Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 15:02, курсовая работа
Әйтседе, сыртқы ортаны, суды, ауаны қорғауға заңды түрде шара қолданбайтын бірде-бір мемлекет жоқ.Тіпті теңіз суын қорғау зиянды заттардың шығарудың технологиясын реттеу және қалдықтарды барынша азайту жөнінде халықаралық келісімде жасалған.
Бұл шаралар бұлжытпай іске асыру да керек етеді, себебі ауаның, судың, топырақтың ластануы ең ақырғы шегіне жетті. Әсіресе бұл мәселе халық өте жиі орналасқан өндірістік аудандарда тым үлкен орын алып отыр. Улы заттар бұл орындардан өзен суларымен, теңіз ағыстары және жел арқылы мыңдаған километр алшақ орналасқан аймақтарға тарап, жер шарының алыс түпкірлеріне қауіп тудыруда.
Жетісу өзендерінің бірі болып саналанады. Іле өзенінде Қапшағай су қоймасы орналасқан. Іле – Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле – Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды.
Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары. Іле – Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.
Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.
Іле – Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, тербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.
Іле – Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.
Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.
Іле – Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі қалалары – Алматы, Талдықорған, Жаркент.
Қазақстанның көлдері
Қазақстан аумағы бойынша көлдер бiркелкi таралмаған. Кейде бұлар бiр-бiрiнен жүздеген километр алшақ жатады, кейбiр өңiрде жиi орналасып, бiртұтас көлдер жүйесiн құрайды. Солт. Қазақстанда жалпы ауд. 15 623 км2 болатын 21 580 көл болса, бүкiл Орт. және Оңт. Қазақстанда жалпы ауд. 4658 км2 болатын 17 554 көл ғана бар. Солт. Қазақстанда 100 км2-лiк аймаққа 3 км2-лiк көл айдындары болса, бұл көрсеткiш Орт. және Оңт. Қазақстанда сәйкес түрде 0,23 және 0,53 км2-ге дейiн кемидi. Қазақстан көлдерi пайда болуы жөнiнен тектоник. және экзогендiк түрлерге бөлiнедi. Каспий және Арал т-дерi, Балқаш, Алакөл, Теңiз, Сасықкөл, Марқакөл, т.б. iрi көлдер тектоник. қазаншұңқырларда қалыптасқан. Экзогендiк көлдерге Сiлетiтеңiз, Теке, Жалаулы, Қызылқақ, Үлкен Қараой, т.б. жатады. Орманды дала және дала белдемдерi көлге бай. Жалпы республика айдындарының көпшiлiгi абс. биiктiктерi 100 м-ден 3500 м-ге дейiнгi борпылдақ төрттiк шөгiндiлердiң үстiнде орналасқан.
Көлдердiң су жинайтын алаптарының ауданы көбiнесе 10-нан 320 км2-ге дейiн, ал шөлейт және шөл белдемдерiнде бұдан да аумақты келедi. Қазақстан көлдерi шарасында 190 км3 су жиналған. Көктемде көлдер деңгейi 0,2 м-ден 6 м-ге дейiн көтерiледi. Жаздың ортасына қарай сiңу және булану мөлшерiнiң артуына байланысты көлдердiң деңгейлерi күрт төмендейдi, ал кейбiреуi кеуiп қалады. Төм. деңгей қазан—қараша айларында байқалады. Көпшiлiк көлдер деңгейiнiң орташа жылдық ауытқу амплитудасы 1 м шамасында. Ағынсыз көлдер су балансының шығымы түгелдей дерлiк булануға кетедi. Көлдердiң су балансындағы жалпы кiрiстiң 10—90%-ы жер бетi ағынынан, 12—40%-ы жауын-шашыннан құралады. Шарасы граниттiк жыныстар үстiнде қалыптасқан көлдер баланстары кiрiсiнiң 40%-ы жер асты суы ағынынан қалыптасады. Көл суының хим. құрамы жалпы минералдылық пен иондық құрамының әр түрлiлiгiмен және тұрақсыздығымен сипатталады. Тұз концентрациясының маусымдық және көп жылдық ауытқуы көл суы деңгейiнiң өзгеруiне тығыз байланысты.
