Фотограмметрия пәні және оның негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 16:27, лекция

Описание работы

Фотограмметрия деген сөз гректің Photos-сәуле, gramma-жазу және metreo- өлшеу деген сөздерінен құралған. Нақты айтқанда фотограмметрия жер бетіндегі объектілердің түрін, пішінін, өлшемдерін және орналасу жағдайларын олардың фотографиялық бейнелерін (фотосуреттерін) өлшеу арқылы анықтайтын ғылым саласы. Фотограмметрия ғылым мен техниканың көптеген салаларында геодезия мен астраномияда, әскери инженерлік ісі мен артиллерияда, сәулеттік өлшеулерде, география мен мұхиттарды зерттеулерде, атомдық сынаулар мен ғарыштық зерттеулерде, ауыл шаруашылығында және басқа өлшеулерде кеңінен қолданылады.

Файлы: 1 файл

Лекция на каз.doc

— 72.50 Кб (Скачать файл)

           Ұшу биіктігінің суретке түсірер кездегі өзгеруін ауа қысымының өзгеруін автоматты түрде белгілейтін арнаулы дифференциалды барометр-статаскоп көмегімен бақылайды. Аэрофотосуретке түсірер кезінде қолданылатын статаскоп-автомат С-51 бір-бірімен байланыс байланыстырылған ішіне сұйық құйылған екі монометрлік U тәрізді трубкалардан тұрады. Әр трубканың бір шеті сыртқы ауамен , ал екінші шеті кран арқылы бірде термостаттың ішінде орнықтырылған ауасы бар баллонмен бірде сыртқы ауамен жалғастырылады. Статаскоптың манометрлік трубкалары кезек-кезек іске қосылады, бір жағы жұмыс істегенде екінші жағы істемейді. Статаскоптың манометрлік трубкалары 50м биіктікке дейін жұмыс істеуге мүмкіншілігі бар, одан әрі биіктіктің өзгеруі автоматтық түрде екінші трубканы іске қосылдырады.

 

 

№6 Дәріс. Аэрофотосуреттерді  трансформациялау.

Трансформациялау тәсілдері. Фотомеханикалық трансформациялау. Фототрансформатор. Аналитикалық трансформациялау.

 Диференциалдық трансформациялау.

 

          Аэрофотосуреттегі нүктелердің жылжуларын кеміту үшін көлбеу суреттердегі көріністерді горизонталдық түрге немесе берілген масштабтағы көлбеу суретке өзгертуін фотосуреттерді трансформациялау жұмыстары дейді. Бұл жұмыстарды құрылыстарда жобалау аудандарының белгілі геометриялық оптикалық шарттары сақталған бейнелерін жасау үшін жүргізеді.

        Фотомеханикалық трансформациялауда арнаулы аспаптар фототрансформаторлар пайдаланып, көлбеу суреттің орталық проекциялық көрінісін горизонталь немесе берілген көлбеу суреттің бейнесіне түрлендіреді.

          Дифференциалдық  трансформациялауда суреттердің  орталық проекциясын берілген  масштабтағы ортогоналдық проекция  көрінісіне айналдырады. Бұның  нәтижесінде сурет пленкасында   немесе сурет қағазында бекітілген  ортофотосурет шығады.

            Трансформациялаудың аналитикалық тәсілінде көлбеу аэрофотосуреттерде өлшенген нүктелердің координаталары  арқылы солардың горизонтал фотосуреттегі жағдайына сәйкес барлық толықтандыру торларының нүктелері мен контурларға тән ерекше нүктелердің координаталарын есептейді. Есептеудің стереокомпараторлармен өлшенген мәндері арқылы электрндық есептеу машиналарында жүргізеді. Осының себебінде жер бетінің сандық моделін жасауға немесе автоматтандырылған сызғыштың көмегімен берілген масштабтағы инженерлік ғимаратты аналитикалық жобалау жұмыстарының нәтижелері көрсетілген ортогоналдық контурлық пландарын сызуға болады.

 

№7 Дәріс. Сызықты ғимаратты стереофотограмметриялық трассалау. Фотограмметриялық аспаптардың көмегімен трассалау.

Трассалау тәсілдері

 

          Камералдық фотограммтриялық және далалық жұмыстардың көлемдерін анықтауды аумақтың  жағдайына, фотосуреттердің сапасына  жабдықтардың бар болуына  және геодезиялық пландық биіктік негіздерінің даярлығына қарап жасайды.

         Аумақтың  күрделі жағдайларында  трассаның негізгі варианттарын алғашқы орнықтыруда  трассаның элементтерін мөлдір қисық сызықтардың шаблондары мен стереомоделде іріктеп, ал соңғы орнықтыруда-далалық жағдайда геодезиялық аспаптардың көмегімен табу пайдалы.

         Трассаны орнықтырудың түрлі тәсілдерінің ішінде  ең тиімдісі стереофотограмметриялық трассалау. Оны аумақтың кеңістік моделінде көрсетілген барлық топографиялық, геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларын ескеріп жүргізеді. Бұл жұмыстарды орындағанда камералдық, далалық және әуелік тәсілдермен аэрофотосуреттердің пландық-биіктік негіздерін даярлап, камералдық-далалық немесе камералдық-әуелік дешифрлеуді пайдаланып, түрлі стереофотограмметриялық аспаптардың көмегімен трассалайды.

        Автомобиль  жолдарының трассасын кеңістік жағдайда стереоскопиялық орнықтыруды түрлі тәсілдермен жүргізумен болады. Оларға көзбен шолып стереомоделде орнықтыру, берілген еңіс сызықтың алқабы бойында жобалық элементтерді кеңістік жағдайда іріктеу арқылы орнықтыру және трассаның негізгі жобалық элементтерін жүйелі іріктеу арқылы орнықтыру жатады.

 

№8 Дәріс. Автомобиль жолдары мен көпірлі өткелдерді іздену кезіндегі аэротопографиялық түсірулер.

Универсал фотограмметриялық аспаптар. Аналитикалық аэрогеодезиялық жұмыстар

 

        Жер бетінің аэрофототопографиялық түсіру жұмыстарна аэрофототүсіру, аэрофотосуреттерді пландық биіктік байланыстыру, топографиялық және инженерлік дешифрлеу, пландық-биіктік негіздерді жиілендіру, жер бедерін өрнектеу, аэрофотосуреттерді трансформациялау, топографиялық планды немесе фотопланды жасау жұмыстары кіреді.

        Жолдарды ізденіс  жұмыстарында аэрофототопографиялық  түсірулерді құрамды стереофотограмметриялық,  аналитикалық аэротүсіру тәсілдермен  жасауға болады. 

        Құрамды тәсілде  пландық биіктік негіздерін, жер бедерін түсіру және дешифрлеу жұмыстарын геодезиялық аспаптармен далалық жағдайда, ал пландық биіктік негіздерін жиілендіру, фотопландардың немесе графикалық пландардың контурлық жағдайларын даярлау жұмыстарын фотограмметриялық өңдеу арқылы жасалынады.

           Универсал фотограмметриялық аспаптарға аэрофототопографиялық түсіруді камералдық жағдайда өңдеу жұмыстарын түгел орындауға мүмкіншілік беретін күрделі аспаптар жатады.

           Универсал  фотограмметриялық аспаптардың  бірнеше түрлері бар. Универсал фотограмметриялық аспаптарға стереопроекторлар, стереографтар, стереометрографтар сияқтылыа жатады .

       Стереопроектор  СПР-3 проекциялаушы сәулелердің  байламын түрлендіретін фотограмметриялық  аспап. С

        Стереограф  пен стереопроектордан түрлі  масштабтағы, фокустық қашықтығы 55 тен 210 мм дейінгі, түрлі аэрофотоаппараттармен түсірілген аэрофотосуреттерді өңдеуге болады.

 

 

№9 Дәріс. Фотограмметрияның ғимараттарды қайта жобалауда қолданылуы. Жолдың трассасын және инженерлік ғимараттың жобасын табиғи жағдайда белгілеу әдістері.

Аэрофотосуреттердің көмегімен жол  қозғалысын ұйымдастыру.

 

           Автомобиль  жолдарды және көпірлі өтелдерді  қайта жобалаудағы аэроізденіс  жұмыстарының талаптары жаңадан  жолдарды ізденіс жұмыстарындай.  Жолдар мен көпірлі өткелдерді реконструкциялау мақсатында  аэроізденіс жұмыстары аумақ туралы мәліметтерді жинау үшін, бұрыннан орныққан құрлыстар мен оның элементтері және олардың жағдайлары  туралы мәліметтерді  жинау үшіни жүргізіледі.

           Аэроізденіс  жұмыстарында  аэрофотосуреттерді дешифрлеу нәтижесінде суларды жолдан бұру жағдайлары бағаланады, оларды жетілдіру шаралары белгіленеді, қажетті еңістік берліп, өзен арналарын бекіту, жер төсемелерін көтеру және дренаждық жұмыстарды жақсарту сияқты жұмыстар жүргізіледі. Бұл жұмыстар фотограмметриялық аспапта орындалады.

          Жолдарды  арнаулы аэрофототүсіріс реконструкцияланған  жолдар мен қайта салынатын  учаскелерді, автомобильдердң қозғалыс  жағдайлары мен тәртібін, қауіпті  және ыңғайсыз жерлерін анықтауға  мүмкіндік береді

         Жол қозғалысын ұйымдастырудың арнаулы автоматтандырылған жүйелері жаңа жолдарды реттеу, жол белгілерін жобалау мен орналастыру, қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Ескі, жаңа жобаланған және реконструкцияланатын жолдарда жолдың бағытын өзгертетін қисық сызықтардың радиустары өзгеретін, көру мүмкіншілігі мен бойлық еңістіктерінің мәндері өзгеретін жерлерде, қауіпті учаскелерде геометриялық элементтерін өзгерту қарастырылады. Жол қозғалысын ұйымдастырудың автоматтандырылған жүйелерінде бастапқы деректер ретінде жолдың паспорты мен жол қозғалысының паспорттары пайдаланылады.

         Бұндай  паспорттарды аэрогеодезиялық тәсілдер  мен фотограмметриялық құралдардың  көмегімен жасайды. Оларға керек  мәліметтерді автомобиль жолдарының алқабында жүргізілген ірі масштабты аэрофотосуреттерді фотограмметриялық өлшеу мен дешифрлеу нәтижесінде жинайды.

 

 


Информация о работе Фотограмметрия пәні және оның негіздері