Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 14:36, дипломная работа
Қаратау жотасы территориясын, пайдалы қазба байлықтарын игеру мақсатта, сонымен бірге географиялық кешендерінің экологиялық тұрақтылығын сақтау үшін, Қаратаудың казіргі географиялық жүйелердің ресурстарын кешенді пайдалану принциптерін жасап шығуын талап етеді.
Қаратау жотасы табиғи физикалық-географиялық шекара болып табылады, сондықтан солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс беткейлері физикалық-географиялық жағдайы бойынша бір-бірінен кескін айырылып отырады. Қаратаудың су айырығы ландшафттардың жеке класын құрайды.
Кіріспе........................................................................................................................3
І. Қаратау жотасын географиялық зерттеу тарихынан қысқаша
мәліметтер..............................................................................................................6
ІІ. Қаратаудың географиялық кешендері қалыптасуындағы
физикалық-географиялық факторлары............................................................10
ІІ.1 Қаратау жотасының геологиялық даму тарихы......................................10
ІІ.2 Географиялық кешендер пайда болуындағы
геоморфологиялық фактор................................................................................13
ІІ.3 Климат жағдайы..........................................................................................15
ІІ.4 Беткі және жер асты сулары......................................................................18
ІІ.5 Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлары.......................................24
ІІІ. Қаратаудың географиялық кешендері...............................................................28
ІІІ.1 Географиялық кешен және биіктік белдеулілік туралы түсінік...........28
ІІІ.2 Қаратау жотасының географиялық кешендері.......................................33
ІІІ.3 Қаратаудың географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы......38
ІІІ.4 Қаратау жотасындағы биіктік белдеулілік..............................................42
Қорытынды................................................................................................................46
Әдебиет тізімі.............................................................................................................48
Қаратау жотасының геологиялық қазіргі тарихи кезеңдері мынадай. Жоғарға боз кезеңіндегі трансгрессиядан кейін Қаратау территориясыкөтеріле бастады, оның нәтижесінде бор шөгінділері палеозойлық негізге дейін жуылып кетті. Палеогенде теңіз қайтадан көтерілді, Солтүстік-Батыс және Орталық Қаратау теңіз астына түсті. Боралдайтау палеоген теңізі астында болмаған. Неогенде Қаратау құрлыққа айналды, палеоген шөгінділері көптеген аудандарында денудация процестерімен жойылды. Төрттік кезеңінде Қаратау жотасы біркелкі емес көтерілу процестері дамыған, оның нәтижесінде бір кезде пайда болған шөгінділер әртүрлі биіктіктерде орналасқан.
ІІІ.3 Қаратаудың географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы.
Қаратау жотасының географиялық кешендендерінің динамикасы. Ландшафттың динамикалық өзгерісі кеңістік пен уақыт аралығында жер бедері пішінінің, тау жыныстардың, шөгінді жыныстардың қабаттануынан, өсімдік топтарының ауысуынан, топырақтың құрамы мен құрылымының өзгеруінен көрінеді. Жер бедерінің өзгеруі өзен, көл жағалауының шайылуы, жыралардың өсуі, жаңа эрозиялық формалардың пайда болуы, карст, солифлюкция және сел көшкіндері. Бір жерде тіршілік ететін өсімдік бірлестігінің ауысуы бір адамзаттық өмір кезінде бола алады. Алдыңғы геологиялық дәуірден сақталған бұрыңғы фитоценоздардың қалдықтары (реликт) сирек кездеседі, мысалға Каратау жотасында қаратау кекіресі, каратау маралтамыры.
Геологиялық масштаб уақытында фитоценоздардың, топырақ пен жер бедерінің өзгерісі соншалықты, типті бір ландшафт түрлерінің екіншісімен ауысуы туралы айтуға болады. Өткен геологиялық және климаттық жағдайларға ландшафттың реликті (қалдықты) элементтері куә.
