ТАҚЫРЫБЫ №3: АДАМГЕРШІЛІК
ТӘРБИЕСІ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
ТАПСЫРМАЛАРЫ:
1.Адамгершілік даму","адамгершілік
тәрбие" ұғымдары.
2.Шет елдердегі мектеп
жасына дейінгі балалардың адамгершілік
тәрбиесінің теориясы. /К.Бюлер, Фрейд,
Ж.Пиаже және т.б./
3.Қазақтың ағартушы ғалымдары
Әл-Фараби, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Жұмабаев,
Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов еңбектеріндегі
адамгершілік тәрбиесі. Жалпы базалық
кұндылықтар.
4.Мектеп жасыма дейінгі
балаларды адамгершілікке тәрбиелеу
туралы Н.Құлжанова, А.К. Меңжанова,
Ж.А.Исмайлова зерттеулері.
5.Мектеп жасына дейінгібалалардың
"Мен бейнесі", "Мен тұжырымдамасынын"
қалыптасу ерекшеліктері.
6."Өзін – өзі тану"
бағадарламасы – мектеп жасына дейінгі
балаларды жоғары рухани адамгершілікке
тәрбиелеу.
1."Адамгершілік даму","адамгершілік
тәрбие" ұғымдары. Жалпы базалық кұндылықтар.Мектеп
жасына дейінгі балаларды адамгершілікке
тәрбиелеу туралы Н.Қулжанова, А.К. Менжанова,
Ж.А.Исмайлова зерттеулері. Мектеп жасына
дейінгі балалардың "Мен бейнесі",
"Мен тұжырымдамасынын" қалыптасу
ерекшеліктері. "Өзін- өзі тану" бағадарламасы
- мектеп жасына дейінгі балаларды жоғары
рухани адамгершілікке тәрбиелеу. Мектеп
жасына дейінгі балалардың “Мен бейнесі”,
“Мен түжырымдамасының” қалыптасу ерекшеліктері.
“Өзін- өзі тану” бағадарламасы – мектеп
жасына дейінгі балаларды жоғары рухани
адамгершілікке тәрбиелеу. Мектеп жасына
дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу
мақсат, міндеттері, мазмұны және оның
әдістері, принциптері. Адамгершілікке
тәрбиелеу механизмі. Ізгілік сапаларын
қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі
балаларды әлеуметтендіру. Мектеп жасына
дейінгі балаларға әлеуметтік тәрбие
берудің теорялық негіздері. Әлеуметтік
тәрбиелеу әдістемесі. Жеке тұлғалық бағдарлап
тәрбиелеу моделі. “Ұжым” және “Ұжымдық”
сезімдері ұғымы. Мектеп жасына дейінгі
балалардың ұжымы мен ұжымдық сезімінің
ерекшеліктері. Балалар ұжымының қалыптасу
кезеңдері және шарттары. Ұжымдағы балалардың өзара қарым-қатынасы. С.А. Козлованың
балалардың жағымды қарым-қатынасқа тәрбиелеу
әдістемесі. Елжандылыққа тәрбиелеудің
теориялық негіздері. Елжандылыққа тәрбиелеу
әдістемесі. С.Асфендияровтың елжандылық
туралы ойлары. Мектеп жасына дейінгі
балаларды бастапқы азаматтыққа тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі балаларға адамгершілік
тәрбие беру. Балалар бақшасында адамгершілік
тәрбие берудің жалпы сипаттамасы. Адамның
моралдық сапа негіздері мектепке дейінгі
балалық шағында қалыптасады. Мектепке
дейінгі жылдарда бала ересектердің жетекшілігімен
жақын адамдарымен, құрдастарымен, заттармен,
табиғатпен қарым-қатынас жасаудың, тәлім-тәрбие
алудың бастапқы тәжірибесіне ие болады.
Балалардың іс-әрекеттерін басқара отырып,
тәрбиші олардың бойында Отанын сүю, айналадағыларға
ықыласпен қарау, шамасы келгенше оларға
көмектесуге ұмтылу, дербес іс-әрекетте
белсенділік және белгілі бір іске бастама
(инициатива) көрсету сияқты адамның маңызды
сипаттарын қалыптастырады. Дұрыс тәрбие
балаларда теріс тәжірибе көбеюіне жол
бермейді, баланың адамгершілік сапасының
қалыптасуына қолайсыз әсер ететін мінез-құлықтағы
теріс дағдылар мен әдеттердің дамуына
кедергі жасайды. Адамгершілік тәрбиесінің
міндеттері Мектепке дейінгі балаларды
адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі
міндеттері – балалардың адамгершілік
сезімдерін, мінез-құлықтың ізгі дағдылары
мен әдеттердің адамгершілік ұғымдары
мен мінез-құлық түрткілерін қалыптастыру.
Баланың тәрбиелеуде оның өмірінің алғашқы
жылдарынан бастап-ақ адамгершілік сезімдерін
қалыптастыру үлкен орын алады. Үлкендермен
қарым-қатынас жасау процесінде оларға
үйір болу, оларды жақсы көру сезімі, олардың
нұсқауларына сай әрекет жасауға, оларға
қуантуға, жақын адамдарын ренжітетін
қылықтар жасамауға ұмтылу пайда болады.
Бала өзінің тентектік, қателік жасаған
кездегі ренішті немесе наразылықты көргенде
толқуды бастан кешіреді, ал өзінің жақсы
қылықтарына жылы шыраймен қараса оған
қуанып, жақын адамдарының ризашылдық
білдіруінен рақат алады. Эмоциялық әсерлену:
жақсы қылықтарына, үлкендердің мақтауына
риза болу, өзінің орынсыз қылықтарынан:
үлкендердің ескертуінен, наразылығынан
ұялады, қапалану, уайым жеу оның адамгершілік
сезімдерін қалыптастырудың негізіне
айналады. Мектепке дейінгі шақта балада
қайырымдылық, жанашырлық, қуанышқа ортақтасу
сезімдері қалыптасады. Сезім балаларды
белсенді іс-әрекетке: көмек көрсетуге,
қамқорлық жасауға, көңіл аударуға, жұбатуға,
қуантуға итермелейді. Патриоттық сезімге:
туған өлкесін, Отанын сүюге, басқа ұлттардың
адамдарын құрметтеуге тәрбиелеудің ерекше
маңызы бар. Мектепке дейінгі балалардың
ерекшелігі еліктеу қабілеттілігінің
айқын көрінуі болып табылады. Тәрбиеші
балаларда үлкендерге құрмет көрсетуді,
өз қатарларымен дұрыс қарым-қатынас жасауды,
заттарға ұқыпты қарауды білдіретін сан
алуан мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады.
Бұлар әдет бола отырып, мінез-құлық нормасына
айналады: сәлемдесу мен қоштасу, біреудің
көрсеткен қызметіне рақмет айту, алған
затын орнына қою, қоғамдық орындарда
өзін мәдениетті ұстау, өтінішін ізеттілікпен
білдіру әдеті. Мектепке дейінгі естияр
жаста үлкендермен, өз қатарларымен мәдениетті
қарым-қатынас жасау, шын айту, тазалық,
тәртіп сақтау, пайдалы іс-әрекет жасау,
еңбек ету әдеті қалыптаса береді. Мектепке
дейнігі ересек жаста балалар қылығының
адамгершілік мазмұнына ой жүгірте қарау
негізінде дамыған адамгершілік дағдылар
мен әдеттер неғұрлым берік болады. Тәрбиеші
балалардың адамгершілік нормаларына
бағынатын, саналы түрде меңгерілген мінез-құлыққа
тәрбиелейді. Адамгершілік нормалары:
қайырымдылық, сыпайылық, әділдік, қарапайымдылық,
қамқоршылық, және т.б. ұғымдарды тәрбиеші
бірте-бірте балаларға түсіндіру арқылы
меңгертеді. Балалар бақшасындағы адамгершілік
тәрбиесінің мазмұны. Мектепке дейінгі
балалардың адамгершілік тәрбиесінің
мазмұны «Балалар бақшасында тәрбиелеу
бағдарламасында» көрсетілген. Оған мыналар:
Отанға, өз ұлтына деген сүйіспеншілік,
оларды және олардың еңбегін құрметтеу,
ұлтаралық, ұжымдық және адамгершілік
бастамасы, мінез-құлық тәртіптілігі мен
мәдениеті, мінездің ерік-жігер белгілері,
жеке адамның жағымды адамгершілік сапалары
кіреді. Адамгершілік тәрбиесінің заңдылықтары
Адамгершілік тәрбиесінің маңызды заңдылығы
балаларды ұжымда тәрбиелеу заңдылығы.
