Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2013 в 12:06, реферат
Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында тұрғын үй құрылысымен қатар жылжымайтын мүлік нарығын дамыту мәселелері сөз болды. Президент еліміздің өңірлеріндегі жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтардың жұмысын жандандыру мақсатында біздің алдымызға нақты міндеттер қойды. Бүгінде қазақстандық жылжымайтын мүліктің бағасы шарықтауын қойып, төмендеуге түзету еңгізу кезеңіне келгенде банктік бизнесте, ипотекаға қарағанда тұтынушылық несие сенімдірек бола бастады. Егер экономикалық даму төмендесе, немесе жаппай шегінушілік белең алса, ол өз кезегінде жалпы халықтың қаржы түсімін төмендетіп, тұтыну несиесінің де бүгінгі қызығушылығы мен сенімділігін жоғалтуы ғажап емес.
Екінші кезеңде алғашқы
Үшінші кезең сұраныстың
Соңғы бірнеше жыл аралығында
Қазақстанның жылжымайтын
1.3 Жылжымайтын мүлік құнын бағалау және оған әсер ететін факторлар.
Қағидалардың көп болуы оның барлығын бір мезгілде қолдануды білдірмейді. Кез келген жағдайда негізгі және көмекші қағидалар болып бөлінеді. Қағида туралы сөз қозғағанда, нарықтық экономикада субъектілердің негізгі іс-әрекетінің заңдылықтары пайда болады. Шын өмірге келсек, оның іс-әрекетіне өте көп факторлар әсер етуі мүмкін. Еліміздегі нарықтық қатынастардың дамуына байланысты жылжымайтын мүлікті бағалаудың объективті қағидалары күшейеді. Кез келген мүлік құнының ең басты қасиеті - оның пайдалылығы болып табылады. Жылжымайтын мүлік иесіне пайда әкелген жағдай да ғана құнды бола алады. Жылжымайтын мүліктің пайдалылығы – белгілі бір жерде, белгілі бір уақыт ішінде оның табыс әкелу қабілеті. Неғұрлым пайда көп болса, соғұрлым оның бағалану құны жоғары болады. Кез келген тұтынушы көзқарасы бойынша жылжымайтын мүліктің бағалану құны, осындай пайдалылығы бар басқа жылжымайтын мүлік құнынан жоғары болмауы тиіс.
Күтілетін табыс ағымының сапасы, мөлшері өте маңызды. Бірақ бұл ағымнан күткен болжамдарымыз өзгеруі мүмкін. Күту қағидасын келесідей анықтауға болады. Күту – меншіктегі жылжымайтын мүліктен келешекте алынатын табыстың ағымдағы құнын анықтау.
Кез келген
экономикалық қызметтің
Қалған өнімділік
жердің пайдаланушыға
Нарықтық экономикада
бағаның құрылуына сұраныс
пен ұсыныстың ара-қатынасы
Иесінің мүлік туралы көзқарасына байланысты қағидалар. Бұл топ өз құрамына пайдалылық, орынбасу, күту қағидаларын біріктіреді. Пайдалылық қағидасы. Меншік объектісі құнға ие бола алмайды, егер оны иемденуге тұтынушының құлшылығы болмаса, яғни меншік кешені тұтынушының қажеттіліктрін қанағаттандырғанда ғана құнға ие болады. Орынбасу қағидасы. Меншік объектілерінің барлығы олардың әр түрлілігіне қарамастан тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру қажет. Ешкімде меншік объектісінің қайта құру құнынан артық ақша төлемейді. Күту қағидасы. Инвестор бүгінгі таңда ақша салады, себебі болашақта одан пайда күтеді.
Нарықтық ортамен байланысты қағидалар. Ұсыныс пен сұраныс арасындағы байланыс қағидалары. Мүлікке деген құн ұсыныс пен сұраныстың көлеміне тәуелді. Негізгі заңдылықтар:
- Егер сұраныс тұрақты болса, ал ұсыныс өссе, онда баға төмендейді;
- Егер сұраныс тұрақты, ал ұсыныс төмендесе, онда баға өседі;
- Егер ұсыныс тұрақты, ал сұраныс өссе, онда баға өседі;
- Егер ұсыныс тұрақты, ал сұраныс төмендесе, онда баға өседі;
- Баға тұрақты болады, егер сұраныс пен ұсыныс арасында сәйкестілік болса.
Бәсекелестілік қағидасы. Жылжымайтын мүлік нарығында бәсекелестік сатушы мен сатып алушы, жалға беруші мен жалға алушы арасында, жалға беру немесе сату-сатып алу келісімшарты жасалғанда пайда болады. Кез келген меншік объектісі басқа да аналогты функционалды тапсырысы бар объектімен бәсекеге түседі. Пайда бәсекелестікті тудырады. Бәсекелестіктің болмауы монополиялық жағдайды тудырады. Құнның өзгеру қағидасы. Меншік объектісі әрқашанда өзгерістерге ұшырайды. Олар тозады, техника, технология және шикізат базасы өзгереді. Жерді қолдану сипаты мемлекеттің немесе жеке сектордың әсерінен өзгереді.