Сонымен ландшафттар динамикасы оның компоненттерінің өзгерісі арқылы байқалады. Өсімдік жамылғысында оның өсуі мен фитомасса қорының өзгеруі – себебі зат пен энергия айналымы. Литогендік негіз динамикасында топырақ түзілу процесін, жыныстардың үгілуін және үсақ тасты-құмды материалдардың беткеймен жылжыуын ажыратады. Егер топырақ түзілу процесінде негізгі рольді зат айналымы атқарса, онда рельеф құрушы процестерде қатты және сұйық ағынның маңызы зор. Су ағынындағы өзгеріс ағынның шығынынан, ауа массаларында ауаның горизонтальдық бағытта өзгеруіненкөрінеді. Осы процестердің бәріне тән жалпы заңдылық уақыт аралығындағы ырғақтығы және циклдығы, көп жылдық және ғасырлық өзгерістер.
Географиялық кешендердегі табиғи процестердің динамикасы жер бетінде күн энергиясының біркелкі таралмауынан үздіксіз ұстап тұратын және пайда болатын зат пен энергияның планетарлық алмасуымен тығыз байланысты. Термодинамиканың заңына сәйкес жер бетінің біркелкі қызбауы жылы аймақтың суығырақ аймаққа қарай бағытталған ауа мен су массаларының тасмалдауын өршітеді және соған қарай жылу мен ылғал алмасу процестерінің дамуын байланыстырады. Берілген жағдайда термикалық өрістің потенциалдық энергиясы ауа мен су тасқындарының кинетикалық энергиясына айналады. Планетаның бетінде күннің жылу қорының біркелкі таралмауы жердің геоид пішінді және оның астрономиялық заңмен ось бойымен айналуы мен орбита бойымен ауысуы, құрлықтар мен мұхиттардың өзара географиялық орналасу жағдайлары, дүниежүзілік мұхит деңгейінің абсолюттік биіктігімен, табиғи денелердің физикалық және химиялық қасиеттерінің айырмашылығымен түсіндіріледі. Күн энергиясы таралуынан жалпы географиялық заңдылығы полярлық ендіктен тропикке дейін маусым аралық температура градиентінің төмендеуі мен жер бетінің абсолюттік биіктігінің көбеюінен, тәуліктік ырғақ пен температура циклдеріне, әртүрлі ырғақтағы жылдық температура циклінен көрінеді.
Күн энергиясының түсуіндегі ырғақтылығы мен циклдығы осыған сәйкес гидротермикалық процестердің ырғағында, ал олар арқылы географиялық кешендерде және олардың арасындағы зат тасқындары мен айналымның ырғақтары және циклдерінде бейнеленеді. Топырақтың көп түрлілігімен байланысты гидротермикалық режимді зерттеу қажеттілігіне В.Р. Волобуев (1974, 1983) пен М.А. Глазовская (1981) көңіл аударды. Бүл әсер топырақтың аналог көрсеткіштерімен бірге атмосфераның жер қабатының температурасы мен ылғалдық қатынасында, сонымен қатар биомассаның көбеюі мен ыдырауында, оның демалу белсенділігінде, химиялық элементтердің миграциялық жиілігінде, үгілу процесінің бағыты мен интенсивтілігінде көрнекті байқалады. Тәулік бойы жарық пен жылудың интенсивтілігі таңертеңгі кезден тал иүске дейін күшейіп және қайтадан кешкі сағаттарға таман төмендеп өзгереді. Түнгі уақытта бұл көрсеткіштер минимальды, бірақ жаңа тәуліктік цикл басталып, таңсәріден жылу мен жарықтың келу ритмі қайталанады. Берілген сипаттамалардың сандық көрсеткіші күн сайын өзгеруі мүмкін, бірақ процестердің бағыты сақталады. Топырақ пен жер беті суына қарағанда ауа тез қызады және тез суынады. Сондықтан топырақ пен судың температурасы ауа температурасының өзгеруінен біршама кешігеді, биомассалардың көбеюінде білінетін фитоценоздың реакциясы да соған сәйкес кешігеді.Топырақ температурасының тәуліктік ауытқуы 50 см тереңдіке дейін байқалады, жылдық – 14 м-ге дейін. Сонымен жер беті топырағымен салыстырғанда тереңдеген сайын температура көрсеткіштері кешігеді. Уақыт айырмашылығы бір айға дейін жетуі мұмкін.
