Корея Республикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2013 в 18:38, реферат

Описание работы

Корея (кор. 한국 – хангу́к –таң самалының елі), Корея Республикасы (кор. 대한민국 [tɛːhanminɡuk̚] – тэха́н мингу́к) — Шығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 98,5 мың км2. Бұл көрсеткіш бойынша әлемде 109 орында. Халқының саны — 48.87 млн. адам (2010) [2]. Ресми тілі — корей тілі. Тұрғындары, негізінен, кәрістер, 30 мыңға жуық қытайлар, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Олардың көпшілігі будда дінін, кейбір бөліктері конфуцийшілдік пен христиан дінін ұстанады. Астанасы — Сеул қаласы (10.4 млн.). Әкімшілік бөлінісі 9 провинциядан және тікелей орталыққа бағынатын 6 қаладан тұрады. Конституциясы бойынша, елді президент басқарады (2013 жылдан Пак Кын Хё). Заң шығарушы органы — Ұлттық жиналыс (299 депутаттан тұрады). Ұлттық мерекелері: 15 тамыз — Республика жарияланған күн (1948), 3 қазан — мемлекеттің құрылған күні (Ежелгі Чосон, б.з.б. 108 ж.). Ұлттық ақшасы — уон.

Содержание работы

1. Кіріспе
2. Географиялық орны
3. Тарихы
4. Әкімшілік-территориялық құрылымы
5. Халқы
6. Шаруашылығы
7. Транспорты
8. Табиғат ресурстары және кен байлықтары
9. Туризмі
10. Ішкі экономиқалық-географиялық айырмашылықтары
11. Халықаралық байланыстары
12. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Корея Республикасы.docx

— 353.54 Кб (Скачать файл)

1970 жылдарда машина жасау  өнеркәсібіне, құрылыс пен мұнай  химиясын дамытуға айрықша көңіл  бөлінді. Сырттан әкелінетін шикізат  негізінде жұмыс істейтін металлургия зауыттары салына бастады. Ауыл шаруашылығының ұлттық табыстағы үлесі 35%-дан 4,6%-ға қысқарып, керісінше өңдеуші өнеркәсіп үлесі 20%-дан 43%-ға дейін артты. Экономикадағы түбегейлі құрылымдық өзгерістер басында ел халқына уақытша қиындықтар туғызды. Бірақ мемлекет тарапынан жоспарлы түрде басқарылған бұл қайта құрулар ақыр соңында Кореяны Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдерінің деңгейіне жеткізді.

Кеме жасау ел өнеркәсібінің жетекші саласына айналды. Елдегі басты кеме жасау орталығы Пусан болып табылады. Корея Республикасы жеңіл автомобиль жасаудан дүние жүзінде бесінші орын алады. Қазіргі кезде Оңтүстік Кореяда жылына 2,2 млн жеңіл автомобиль жасалады. Аса ірі автомобиль компаниялары – «Хундай», «Дэу» және «Киа» (1999 жылдың соңында «Хундай Мотор» компаниясымен қосылып кетті). Корей автомобильдері, негізінен, Азия елдеріне шығарылады. 1980 жылдардың ортасынан бастап «Хундай» компаниясы шағын «Пони Эксел» автомобильдерін АҚШ-қа да сатуда. 1995 жылдан бастап «Самсунг» корпорациясы да автомобиль шығара бастады.

   Елде өнеркәсіптің металлургия саласы күшті дамып, қазіргі кезде дүние жүзінде алтыншы орынға шықты. Корея Республикасы дүние жүзінде өндірілетін болаттың 4%-ын береді, электролиттік мыс, мырыш, қорғасын және құйма алюминий өндіруден де көзге түседі. Бұл саладағы аса ірі ПОСКО концерні дүние жүзінде жетекші орын алады. Жедел дамыған мұнай химиясы 1980 жылдардың соңында ішкі сұранысты толығымен қамтамасыз ететін дәрежеге жетті. Қазіргі кезде ел дүниежүзілік мұнай химиясы өнімдерінің 5%-ға жуығын береді.

    Шығыс Азия елдегі төрт драконның біреуі – Оңтүстік Корея, көптеген экономикалық жетістіктерге жетіп отыр. Үш жүз жылдық бұрын Африканың және Азия кедей мемлекеттерімен жағдайы бірдей болған болатын, ал қазіргі таңда 7 рет Үндістанды, 13 рет өзінің көршілес мемлекетті Солтүстік Корея мемлекетті асып отыр және Еуропалық Одақ мемлекеттерімен даму деңгейімен бірдей болып отыр. 80 жылдардың соңында Оңтүстік Корея өзінің мемлекеттер арасымен тығыз байланыстары мен бизнес арқылы өзінің тек дипломатиялық қатынастарын емес барлық қатынастарын жасай отырып өз мемлекеттін жағдайын күшейтіп алды.  
1997-1999жылдар арасында елде қаржылық дағдарыс болғаннан кейін экономикалық сол кезде құлдырап кетті десекте болады. Оған қарамастан Оңтүстік Корея үлкен қаржылық және сауда саттық топтарды қауымдастыққа шақырды. Қазіргі уақытта мүлдем басқаша, өзінің геосаяси жағдайы, аймақтық орны өзіне тек саясаты ғана емес экономикалық потенциалына қолайы жағдай жасалуда. Осылардың бәрін айта келгенде ел өзінің экономикалық потенцалына ғана яғни осы өз экономикасы арқылы жетістіктерге жете алды және тағыда жетістіктерге жететіне алдына мақсат қойды десем де болады.  
Оңтүстік Корея шетелдік технологияны өзі сатып алды,яғни бірнеше жетістіктерді технологиямен ЖІӨ-ді қамтамасыз еткізгісі келді (өндірістік , электроника, кемеқұрастыру, текстильді өндірісті, киімді өндіру, аяқ киім және т.б.). Концентарция және орталықтанған процестер қаржылық- өндірістік топтары болды. Осы Оңтүстік Кореядағы қалалары 50 топ доминирлеу ролін ойнайды,осыған « «Хёнде», «Самсунг», «Деу»[4].Экономикалық және әскери потенцалының дамуы  
1971 жылы оңтүстіккореясын армияның қаруларын өндіруін бастады. 70 жылдардың Оңтүстік Корея мен АҚШ – пен гранат, гранатометтер, мин, пулеметтер және тағыда басқа оларды өндірудің лицензиясы марқылы келісім жасайды. 90 жылдардың басында Оңтүстік Корея танктер, бронетранспорттерлер, вертолеттерді өндіре бастады.Американдық өндірістері қаруларды өндіруге Hyundai, Daewoo, Samsung и KIA компанияларыда бірікті. ХХІ ғасырда әскери және экономикалық потенциалы қатты даму үстінде. Defence Reform Plan (реформ) деген әскери потенцалын дамытуға басты рол ойнауда. Осы реформ 2005 жылдың қыркүйекінде қабылданды.  
Оңтүстік Кореяның аймақтық ролі. 70 жылдары алдыңғы ғасырда және осы уақытпен салыстырғанда Оңтүстік Корея мемлекетті саясатының анализі қарқынды дамыды. АҚШ пен қару – жарақтарға әлемдік қаржылықтары саяси – әскери қатынастарымен аймақтық дамуына алып келіп отыр. Азия – Тынықмұхит аймақта Оңтүстік Корея ойыншылардың бәрі болып отыр. Шынымен, Жапония және Қытай көршілес мемлекеттеріне өз мемлекетіне қауіпі төнбейді. Солтүстік Корея өз лидерлігін көрсетті үшін көршісіне яғни оңтүстік мемлекетіне ядерлік және ракеттік программалары кқршілес мемлекетіне жазағысы келеді. Қорытындылай келгенде, Оңтүстік Корея іште қайта құрылымдарын қайта жасау, армиялық қайтадан қаруланумен жақсылам , экономикалық және басқару алгоритімдерін қамтамасыз етіп, «азиаттық дракон» мемлекеттіне басты өмірлеріне зор әсерін тигізді.

 

Қазақстан мен  Корея Республикасының қарым-қатынасы

        Қазақстан мен Корея арасындағы дипломатиялық байланыс 1992 жылдың қаңтарында орнаған. Содан бері екі елдің арасындағы қарым-қатынас барлық салаларда қарқынды дамып келеді. 2008 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея арасындағы екіжақты сауда айналымы 750 млн АҚШ долларынан асады. 1993 және 2008 жылдар аралығында, яғни 15 жылдың ішінде Кореядан Қазақстанға салынған тікелей инвестициялардың жиынтығы 3 млрд. долларды құрады. Қазақстанда 300-ге тарта бірлескен қазақ-корей кәсіпорындары жұмыс істейді. Қазақстанда 2011 жыл - Оңтүстік Корея жылы болып жарияланған.

Соңғы онжылдықта Корея Республикасының  сыртқы сауда көлемі 3 еседей өсті. Бұл  көрсеткіш жөнінен ел XX ғасырдың соңына қарай дүние жүзінде он екінші орынға шықты. Мысалы, дүниежүзілік экспорттағы Оңтүстік Кореяның үлесі 2,7%-ға жетті. Ел экспортының 95%-ын дайын  өнімдер (кеме, электрон бұйымдары, тұрмыстық  техника мен автомобильдер) құрайды. Басты сауда әріптесі – Қытай, оған жалпы сауда айналымының  едәуір бөлігі тиесілі.

Халықаралық экономикалық ынтымақтастық  аясында Корея Республикасы 1989 жылы құрылып, 24 елді біріктірген аса  ірі Азиялық-Тынық мұхиттық еркін сауда аймағына (АПЭК) енеді.

Қазақстан аумағында жұмыс  істейтін кореялық және бірлескен қазақ-корей  кәсіпорындарының саны 2005 жылғы 247-ге жетті. Олардың қатарында аса ірі  «Самсунг», «LG» компанияларының  қатысуымен құрылған кәсіпорындар бар. Корея мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар тек экономикалық бағытта ғана емес, әлеуметтік-мәдени тұрғыдан да өркендеуге; Қазақстанда 100 мыңнан астам корейлер тұрады.

2001 ж. Сауда көлемі екі  елдің арасында 3,4  млрд.долларды  құрады. Ресейдің ең ірі импорты  электронды және электртехникалық  құралдар, машина бөлшектері және  т.б, тауарлар. Ал Оңтүстік Кореяның  негізгі импорт көзі- түрлі түсті  теледидар, автомобильдер, киімдер,  пештер және т.б. Түсті металдар, теңіз өнімдері және т.б өнімдер  Ресейдің экспортын құрайды. 2001ж. Басында Ресейдің кореяға қарызы 1,8 млрд долларды құрады.[6]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 Халықаралық валюта қорығы (сәуір 2008) 

  1. [korea.net http://www.korea.net/AboutKorea/Korea-at-a-Glance/Facts-about-Korea 
  2. Ресми сайт — www.korea.net
  3. Президент әкімшілігі — www.cwd.go.kr  
  4. Ю.Н. Гладкий. Экономическая и социальная география зарубежных стран. Москва, 2009 г. 40-45 ,
  5. Әлем елдері энциклопедиясы. 2001ж.  554б.

 

 


Информация о работе Корея Республикасы