Корея Республикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 18:38, реферат

Описание работы

Корея (кор. 한국 – хангу́к –таң самалының елі), Корея Республикасы (кор. 대한민국 [tɛːhanminɡuk̚] – тэха́н мингу́к) — Шығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 98,5 мың км2. Бұл көрсеткіш бойынша әлемде 109 орында. Халқының саны — 48.87 млн. адам (2010) [2]. Ресми тілі — корей тілі. Тұрғындары, негізінен, кәрістер, 30 мыңға жуық қытайлар, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Олардың көпшілігі будда дінін, кейбір бөліктері конфуцийшілдік пен христиан дінін ұстанады. Астанасы — Сеул қаласы (10.4 млн.). Әкімшілік бөлінісі 9 провинциядан және тікелей орталыққа бағынатын 6 қаладан тұрады. Конституциясы бойынша, елді президент басқарады (2013 жылдан Пак Кын Хё). Заң шығарушы органы — Ұлттық жиналыс (299 депутаттан тұрады). Ұлттық мерекелері: 15 тамыз — Республика жарияланған күн (1948), 3 қазан — мемлекеттің құрылған күні (Ежелгі Чосон, б.з.б. 108 ж.). Ұлттық ақшасы — уон.

Содержание работы

1. Кіріспе
2. Географиялық орны
3. Тарихы
4. Әкімшілік-территориялық құрылымы
5. Халқы
6. Шаруашылығы
7. Транспорты
8. Табиғат ресурстары және кен байлықтары
9. Туризмі
10. Ішкі экономиқалық-географиялық айырмашылықтары
11. Халықаралық байланыстары
12. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Корея Республикасы.docx

— 353.54 Кб (Скачать файл)

1919 жылдың 1 наурыз күні  елдің барлық өңірлерінде бейбіт  манифистация өтті. Басты талап  ретінде елдің тәуелсіздігі болатын.  Жапон үкіметі аьалған шеруді  қарумен басты. Бұл оқиғадан  кейін ұлтшыл корейліктер Шанхайда  Уақытша Өкімет құрды. 1 наурыз  Корей елінде тәуелсіздік күні  ретінде мемлекеттік мереке дәрежесінде  аталып өтеді.

 

Географиялық  орны

          Корея Республикасы – Корей түбегінің оңтүстігінде орналасқан. Оның жер көлемі 223 мың 98 шаршы шақырымды құрайды. Бұл көрсеткіш Ұлыбритания немесе Гана елдерінің жер көлемімен шамалас. Осы аймақтың 45% немесе 99 678 шаршы шақырымы ауылшаруашылығын жүргізуге жарамды болып саналады. Жер бедері негізінен таулы болып келеді. Таулар елдің үштен екі бөлігін алып жатыр. Бұл Португалия немесе Ирландия елдерінің жері көлеміне шамалас. Солтүстік жағында Корей таулары (Кымгансан, Хамчен, Пуджоллен, Кяма, т.б. таулары мен үстірттер) жатыр. Тек батыс жағалаулары ойпатты, жазық келеді. Корей түбегіндегі ең биік нүкте Пэктусан тау жотасы саналады. Оның биіктігі теңіз деңгейінен 2744 метр, Қытаймен Солтүстік Корей Республикасының шекарасында орналасқан. Пэктусан сөнген вулкан, сондықтан оның кратерінде біраз су жиналып, Чхонжи деген көлі қалыптасты. Бұл тау Корей халқының рухын сипаттайтындықтан аса зор құрметке ие, мемлекеттік әнұранның сөздері де осы Пэктусан тауларына арналады.