Көршілес географиялық кешендерде табиғи процестердің ырғақтары мен циклдері уақыт және көріну деңгейі бойынша бір-бірімен сәйекс келмейді, өйткені әрқайсысының жер бетінің жылынуы, ылғалдануы мен геологиялық-геохимиялық процестері әрқалай. Таулардың әртүрлі деңгейдегі бедерінде әртүрлі ырғақтылық жақсы байқалады. Аралас географиялық кешендерде сыртқы ырқатылық әртүрлі табиғи процестердің маусымдық фазасының басталуы мен аяқталуы әртүрлі мерзімдерде болуынан байқалады.
Қаратауда ландшафттың морфологиялық бөлігіндегі процестердің әртүрлі ырғақтылығын көктемде қар еріген кезеңде бақылаған ыңғайлы. Оңтүстік беткейлер солтүстікке қарағанда қардан бірнеше күн бұрын босайды. Тау беткейлеріндегі бүл айырмашылық 8 – 12 күнге жетуі мүмкін. Көршілес географиялық кешендерде мерзім бойынша бір типті фенофазаның басталу айырмашылығы 7 – 12 күнге дейін. Ырғақ пен цикл процесінің ұзақтылығы мен ауысуы географиялық кешеннің орнына, олардың ылғалдану дәрежесіне байланысты. Уақыт бойынша қайталанып отыратын тұрақты атмосфералық және гидрофизикалық процестерді гидрометеорологиялық циклдер деп атайды.
Қаратау жотасының географиялық кешендендерінің дамуы. Ландшафттың динамикасы деген үғым «даму» категориясымен диалектикалық байланысты. Географиялық кешендердің дамуы қайтымсыз өзгерістердің уақыт аралығында жиналуынан көрінеді, соңғысының бағытында регрессивті немесе прогрессивті кездер басым болуы мүмкін. Мысалы, ағын сулар арқылы элементтердің автономды фацияларда, олардың биогенді компоненттерінде шоғырлануы. Кейіннен бұл процестер тектоникалық, климаттық немесе антропогендік факторлардың нәтижесінде өз бағытын өзгертуі мүмкін, мысалы, топырақтың тұздануы немесе керісінше. Алайда әрбір табиғи кешенде не заттың ағындық ыдырауы не оның шоғырлануы басым, яғникешеннің даму эволюциясын анықтайды.
Географиялық кешендердің дамуындағы инварианттар мен кезеңдер. Кеңістік пен уақыт аралығында өзгеріп отыратын табиғи кешендердің даму эволюциясында үзақтығы әр алуан бірнеше кезеңдерді жіктейді. Географиялық кешендердің әрбір жеклеген инвариантына өзіне ғана тән морфологиялық құрылым, компонент аралық байланыс және бір типтегі фация қатары енеді. Инварианттардың ауысуы – даму, яғни табиғи кешен бір типтен екіншісіне айысты деген сөз. Ол климаттың немесе тектоникалық режимнің тұрақты бір бағытта өзгеруінен көрінеді, бірақ үзақ уақыт бойы жаңа қасиеттері мен белгілері сақталды.
Бір инвариант
шеңберіндегі географиялық кешендер уақыт
бойы өзгеріссіз қалмайды, бір типтегі
табиғи кешеннің даму кезеңдерінен тұрады.
Кешендердің бір кезеңінің
IІІ.4 Қаратаудағы биіктік белдеулілік.
