Каратау жотасының географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 14:36, дипломная работа

Описание работы

Қаратау жотасы территориясын, пайдалы қазба байлықтарын игеру мақсатта, сонымен бірге географиялық кешендерінің экологиялық тұрақтылығын сақтау үшін, Қаратаудың казіргі географиялық жүйелердің ресурстарын кешенді пайдалану принциптерін жасап шығуын талап етеді.
Қаратау жотасы табиғи физикалық-географиялық шекара болып табылады, сондықтан солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс беткейлері физикалық-географиялық жағдайы бойынша бір-бірінен кескін айырылып отырады. Қаратаудың су айырығы ландшафттардың жеке класын құрайды.

Содержание работы

Кіріспе........................................................................................................................3
І. Қаратау жотасын географиялық зерттеу тарихынан қысқаша
мәліметтер..............................................................................................................6
ІІ. Қаратаудың географиялық кешендері қалыптасуындағы
физикалық-географиялық факторлары............................................................10
ІІ.1 Қаратау жотасының геологиялық даму тарихы......................................10
ІІ.2 Географиялық кешендер пайда болуындағы
геоморфологиялық фактор................................................................................13
ІІ.3 Климат жағдайы..........................................................................................15
ІІ.4 Беткі және жер асты сулары......................................................................18
ІІ.5 Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлары.......................................24
ІІІ. Қаратаудың географиялық кешендері...............................................................28
ІІІ.1 Географиялық кешен және биіктік белдеулілік туралы түсінік...........28
ІІІ.2 Қаратау жотасының географиялық кешендері.......................................33
ІІІ.3 Қаратаудың географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы......38
ІІІ.4 Қаратау жотасындағы биіктік белдеулілік..............................................42
Қорытынды................................................................................................................46
Әдебиет тізімі.............................................................................................................48

Файлы: 1 файл

Дип.-ҚАРАТАУ-ЖОТАСЫНЫҢ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ-КЕШЕНДЕРІНІҢ-ДИНАМИКАСЫ-МЕН-ДАМУЫ.doc

— 284.00 Кб (Скачать файл)

Ф-ОБ-001/035

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ‐ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

ШЫМКЕНТ ИНСТИТУТЫ

 

Тарих факультеті

 

Қазақстан тарихы кафедрасы

 

 

Дипломдық жұмыс

 

 

 

ҚАРАТАУ ЖОТАСЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КЕШЕНДЕРІНІҢ

ДИНАМИКАСЫ  МЕН ДАМУЫ.

 

 

 

Зулпыхарова Ғаниза 442 – 24 тобы

аға оқытушы  С. Дуйсенбаев

 

 

 

 

 

 

Шымкент – 2008

МАЗМҰНЫ

Кіріспе........................................................................................................................3

І. Қаратау жотасын географиялық зерттеу тарихынан қысқаша  

   мәліметтер..............................................................................................................6

ІІ. Қаратаудың географиялық кешендері қалыптасуындағы

      физикалық-географиялық факторлары............................................................10

ІІ.1 Қаратау  жотасының геологиялық даму тарихы......................................10

ІІ.2 Географиялық кешендер пайда болуындағы

       геоморфологиялық фактор................................................................................13

ІІ.3 Климат жағдайы..........................................................................................15

ІІ.4 Беткі және жер асты сулары......................................................................18

ІІ.5 Топырақ-өсімдік жамылғысы  мен жануарлары.......................................24

ІІІ. Қаратаудың географиялық кешендері...............................................................28

ІІІ.1 Географиялық кешен және биіктік белдеулілік туралы түсінік...........28

ІІІ.2 Қаратау  жотасының географиялық кешендері.......................................33

ІІІ.3 Қаратаудың географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы......38

ІІІ.4 Қаратау жотасындағы биіктік белдеулілік..............................................42

Қорытынды................................................................................................................46

Әдебиет тізімі.............................................................................................................48

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Казіргі ғылымның ең өзекті функцияларының бірі, шектелген бар  ресурстарды, қоғамның қажеттілігі мен оларды қамтамасыз ету мүмкіншілік арасындағы сәйкестілікті орнату. Жалпы ғылымның құрамындағы физикалық география қоғамның қажеттілігі үшін, территориялық табиғат кешендерін тиімді пайдалану мақсатта зерттеу.