Мүлікті эксплуатациялаумен байланысты қағидалар. Өндірістік қалдық қағидасы. Жер құнының негізінде оның өндірістік қалдық құны жатыр. Кез келген экономикалық сипаттың түрі мына факторларды қажет етеді: менеджмент, еңбек, капитал және жер. Әрбір фактор таза табыстан төленуі қажет. Салым қағидасы. Салым дегеніміз - жаңа факторлардың енгізілуінің нәтижесіне байланысты шаруашылық объектісінің құнының өсуі. Балансталу (теңесу) қағидасы. Меншік объектісінің максималды құнына жету немесе сақтап тұру тек қана өндірістік факторлардың экономикалық балансталу жағдайында ғана мүмкін. Меншік объектісінің құны төрт элементтің балансталуына тәуелді: жер, еңбек, капитал және басқару координациясы. Ең тиімді пайдалану қағидасы – қарастырылған барлық үш топтың қағидаларының синтезі. Осы нұсқалардың ішінен ең тиімді, ең максималды пайда әкелетін түрді қолданады. Дәл осы нұсқа құнды бағалауға қолданылады. Мүлік құнын анықтайтын негізгі көрсеткіштер: пайдалылық, сұраныс, ұсыныс, тапшылық, мүлікке құқықты беру мүмкіндігі, мүлікті құруға кеткен шығындар. Осы көрсеткіштерді жеке-жеке қарастырайық.
Пайдалылық - нақты бір орында және нақты уақыт аралығында тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыратын мүлік объектісінің қабілеті. Қандайда бір ұсынысқа шектеу болмағанынша, пайдалылық құды құра алмайды. Сұраныс - белгілі бір уақыт аралығында белгіленген баға бойынша тұтынушылар сатып алуға дайын тауарлар саны. Ұсыныс - сатушылар нарықта сату үшін ұсынатын тауарлар саны. Тапшылық - қандайда бір тауардың жетіспеушілігі, ұсыныстың шектеулігі. Ұсыныс шектеулі болған кезде ғана сұраныс құнды құра алады.
Мүлікке құқықты беру мүмкіндігі мен оларды басқа субъектілердің арасында бөлу мүлік құнына әсерін тигізеді. Мүлікті құруға кеткен шығындарға келсек, онда құн шығындарға тең емес, өйткені ол шығыннан басқа да көптеген баға белгілеуші факторларды ескереді.
Тұтынушының (меншік иесі) көзқарасына негізделген мүлікті бағалау қағидаларына жатады: пайдалылық, орын басу және күту қағидасы. Пайдалылық қағидасы: бағаланатын қандай да бір объект пайдалы болған жағдайда ғана құнға ие болады және қандайда бір қызығушылықты қанағаттандырады және нақты функцияны орындау үшін қолданылуы мүмкін. Берілген қағида мүліктің пайдалылық қабілетін көрсетеді, яғни белгілі бір орында, белгілі бір уақыт аралығында тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру. Орын басу қағидасы: мүліктің максималды құнына пайдалылығы жағынан эквивалентті басқа мүлікті ала алатын төменгі бағамен анықталады. Басқаша айтсақ, егер нарықта құны төмен ұқсас объект болған жағдайда, тұтынушы берілген объектіні сатып алмайды. Орын басу қағидасы құнды бағалаудың негізгі үш тәсілінде жатыр: салыстырмалы, табыстық және шығындық. Күту қағидасының мәні: табыс әкелетін мүлік объектісінің құны объектінің болашақта әкелетін табыстарының құны ағымдық құнмен анықталады. Күту дегеніміз - мүлікті иемденуден болашақта алынатын табыс пен басқа да кірістердің ағымдық құнын анықтау. Мүлікпен байланысты табыс пен басқа да кірістер ұзақ мерзімдік сипатқа ие, мүліктің ағымдық құны күтілетін пайдалылықпен анықталады. Күту қағидасы мүлік құнын бағалаудың табыстық тәсілінің негізінде жатыр.
Мүліктер нарығы түрлі топтардың факторларының әсерінен қалыптасады, мүлікті бағалау кезінде осындай жағдайларды ескеру керек. Осындай факторлардың 6 негізгі тобын бөліп қарастырайық, саяси, экономикалық, мәдени-әлеуметтік, демографиялық, табиғи-географиялық, ғылыми-техникалық.
