Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 15:02, курсовая работа
Әйтседе, сыртқы ортаны, суды, ауаны қорғауға заңды түрде шара қолданбайтын бірде-бір мемлекет жоқ.Тіпті теңіз суын қорғау зиянды заттардың шығарудың технологиясын реттеу және қалдықтарды барынша азайту жөнінде халықаралық келісімде жасалған.
Бұл шаралар бұлжытпай іске асыру да керек етеді, себебі ауаның, судың, топырақтың ластануы ең ақырғы шегіне жетті. Әсіресе бұл мәселе халық өте жиі орналасқан өндірістік аудандарда тым үлкен орын алып отыр. Улы заттар бұл орындардан өзен суларымен, теңіз ағыстары және жел арқылы мыңдаған километр алшақ орналасқан аймақтарға тарап, жер шарының алыс түпкірлеріне қауіп тудыруда.
Мұздықтар дүниежүзілік ылғал айналымында маңызды рөл атқарады. Мұздықтардың түзілуінде климат жағдайлары басты орын алса, керісінше, мұздық альбедо арқылы ауа температурасын төмендетеді. Мұздықтың үстіндегі ауаның құрамында ылғал мен шаң-тозаң өте аз болады, сол себепті жылу сіңірілмейді. Мұздықтардың ауданының өзгеруі гидросфераның ғана емес, бүкіл географиялық қабықты қамтитын кері өзгерістерге алып келуі мүмкін.
Жер асты сулары. Жер қыртысының жоғары қабаттарына сіңген
сулар
құрлықтағы жер асты суларын құрайды.
Олардың пайда болуы жауын-
шашынмен тығыз байланысты, бірақ су айналымы
тұйық болмағандыктан жер қыртысына мантиядан
да едәуір мөлшерде су келеді. Жер асты
сулары, әдетте, су өткізгіш қабатта жинақталады,
олар су өткізбейтін қабатпен кезектесіп
келеді. Жер бетіне жақын жатқан, бірінші
су өткізбейтін қабаттың үстінде жаткан
сулы қабаттағы сулар грунт сулары (немісше Сгипсі
— топырақ, негіз) деп аталады қазақтар
оларды еспе сулар дейді. Олардың қысымы
жоқ, су деңгейі жыл мезгілдері бойынша
өзгеріп отырады. Жауын-шашын мөлшері
артқанда су деңгейі көтеріледі, құрғақ
кезенде төмендейді. Еспе сулар 3 м-ден
30 м-ге дейін тереңдікте таралған. Неғұрлым
тереңде жатқан қабатаралық сулардың
ішінде артезиан суларының маңызы зор.
«Артезиан» атауы Франциядағы Артуа провинциясының
атымен байланысты, мұнда 1126 жылы терең
артезиан құдығы қазылған болатын. Қазақстан
аумағының өзінде 70-тен астам артезиан
алабы анықталған.
Жер асты сулары жату тереңдігіне қарай ғана емес, химиялық құрамына, температурасына байланысты да айырмашылық жасайды. Құрамында адам организміне кажетті әр түрлі элементтер бар минералды сулар емдік мақсатта ежелден бері пайдаланылып келеді. Мысалы, тек Қазақстан аумағының өзінде ғана 300-ден астам минералды бұлақтар зерттеліп, олардың дертке шипалық қасиеттері аньлқталған. Жер асты сулары елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуде және егістік алқаптар мен жайылымдарды суару мақсатында кеңінен пайдаланылады. Дүние жүзіндегі қалалардың 70%-дан астамы сумен жер асты суы есебінен қамтамасыз етіледі. Азия мен Солтүстік Американың, Африка мен Аустралияның шөлді аудандарында жер асты суы бірден-бір су көзі болып табылады. Жер асты суы көп пайдаланылатын аудандарда грунт суының деңгейі төмендеп, оның ластануы байқалуда. Сондықтан жер асты сулары да беткі сулар тәрізді тиімді пайдалануды қажет етеді.
Табиғи
суларда олардың өздігінен
Ағызынды
суларды оларды ластаушы заттардан
тазарту күрделі процесс.Олар-
Суды
тазартудың механикалық әдісі бойынша
суды тұндыру және сүзу арқылы ондағы
механикалық қоспалардан
Физико-химиялық
әдісте ағызынды сулардан еріген органикалық
емес қосылыстар бөлініп, органикалық
заттар ыдыратылады.Көбінесе электролиз
қолданылады.Электролиз кезінде ағызынды
сулардағы органикалық заттар ыдырап,
металлдар,қышқылдар мен басқа
да органикалық емес қосылыстар бөлініп
алынады.Электролиттік тазарту
Рет № |
Атаулары |
Ауданы млн. км2 |
Көлемі, мың км3 |
Жалпы су қоры |
Тұщы су қоры |
1 |
4 |
4 |
5 |
6 | |
1 |
Әлемдік
мұхит |
361,4 |
1338000 |
96,5 |
- |
2.
3.
4 .
5.
6.
7. 7а 7б 8.
9. 10.
11. 12.
13. |
Жер асты сулары
Оның ішінде:
Тұщы жер асты сулар Топырақ ылғалы Мұздықтар мен
ерімеитін қар сулары Жер асты мұздықтары Көл сулары Тұщы Ащы Батпақтар суы Өзендер суы Атмосферадағы су Организмдегі су
Жалпы қоры
Тұщы судың жалпы қоры |
134,8
-
82,0 16,
631,95:6 31,82
21,0 -
1,24 0,82
2,68
148,2 510,0 - |
23400
10530
16,5 24064
300
91,0 85,4
11,5 2,1
12,9
1,1 1385984,6 35029,2 |
1,7
0,76
0,001 1,74
0,022
0,007 0,006
0,0008 0,0002
0,001
0,0001 100,0 2,53 |
-
30,1
0,05 68,7
0,86
0,26 -
0,03 0,006
0,04
0,003 - 100,0 |
Ластанған ағызынды саларды ультрадыбыс, озон, иониттер мен жоғары қысым арқылы да тазартуға болады. Ал химиялық әдісте суды тзарту үшін химиялық реагенттер , мысалы, хлор және оның хлорамин, хлорлы ізбес, натрий гипохлориті сияқты қосылыстары қолданылыды.
Рет № |
Аттары
|
Ұзын- дық- тары , км |
Көлемі, млн. км2 |
Судың жұмсалуы
|
Континенті
|
1.
2.
3. 4. 5. 6. 7. 8. 9. 10. |
Амазонка
Миссисипи
Ніл Янцзы Обь Хуанхэ Меконг Амур Лена Конго |
6437
5971
6670 5800 5410 4845 4500 4440 4400 4370 |
6,915
4,268
2,870 1,808 2990 0,771 0,810 1855 2,490 4,820 |
200000
18000
3000 34000 12800 1500 14800 10900 16800 41000 |
Оңтүстік Америка Солтүстік Америка Африка Азия Азия Азия Азия Азия Азия Африка |
Қазақстанның өзендері.
Ішкі суларға республикамыздың аумағындағы судың барлық түрлері, яғни өзендер, көлдер, жер асты суы мен мұздықтар жатады. Жер бедері мен климат жағдайларына байланысты еліміздің өзендері әр түрлі. Климаты құрғақ шөл және шөлейт аймақта су тапшы ,ал жауын-шашын мол жауатын орманды-дала аймағы мен биік таулы аймақтар ағын суларға бай. Өзен суы егістікті суғаруға, шаруашылықтың басқа да салаларына қолданылумен қатар, арзан энергия көзі де болып табылады.
Қазақстанның барлық өзендері негізінен екі алапқа бөлінеді: Солтүстік Мұзды мұхит алабы және ішкі тұйық көлдер алабы.
Солтүстік Мұзды мұхит
алабына жататын өзендер Сауыр-
Ертіс өзені ─ алабы 1600 мың шаршы метр. Бұл дүние жүзіндегі ең ірі алаптарының бірі. Оның 97 проценті Қазақстан мен Батыс Сібір территорияларында жатыр. Ал 3 проценті Қытай Халық Республикасының территориясында. Совет Одағында бұл өзен алабының көлемі тек Енисей, Лена және Амур өзендерінің алаптарынан ғана кішірек. Біздің республикамызда Ертіс өзенінің алабы оңтүстік-шығыстан солтүстік –батысқа қарай созылған. Солтүстігінде Обь өзенімен, оңтүстігінде Балқаш-Алакөл көлдерінің және Сарыарқа тауларымен шектесіп жатыр. Өзеннің сол жағынан Сауыр -Тарбағатай, Қалбы, Сарыарқа тауларының шығыс және солтүстік биіктіктерінен оңтүстік Орал мен Батыс, Сібір алаптарынан аққан өзендер келіп құяды, алоң жағынан Қазақстан Алтай тауынан Батыс Сібір орталығындағы Белағаш, Құлынды және Барбы жазықтарынан ағатын өзендер келіп құяды. Қазақстан территориясындағы Ертіс өзенінің алабында 1393 өзен бар. Оның ішіндегі 16 өзеннің әрқайсысының ұзындығы 200 км-ден 500 км-ге дейін созылады.
Ертіс өзені биіктігі 2500 м. Моңғол Алтай тауынан басталып , Қытай Халық Республикасының басып өткесін Қара Ертіс өзені болып аталады. Өзен біздің территориямызға жеткенде , шекарада оған Алкөбек, Қалжыр өзендері құяды. Содан барып 152 километр өткеннен кейін Зайсан көліне құяды (қазіргі уақытта мұнда Бұқтарма су электр станциясы салынған ). Ол кездегі Зайсан көлінің көлемі 1900 шаршы километр, ұзындығы 100 километрге , ені 29 километрге , ал тереңдігі 10 метрге жететін. Ертіс өзенінің ұзындығы 4450 километр. Ертіс, Еділ өзенінен ұзынырақ, алабының көлемі жағынан да үлкенірек, дегенмен Ертіс өзені ағынының жылдамдығы Еділ суынан екі есе кем.
Ертіс өзенінің таудан жазықтыққа шыққандағы су ағынының жылдамдығы секундына 933 текш метр болса, Тобыл ауданының тұсында секундына 2177 текше метрге жетеді. Ал суы мол айларда (сәуір айында) секундына 6113 текше метр болса, ақпан айында секундына 294 текше метрге дейін төмен түседі. Осы бес жылдықта Ертіс өзенінің суын Ертіс ─ Қарағанды каналы арқылы Қарағандыға еткізі іске асырылуда. Бұл су егін, бау-бақша, мал суаруға және тағы басқа жағдайларға пайдаланылады. Осы канал құрылысы Теміртау су қоймасына да жеткізілді. Бұл канал Теміртаудағы комбинатты сумен қамтамасыз етеді, сонымен қатар суы ішуге, қаладағы бау-бақшаны суландыруға пайдаланылады. Келешекте осы канал Жезқазғанға дейін тартылады.
Бұқтырма өзені ─ Ертістің оң жақ саласы. Ол Оңтүстік Алтайдағы Ақайрық пен Қанас тауындағы мұздақтан басталады. Бұқтырма өзеніне Ақберел құяды. Бұқтырманың ұзындығы 398 километр, алабының су жиналатын аймағы 15 620 шаршы километр. Өзеннің ағысының ені тауда 50-70 метрге жетсе, жазықтықта 100-150 метрге дейін барады. өзеннің орта шеніндегі су шығыны секундына 251 текше метрге жетеді. Мамыр айында су шығыны секундына 999 текше метрге дейін барады да , су деңгейі 4 метр биіктікке дейін көтеріледі. Бұқтырма өзенінің Ертіске құятын жеріне бөгет салынып, су электр станциясы орнатылған.
Есіл өзені -- Сарыарқада биіктігі 400 – 500 метр Ниаз тауынан басталып Батыс Сібірге жеткенде Ертіске Құяды. Қазақстан территориясында Есілдің ұзындығы 1400 километр. Егер ұзындығы жағынан Дон өзенімен қатарласса, су шығыны Доннан алты есе кем. Есіл өзені Целиноград және Солтүстік Қазақстан облыстарын басып өтеді. Өзеннің су жиналатын алқабы 144 мың шаршы километр, ал республикамыздағы аумғы 113 шаршы километр. Есілге Колутон, Терісаққан, Аққанбурлық және Төменгібурлық өзендері қосылады. Есіл жазықтық өзеніне жатады, сондықтан оның шығыны қар, жер асты суы және жауын – шашынмен толығып отырады. Олай болса, су шығыны ауа райына байланысты – кей жылдары мол, кей жылдары өте аз болады. Есіл өзенінің бойында Есіл, Сергиев, Осакаров және тағы тасқа су қоймалары бар.
Тобыл- Оңтүстік Оралдың шығыс беткейінен басталып, Қазақстан жерінен өзеннің тек басы ғана ағып өтеді. Жол жөнекей оған Торғайдың төрткүл өлкесінен әр түрлі салалар қосылады. Есіл сияқты Тобылдың суы да көктем айында молайып, қыс кезінде тартылады. Тобыл өзенінің суы ауыз су ретінде және егістікке пайдаланылады. Тобыл бойында Қызылжар, Амангелді бөгендері салынған.
Каспий теңізінің алабы.
Бұл алапта өзендер сирек. Бірақ өзендерінің суы тұзды келеді. Алаптағы ең ірі өзен - Жайық.
Бұл өзен өзінің басын Орал тауының 600 м биіктігінен алады. Оның жалпы ұзындығы 2354 шақырым, оның 500 шақырымы ғана облыс территориясымен өтеді. Жайық өзені Каспий маңы ойпатын кесіп өтіп, Каспий теңізіне құяды.
Өзен суының химиялык, құрамында карбонатты кальций тұздарының қоспасы басым болып келеді.
Жайық езенінде су жол қатынасы ХХ-ғасырдың бірінші жартысында күшті дамып, оның аяғында мүлдем тоқталды деуге болады.
Өйткені Жайық сонау тарихи заманнан бері балық кәсіпшілігі өркендеген, әсіресе «қызыл балықтың» негізгі мекені болып келеді.
АРАЛ ТЕҢІЗІ АЛАБЫ - өзендері сирек, шөлді аймақта орналасқан. Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды.
Арал теңізіне Орталық Азияның 2 аса ірі өзені (Әмудария мен Сырдария) құяды. Климаты континенттік, кұрғак, ауаның орташа темпрасы жазда 24 -26°С, қыста -7,0 - 13,5°С. Жь\ылдық жауын-шашынның орташа мөлш. шамамен 100 — 150 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су тендестігінің құрамы: көл бетіне жауатын жауын-шашынның мөлш. 5,9 км3, өзен ағындысы 54,8 км3, көл бетінен буланған ылғал 60,7 км'. 1970 ж. бастап келге құятын өзен ағыңдысы жоққа тән болғандықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді, сондықтан теніз суы жылдан жылға тартылып келеді. Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық (ғасырлық) ауытқуы 3 м-ге дейін жеткен. Соңғы кезде маусымдық кұбьшмалылық болмаса су деңгейінің көпжылдық ауытқу көрсеткіші тек төменге бағытталған. Судың беткі қабатының темп-расы жазда 26 — 30°С, қыста 0°С-тан төмен. Қыс бойы теңіз айдынын толығымен мұз басады. Суының тұзд. табиғи жағдайда 9 — 14%с болатын, соңғы он жыл ішінде (1988-98) 25 — 30%о-ге дейін өсті. Суы өте мөлдір, 25 м-ге дейінгі терендікті көруге болатын еді. Теңіздегі ағыстар сағат тілінің бағытымен айналым жасайды. А. т-нде балыктан арал шоқы-ры, сазан, каяз, торта, т.б. бар. Соңғы кезде камбала жерсіндірілген. Кеме байланысы шамамен 7 айға созылатын, қазіргі кезде тек иірімдерде ғана қатынайды.
Балқаш-Алакөл алабы
Балқаш көліне
құятын өзендер Тянь-Шань тауы
мен Жоңғар Алатауынан
Іле — Қытайдағы Іле Қазақ аутономиялық облысы мен Алматы облысы өңірлерінде ағатын өзен. Қайнары Қытайда Тянь-шань тауларында, сағасы Балқашта. Ұзындығы — 1439 km, 815 km Қазақстанда ағады.