Республика көлдерi су көлемiнiң 87%-дан астамы сульфатты (Балқаш, Алакөл, Теңiз көлдерi, т.б.), ал қалғаны карбонатты немесе хлорлы келедi. Теңiз. Қазақстанның батыс және оңт.-батыс жағын, елiмiздегi iрi тұйық су айдындары — Каспий және Арал т-дерi шайып жатыр. Каспий т. — солт. (тереңд. 4—8 м), орта (780 м-ге дейiн) және оңт. (тереңд. 1000 м-ден астам) бөлiктерге ажыратылады. Арал т-нiң шарасы Тұран тақтасының төмен қарай иiлген тұсында қалыптасқан. Деңгейi қарқынды төмендеуде (қ. Каспий теңiзi және Арал теңiзi). Жер асты суы. Алаптағы не кендегi су сыйыстырушы жыныстардың сипатына байланысты — жарықшақтық, жарықшақтық-қабаттық және қабаттық (пластық) жер асты сулары болып бөлiнедi. Жарықшақтық су таулы, қыратты және ұсақ шоқылы аймақтарда кеңiнен тараған. Құрамы әр түрлi атпа, шөгiндi, метаморфтық жыныстардың жер бетiне жуық үгiлу аумағында (30—50 м-ге дейiнгi тереңдiкте) қалыптасады. Бұлар жер бетiне көбiне минералд. төмен (0,1—0,1 г/л), су шығыны мардымсыз шағын бұлақтар түрiнде ұшырайды. Тектоник. жарылыстар мен жаралу тегi әр түрлi жыныстардың жапсарларын бойлай қуалаған бұлақтар мен тайыз ұңғымалардың су өнiмд. 5—7, кейде 10—15 л/с-ке жетедi.
Жарықшақтық-қабаттық жер асты сулары Маңғыстаудың таулы бөлiгiндегi, Мұғалжардағы, Сарыарқадағы, Оңт. және Шығ. Қазақстандағы шағын құрылымдарды құраушы, палеозой мен төм. мезозойдың әлсiз цементтелген терригендiк және карбонаттық жыныстарының қат-қабаттарында қалыптасады. Жер бетiнде бұлақтар түрiнде кездеседi, не тайыз ұңғымалармен (су шығымы 5 л/с-ке дейiн) шығарылады. Карстық құбылыс молынан дамыған әктасты қабаттардағы бұлақтардың су шығымы кейде 10—35 л/с-ке жетедi. Жезқазған — Ұлытау ауданы мен Үлкен Қаратаудағы (Мырғалымсай, Келтемашат, т.б.) кен қазбалары мен ұңғымаларға жарықшақтық-қабаттық су көп жиналады.
Қазақстан өзендерiн ұзындығы бойынша топтасақ, онда 85 022 өзеннiң iшiнде 84 694-i шағын (ұз. 100 км-ге дейiн), 305-i орташа (500 км-ге дейiн) және 23-i iрi (500—1000 км-ден астам) өзендер қатарына жатады.
Республиканың шығысындағы Алтай, оңт.-шығысындағы Жетiсу және Iле Алатаулары ылғалы мол таулы өңiрлердегi өзен торының жиiлiгi (барлық өзендер ұзындығы қосындысының осы алаптың ауданына қатынасы) басқа өңiрлерге қарағанда жоғары, 0,4—1,8 км/км2 шамасында. Шағын өзендердiң көбi Ұлытау, Шыңғыстау, Қарқаралы тауынан, сонымен қатар Тарбағатай, Қаратау, Мұғалжар жоталарынан басталады. Арал және Каспий маңы шөлдi өңiрлерiнде өзен торының жиiлiгi тым сирек (0,03 км/км2-ге дейiн) келедi. Өзендердiң басым көпшiлiгi Каспий, Арал т-дерiнiң, Балқаш, Алакөл және Теңiз сияқты көлдердiң тұйық алаптарына жатады. Тек Ертiс, Есiл және Тобылға кұятын өзендер ғана мұхитқа құятын Кара т. алабына қарайды. Қазақстандағы ең суы мол өзен — Ертiс. Оның республика жерiндегi ұз. 1700 км, жалпы ұз. 4248 км. Жоғ. бөлiгiндегi ағыны 2 iрi су электр ст-ларымен (Бұқтырма және Өскемен) реттелген. Өзен суының бiраз бөлiгi Ертiс-Қарағанды каналы арқылы Орт. Қазақстанға бұрылған. Ұзындығы жөнiнен республикадағы екiншi өзен — Сырдария. Қазақстандағы ұз. 1400 км, жалпы ұз. 2219 км. Егiн суаруға қарқынды пайдалануына байланысты ағыны кейбiр жылдары Арал т-не жетпей тартылып қалады. Балқаш к. алабындағы iрi өзен — Iленiң республика шегiндегi ұз. 815 км (жалпы ұз. 1001 км). Оның iрi салаларының бiрi Шiлiк өз-нен бастап, Шамалған өз-не дейiн ұз. 200 км-ге жуық Үлкен Алматы каналы салынған.
Батыс Қазақстан жерiн негiзiнен Жайық өзені суландырады. Ол республика жерiнен тыс Оңт. Оралдан басталады. Қазақстандағы ұз. 1082 км, жалпы ұз. 2428 км. Iрi өзендер қатарына сонымен бiрге Есiл, Тобыл, Елек, Шу, Торғай, Ырғыз, Сарысу, Нұра, Талас, Ойыл, Жем, т.б. өзендер жатады. Бiрақ бұлардың кейбiреуiнiң деңгейi жазда тым төмендеп, кейбiреуi мүлдем тартылып қалады, ал көктемде қар суымен толысып тасиды. Қазақстан өзендерiнiң көпшiлiгi жазда суы тартылып, жеке-жеке қарасуларға бөлiнiп қалады. Бiразы көктемгi қар суымен маусымдық көлдерге құйылып, жазда сорға айналады. Қазақстан өзендерi толығу сипатына қарай 3 топқа бөлiнедi: қар суынан толығатын, мұздық суынан және аралас толығатын өзендер. Өзендердiң көпшiлiгi көктемде тасиды, тек мұздық суынан толысатын өзендер ғана жазда тасиды.
Климат сипатына байланысты өзендердiң көп жылдық арын мөлшерi де үнемi өзгерiп отырады. Жазық өңiрлер өзендерi арынының орташа өзгергiштiгiнiң вариациялық коэфф. негiзiнен 0,80-нен 1,20-ға дейiн жоғарылайды. Бұл шамадан тек Жайық өз-нiң ағын өзгергiштiгi кемiрек (0,58—0,80), ал Тобылдiкi көбiрек (1,50-ге дейiн) келедi. Тау өзендерiнiң жылдық ағын мөлшерiнiң ауытқуы онша болмайды, әсiресе Iле Алатауының солт. беткейiнен басталатын өзендер деңгейi тұрақты. Тау өзендерiнiң суы гидрохим. құрамына қарай гидрокарбонатты болады; олардың минералдығы жоғары деңгей кезiнде 200—300 мг/л, деңгейi төмен түскенде 500—600 мг/л-ге дейiн жоғарылайды. Жазық өңiр өзендерiнiң суы сульфатты немесе хлорлы топқа жатады және олардың минералдығы су жинайтын алаптың ауданына, жер бедерi мен топырақ сипатына, климаттық жағдайына байланысты өзгерiп отырады. Шөлейт және шөл белдемдердегi өзендердiң минералд. 100—200 мг/л-ден (бастау жағында) 5000 мг/л-ге дейiн (төм. ағысында) артады.
Өзендердiң лайлылығы жөнiнен Қазақстанның жазық және таулы аудандар арасында үлкен айырмашылық бар. Жазық жер бедерiне және өзен егiстiгiнiң шамалы болуына байланысты мұндағы өзен суында қатты зат ағыны бiршама аз болады, лайлылығы 200 г/м3-ден артпайды. Борпылдақ жынысты өңiрде ағатын Бат. Қазақстан өзендерiнiң лайлылығы тым жоғары (500—700 г/м3). Таулы аудандар өзендерiнiң лайлылығы ағыс бойымен төмен қарай 50—100 г/м3-ге дейiн артады. Көл. Қазақстан көлдерiн ауданына қарай топтастырсақ, онда жалпы 48 262 көл айдынының 45 248-i шағын (ауд. 1 км2-ге дейiнгiлер) көлдер қатарына жатады. Ауд. 10 км2-ден астам iрi көлдер саны 296, ал 100 км2-ден астам аса iрi көлдер 21 (бұл 21 айдын үлесiне Қазақстандағы барлық көлдердiң жалпы ауданының 60%-ы тиедi).
Балқаш көлі
Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуаң дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі.
ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен қарақүйрық, түлкі мен борсық мекендейді.
Балқаш өңірін әр түрлі құстар мекендейді. Көлдің шеткері түпкірлерінде қызғылт және бұйра бірқазан құстар ұя салып бакландармен бірге үлкен сап түзеп көлде жүзіп жүреді.
Бұл аймақтың өсімдіктері әсіресе елсіз даладағы шабындықтар мен батпақты жерлердегі өсімдіктер өзара үйлесімдік тауып далаға ерекше нәр беріп тұрады. Олар: сексеуіл, жыңғыл, жусан, қарандыз, мия, түйетікен және сасыр. Сонымен қатар талды ормандары тораңғы және жыңғылды шағын тоғайлармен ұштасып жатады. Сулы жерлердің бәрінде де қамыс, жөке, құрақтар өседі. Осы ну тоғайлы, қоғалы жерлер көптеген сүтқоректілердің, құстардың, балықтардың тіршілік алаңы сияқты. Балқаш өңірінде сасыр, жусандар мен араласа өскен қызғалдақ пен бәйшешекте даланы ерекше сәнге бөлеп тұрады. Осы көріністерге асқақтықпен 1000 метрлік биіктіктен қарап Бектауата тау алабы созылып жатыр.
Балқаш көлі – Каспий теңізі мен Арал теңізінен кейінгі ірі көлемді және ағынсыз су қоймасы. Көлдің ұзындығы – 614 шықырым, ені – 3,5-нан 44 шақырымға дейін жетеді. Ең терең жері 26 метрге дейін барады. Айдын көлдің аумағы 18200 шаршы шақырым болса, тоғандарының ауданы – 413300 шақырым
Балқаш көлінің ерекшелігі – оның жіңішке бұғазбен жалғасып жатқан батыс пен шығыс бөліктерінің минералдарының екі түрлі болып келетіндігінде. Батыс бассейні бұрын суы көп болған Іліден толығатындықтан су тұщы болады да, шығыс бөлігі – ащы. Қазір көлге Іле, Қартал және Лепсі өзендері құяды. Кей жылдары қатты тасыса Аягөз өзенінің суы жетеді. Бұл көл төрт облысты – Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын тоғыстырып тұр. Батысында ең сусыз және тіршілік иелері аз кездесетін Бетпақдала жерімен шектеседі.
Балқаштың табиғаты өте таңғаларлық және оның қарама-қайшылықтары да өте көп. Климаты – күрт континентальды. Жазғы және көктемгі, күзгі маусымдарда ағып құйылған су түгелге жуық буланып кетеді де, көлдің деңгейі 12 текше километрден 200 текше километрге дейін ауытқып отырады.
Іле – Балқаш бассейнің биологиялық тіршіліктің түр-түрін, бағалы балықтарды өсіру сияқты балық шаруашылығы тұрғысынан алып қарағанда да маңызды су қоймаларының бірі болып табылады. Ихтиофаунаға жататындар ішінде сазан, Амур балығы, шабақ балық, каяз балығы, шұбаржон балық, ақбалық, ақмарқа, табан, жайын және басқаларын атауға болады. Көлден жыл сайын 8-10 мың тонна балық ауланады. Балқаш ақбалығы мен оның алабұғасы Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген. Аралда өліп қалған шабақ балықтар мен Арал каязы тек осында ғана сақталған. Оңтүстік Балқаш жағасындағы қамыс тоғай арасында, өзен жағалауларында жыл сайын мыңдағын түрлі құстар мекендейді. Солардың арасында Қазақстанның Қызыл кітабына жазылған жиырмадан астам құс түрі бар. Бұл жерде қабандар мен ондатралар, киіктер көптеп саналады.
Көлдің солтүстік жағалауында отандық өндірістің алыбы, әлемдік кәсіпорынның алдыңғыларының бірі – "Балқашмыс" АҚ орын тепкен. Көлдің оңтүстік жағалауын құнарлы жайлымдар мен егістік алқаптар алып жатыр.
Балқаш көлі демалыс пен саяхат үшін аса бірегей орын. Мұнда жыл сайын еліміздің әр түкпірінен мыңдаған адам келіп демалады.
Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ертеректе Балқаш бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі атап келген.
Ақ теңіз деп көлдің батыс жағалауын мекендеген жұрт атаған. Оған себеп: негізгі өзендер Іле, Ақсу, Көксу, тентек және толып жатқан жер асты сулар көлге батыс жағынан құяды да, ондағы көл суының жартысы тұщы болып келді және сырт көрінісі мөлдір ақ түсті болды. Ал, көлдің оңтүстік-шығысын мекендеген ел «Жұмбақ көл» деп ат қойған. Бұл тұстан көлге Лепсі, Аягөз өзендері құяды, ал жер асты сулары бұл жағынан көлге қосылмайды. Көлдің қазіргі атауына байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жатқан аңыз бар.
Мұздық. Қазақстандағы жер беті ағын суының негізгі көзі – мұздықтар суы. Таулық өңірлерден жалпы ауданы 2033,3 км²-лік 2724 мұздық анықталды. (1985). Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы (1000 км²-ден астам Жетісу Алатауында (мұздық аум. 1369 км²-), қалғаны Іле мен Күнгей (610,7 км²), Теріскей (144,9 км²) Алатауларында, Алтай мен Сауыр жоталарында (106,2 км²), Қырғыз және Талас Алатауларында (101,5 км²). Қазақстан мұздықтарын 3 топқа жіктеуге болады: аңғарлық мұздықтар, беткейлік мұздықтар және денудациялық беткейлер мұздықтары (жұмыр, мүжіле тегістелген шыңдарда). Осылардың ішінде көбірек таралғандары (жалпы мұздықтардың 66%-ы) аңғарлық мұздықтар. Аңғарлық мұздықтардың көпшілігі Қазақстан табиғатын (әсіресе таулы өңірлерін) зерттеуге аса зор үлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет қайраткерлерінің есімдерімен аталған. Іле Алатауындағы Талғар массивімен байланысты күрделі аңғарлық Корженевский мұздығы – Қазақстандағы аса ірі мұздық болып саналады: ұз. 117 км. Ауд. 38,0 км², мұзының жалпы көлемі 6,32 км³. Аңғарларда және аңғарлық беткейлерде қалыптасқан мұздықтардың көпшілігінің қалыңдығы 50-100 м, ал таудың жоғары беткейлеріндегі мұздықтардікі 10-30 м.