Елдің жер көлемі аса үлкен  болмағанмен мұнда бірнеше ірі  су арналары орналасқан. Бұл өзендер  мен көлдердің елдің ұлттық болмысын және индустрияландыру кезіндегі тұрмысын қалыптастыруға қосқан үлесі де ерекше. Ең ұзын екі өзен - Амноккан (790 км) және Турманган (521 км). Аталған екі өзен де Пуктэсан тауларынан басталып, бірі батысқа, ал екіншісі шығысқа қарай ағады. Түбектің оңтүстік бөлігінде Нактонган (521.5 км) және Ханган (481,7 км) өзендері ағады. Ханган өзені елдің астанасы - Сеул қаласының ортасынан кесіп өтеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 700 — 1500 мм. Солтүстігінде қыста қар жауады. Өзендері жиі орналасқан, бірақ шағын келеді. Территориясының 3/4 бөлігі орманды (емен, шаған, шырша, қарағай, самырсын, оңтүстікінде мәңгі жасыл ормандар) және бұталы. Жолбарыс, қабылан, қара және қоңыр аю, сілеусін, ала бұғы, т.б. аңдар, құстардың көптеген түрлері мекен етеді. Жағалауындағы теңіздерде балықтың 35 түрі кездеседі.°С, тамыз — шілде айларындағы температура 22 — 26°С-қа дейін), оңтүстікінде 4°С (тауларда –30 — 40°Корея — таулы ел. Солтүстік жағында Корей таулары (Кымгансан, Хамчен, Пуджоллен, Кяма, т.б. таулары мен үстірттер) жатыр. Тек батыс жағалаулары ойпатты, жазық келеді. Климаты жағынан солтүстігі — континенттік муссондық, оңтүстігі — субтропиктік.

 

          Кен байлықтары — темір, қорғасын, мырыш, мыс, хром, тас көмір, қоңыр көмір, т.б. Өзендері жиі орналасқан, бірақ шағын келеді. Территориясының 3/4 бөлігі орманды (емен, шаған, шырша, қарағай, самырсын, оңтүстікінде мәңгі жасыл ормандар) және бұталы. Жолбарыс, қабылан, қара және қоңыр аю, сілеусін, ала бұғы, т.б. аңдар, құстардың көптеген түрлері мекен етеді. Жағалауындағы теңіздерде балықтың 35 түрі кездеседі. Кореяның климаты табиғат мезгілін анық ажыратуға мүмкіндік береді. Елдің әртүрлі аймақтарындағы ауа температурасы да қатты өзгеріп отырады. Орташа температура ауытқуы шамамен 6°C (43 F) дан 16°C (61 F) ға дейінҚаңтардағы орташа температура солтүстікінде –2°С (тауларда –30 — 40°С-қа дейін), оңтүстікінде 4°С, тамыз — шілде айларындағы температура 22 — 26°С. [3]

 

Мемлекеттік басқару  жүйесі

          Корея Республикасының тұңғыш Конституциясы 1948 жылдың 17 шілде күні қабылданды. Осы күнге дейін көптеген саяси дүрбелеңдер мен төңкерістер салдарыны Конституцияға тоғыз рет өзгертулер енгізілген. Ең соңғы өзгертулер 1987 жылы 29 қазан күні жасалды.

            Конституция Преамбуладан, 130 бап пен 6 толықтырудан тұрады. Құрылымы 10 тарауға бөлінген: Жалпы, Азаматтардың құқықтары мен міндеттері, Ұлттық жиналыс, Атқарушы билік, Соттар, Конституциялық сот, Сайлау жүйесі, Жергілікті өзін-өзі басқару, Экономика, Конституцияға толықтырулар мен өзгерістер.

Президент

    Атқарушы биліктің басында Корея Республикасының Президенті тұрады. Ол жалпы, тікелей және жасырын сайлау негізінде халықпен сайланады. Президент мерзімі 5 жылмен шектелген және екінші қайтара сайлануға болмайды. Президент өз қызметіна атқара алмаған жағдайда Премьер-Министр барлық міндеттерді өзі атқарады. Бүгінгі күні қалыптасқан саяси жүйеде Президент негізгі бес қызмет атқарады. Олар:

  • Президент халықаралық жүйеде елдің атынан сөйлейді. Басқа елдің дипломаттарын қабылдайды, наградалар мен атақтар береді. Кешірім жасайды.
  • Президент атқарушы биліктің басшысы ретінде заң шығарушы органның қабылдаған заңдары мен шешімдерін орындайды, аталған заңдардың жұмыс ңстеуіне қажетті қаулылар мен жарлықтар шығарады. Барлық шенеуніктерді қызметке тағайындайды, соның ішінде Премьер-Министр мен басқа да жоғарғы санатты мемлекет қызметкерлерін.
  • Президент Қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы ретінде әскер саласына қатысты барлық мәселеге қатысты шешім шығара алады. Соның ішінде басқа елге соғыс жариялау құқығы да кіреді.
  • Президент елдің сыртқы саясатын қалыптастырады және басқарады. Елшңлерді тағайындайды немесе қайтарады, шет елдермен келісімшарттарға қол қою арқылы оларды бекітеді.
  • Президент мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі ретінде заң шығару процессіне араласады. Ұлттық Жиналысқа заң жобаларын ұсына алады, бірақ Ұлы Жиналысты таратуға құқығы жоқ.

Мемлекеттік кеңес

        Президенттік басқару жүйесіне сәйкес Корея Республикасының Президенті өзінің атқарушы функциясын өзі басқаратын Мемлекеттік кеңес арқылы жүзеге асырады. Кеңестің құрамына 15-30 адам мүше болады. Президент барлық мемлекеттік мәселелер жөнінде қабылдаған шешімдер үшін жеке жауап береді. Елдің Премьер-министрі Президентпен тағайындалады және Ұлттық Кеңес тарапынан бекітіледі. Атқарушы билікте Президенттің негізгі көмекшісі ретінде Премьер-Министр министрлердің қызметіне басшылық етеді және Президент басшылығының аясында Мемлекеттік саясатты үйлестіру басқармасы арқылы жүзеге асырады.

           Премьер-Министр мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын анықтауға құқылы және Ұлттық Кеңес жұмысына қатыса алады. Мемлекеттік кеңестің мүшелері Премьер-Министрдің ұсынысымен Президент тарапынан бекітіледі. Ұлттық Кеңестің мүшелері Президентке бағынады және оған ғана жауап береді.

Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында Президент жанында  басқа да бірнеше органдар қызмет етеді:

  • Корея Республикасының бақылау-ревизиялық басқармасы
  • Ұлттық барлау қызметі
  • Байланыс және ақпарат тарату комиссиясы[4]

 

Халқы

 2007 жылдың аяғында Корея халқының саны 48 млн. 465 мың 369 адамды құраған болатын. Халықтың орналасу тығыздығы бір шаршы шақырымға 498 адам. Солтүстік Корея халқының саны 23 млн. 200 мың 238 адам. Өткен ғасырдың 60-ншы жылдары халықтың өсімі 3% болатын, алайда келесі он жылдықта 2% дейін түсіп кетті. 2005 жылы хадықтың өсім көрсеткіші 0.21% болды, дегенмен 2020 жылға дейін 0.02% дейін төмендейді деген болжам бар. Осы жылға дейін жасы 65 тен асатын халықтың саны 15,7% құрады. Елдің жылдам қарқынды индустриализациясына байланысты ауыл халқы көптеп қалаға көше бастады, әсіресе Сеул қаласына. Алайда қалаға келетін халықты қала сыртына орналастыру қолға алынған еді. Кореяға келген шетел азаматтарының саны 2007 жылдың 24 тымызында 1 млн. 254 адам болды, бұл көрсеткіш алғашқы рет миллионнан асты. Шетел азаматтары жалпы халықтың 2% құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша халықтың өсімі 15% құрайды. Сондықтан этноқұрылым өте жылдам өзгеруде.

  Кореяда жергілікті ұлт өкілдерінен басқа, қытайлардың шағын тобы және елге жұмысқа келген шетел азаматтары тұрады. Корея ресми түрде 1994 жылдан бері көршілес елдердің азаматтарын келісімшарт бойынша жұмысқа қбылдай бастады. Олардың арасында қытайлар, непалдықтар, пәкстандықтар, вьетнамдар және т.б. бар. Соңғы жылдары Кореядағы шетел жұмысшылары қатарын Қазақстан азаматтары да толықтыруда. Ел халқының табиғи өсуі 7%-ға жуық. Медициналық қызмет көрсетудің жақсаруы, жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығы адамның өмір жасының ұзаруына себепші болды. Мысалы, қазіргі кезде бұл көрсеткіш ер дамдар үшін 72, әйелдерде 79 жасқа жетті. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап, жасы ,ғ-тен асқан адамдар саны артуда, олар ел халқының 6%-ын құрайды. Керісінше 14 жасқа дейінгі балалар саны азайып келеді. Халықтың жыныстық құрамында ер адамдар санының артуы байқалуда; жаңа туған сәбилерде бұл арақатынас 110:100-ге тең.

        Кореяда денсаулық сақтау жүйесі өте тиімді ұйымдастырылған. Қатардағы медицина орталықтарымен қатар, арнайы шығыс медицинасының орталықтары ашылған. Медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істейді. Халықтың жоғары білім алу көрсеткіші жөнінен Канада мен АҚШ-тан кейін үшінші орынды алады. Кореяның әр 100 мың тұрғынына шаққанда 4,5 мыңнан астам жоғары білімді азамат келеді.

        Еңбек нарығында соңғы онжылдықта түбегейлі өзгерістер жүрді. Еуропа елдерімен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі өте төмен (5%). Қазіргі кезде еңбекпен қамтылған 21 млн-ға жуық адамның 66%-ы өндірістік емес салада жұмыс істесе, өнеркәсіпте 23%-ы, қалған бөлігі орман және ауыл шаруашылығында, балық аулау кәсіпшіліктерінде істейді. Қазіргі кезде Корея Республикасы шетел жұмысшыларын қабылдауда; бұл елдің кәсіпорындарында арнайы келісімшарт негізінде Қазақстан азаматтары да еңбек етеді.

        Қазір халықтың этно құрамы келесідей: Қытайлар-44% немесе 441 334 (266764 корейліктер). Келесі топта АҚШ азаматтары 117 938 адам (12%), содан кейін вьетнамдықтар 63 464 (6%) филипиндіктер – 50 264 -5%, тайлықтар 43792 4%. Одан кейін жапондықтар, тайвандықтар, Индонезия азаматтары. Корей Республикасының мемлекеттік тілі - корей тілі. Халықтың барлығы корей тілінде сөйлейді және жазады. Анат тілігің болуы корей халқының ұлттық болмысын қалыптастыруға негізгі фактор ретінде әсер етті. Елдің әртүрлі өңірлерінде сөйлеу ерекшеліктеріне қарай бірнеше кішігірім диалекттер қалыптасқан. Халықтың көпшіліші бірін бірі еш қиындықсыз түсінеді, дегенмен тіл нормаларының стандарты ретінде Сеул өңіріндегі диалект қабылданған. Тек Чечжудо өңіріндегі адамдарды ғана басқа өңірдің адамдары түсінбеуі мүмкін. Лингвистикалық және этнологиялық зерттеулер негізінде Корей тілінің Алтай тілдерінің құрамына кіретіндігі анықталды. Бұл топқа сонымен бірге түркі тілдері, моңғол тілі мен тунгус-манжұр тілдері де кіреді.

 

Шаруашылығы.

      Ауыл шаруашылығы. Мемлекеттегі егістікке жарамды жер 2000ж барлық жердің 17% құрайды, ол жан басына шаққанда 0,04 га. Ең көп өнім берген жыл 1996-1998 жж. 64,5 ц. Негізгі ауылшаруашылығы: күріш және ячмень, соя,жүгері, батат, көкөніс және т.б. Ал мал шаруашылығына ірі мүйізді скот, шошқа және құс шарушалығы. Орман Оңтүстік Кореяның 65% аумақты алып жатыр. Балық аулау бойынша Корея Республикасы әлем елдерінің алғашқы орында. 50% жоғары теңіз өнімі экспортқа шығарылады. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Ли Бён-хвамен кездесуі өтті. Тараптар ара шаруашылығы, марал шаруашылығы, оның мүйізін өңдеу, дәрілік шөптерді жинап өсіру, автомобиль жолдары мен көпірлерін жөндеу және салу бойынша бірлескен қазақстан-корея кәсіпорнын құру туралы шартқа қол қойды. Кездесуде өтап өтілгендей, әрбір жаңа кездесу өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа қызықты идяларын туындатады, ал бүгін қол қойылып отырған шарт екі тараптың алдын ала  жүргізген зор ауқымды жұмыстарының нәтижесі болып табылады.

 

Транспорт. Теміржолдың жалпы ұзындығы 7 мың км.құрайды.Кореяның  ең ірі 6 қаласанының арасында метрополитен қатынасы жақсы дамыған. Олар: Сеул, Пусан, Тэгу, Инчхон, Кванджу және Тэджон. Ал трамвай жүйесі XX ғасырдың 70жылдарынан бастап жұмыс істейді. Оның жүйесі қала орталықтарында көптепи кездеседі. Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы: 97 252 км, 
асфальтталған: 74 641 км,асфальтталмаған жол: 22 611 км (2003) Қазіргі заманғы автомобиль жолдары 2  мың км. ұзындықты қамтиды. Сонымен қатар жылдам магистральді жолдарда көптеп кездеседі. Елде 15 аэропорт бар, оның  4-і халықаралық. Ең ірі порттары- Пусан, Инчхан, Ульсан. Транскорея магистралі көптеген транспорттық мәселелерді шешуге көмегін тигізеді. [5]

                                                 

 

Экономикасы

         20 ғ-дың 60-жылдарынан бастап Корея экономикасы жағынан жедел дамыды, 1996 ж. дамыған елдер деңгейіне жетті. Бұған үкіметтің өндірісті қолдауы, экспортты дамытуға бағытталған стратегия, ең соңғы технологияны қолдану, жоғары білімді мамандар мен сауатты жұмысшылар даярлау ықпал етті. “Азия жолбарысына” айналған осы ел 1997 ж. қаржы дағдарысына ұшырап, ол 1999 — 2000 жылға дейін созылды. Экономика құлдырап, жұмыссыздық көбейді. Үкімет Халықаралық валюта қорынан көмек ала отырып, ел экономикасын қайта көтере бастады. Кореяның жылдық ұлттық табысы көл. — 485,2 млрд. АҚШ доллары, жеке адамға шаққанда — 13500 долл. шамасында. Сыртқы қарызы — 95,5 млрд. долл. Экспортқа электр тауарлары, киім-кешек, аяқ киім, кеме, химия өнімдерін шығарса, импортқа мұнай мен мұнай өнімдерін, астық және тамақ өнімдерін, химия өнімдеріне қажетті шикізаттар әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Жапония, Сауд Арабиясы, Австралия, Сингапур, Қытай, т.б. Қазақстанмен Корея арасында дипломатиялық байланыстар 1991 ж. 30 желтоқсанда орнады. 1993 ж. 30 шілдеде Алматыда Корей елшілігі, 1995 ж. мамырда Сеулде Қазақстан елшілігі ашылды. Екі ел арасындағы сауда-экон., мәдени байланыстар біршама жоғары деңгейде. Елдегі қаржы дағдарысына қарамастан Корея Қазақстанға инвестиция салушылардың көш бастаушыларының бірі. Елдің экономикалық өркендеуі XX ғасырдың 60-жылдарында арнайы мемлекеттік экономикалық саясат негізінде басталды. Ең алдымен, «корей кереметіне» үкіметтің экспорттық салаларды дамытуға бағдар алуы, халыққа кәсіби білім беруді жақсартуға бағытталған шаралар, халықтың еңбексүйгіштігі себепші болды. Сонымен қатар шетелдер, әсіресе АҚШ тарапынан көрсетілген қайырымдылық көмек, айрықша жеңілдіктерге ие болған жапон капиталының ел экономикасына келуі Кореяның өркендеуіне өзіндік әсерін тигізді. 60-жылдарда Корея Республикасы шетелдерге, ең алдымен, мұнайлы араб елдеріне құрылыс қызметін экспорттай бастады. Корея құрылысшылары бұл елдерде салыстырмалы түрде арзан бағаға қазіргі заманғы жолдар мен көпірлер, қонақүйлер мен порттар сала бастады. Соның нәтижесінде ел қазынасына қосымша қомақты қаржы түсті.

Информация о работе Корея Республикасы