Назарыңызға ұсынылған жұмысты  орындауда, автор казіргі физикалық  географияда қолданылатын негізгі  классикалық әдістерді пайдаланды, оның негізгілері: картографиялық, баяндама, салыстырма және профильдер әдісі. Географиялық кешендерге баяндама беруде жүйелі көз қарас қолданылды, яғни Қаратаудың географиялық кешендері өзара байланысқан және өзара әрекеттегі элементтері жиынтығы түрінде қарастырылады.

Жұмыстың негізгі мақсаты Қаратау таулары географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуын қарастыру, әсіресе казіргі физикалық-географиялық процестер және географиялық кешендерге антропогендік ықпалының нәтижесін. Ландшафттарда болып жатқан физикалық-географиялық процестерді білу, осы физикалық-географиялық провинцияның табиғат жағдайы мен ресурстарын тиімді пайдалануға және бұл провинцияның табиғи географиялық кешендерін қорғау бойынша іс-шараларын ұйымдастыруға мұмкіншілік береді

Диплом жұмысы кіріспе, 3-тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом жұмысын жазу барысында автор Оңтүстік Қазақстан облысы Жер ресурстары басқармасының фондттық мәліметтеріне негізденді, Ғылыми-техникалық, Абай, Пушкин атындағы кітапханалардан тақырып бойынша әдебиеттермен танысты. Сонымен қатар, автор оқу іс-тәжірибе кезінде осы мәселе бойынша бірнеше дала материалын жинады.

Қаратау жотасы физикалық-географиялық провинциясы Қазақстанның оңтүстігінде, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік-Қазақстан облыстары территориясында орналасқан. Қаратау Батыс Тянь-Шань тауларының солтүстік сілемдері болып табылады, ең биік шыңы Бессаз тауы – 2176 м. Қаратау жотасы

5 - 6 баллдық сейсмикалық зонада орналасқан. Жотаның казіргі географиялық кешендері тау алды, аласа таулы және орта биікті таулы шөл, шөлейт, құрғақ дала және дала ландшафттары деп бөледі. Климаты кескін континентті, салыстырмалы құрғақ, таулы климат түрімен сипатталады.

Қаратауда соңғы  жылдарға дейін фосфорит, полиметалл рудасы өндірілген. Кеңес үкіметі  кезінде Қаратау жотасында түрлі геологиялық зерттеулер жүргізілді, провинцияда уран, темір, алтын және рудалық емес құрылыс материалдар (құрылыс тас, цементтік шикі-зат) т.б. пайдалы қазбалардың кен орныдары табылған. Казіргі таңда өнеркәсіптік деңгейде уран рудасы өндіріледі, ал фосфориттің қоры жеткілікті болғанымен, өндіру тоқтатылған. Қаратау пайдалы қазбалардан басқада табиғат ресурстарына бай болып келеді, әсіресе ауыл шаруашылық үшін. Қаратау жотасының беткейлері мен су айырығы жазғы жайлау ретінде пайдаланылады, шалғындар әр түрлі шөптесін өсімдіктерге бай, сонымен бірге көптеген дәрі өсімдіктер бар. Өзен аңғарларында жабайы жеміс ағаштар өседі: алма, өрік, жабайы жүзім кездеседі, олар осы мәдені жеміс ағаштардың генофонды болып табылады.

Қаратаудың  тегіс жерлері егістікке кең пайдаланады, басым бидай, жоңышқа т.б. дақылдар бар. Бұл провинциядағы дәнді және жемшөп дақылдар суғарылмайды.

Қаратау жотасы рекреациялық ресурстармен жоғары деңгейде камтамассыз етілген. Әсіресе таулы туризмді дамыту үшін Қаратауда көп мұмкіндік бар, мысалы, өзенмен байдарка және каноэмен түсу, атпен таулы аудандарға, үңгірлерге, ежелгі адамның тұрақтарына т.с.с. объектілерге саяхат жасау. Осы мақсатта Қаратауда ерекше қорғалатын территорияларды ұйымдастыру үшін арнайы географиялық, биологиялық т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Қаратауда адамдар  ертеден мекендеген, мысалы, Арыстанды  өзеннің шатқалында ежелгі адамның  тұрақтары табылған, ал Шаян өзенінің шатқалында тас бетіндегі суреттер бар. Боралдайдың жоғарғы ағысында отқа табынушылардың ғибадатханасының қалдықтары, тас бетіндегі суреттер табылған. Орта ғасырларда Қаратаудың солтүстік және оңтүстік беткейлерінде Солтүстік Қазақстан және Ежелгі Русь мемлекетімен Оңтүстік Қазақстанның территориясын және сол кездегі Азияның басқа елдерімен байланыстратын Ұлы Жібек жолының тармақтары өткен.

Қаратау жотасы территориясын, пайдалы қазба байлықтарын игеру  мақсатта, сонымен бірге географиялық кешендерінің экологиялық тұрақтылығын сақтау үшін, Қаратаудың казіргі географиялық жүйелердің ресурстарын кешенді пайдалану принциптерін жасап шығуын талап етеді.

Қаратау жотасы табиғи физикалық-географиялық шекара болып табылады, сондықтан  солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс  беткейлері физикалық-географиялық жағдайы  бойынша бір-бірінен кескін айырылып отырады. Қаратаудың су айырығы ландшафттардың жеке класын құрайды. Қаратау ерекше табиғат жағдайымен сипатталатын болғандықтан, осы провинцияның табиғи географиялық кешендерін, тірі организмердің биологиялық көптүрлілігін, эндемикалық түрлерін сақтау үшін 2004 жылы Қаратау-Сырдарья қорығы ұйымдастырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Қаратау  жотасын географиялық зерттеу тарихынан  қысқаша мәліметтер

Қаратау таулары  туралы географиялық мәліметтер антикалық  кезеңдегі географиялық еңбектерде кездеседі, оны дәлелдейтін Созақ, Сауран т.б. ежелгі қалалардың қалдықтары [12,37]. Осындай ежелгі елді мекендердің қалдықтары Қаратаудың батыс және шығыс беткейлерінде бар.

Қаратау туралы бірінші жазба деректері Александр  Македонскийдің әскери жорықтарынан кейін ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде жиналған. Бұл мәліметтер ежелгі римдіктер еңбектеріне көшіп, көбінесе баяндама түрінде болған.

Орта ғасырлардың бірінші  жартысында сол кездегі Орта Азия елдерін арабтар басып алды. Антикалық кезеңдегі ғылым орта ғасырдағы арабтарға көшті, сондықтан, Қаратау туралы мәліметтер осылардың ғылыми еңбектерінен табамыз. Абу Исхак Ибраһым ал-Истахри Арыс өзені және оның салаларында орналасқан елді мекендер туралы мәліметтер бар. Макдиси деген саяхатшының еңбектерінде Сырдарияның оң жағасында орналасқан Сауран (Сабран) және Шагальджин (Ишкан, қазіргі Түркістан қаласынан 26 км солтүстікке қарай) қалаларының сипаттамасы бар, сонымен қатар Испиджаб қаласына аса толық сипаттама берген. Махмуд Қашқари ХІ ғасырдың екінші жартысында жарық көрген «Диван лугат ат-түрік» еңбегінде Орта Азияның картасы бар, онда Тянь-Шань таулары бір-біріне параллель жатқан жоталар түрінде көрсетілген [12,37].

1627 жылы Мәскеу мемлекетінің «Большой чертеж всему Московскому государству» және осы карталарда көрсетілген территорияға географиялық сипаттама беретін «Книга к Большому чертежу» деген еңбектер шықты. Бұл картада Қаратау таулары да көрсетілген. Қарату жотасы, 1701 жылы С. Ремезов жасап шыққан «Чертежная книга Сибири» деген атласта көрсетілген.

ХІХ ғасырдан бастап Қазақстан территориясында орыс ғалымдары әр түрлі жолдармен жүйелі геодезиялық кескіндеу және пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізді. Ғасырдың басында Т.С. Бурнашев және М.Поспелов инженерлер Семейден Бетпақдала арқылы, Қаратудың үстімен Ташкентке қарай өтті. Олар көрсетілген айдандарда рекогносцировка жұмыстарын жүргізді. Батыс Тянь-шань тауларына сонымен бірге Қаратау жотасына жалпы сипаттама берілген. 1830 жылы осы маршрут бойынша Н.И. Потанин саяхат жасап жолда кездескен таулар мен өзендерге сипаттама берген, соның ішінде Қаратау таулары туралы мәліметтер бар [7,12].

ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарына Қазақстан туралы көптеген материалдар жиналды, оның барлығын жинап сол кездегі ғылым деңгейінде түсініп жалпыластыру қажет еді. Бұл мәселені А.И. Левшин «Описание  киргиз-казачьх или киргиз-кайсацких орд и степей» деген еңбегінде көрсетті. Бұл еңбекте сол кездегі қазақ халқы туралы, оның тарихы, этографиясы, географиясы көрсетілген. Территория баяндамасында Қаратау таулары туралы айтылған. Климаттық ерекшеліктері және топырақтың сипаты негізінде автор Қазақстанның территориясын 7 белдеуге бөледі, Қаратау жотасы жетінші – Оңтүстік Қазақстанның шөл аудандарына жатқызады.

Қаратау жотасының  геологиялық зерттеу тарихы шамамен  ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Осы кезеңге дейін Қаратау туралы мәліметтер тосаттан, жекеленген мәліметтер көпестер (саудагерлер), елшілер т.с.с. адамдар жинаған. Қаратаудың геологиясы туралы мәліметтер жоғарыда көрсетілген авторлардың еңбектерінде кездеседі, Семен Ремезовтың (1697), П. Бурнашев және М. Поспелов (1800), Н.И. Потанин (1831), А. Левшин (1832) т.б. авторлар [19].

1865 жылдан бастап  әдебиетте Қаратаудың орографиясы,  гидрографиясы, геологиясы туралы  ғылыми еңбектер шыға бастады. Осы кездегі ғылыми жұмыстардан Р. Фрезенің (1865), Н.А. Северцевтің (1866), Д.И. Романовскийдің (1866), А.Н. Никольскийдің (1867) және А.Л. Татариновтің (1867) еңбетерін атап кетуге болады. Мысалы, Н.А. Северцевтің еңбегінде Қаратау бойынша маршруттық геологиялық карта берілген, А.Л. Татаринов өз еңбектерінде Қаратауда анықталған тас қөмір кен орындарының жасын анықтады және Ащысай кен орнына сол кездегі деңгейде толық сипаттама берді. Бұл кезең Г.Д. Романовскийдің (1878) және И.В. Мушкетовтың (1877) 1875 – 1878 жылдары аралығында болған экспедициялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде шыққан ғылыми еңбектер аяқтайды. Олар өздерінің еңбектерінде Қаратау жотасындағы палеонтологиялық қалдықтарға баяндама берген және Қаратаудың геологиялық картасын жасаған.

ХХ ғасырдың басында Қаратауда көптеген жалпы географиялық, геологиялық, топырақтанулық, ботаникалық т.б. зерттеу жұмыстары жүргізілді. Геологиялық жұмыстары бойынша М.М. Бронниковтың (1905), В.Н. Вебердің (1905) және Д.В. Наливкиннің (1924 және 1930 ж.ж. жарық көрген) ғылыми еңбектерін атап кетуге болады. 1908 жылдан бастап Қазақстанда Көші-қон басқармасының ұйымдастыруы бойынша топырақ-ботаникалық зерттеу жұмыстары басталды. Сол кездегі Сырдария облысының Шымкент уездінде З.А. Минквиц және О.Э. фон Кнорринг осы жұмыстарды жүргізді.

Орта Азия және Қазақстанның топырақ жамылғысын зерттеуде С.С. Неуструевтің ерекше орны бар. 1908 – 1914 жылдары аралығында ол Оңтүстік Қазақстанның және Өзбекстанның Ферғана аңғарының топырақтарын зерттейтін Көші-қон басқармасының 8 топырақ-ботаникалық экспедицияларын басқарды. С.С. Неуструев 1908 жылдан бастап Шымкент уездінің топырақтарын зерттеді. Ол Қаратау жотасымен қатар Талас Алатауын, Арыс және Боралдай өзендері алқабтарын, Қаратаудың шығыс беткейлерін, Мойынқұмды зерттеді. 1912 жылы шыққан «Почвенно-географический очерк Чимкентского уезда» деген еңбегінде уездтің барлық топырақтарына сипаттама берді, олардың таралуындағы басты заңдылықтарды көрсетті тағы жер бедері, климат және геологиямен байланысты түрлі аудандардағы топырақ қалыптасу жағдайын түсіндірді. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы территориясындағы лесс топырағын сұр топырақ (серозем) деп атады. Сұр топырақтың ерекшеліктерін қарастыруына байланысты Түркістандағы топырақ пайда болудың маңызды ерекшелігін – топырақ және грунттың карбонаттылығы туралы мәлімет берді.

Қазақстанда Кеңес үкімет орнатылған соң, Қаратау жотасында геологиялық зерттеулер басым болды. ХХ ғ. 20-40-шы жылдары Қаратаудың геологиясы, палеонтологиясы, жер бедері туралы Д.В. Наливкин, Н.А. Брызгалов, В.В. Галицикий, И.И. Князев т.б. ғалымдардың еңбектері жарық көрді. Осы кезде, И.И. Князев Ащысай полиметал кен орнын өндіріске тапсыру жұмыстарын басқарды.

Информация о работе Каратау жотасының географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы