Саяси секта - [лат. secta - ілім, бағыт, мектеп] -
ресми шіркеу мен конфессиядан бөлінген діни топ немесе қауым. Сектаның
ашық, бұқаралық және құпия түрлері болады.
Секта орта ғасырда шіркеу үстемдігі жағдайында
дәлме-дәл мәнінде қолданылды. Секуляризация үрдісінде ұғым мәні кеңейтілді. Секта
саяси мағынада партиядан немесе бұқара
халықтан бәлінген, өзінің мүдделерін
қоғам немесе партияға қарсы қоятын, өздерінің
шектелген мүдделерінде тұйықталған адамдар
тобы.Саяси сектанттық - үстемдік етуші ресми шіркеуден бөлінген
діни ұйымдар; өздерінің ұсақ топтық мүдделерімен
шектелетін адамдар көзқарастарының түйықтылығы.Сектанттықта кінәлау - саяси күрестің кең тараған түрі, оның
мақсаты - оппонентті саяси бағдарламасы шектеулі, ұйымдық
тұрғыдан тұйықталған, партия немесе қозғалыстарды бөлуге ұмтылады
деп кінәлау. Әсіресе, сектанттықта солшыл
саяси бағыттағылар жиі кінәланады.
Шииттер (араб.: شيعة — топ, ағым, секта) — Мұхаммед пайғамбардың өлімінен кейін пайда болған ағым. шииттер
(шиғалар) Әли ибн Әбу Талибті Пайғамбардан кейінгі билікке ең лайықты
адам санап, алғашқы халифтер болған Әбу
Бәкір мен Омарды зұлымдық жасады деп
айыптайды. Олардың көзқарасы бойынша
Әли және оның ұрпағы қателерден сақталған,
олардың сөздері шариғат саналады. Олар көптегенсахабаларды Мұхаммед пайғамбардан кейін
Ислам дінінен қайтқан кәпір санап, сондықтан
Сүннеттен жеткен хадистерді мойындамайды. Осыған қоса олар
Құран Кәрім өзгертілген санайды, оның
дұрыс нұсқасы Әлиде болды деп ойлайды.
Шиғалардың сенімі бойынша «нағыз» Құранды Мәһди алып келеді. Шииттердің кейбіреулері Айша ананы Әлиге қарсы шыққаны үшін
балағаттап, зина жасады деп айыптайды,
оны тозақтық санап, қайтыс болған күнін
тойлайды.
Терможелім (орыс. термоклей) — материалға балқыған күйінде 100 °С астам температурада жағылып, салқындағанда 1-2 сек-та
қататын желімдеу композициясы. Кітап блогін тікпей желіммен бекіту
үшін және дәптерлерді тігетін терможіп
құрамын жасау үшін пайдаланады.
Адживика - негізін Будда мен Махавираның замандасы Госала Макхалипутта
салған тақуалық секта. Бұл сектаның ілімі бойынша, универсум түгелдей,
ұсақ бөліктеріне дейін өзіндік қасиеті
жоқ принциптермен анықталған.
Тантризм - [санкср. тантра - орағыта айту,
айла-әдіс; киелі мәтін; сиқыр] - өздерінің
киелі мәтіндері ретінде тантраны танитын индуизмніңсекталары мен мектептерінің жалпы атауы.
Тантризмге төмендегідей қасиеттер тән:
секта құрамында төмен және ең төмен касталардың
басым болуы; сектада арийлік емес тайпалардың өкілдерінің
кездесуі; секталардың және олардың ғұрыптарының
құпиялылығы; әдет- ғұрыптардыңйогалық тәжірибемен байланыстылығы; брахмандық рәсімдермен және мораль ережелерімен
шектелмеу.
Мурджия (Murjiah),-айтарлықтай күнә жасаған адамдарды
соттауды кейінге қалдыру туралы ілімді
қабылдаған алғашқы мұсылман секталарының
бірі, өйткені мұсылман баласы өз дінін
жоғалтты ма, жоғалтпады ма оны Алла ғана
шешеді. Мұсылман қауымындағы алауыздық
туындаған кезең, 7-8 ғасырларда дамыған
секта.Ауыр күнәсі үшін айыпталғандарды
қауымнан қууға және оларға қарсы Джихад жариялауға бағытталған хариджиттердің
жауыққан сектасынан ерекшелігі – мурджиттер
күнәлі адамдарды Алланың қолына тапсыру
керек деп есептейді.
Әлемдегі ең қауіпті тоғыз
секта
Әлеуметтанушылар әлі күнге
дейін «секта» сөзінің анықтамасын таба
алмай келеді. Кейбір теолог ғалымдар
оны Жазмыштан (Писание) үзіліп алынған
немесе кеңінен таралып мойындалмаған
діни топ ретінде таниды. «Секта» сөзі
бүгінгі күнде көбінесе «өлім» сөзінің
синонимі ретінде қолданылады.Әлемдегі
ең қауіпті
9 сектаның тізімі ұсынып отырмыз. Соңғы
орыннан бастайық.
1. Но-но-Напа («гүл ілімі»)-жапондық необуддистік
секта. 1987 жылы негізі қаланған. «Оқытушы»
Хоген Фукунага магиялық қабілеттілігі
бар адам болып адамның өткені мен келешегін
олардың аяқтарына қарап оқып бере алады.
Сектаның жоғарыдағылары күштеп қорқытумен
айналысты, олар: қатерлі ісік (рак) немесе
басқа да өлімге душар ететін ауруларды
алдын-ала болжайтын, ол адамдардың 1 рет
қабылдауы 900 $ тұратын арнаулы тазалау
шараларына қатысуға мәжбүрледі. Алаяқтығы
үшін айыптағаннан кейін Фукунага сотқа
тартылып үкім бойынша 1 млн. $ жуық айып
төледі. Секта осы жолды ұстаушыларды
басқа атпен Yorokobi Kazoku no Wa ұжымдастырып
отыр.
2. Raeliano сектасы-Фрвнцияда өткен ғасырдың
70 жылдарда пайда болды. Негізін салушы-бұрынғы
спорт шалушысы, Раэль ретінде кеңінен
танылған Клод Ворильон, ол 1973 жылдың 13
желтоқсанында Францияның орталығындағы
сөнген жанартау шұңқырында басқа планеталармен
кездесті, олардың біреуі өзін Құдай (Elohim)
деп атады. Elohim оған жердегі өмірді басқа
планетарлықтар гендік инженерия, соның
ішінде клодаудың көмегімен жасағанын
айтқан. Раэль өз сектасына адамдарды
мәңгілік өмірді уәде етіп шақырады. Ол
сол құпияның иегері ретінде танылды.
Осы «шіркеудің» өзін жалғастырушылардың
бірі 2003 жылы БАҚ-да әлемдегі бірінші клон
болып табыламыз деп үндеу тастады. Бұл
жаңалықты ғалымдар көп ұзамай-ақ жоққа
шығарды.
3.. «Орден Храма Солнца» (Күн Шіркеуінің
Ордені) –кейбір БАҚ-ы, мысалы «Совершенно
секретно» газеті оның қызмет ету аясы
Ресей териториясы екенін ашып көрсетті.
1984 жылы неонацист, Бельгиялық Люк Жур
негізін қалаған. Ғылымға сәйкес астрология,
алхимия, мистика, иога мен кабалистика
қоспасы ретіндегі Жер апокалипске қайтымсыз
түрде жақындап келеді. Бірақ, өлім деген
мүлде жоқ, ол жай бұлыңғыр сағымнан басқа
ештеңе де емес. 1995 жылы 22-желтоқсанда
Францияның Альпілерінде, Греноблден
қашық емес жерде «Орден Храма Солнценің»
(Күн Шіркеуі Орденінің) 16 жақтаушысының,
оның ішінде 3 кішкентай балалардың жаппай
өзін-өзі жағу салты болды. Кейбір құрбан
болғандар басына атып өлтіріліп, содан
кейін барып отқа орануға берілді.
4. Бхагавана Шри Раджниш (Ошо) сектасы.
1966 жылы Раджниш университетті тастап
джайнизмнен, тантризмнен, дзен-буддизмнен,
дауосизмнен, суфизмнен, психоанализмнен
және т.б. үзінді болып табылатын осылардың
қоспасынан тұратын өзінің ілімдерін
уағыздай бастады. Раджништің «діннің»
басты ереже постулатында: «Құдайды сүй,
және өзіңнің қалағаныңды істе» деп айтылған.
Ең көп тараған жері АҚШ. Раджништің тап
өзі 1984 жылы Далласта жүздеген адамдарды
сальмонелл бактериясының көмегімен уландырған
деген болжам бар. АҚШ-нан жер аударылған
соң Раджниш өзінің ізін жалғастырушылар
бар жерге тоқтағысы келді, бірақ 21 ел
оған не еліне кіруге тыйым салды, не Греция
сияқты ешқандай түсініктемесіз елдерінен
қуып шығарды. Қазір әлемде 200 –ге тарта
Ошо медитациондық орталығы бар деп есептеледі.
Олар бұрынғы Совет Одағының территориясы
болып саналған Петерборда, Воронежде,
Одессада, Краснодарда, Минскіде, Тбилисиде,
Рига мен Мәскеуде әлі де өмір сүріп жатыр.
5. Мэнсон сектасы. Өзін пайғамбар деп сезінген,
манияға берілген бір адам ақ пен қара
нәсіл арасында соғыс жариялайды. Чарльз
Мэнсон 1969 жылы бірнеше адамды өлтіргені,
оның ішінде режиссер Роман Поланскидің
жұбайы актриса Шэрон Тейтті өлтіргені
үшін жазаға тартылды. Үкім бойынша ол
газ камерасында азапталып өлтірілуі
керек еді, бірақ 1977 жылы Калифорнияның
жоғарғы соты өлім жазасы конституциялық
емес деп таныды, сондықтан оны өмір бақи
бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырды.
Былтырғы жылы оның мерзімнен бұрын босауы
туралы өтінішінен бас тартты.
6. «Врата рая» (Жұмақ қақпасы-Heaven’s Gate)-1975
жылы АҚШ-та Маршалл Эпплуайт және Бонни
Неттлз негізін салған. 1997 жылы Эпплуайт
жердің Хейла-Бопп кометасымен соқтығысуынан
қаша алмайтын себепті өзінің сектасының
39 ізбасарын өзін-өзі өлтіруіне көндірді.
7. «Аум Синрике» -секта Жапонияда пайда
болған. Кейбір елдерде оның қызметіне
тыйым салынса да, кейбір жекелеген топтары
ТМД-да өмір сүріп жатыр. Аум Синрике ілімі
көп ретте буддизм мәтінінің негізінде
іргесі қаланған, олар негізінде өздерінде
буддизм мен иоганың дүниетанымының қауіпті
өоспасы ретінде танылған. Секта жетекшісі
–Секо Асахара Ресейге бірнеше рет келіп
саяси және діни қайраткерлермен кездесті.
Аум Синрике Жапонияда теракт, оның ішінде
нәтижесінде 12 адам қайтыс болған Токио
метросындағы сияқты бірнеше теракт дайындады.
Сот Асахарануды 17 айыптаудың 13-і бойынша
кінәлі деп тапты және 2004 жылы өлім жазасына
кесті.
8. «Храм Народов» (Халықтар шіркеуі) сектасы.
Секта Гайанада пайда болған және әлемдегі
ең қауіпті секта деп танылған. 1978 жылы
18 –ші қарашада Гайана джунглилерінде
АҚШ-ның мыңға тарта адамы өзін-өзі өлтірген.
Сектаны қайсыбір уағыздаушы Джим Джонс
құрған, ол ұрып-соғу, қоқан-лоқы көрсету,
балағаттау арқылы сөзсіз бағынуға мәжбүр
еткен. Куәгерлердің еске алуы бойынша,
оның уағыздары көбінесе саяси жиналыстарға
ұқсас болған. Өзінің бір қызметінде Джонс
артында ілініп тұрған американың туына
қарады, оған жұдырығын түйіп: «Нәсілшілдер,
әуестенушілер, империалистермен куклуксклановтықтар
ұлты, тұра тұрыңдар! Жасаған қастықтарың
үшін есептесетін сендердің сағаттарың
да келеді!» деді. Джонс бөлек бір ауылда
«бірлескен социализм» құрды. Олар өздерінің
коммуналарын ресми деректерде Бұл ««Халықтар
Шіркеуі» ауылшаруашылық және медициналық
бірлестік» деп атады.Ауылдың бір көшесі
Ленин атымен аталды, ал таңертең Джонстауынды
ояту ретінде динамиктерде Совет Одағының
әнұраны ойнатылды. Қазірге дейін осы
ауыл тұрғындарының өлімінің себебі туралы
анық мәліметтер жоқ. Кейбір көздерде
бірлестікті қууға талпыну мақсатымен
оның барлық тұрғындары цианистік калий
ішкен дейді. Бірақ 1988 жылы «Независимая
газета» бұл жаппай өлтіру АҚШ-тың арнайы
қызметкерлерімен ұйымдастырылған дейді.
9.Сатья Саи Баба сектасы. Сатья Саи Баба
сөзі санскрит тілінен аударғанда «шынайы
ана мен әке» деуге болады, ол 1926 жылыҮндістанның
оңтүстігіндегі ауылда туған. Саи Бабаның
айтуы бойынша ол 14 жасында комаға жақын
жағдайды басынан өткерген. Екі ай бойы
оны қатты аурулар мазалап ол есінен жиі
танып қалатын. Осы біртүрлі аурудан кейін
«оның парапсихологиялық қабілеттері
өсіп кеңейді» және Саи Баба өзін тірі
құдай, Шива құбылысы болып есептеліп
Ширдилік әйгілі үндістандық «әулие»
және таңқаларлық іс жасаушы Шри Саи Бабаның
басқа түрі менмін деп жариялады.
Сатья Саи Баба өзін Шива мен Шактидің
негізін қалаушы, еркектер мен әйелдердің
құдіреттілігінің бастауы, Шактидің бір
құбылысы ретінде Према-Саи бейнесінде
тағы да дүниеге келетінін жария етті.
Сонымен қатар ол Библияда, Құранда, Махабхаратта
және басқа да киелі кітаптарда бар деген
желеумен өзі туралы кейбір ескілікті
пайғамбарлық дәстүрлерді ұстанатынын
айтады. Саи Баба: «Біз өз дүниетанымымызда
уақытпен және кеңістікпен шектелмегенбіз,
өйткені біздің шынайы тіршілігіміз шектеусіз,
өзгеріссіз, өтпелі емес, ... біздің шынайы
тұрмысымыз таза махаббат пен шаттықтың
тәнсіз жағдайы». Тіпті сөз қолданыстағы
«тұрмыс» және «хал-жағдай» сөздерін біртүрлі
ажырата алмау, сірә, Саи Баба адамның
және Абсолюттің бірдейлігін дәлелдеумен
байланысты шығар. Бірақ, Саи Баба сонда
да үнемі «жай әулиелерден» өзінің сапалы
айырмашылығын өз бойындағы құдіретті
тіршілікті белгілі күштер жолымен ашқанын
айтып өз дегенін орындатып отырды.
Саи Бабаның «ғажайыпты» өндіру технологиясы
бізге жақсы белгілі және толықтай суреттелген.
Жалпы алғанда, әңгіме наным-сенімде көбейген
және көпшіліктің елестетулерді шындай
қылып қоздыру сияқты жай фокус туралы
болып отыр. Мысалы: «киелі күл» жағылған
құрғақ сиыр кепесімен сандал ағашының
қосындысынан алдын-ала жасалып дайындалып,
кішкентай түрдегі домалақ түйіршік немесе
түймедақ сияқты шиыршықталады. Саи Баба
осы шиыршықтармен қойылымдары кезінде
оларды саусақтарының арасына білдіртпей
қысып қулық жасаыйды. Ал «құдіреттің»
көптеген ғажайыптары туралы әңгімелер
түгелдей ойдан шығарылған.
|
Деноминация - көп мәндi термин. Діндік деноминация шіркеу мен сектаның дәстүрлі түсініктеріне
жатпайтын діни бірлестіктердің
бір түрі;
Деноминация - көп мәндi термин. Діндік деноминация шіркеу мен сектаның дәстүрлі түсініктеріне жатпайтын діни бірлестіктердің бір түрі;
Дiни деноминация
- бiрiктiру нақтылы дiни дәстүр
шектерiндегi бiр дiни наным ұстаған
дiншiлдік. Яғни деноминация дiни
дәстүр бойынша тек бір ғана
дінді ұстап сол дін жолы
бойынша жүру болады. Мысалы Қазақстандағы
басты деноминациядағы дін ислам
діні болып табылады. Экономикадағы
деноминация - ақшаларға үлкенiрек
бағалылыққы ақша айналымның
жеңiлдiгi және беру мақсат өткiзiлетiн
оның аттары елдiң ақшасының iрiлендiруi
өзгерiссiз. Ақшалай купюралар және
үндеу болатын ақшалардың саны
қысқартуға деноминацияның арқасында
едәуiр лажы болады.
Конфессия - (confessio латынша - тәубеге келу)
- дiншiл, бiр дiн шектерi, болатын өз дiн оқуы,
шоқынуды ерекшелiкте және нақтылы ұйымдық
құрылымды бiрiктiру.
Христианин конфессияларына православие,
католицизм және протестантизм жатады.
Айқынырақ деп айтуға болады Бiртұтас
Апостолдық шiркеу (1054 жыл) католицизмды
ол қопарылып түскен (православие ) Христ
бар. Католицизмнан 1529 жылдан протестанттар
ортақ атау алған қауымдар бөлiне бастады.Конфессия
термин тарау өзгерiстiң мерзiмiне тарату
алды.
Церковь (шіркеу)-діни ғұрыптары мен ғибадаттарын
атқаруға арналған ғимарат.Шіркеу - христиан діни ғұрыптары мен ғибадаттарын
атқаруға арналған ғимарат. Христиан дінінің көпғасырлық
даму тарихында әр халықта әр алуан шіркеу
түрлері қалыптасқан. Жалпы шіркеуге ортақ
белгі Шығысқа бағытталған михрабтық
бөлігі және оған жалғас ғибадат етушілерге
арналған бөлмесі болады. Шіркеу одан
басқа Капелла, Крипта, Придел, Трапезная, тағы басқа бөліктерден құралады.
Қаланың бас шіркеуі “Собор” делінеді. Лютерандық шіркеу
– кирха, поляктарда католик шіркеуі – кастель деп аталады.
Қорытынды
Жалпы маған
берілген тақырып діннің құрылымы
туралы болатын. Өзіме берілген
жұмысты толықтай аша алдым
деп ойлайм. Осы тақырыпты қорыта
келе жалпы діннің құрылымы
– адамзат пайда болғалы бар
және қазір де өміршеңдігін
тоқтапаған, тіпті адамдармен бірге
өмір сүре беретін тәңірлік
құрылым. Адамзат тарихында, мейлі
қай кезеңде болмасын, наным-сенімнен
жұрдай бірде-бір қоғамды кездестіре
алмайсыз. Жастардың діни санасы
мен діни білімін қалыптастыру
– бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Еліміз
бойынша мектептерде «Дінтану негіздері»
пәні оқытылуда. Мұны дұрыс шешім деп ойлаймын.
Өкінішке қарай, сол пәнді оқытатын мамандар
жеткіліксіз. Мамансыз дінтану пәнін жүргізу
– ең үлкен қателік. Егер де жас азаматтардың
діни санасын қалыптастыруға дін маманы,
дінтанушы білім бермесе, оның дүниетанымы,
діни санасы қайда бағытталары белгісіз.Діннің
құрылымы әр ғасырда, әр жылда әртүрлі
дамып отырған.
Сондықтан қорытынды ретінде,
дінді жалпы социологиялық теориялар
деңгейінде ерекше әлеуметтік
шағын жүйе ретінде социологиялық
зерттеп білу, тек діннің нақтылы
тарихи формаларын, тұтас әлеуметтік
жүйе шеңберінде әлеуметтік байланыстар
мен институттардың айрықша типін
сипаттаушы эмпирикалық материалға
сүйегенде ғана табысты болады
деп айтуға болады. Сол себептен
индивидтер санасының белгілі
бір жағдайымен айқындалған әлеуметтік
топтардың дін ұстанушылық белгілерімен
біріккен немесе ажыратылған
жүріс-тұрыстарын зерттеу маңызды
болып отыр.
Егер дін зерттеудің категориясы ретінде
жекелеген тұлғаларға діни сенімдердің,
әрекеттердің және қатынастардың субъектісі
ретінде тікелей көңіл бөлмейтін болса,
онда діншілдік ортақ сенім мен дін бойынша біріктірілген
және топқа кіретін жекелеген адамдардың
санасында және жүріс-тұрысында діннің
жалпы әлеуметтік табиғаты қалай іске
асырылып жатқанын анықтауға негізделген
нақтылы әлеуметтік қауымдастықтар мен
индивидтерді зерттеуді талап етеді.
“Діншілдік” түсінігі социологиялық
зерттеудің тікелей объектісі - тұлғааралық
белгілі бір жиынтығымен ара қатынаста
болуы мүмкін және осы қатыстылықты теориялық
талдау негізінде зерттеліп отырған жиынтықтың
діншілдік белгілерін зерттеу рәсімі
жасалынады. “Діншілдік” түсінігін талдау,
оның эмпирикалық түсіндірілуі, оны зерттеудегі
нақтылы ғылыми социологиялық бағдарламасын
жасаудағы басты әдістемелік алғышарты
болады.
Социологиялық тұрғыдан зерттеуде бір-бірінен
мазмұны өзгеше және діншілдіктің эмпирикалық
толысуын толық мөлшерде ашу үшін айырып
алуды және анықтауды талап ететін бірқатар
басқа да ұғымдар қолданылады. Діннің
жеке адамға әсер ету деңгейін белгілеп
алу бізге былайша айтқанда діншілдену дәрежесін береді.
Ол діншілдіктің эмпирикалық белгілерін
саптау және тиісті шаманы құру негізінде
анықталады. Ол діншілдік дәрежесі бойынша
ерекшеленетін тұлғаның мүмкін болатын
бірнеше типтерін қамтиды. Сонымен қатар
бірқатар социологтардың дінді кеңейтілген
күйінде түсінуге бейімдігін есепке ала
отырып, бұл белгіні қандай да бір діни
бағыттың жолын ұстанушылық дәрежесі
деп түсіндірме беруге болады, себебі
адам жалған діни ортада немесе топта,
айталық онда сенім объективті қасиетсіздендірілген
және о дүниелік әлемде болмайтын азаматтық
дінде және сенім жағдайында, табынушылық
тәжірибеде, жүріс-тұрыста болуы мүмкін.
Белгілі бір адамдар тобының, аймақ тұрғындарының,
демографиялық немесе әлеуметтік топтың
белгілі бір дінге көзқарасы діншілдік дәрежесін білдіреді.
Ол діншіл адамдарды топтың жалпы санынан
бөліп алу және олардың пайыздық ара қатынасын
анықтау негізінде анықталады. Сол қауымдастығы
немесе аймақтағы типологиялық топтардың
ара қатынасын анықтауда мүмкін екендігі
айтылуда.
Діншілдік сипаты деген
түсінік түрлі діндердің немесе дін өкілдерінің
діншілдігіндегі сапалы айырмашылығын
анықтайды. Мысалы, буддистердің діншілдігі
христиандардың діншілдігінен ерекшеленеді.
Бір діннің ішіндегі әр түрлі бағыттар
мен ағымдар өкілдерінің, мысалы протестанттар
мен католиктер, шейіттер мен суниттер
арасындағы діншілдігінің айырмасы әрқалай
болуы мүмкін. Онымен қоса, бір-біріне
сәйкес келмейтін діни және діни емес
жүйелердің, сектанттардың, адептердің
жолын ұстанушылардың діншілдік сипатын
толықтай ұқсас болуы мүмкін.
Сондықтан діншілдіктің
деңгейін зерттеуде көбіне діншілдіктің
деңгейін фанатизмнен бастап
деферентті формалары, шыдамдылық
арқылы атейзмге дейін тізбелейтін
шама қолданылды. Әрине, мүндай тұрғыдан
келуде діншілдіктің деңгейі, дәрежесі,
сипаты, зерттеулерде бара-барлылық
көрініске ие бола алмады. Діншілдіктің
жан-жақты белгілерін қалыптастыруда
және оны теориялық-әдістемелік
зерттеуде, эмпирикалық зерттеуде,
діннің кеңейтілген түсіндірмелердің
түрлі элементтерін қолдану қажеттілігін
мойындауға тура келеді. Олар
табиғаттан тыс нәрсеге сенуден
емес, өмірлік мәнді жүйелерге
және әлеуметтік құндылықтарға,
діни-мистикалық тәжірибедегі қатынасынан,
сенушілер арасындағы қатынастар
мен жүріс-тұрыс жүйелерінен күш
алу керек. Содан кейін барып
дүниетанымдық индикаторлар түрінде,
бірақ сыртқы әлеуметтік және
мәдени көріністерінде қолданылуы
керек.
Әдебиеттер тізімі
Ежелгі заманнан біздің
заманға дейінгі Қазақстан тарихы. Тарихи очерк. – Алматы:
«Дәуір», 2005. -416 б.
Православие.- http://ru.wikipedia.org
«Дінтану» курсын оқытуға
әдістемелік мәлімет (дәрістің қысқаша
мазмұны) – Сабадаш Ю.С.- Мариуполь, 2004.
– 56 б.
Қазақстандағы христиандық
- http://www.mckr.kz/en/religions-of-kazakhstan/christianity
Қазақстандағы қазіргі
діни жағдайлар: тәуекел факторлары мен
діни даулардың потенциалы - http://www.religare.ru/article6503
Қазақстандағы православие-
http://ru.wikipedia.org
Астаналық және Қазақстандық
митрополит Александрдың сөзі - http://mitropolia.kz/arhipastyr/interv.html