Гидросфера

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 15:02, курсовая работа

Описание работы

Әйтседе, сыртқы ортаны, суды, ауаны қорғауға заңды түрде шара қолданбайтын бірде-бір мемлекет жоқ.Тіпті теңіз суын қорғау зиянды заттардың шығарудың технологиясын реттеу және қалдықтарды барынша азайту жөнінде халықаралық келісімде жасалған.
Бұл шаралар бұлжытпай іске асыру да керек етеді, себебі ауаның, судың, топырақтың ластануы ең ақырғы шегіне жетті. Әсіресе бұл мәселе халық өте жиі орналасқан өндірістік аудандарда тым үлкен орын алып отыр. Улы заттар бұл орындардан өзен суларымен, теңіз ағыстары және жел арқылы мыңдаған километр алшақ орналасқан аймақтарға тарап, жер шарының алыс түпкірлеріне қауіп тудыруда.

Файлы: 1 файл

гидросфера курсовой ж9мыс.docx

— 1.16 Мб (Скачать файл)

Мұздықтардағы мұздың жалпы көл. 100 км³. Мұз басудың төменгі шекарасы мен фирн (мұзқар) сызығының (мұз  шоғырының көбеюі кезіндегі жоғарғы  және еріп азаюы кезіндегі төменгі  бөліктері арасындағы шегі) абс. Биіктігі солтүстіктен-оңтүстікке және батыстан-шығысқа  қарай арта түседі. Егер де Алтайда  бұл көрсеткіші 2500-2800 м. болса, Тянь-Шань тауында 3500-3800 м. Бұның өзінде Оңтүстік беткейге қарағанда солтүстік беткейлердің шекарасы 200-250 м. төменірек жатады. Қазақстан  мұздықтары негізінен тым төмен  температуралы келеді. Әсіресе, мұздың үстіңгі 12-15 м қабаты қыс кезінде  қатты суынады. Жаз маусымында мұздың 1 метрге дейінгі беткі қабаты 0°С-қа дейін ғана жылынады. Мұз қабатының  жұқалығына, температурасының төмендігіне  және жылдық жауын-шашынның шамалы түсуіне  байланысты мұздықтар жылына 50-70 м-ге дейін төмен қарай баяу жылжиды. Мұздықтардың абляциялық (еру және булану процесінің) маусымы қалыпты  жағдайларда 2-2,5 айға созылады. Абляцияның көп жылдық орташа мөлш. 1 м шамасында. Мұздық суы – тау өзендерінің  толығу көзі. Әр тау өзені ағынының басталар жеріндегі суының 85%-ы, жазыққа  шығар бөлігіндегінің 35%-ы мұздық суының үлесіне тиеді. Республика мұздықтары тартылуда. Кейбіреуінің ұз. Жылына 5-20 м-ге, ауд. 1000 м², мұз қоры 0,05 – 0,1%-ға кемуде. Қазақстанның таулық бөлігінде  ауд. 20000 км²-дей көп жылдық тоң  белдемі қалыптасқан; оның төменгі  шегі Алтайда 2000 м, Сауырда 2300 м. Жетісу Алатауында 2800 м. және Тянь-Шань жоталарында 3000 м-ге дейін төмендейді.

Өзен. Қазақстан өзендерін ұзындығы бойынша топтасақ, онда

85 002 өзеннің ішінде 84 694-і шағын  (ұз. 100 км-ге дейін), 305-і орташа (500 км-ге дейін) және 23-і ірі (500-1000 км-ден астам) өзендер қатарына  жатады. Республиканың шығысындағы  Алтай, оңт-шығысындағы Жетісу  және Іле Алатаулары ылғалы  мол таулы өңірлердегіөзен торының  жиілігі (барлық өзендер ұзындығы  қосындысының осы алаптың ауданына  қатынасы) басқа өңірлергеқарағанда  жоғары.0,4-1,8 км/км² шамасында.

   

 

 

 

 

 

 

 Каспий теңізі

   

 

Каспий теңізі негізінде Жер  бетіндегі ең үлкен көл болып  саналады. Орташа ені 400 шақырымдық, солтүстіктен оңтүстікке 1200 шақырымға созыла отырып, ол бес тәуелсіз мемлекеттің жағалауын  жуып өтеді және өзара екі ірі  құрлық – Еуропа мен Азияны байланыстырады. Каспийдің жағалау сызығының  ұзындығы 7 мың шақырым, жалпы ауданы шамамен 400 мың шаршы шақырымды  құрайды, ол Балтық, Адриат, Ақ теңіздер сияқты Дүниежүзілік мұхиттың бірнеше  теңіздерінің аумағынан біршама  асып түседі. Каспий теңізі өзінің ұзақ тарихында қазіргі пішініне келгенге дейін өзінің кескіні мен көлемін  бірнеше рет өзгерткен. Ұзақ уақыт  бойы Жерорта, Қара, Азов және Каспий теңіздері  Дүниежүзілік мұхтипен бірігіп бір  ғана орасан үлкен теңіз бассейнін  құрап жатқан.

     Каспий теңізі туралы алғашқы мәліметтер антикалық кезеңнің географтары мен жазушыларының жұмыстарында келтірілген. Б.э.д. 323 жылы Александр Македонский теңзде жүзуші Патроклды Каспий теңізінің жағалауын зерттеуге жібереді. Патрокл Кара-Бұғаз-көл шығанағына дейін жетеді және ол оны Каспий теңізін мұхтипен байланыстыратын өзеннің бастауы ретінде қабылдайды. Сол кезеңнің көптеген ғалымдары Каспийді, олардың түсінігі бойынша жұрттың бәріне белгілі жерді қоршап тұрған Дүниежүзілік мұхиттың солтүстіктегі шығанағы деп санады. Ежелгі заманның атақты географы Страбон өзінің «География» кітабында Каспийді батыстан шығысқа параллель бойынша созып көрсеткен.

       Орта ғасырда Батыс Еуропаның ғалымдарының Каспий теңізі туралы мәліметтері өте аз болды. Афанасий Никитин өзінің Үндістанға сапары кезінде тверлік көпестермен бірге Каспийде болған, сол саяхатын өзінің «Үш теңіздің арғы жағына саяхат» кітабында сипаттап жазған. Ол Дербент өзенін бірінші өзен ретінде санайды. Каспий теңізінің барынша дәл картасын неміс ғалымы және саяхатшысы Адам Олеарий жасады,  соның өзінде ол Каспий теңізі туралы сенімді бейнелерді бере алмады.                     

КАСПИЙ ЭКОЛОГИЯСЫ

    Каспий теңізінде мұнай-газ өндіру және мұнай еңдеу кешендерінің дамуына байланысты Казақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғат, әлеуметтік, экономикалық жөне экологиялық жағдай. Каспий теңізі — әлемдегі шаруа-шылық маңызы зор ең ірі тұйык, су алабы. Жыл бойына Каспий теңізі-нің деңгейі жел-қума-желбөгет құбышыстарының нөтижесінде 0,5 — 1 м-ге дейін ауытқып отырады. 1837 — 1990 ж. жүргізілген бақылау жүмыстарының нәтижесінде Каспий теңізнің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980 — 90 ж. аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929 - 41 ж. су деңгейі 2 м-ге төмендесе, 1977 ж. бұл көрсеткіш ең төменгі абс. мөлшері не (29,01 м) жетті. 1978 95 ж. су деңгейі 2,35 м қайта көтеріліп, 1995 ж. көрсеткіш -26,66 м болды.

     Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Қазіргі за-манның балық ш. — балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін (бекіре, қортпа, шоқыр жөне пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық з-ты (Ресейдің, Әзербайжанның, Қазақстанның) Каспий теңізіне 75 млн. балық шабақга-рын жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2 балық з-ты жылына 6 млн. бекіре балығының шабағын дайындайды. Балықтар уылдырығын тұщы суға шашады, қор жинау ұшін түзды суға шығады. Мысалы, шортан, оңғақ, қызылқанат балық, алабұга теңіздің атырауына (дельта) дейін өрістесе, қаракөз, табан, көк-серке тұзды суда (тұзд. 10 — 11%о), ал бекіре төрізділер судың өте тұзды жерінде тір-шілік етуге бейімделген. Каспий теңізінде 2 тропиктік жүйе қалыптасқан (2-сурет). Солтүстік-Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі мекендейді. Соның ішінде Казақстанның жөне Ресейдің "Қызыл кітабына" енгізілген өте сирек кездесетін калбағай, карабай, сары құтан, бүйра бірқазан, т.б. бар. Ал Каспий итбалыгы — тек қана Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректі. 1920 ж. 1 млн-нан астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың аяғында 360 — 450 мыңға де-йін азайған итбалықтың — 27 мыңы, 1990 ж. — 13,8 мыңы, 1996 ж. — 8 мыңы ауланған. 2000 ж. сөуір — тамыз айларында індеттен олардың 15 мыңы қырылды. Каспий ит-балығының жаппай қырылуы — Каспийдің солтүстік бөлігіндегі гидрометеорол. жөне экологиялық. жағдайлардың нашарлауынан теңіз жануарлары иммунитетінің төмендеуін көрсетеді. Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туыс бірігетін 945 түрі өседі. Соның ішінде 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдік-терге (25 түрі эндемиктер) жатады, 6 түрі — Казақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Ал теңіздің өзінде су өсімдік-терінің 728 турі (оның 5 түрі — жоғары сатыдағылар) өседі. Теңіз өсімдіктері жамыл-ғысының құрлық өсімдіктері-нен көп айырмашылығы бар. Құрлықта, негізінен, гүлді өсімдіктер, ал суда балдырлар (64 түрі) кездеседі. Солт. Каспийде негізінен қамыс, теңіз шөбі, шалаң, егеушөп, арамот, мүйізжапырақ өседі. Бұл өсімдіктер балықтардың уылдырығының су түбінде бекуі үшін қажет, сондай-ақ, су құстары мен кейбір балық түрлеріне қорек болады. Солт. Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экол. жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мүнай-газ өнді-ретін және оны кдйта өңдейтін көсіпорындар өсер етуде. Мысалы; 1998 ж. Атырау обл. бойынша атмосфераға 135,1 мың т зиянды заттар (онын ішінде 132,8 мың т газ тәрізді заттар, 2,3 мың т кдтты заттар) шығарылған. Бүл улы заттарды атмосфераға, негі-зінен, ескі технол. жабдықтармен жабдықталған 3,5 мың мүнай үңғымасы шығарады. Мүнай кәсіпшілігінің ең басты экол. проблемасы — ілеспе газды іске жарату. Қазір жылына 800 млн.3 газ ауада жанады (2001). Мүнай кен орындарында мұнай өнімдерін өндеу кезінде мұнай мен калдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды ластайды. Солтүстік Каспий жағалауының мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған аумақ. 194 мың га жерді алып жатса, төгілген мұ-найдың мөлш. 1 млн. т-дан асады (2001). Теңіз деңгейінің көтерілуіне және мүнай-дың теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының құра-мында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы органик. пестицидтер, аммо нийлы азот, ауыр металдардың мөлшері рүқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған. Судағы мүконцентрациясы мамыр -шілде айларында байқалады. Теңіз жағалауының мүнай және мүнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суын-да тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай жойылуына өкелуде. Теңіз түбіндегі шөгінділердің мұнай өнімдерімен ластануы бентостық тіршілік ететін организмдер мен моллюскілер-ге, сондай-ақ, су құстары мен балықтарға да зиянын тигізуде. Мыс., 1900 жылмен са-лыстырганда Каспий т-нде балық аулау 3 есеге, яғни 500 — 600 мың т-дан 180 мың т-ға дейін азайды. Теңіз суын ең қауіпті ластаушы заттың бірі — ыдырамайтын ауыр металдар (мыс., мырыш, барий). Судағы мыс пен мырыштың мөлшері 20 мкг/л (рұқсат етілген шектен 2 есе артық), ал барийдікі — 50 мкг/л (бүл — 5 есе артық). Каспий жағалауы аймағының ластануы онда тіршілік ететін организмдерге ғана емес, жергілікті тұрғындардың денсаулығына да үлкен кэуіп төндіруде. Сондықтан, Каспий теңізі жағалауындағы 5 мемлекет (Әзербайжан, Иран, Ресей, Түрікменстан жөне Қазақстан) Дүниежүзілік банкпен, БҮҮ-ның Адамды қоршаған орта жөніндегі бағ-дарламасымен бірлесе оты-рып, Каспий экол. бағдарла-масын (КЭП) жасап, оны іске асыруда. Бүл бағдарла-маның негізгі мақсаты –экологиялық тұрақтылықты дамыту және Каспий аймағының табиғи ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету. КЭП-тің негізгі бағыттары: теңіз деңгейінің езгерісі жағ-дайында жергілікті тұрғын-дардың түрмысы мен шаруашылық жұмыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету; Каспий теңізі мен оның биоре-сурстарын ластанудан арылтып, қоршаған орта жағдайын жақсарту; теңіздің экожүйесін сауықгырып, қалпына келтіру және оның биологиялық алуан түрлілігін сақтау; аймақта экологиялық. қауіпсіздікті жөне қорнай өнімдерінің ең жоғары шаған ортаның қалыпты » дайын сақтап, ондағы тұрақты тіршіліктің дамуын қамтамасыз ету.

     Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Каспий теңізінің бірде көтеріліп, бірде тартылуы жердің табиғи-тарихи эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820-1930 жылдар аралығында Каспий теңізінің су денгейі көтерілген. Оның себептерін ауа райының құбылысымен және антропогендік факторлармен түсіндіруге болады. Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80 %-ын құрайды. Сондықтан теңіз суының толысуы Еділ өзенімен тығыз байланыста болды. Соңғы жылдары теңізден Қарабұғазкөл шығанағын бірде бөліп, бірде қосу адам баласының Каспий экожұйесіне батыл араласуы еді. Осы әрекеттердін бәрі Каспий теңізінің байырғы қалыптасқан табиғи тепе-теңдігін бұзған адамның теріс іс-әрекеттері ретінде қабылданды. Теңіз суының ырғақты ауытқуы табиғаттың заңдылығы екенін адам баласы кейін түсінді. Мәселен, 1940-1950 жылдардағы теңіз деңгейінің төмен түсуін антропогендік факторларға жаткызады. Оның да себебі бар еді. Өйткені осы жылдары теңізге құятын су мөлшері Еділден 12 %-ға, Жайықтан 24 %-ға, ал Теректен 60 %-ға төмендеген. Осы факторларды ескеріп, теңіз суы деңгейінің азаюын тежеу мақсатымен 1980 жылдары Қара-бұғазкөлді теңізден бөлу үшін үзындығы 100 метр табиғи бөгет салынды. Бөгет салынған бұғаздың суы небәрі 3-ақ жылдың ішінде кеуіп кетіп, айналасына теңіз түзы аралас шаң-тозаңдар тарады. Әсіресе теңіздің түбінен тұз өндірушілерге қиындық туды, тұздың сапасы төмендеп кетті. Өйткені Қарабүғазкөл елімізде тұз өндіретін бірден-бір ірі Қарабүғазсульфат комбинатымен әлемге әйгілі еді. 1978жылдан бастап теңіз дейгейі өздігінен көтеріле бастады. Ғасырдың аяғында оның деңгейі 3 метрге жуық көтерілді. Судың көтерілуінен жүзден астам мұнай бүрғылары, ондағы мүнай қоймалары, 6 мұнай-газ кешені, жүздеген елді мексндер коммуникациялық желілер, өнеркәсіп орын-дары су астында қалды. Барлык ластағыш заттар мен мұнай теңіз суына араласып, оның аймағы 300 мың гектарға жетті. Кейінгі жылдары теңіз суының көтерілуінің табиғи процесс екенідігі дәлелденді.

Каспий тсңізінің көтерілуі  оның маңындағы мемлекеттерге көптеген проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы - экологиялық жағдайлар.

Біріншіден, су деңгейінің көтерілуі  теңіз жағалауындағы табиғи жайылымдардьщ  көлемін тарылтып, қүстар мен жануарлардың мекенін басып қалды. Суға тоскауыл үшін соғылған бөгеттер жағалаудың фаунасы  мен флорасына зор шығын келтірді. Балықтардың уылдырық шашу аясы мен  қүстардың үя салу тығыздығы кеміп, биокөптүрліліктің азайьга кету проблемасын туғызып отыр. Екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі судың, ауа мен топырақтың ластануына, одан әрі экологиялық апатка апарады. Судың мұнай өнімдерімен ластануы 1980 жылдан бастап күшейе түсті. Су құрамында  пестицид және ауыр металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балық-тар, теңіз  мысығы, құстардың жаппай ауруларға  ұшырап, қырылып калу фактілерін жиілетті. Соңғы мәліметтер бойынша бекіре балықтарын аулау 40 %-ға азайды.

Үшіншіден, су деңгейінің көтерілуі  теңіз жағалауларындағы мұнай ұнғыларын, мұнай коймаларын, мұнай өндейтін өнеркәсіп орындарын, балық комбинаттарын, елді мекендерді су басып, орасан зор  шығын келтіре бастады.

     Төртіншіден, мұнай игеруге шетелдік инвесторларды тарту Каспий теңізінің экологиясын одан әрі шиеленістіре түсуде. Мұнай өндірумен бірге ауаға шығатын ілеспе газдардың көтерілуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтіп отыр. Теңіз жағалауларының тозуы техногендік процестерді жылдамдатып, аумақтың шөлге айналуына себепші болып отыр.

Арал теңізі

АРАЛ ТЕҢІЗІ - Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл.) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік  әрекеттерге дейін (1960 — 70 ж.) дүн. жүз. теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте  жатқан (кестені қ.). Осы деңгейдегі айдынының ауд. 66,1 мың км2 (аралдарымен  қоса), суының көл. 1064 км3, орташа тереңд. 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұз. 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауд. 69000 км2 болған. Алабындағы шаруашылык мақсаттарға  үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз  деңгейі 18 м-ге төмендеді (1997). Нәтижесінде  теңіз 2 суқоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды. А. т. көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер  мен римдіктер теңізді Каспийдің "сақ шығанағы" деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі (Окс — Сырдарияның грекше аты) деп атаған. Кейін Птолемей оның геогр. орнын анықтаған. А. т-нің Хорезм т., Жент т., Кердері т. сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли  Ахмед ибн Русте (10 ғ.), Әбу Исхақ  әл-Истахри (10 ғ.), Әбу Абдал-лаһ Мүхаммед ол-Идриси (12 ғ.), Әбу-л-Фида (14 ғ.), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында А. т. туралы деректер кездеседі.

1850 ж. Аралдың алғашқы толық  картасы жасалды. Теңіздің морфометриялық  сипаттамаларын тұңғыш рет (1874,-1889) И.А. Стрельбицкий анықтады.

Арал ойысы жоғарғы плиоценде  жер қыртысының төменге майысуы  нотюкесінде қалыптасқан. Табанының  бедері жота-жоталы жазық болып келеді. Деңгейі күрт төмендегенге дейінгі  теренд. 20 — 25 м, А. т-нде жалпы ауд. шамамен 2235 км2 (айдынның 3,5%) болатын 1100 аралдар тобы болған, кейін олардың  бірқатары түбектерге айналып, құрлықка қосылған.

А. т-не Орталық Азияның 2 аса ірі  өзені (Әмудария мен Сырдария) құяды. Климаты континенттік, кұрғак, ауаның орташа темпрасы жазда 24 -26°С, қыста -7,0 - 13,5°С. Жь\ылдық жауын-шашынның орташа мөлш. шамамен 100 — 150 мм. Табиғи жағдайдағы теңіздің су тендестігінің құрамы: көл бетіне жауатын жауын-шашынның мөлш. 5,9 км3, өзен ағындысы 54,8 км3, көл  бетінен буланған ылғал 60,7 км'. 1970 ж. бастап келге құятын өзен ағыңдысы жоққа тән болғандықтан, булануға кеткен шығынды толтыруға шамасы жетпейді, сондықтан теніз суы  жылдан жылға тартылып келеді. Су деңгейінің маусымдық тербелісінің орташа мәні 25 см, көп жылдық (ғасырлық) ауытқуы 3 м-ге дейін жеткен. Соңғы кезде  маусымдық кұбьшмалылық болмаса  су деңгейінің көпжылдық ауытқу көрсеткіші тек төменге бағытталған. Судың  беткі қабатының темп-расы жазда 26 — 30°С, қыста 0°С-тан төмен. Қыс  бойы теңіз айдынын толығымен  мұз басады. Суының тұзд. табиғи жағдайда 9 — 14%с болатын, соңғы он жыл ішінде (1988-98) 25 — 30%о-ге дейін өсті. Суы өте  мөлдір, 25 м-ге дейінгі терендікті көруге болатын еді. Теңіздегі ағыстар  сағат тілінің бағытымен айналым  жасайды. А. т-нде балыктан арал шоқы-ры, сазан, каяз, торта, т.б. бар. Соңғы кезде  камбала жерсіндірілген. Кеме байланысы  шамамен 7 айға созылатын, қазіргі кезде  тек иірімдерде ғана қатынайды.

А. т-нің жағалауында халық аз тұрады, жергілікті халық балық аулау, мал ш-мен жөне көкөніс-бақша өсірумен айналысады. Арал балық аулау ауданына А. т-не құятын өзендердің атырау аумағы кіреді. Балықөндеу (тұздау) зауыттары  бұрын Әмударияның атырауында, Аван кентінде (Көкаралда), Бөген ауылында (шығыс жағалау), бұрынғы Ұялы және Ұзынқайыр аралдарында орналасқан болатын. Алғаш Әмударияның атырау тұсы А. т. Аталып, кейін теңіз түгелімен  Арал аталған.

 

 

 

Арал теңізінің  экологиясы

 

Арал тенізі – Қазақстаныың інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км2, тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12 % болған. Қойнауы  кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол  кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.

Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-эконо-микалық  тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген  тіршілік көшті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық  өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты  тұрақты жұмыс істеген.

1960 жылдардан бастап Арал өңірін  игеру қолға алынды. Осы аймақтағы  игерілетін жер көлемі бұрынгыдан  Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге  өсті. Ал Әмудария мен Сырдария  бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар  аралығында 2,2 есеге артты. Халық  санының өсуіне орай суға деген  кажеттілік те артты. Осыған  орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға  құйылатын су мөлшері азайды. Онын негізгі себептері - антропогендік  факторлар еді. Екі өзен бойындағы  суды мол қажет ететін күріш  пен мақта өсіру ісі қаркындап  дамыды (Шардара).

Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа  да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары  игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану  жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл  көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жыл-дары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін  төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін  қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға  дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялык препараттарды қолдану  бұрын-соңды болмаған көрсеткішке  жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге  өскен. Осындай антропогендік факторлар  Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құргап қалған теңіз түбінен жыл  сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына  себеп болған факторларға:

-   жергілікті жердің тарихи-табиғи  ерекшеліктерін ескермеу;

-   ауыл шаруашылығын дұрыс  жоспарламау, судың қорын есепке  алмау;

Информация о работе Гидросфера