Таулы ауданда физикалық-географиялық дифференциацияланудың маңызды факторы қүрлықтың теңіз деңгейінен биіктігі. Биіктеген сайын климаттық көрсеткіштер өзгеріп отырады, сондықтан, тауда географиялық кешендер биіктікке қарай өзгереді.
Қаратау жотасындағы биіктік белдеулері туралы географиялық әдебиетте бірінші мәліметтер Н.А. Северцевтың экспедициялары нәтижесінде шықты. Северцев Н.А. өз еңбектерінде өсімдіктер мен жануарлардың таралуына экологиялық-географиялық жағдайлардың әсер ететін анықтап берді.
Қаратау жотасы маңызды климаттық, физикалық-географиялық шекара болып табылады. Дипломның екінші тарауында Қаратау маңызды климат суайырық екенін А.А. Пузырева және Л.Н. Бабушкин еңбектеріне негізденіп дәлеледеп көрсетілді.
А.Г. Исаченко бойынша (1990), Жердің әртүрлі тау жүйелеріндегі биіктік белдеулілікті зерттеу нәтижесінде биіктік-белдеулік спектрлердің, немесе белдеулілік жүйелердіңәр алуандық байқалған. Биіктік белдеулердің саны ендіктік зоналар санынан көп екен. Биіктік белдеулік жүйелердің әртүрлілігі таулы аймақтың қандай ландшафттық зонада және белгілі бір физикалық-географиялық секторда орналасқанымен тағы да тау жүйесінің орографиялық ерекшелігімен анықталады.
Әрбір ландшафттық зонаға биіктік белдеуліліктің ерекше типі тән, яғни тек ғана осы зонаға тән белдеулер қатары. Ол белдеулер қатары биіктік шекараларымен, белдеулердің санымен, олардың орналасу ізбе-ізділігімен сипатталады. Экваторғажақындаған сайын белдеулер саны өсе келеді.
Қаратау жотасы, А.Г. Исаченко бойынша (1990) суббореалды экстрааридті (шөл) ландшафттық зонасында орналасқан. Бүл зонаға күшті аридтік тән, жауын-шашын мөлшері 200 мм дейін, ылғалдану коэффициенті 0,1 – 0,15 аралығында, ыстық жаз +24ºС, +26 ºС шамасында және жылудың маңызды қоры бар радиациялық баланс R = 1800 – 2000 МДж/м2 тең, бірақ салыстырмалы суық қыс, қаңтар айының орташа температурасы – 10 ºС, - 15 ºС дейін.
Қаратау жотасына солтүстіктен Мойынқұм шөлі жанасып отыр. Мойынқұмның тау алды аймағында абсолюттік биіктігі 250 – 300 м шамасында. Мойынқұм эолды төбелі-қырқалы болып табылады. Беткі тау жыныстары эол процестерімен қайта оңделген алювийлік және көлді шөгінділері. Мұнда құмды субстратта өсетін қара сексеуілді, жусанды және кейреуік өсімдігімен сипатталатын кешендер дамыған. Осындай жазықты-тауалды географиялық кешендер, Қаратаудың солтүстік беткейінде шамамен 300 м биіктікке дейін созылады.
Қаратаудың оңтүстік беткейіне, Сырдарьяның оң жағасы бойы аллювиальдық жазықтық үласып жатыр. Бүл жазықтықта сұр-қоңыр және шалғанды-сур топырақтағы сұр жүсанды, боялыш-жусанды, көкпекті және қара жусанды-көкпекті өсімдігімен географиялық кешендер дамыған. Мұндай ландшафттар 250 м биіктікке дейін созылған.
Қаратау жотасының келесі белдеуі таулы шөлдер ландшафттары. Тау алды аллювиальды-пролювиальды жазықтық, сұр-қоңыр және шалғанды-қоңыр топырақтағы сұр-жусанды, эфемерлі-сұр жуанды, боялышты-сұр жусанды кейреуікті-сұр жусанды өсімдігімен ландшафттар шамамен солтүстік беткейлерінде 750 – 800 м биіктікке дейін, ал оңтүстік беткейлерінде 800 – 900 м биіктікке таралған. Осы белдеудің топырағы суғарылған жағдайда жақсы өнім береді, сондықтан Қаратаудан басталатын өзендердің саға жағында ғасырлар бойы елді мекендер болған, егін шаруашылығымен шұғылданған.
Таулы шөл ландшафттарынан жоғары, таулы шөлейт кешендері басталады. Доңғал-қырқалы аласа таулы, таулы сұр топырақтағы эфемерлі-қаратау жусанды өсімдігімен таулы шөлейт ландшафттары солтүстік беткейлерінде 1200 – 1500 м, ал оңтүстік беткейлерінде 1300 – 1600 м дейін көтеріледі. Бұл зона, басым күздік бидай, егінді шөптесін өсімдіктер, әсіресе жоңышқа егі дамыған. Көктемеде, жаздың басында егістікке жарамсыз жерлер жайылым ретінде пайдаланылады.
Қаратаудың
ең жоғарғы белдеуі, орта биікті таулы
дала зонасының кешендері
Қаратаудың кейбір биік шалғындарында суайырық учаскелерінде топырақ жоқ, өсімдік жамылғысы қалыптаспаған, бөлшектенген қатты тау жыныстардың жинақтары - қорымдар кездеседі.
Қаратау жотасының биікті белдеулері осы кешендермен көрінеді. Тау жотасынан басталатын өзендер бойы азоналды тоғайлы географиялық кешендер дамыған. Мұндай кешендер басым шалғынды топырақта, бұталы-ағашты өсімдіктерімен сипатталады. Тоғай кешендері жыл бойы тұрақты су ағысы бар өзендерде болады.
Қаратау жотасының табиғатын сақтап қалу мақсатында 2003 жылы Қаратау-Сырдарья қорығы ашылды. Қаратауда көптеген эндемикалық өсімдіктер бар, қаратау қызғалдағы, каратау маралтамыры т.б. тау беткейлерінде, өзендерді бойлай тоғайларда жабайы алма, долана кездеседі, олар мәдени алма бағын дамыту үшін өте маңызды.
Қорытынды.
Қорыта келгенде қазіргі таңда, адам шаруашылық іс-әрекетінің ықпалы табиғи компоненттің деңгейіне жетті, кейбір жағдайда асып кетті деген ойға келеміз. Физикалық географияның маңызды мәселелерінің бірі, табиғат кешендерінің пайда болу, даму мәселелерін зерттеп, олардың келешегіне болжам беру.
БҰҰ жанындағы табиғатты қорғау мәселелерімен шұғылданатын ЮНЕП ұйымының ұсынысы бойынша мемлекеттің шамамен 10 % территориясы түрлі форма бойынша қорғалатын жер болуы тиісті. Қазақстан Республикасы бұл мәселені қолға алуда, бірақ қорғалатын территорияларда зерттеу жұмыстары аз көлемде жүргізілген.
Қаратау жотасының географиялық кешендерінің динамикасы, дамуы, қазіргі жағдайына сипаттама беру барысында табиғи кешендер ауыл шаруашылық мақсатында жоғары деңгейде игерілген. Әсіресе, өзен аңғарлары қазіргі кезде толық антропогендік кешендерге айналған. Соңғы 30 – 40 жыл бойы, Қаратау жотасының табиғатына өте күшті антропогендік қысым болған. Әріне, табиғат адамға өмір сүру үшін жаратылған деп түсінеміз, бірақ бұзылған табиғат кешендерін қайта тіктеуге өте көп уақыт кетеді. Сондықтан, Қаратаудың табиғат кешендерін тиімді пайдалану қажет.
Информация о работе Каратау жотасының географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы