақийуддин ән-Нәбһани құрған Ихуан әл-Муслиминнен бөлініп кеткен ағым. Олар шариғаттан тек ақылымызға келетін нәрсені аламыз деп, қабір азабын, Мәсих Дәжжәлдің шығуын, т.б. заттарды мойындамайды.

Йеменнің атақты мухаддисі шейх Муқбильден хизб ут-тахрир туралы айтып беруін өткенде, ол былай деді:

«Хизб ут-тахрир» – Иорданиядан шыққан жиіркенішті партия. Бұл партия «ихуан әл-муслимин» партиясынан бөлініп шыққан. Олар хизб ут-тахрирдің көсемі ән-Нәбһаниге бізге қарай қайта орал деп хат жазған, бірақ ол «ихуан әл-муслиминге» қайта қосылудан бас тартты. Аталмыш партия ақида мәселесінде: «Біз тек логика мен ақылға сай келетін нәрсені ғана қабылдаймыз» дейді. Сол себепті олар қабір азабын, Дәжжәлдің келуін жоққа шығарады. Олар әдеп, білім талап ету секілді мәселелерге мән бермейді, себебі олар ең басында тек саяси түсінікке ғана бағытталған ағым ретінде қалыптасты.

— Муқбиль ибн Һади Тухфәтул-муджиб ғалә әсилә әл-хадыйр уәл-ғариб

Ұйымның екі түрі бар:

1. Ресми ұйымдар

2. Бейресми ұйымдар.

Ресми ұйымдар- ұйымның мақсатына жету үшін басшылықтың еркімен құрылған адамдар тобы. Жалпы ұйым туралы айтылса, ол ресми ұйымдар тобы. Ресми ұйымдар белгілі бір заңды талаптарға негізделген.

Бейресми ұйымдар  — әр түрлі әлеуметтік ішкі себептерге байланысты ресми ұйымның ішінен құралған ұйымдар. Бейресми ұйымдар шағын ғана ұйымдардан басқа барлық ресми ұйымдарда болады. Оларда жетекшісі болмасада, олар өте қажет. Олар белгілі бір мақсаттарға жету үшін жүйелі түрде өзара қатынаста болатын адамдар тобы.

        Бейресми  ұйымдарға адамдардың топтасуының  себептері:

1. қатысушылық немесе достық сезім

2. өзара көмек

3. өзара қорғау, адамдар күшінің бірігуі.

4. өзара ортақ қызығушылықтар мен мүдделер.

Бейресми ұйымдар сипаттамасы: әлеуметтік бақылау,өзгерістерге қарсы тұру.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Мазмұндардың мағынасы:секта,деноминация,конфессия,церковь

    Секта - бұл топ мүшелерін физикалық және психологиялық тәуелділікке түсіруді мақсат ететін ұйым. Дәстүрлі емес діни ағымдардың тарататын ілімі ең соңғы ақиқат деп есептеледі, кез-келген аймақта өз діндерін таратуды талап етеді, дәстүрлі діндерге және әр елдің ұлттық рухани құндылықтарына агрессиялық төзімсіздік немесе немқұрайлы қарым-қатынаста болады. Олар өздерінің шынайы мақсаттарын, қызметтерінің нәтижесін жасырын ұстайды, дәстүрлі діндердің киелі кітаптарын мақсатты түрде бұрмалап, оларды өз догматтары ретінде қолданады, психотехнология әдісін қолдану және өз мүшелерін басқа мәлімет көзінен қиып тастау, мүшелікке адамдарды жинау. Бұл ұйымдарда тірі адамға табынады, діни ілімдері эсхатологияға (ақыр заман) негізделеді, жиындарының көбі жасырын өткізіледі, ұйым мүшелері қатал рухани бақылауда болады және қоғамға қарсы іс-әрекеттер де  жасап отырады.

Информация о работе Дінтану танымы,діни култі,діни дәстүрі,діни ұйымдары