Саяси факторлар мүлік нарығының қызмет ету үрдістеріне ішкі және сыртқы саясаттың қоятын шектеулерінен түзіледі. Ондай факторларға келесілер жатады:
Үкімет пен жергілікті билік органдарының экономика саласындағы іс-шаралары, мүлік нарығы сегменттеріне қатысты нормативтік-заңдық актілерді дайындау (тұрғын үй нарығы, коммерциялық ғимараттар нарығы, интеллектуалдық меншік нарығы, машиналар мен құрал-жабдықтар нарығы, бағалы қағаздар нарығы, қор нарығы, жер нарығы, тасымалдау құралдарының нарығы);
Өндіріс саласындағы мемлекет саясаты - жекешелендіру үрдісінің бағыты мен жылдамдығы, салық жүйесінің дамуы, кірісті бөлу саласындағы саясат, сонымен бірге әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі, экология саласындағы саясат.
Экономикалық факторлардың құрамына ел дамуының экономикалық деңгейі, ЖҰӨ-нің өсу қарқыны, ақша-несие саясаты (), инфляцияның өсу қарқыны, іскерлік белсенділіктің ауытқуы, тұрғындардың сатып алу қабілеті кіреді.
Мәдени-әлеуметтік факторлар түрлі көрсеткіштер бойынша халықтың түрлі әлеуметтік-экономикалық аспектілерімен ұсынылған: әлеуметтік-мамандық, әлеуметтік-тұтынушылық, табыс деңгейі бойынша, тұрғындар жағдайы және т.б.
Демографиялық жағдайлар - халық саны, халықтың өсімі, туу және өлу деңгейі, халықтың тығыздығы, қоныстану, территорияны урбанизациялау деңгейі.
Табиғи-географиялық факторларға берілген ауданға тән климат, жер бедері, табиғи ресурстар, экологиялық және басқа да жағдайлар жатады.
Өндірісті ұйымдастыру мен
технологиясына әсер ететін ғылыми-техникалық
факторлар көбінесе тауардың нарықтық
бағасы мен өзіндік құнының
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК- НАРЫҚТЫҚ
2.1 Жылжымайтын
мүліктің нарықтық құнын бағалауда
қолданылатын тәсілдер мен
Жылжымайтын мүлік нарығы белсенді даму сатысында жүріп келеді. Бірінші кезекте, ол экономикалық дағдарыс басымдылыққа қатаң жүріп келеді. Елдегі жағдай тұрақты, экономика гүлденіп келеді. Құрылыс компаниялары елдегі тұрғын үйге сұраныс өскендіктен нарыққа қайтып келіп жатыр. Екінші жағынан, адамдар еңбек етіп жалықыларын алып жатыр, олар өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін бәрін жасап жатыр. Алайда, ірі қалалардағы квадрат метрлеріне бағалар өсіп жатса, онда ол ескі үйлер мен жаңа құрылыстарға тиеді. Алайда Астанада, Алматыда және басқа да ірі қалаларда жылжымайтын мүлікке деген бағалар шамадан тыс жоғары. Ол бағаларды Еуропадағы жылжымайтын мүлік құнымен салыстыруға да болады. Мысалы, АҚШ-та сол бағаға жаңа құрылыстан үш бөлмелі пәтер алуға болады, ал Маямидан барлық жағдайы жасалған жақсы үш қабатты үй алуға болады. Құрысшылар нарықтың дамуы бойынша позитивті болжау жасайды, ол біздің көзқарасымыз бойынша қаншалықты шындыққа жанасады екен.
Антидағдарыстық бағдарлама көптеген даулы сұрақтарды шешуге мүмкіндік бере ма екен. Бір жағынан, сұраныс болса, екінші жағынан ұсыныс тууы керек. Алдағы уақытта республиканың әр қалаларында жаңа үйлер көбейіп, әрі төбеге дейін жетуі мүмкін. Алайда, шетел инвесторлары ұлттық нарықтағы жылжымайтын мүлікке өз қаражаттарын салуға дайын ба, соны білуіміз керек. Менің ойымша, өз қаражаттарын салуға дайын, бірақ казіргі аңда құрылыс нарығында толық қимыл жасау үшін компанияларға «темір жүйке» керек. Шешетін құжаттар үрдісінің күрделігі, әкімшілік тосқауылдар санынның көп болуы, лицензиялау жүйесі барлық құрылыс жұмыстарындағы қолдарды байлап тастайды. Ол шетел инвесторларын қатты толқытады, өйткені олар өз қаражаттарын сала отырып, сатып алу мерзімі мен шығындарын, тәуекелдерін есептейді. Шетел инвесторлары өз қаражаттарын қайда және қандай мөлшерде салу керек екенін өте жақсы біледі.
Информация о работе Жылжымайтын мүлік ұғымы және негізгі түрлері