Ұжым – бұл баланың жеке басын қоғамдық
бағытта қалыптастыру мектебі. Мұнда оның
жеке қасиеті, қабілеттілігі және адамгершілік
сапалары неғұрлым айқын көрінеді. Адамның
адамгершілік тазалығы ең алдымен оның
әрекетінде көрініс табады. Ұжымда бала
өзінің білімін, айналадағы дүниеге, іс-әрекетке
көзқарасын: көмек көрсетуге, нәтиже шығаруға,
құрбыларына қамқорлық жасауға, рахымдылыққа,
қарапайымдылыққа, еңбек етуге ұмтылуын
көрсете алады. Ұжымда тәрбиелеу заңдылығы
тәрбиешілерді әр баланың мінез-құлқына
ізгі ықпал жасауы үшін балалады бірлесіп
қызмет жүргізудің алуан түрлеріне біріктіруді
міндеттейді. Н. К. Крупская ұжымда тәрбиелеудің
маңызды екенін атап көрсете отырып, былай
деп жазды: «.. Мектеп балаларды бірігуге,
ортақ мақсат, ортақ міндеттер қоюға және
ол міндеттерді жұмыла күш жұмсай отырып
шешуге үйретуі тиіс. Бұл заңдылықты іс
жүзінде қолдану тәрбиешінің мейірімділікті
балалардың жеке ерекшеліктерін, адамгершілік
тәжірибесін, дамуы мен мүмкіншіліктерін
ескере отырып талап қоя білумен ұштастыра
білуінен көрінеді. Мұның өзі олардың
істі бастау қабілеттерін (инициатива),
ұсыныстарын, идеялары мен ұмтылыстарын
басып тастамай, адамгершілік мінез-құлықтың,
тәртіптіліктің негізін қалыптастыруға,
топта орнатылған тәртіпті құрметтеуге
мүмкіндік береді. Өз кезінде тәрбиешіден
ұстамдылық, шыдамдылық, орынды қатаңдық,
тәрбиеленушілерге құрметпен қараушылық
талап етіледі. Сезімге, санаға және мінез-құлыққа
ықпал жасау бірлігі заңдылығы жеке адам
дамуы үдерісінің біртұтастығы ұғымынан
туады. Ол адамгершілік тәрбие құралдары
мен әдістерін таңдап алуда кешенді қатынасты
талап етеді. Тәрбиелік ықпал жасаудың
мазмұнын белгілей отырып, ол балада эмоциялық
әсер тудыра ма, түсінікті бола ма, айналадағы
өмір құбылыстары туралы белгілі бір ұғымдарды,
сондай-ақ іс-әрекет түрткілерін қалыптастыра
ма, саналы мінез-құлыққа тәрбиелей ме
деген мәселелерді ескерген жөн. Балалар
бақшасында және жанұяда балаға қойылатын
талаптардың жүйелілігі, бірізділігі
және бірлігі мінез-құлық дағдыларын бекем
меңгеруді, баланың жеке басының адамгершілік
қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз
етеді. Бұл заңдылық тәрбиешіден барлық
тәрбие жұмысын жүйелі түрде, тәрбие міндетін
бүкіл топқа тұтас және әр балаға өз алдына
(оның ерекшеліктерін және енгізілген
адамгершілік ережелерді меңгеруін, мінез-құлық
тәжірибесін есепке ала) біртіндеп күрделендіре
отырып жүзеге асыруды талап етеді. Сондай-ақ
тәрбие міндетін неғұрлым толық шешуді
қамтамасыз ететін жағдай жасау қажет:
қандай да болса адамгершілік қасиетті
қалыптастыру үшін баланың сол қасиеті
бейнеленетін ылықтарын жүйелі жаттықтыру
қажет, сонымен бірге оны тәрбиелеуші
адамдардың талаптарының бірдей болуын
қамтамасыз ету керек. Әйтпесе балаларда
өз мінез-құлқын саналы басқару емес, тек
үлкен адамдардың бұйрығына бағына білу
ғана қалыптасады. Бейімделгіш болу қаупі
туады. Балаларды құрбы-құрдастар ұжымында
тәрбиелеу жеке-дара тәсіл заңдылығымен
де жүзеге асырылады, мұнда жас ерекшеліктерін,
адамгершілік түсінік дәрежесін және
баланың мінез-құлық тәжірибесін есепке
алу керек. Бұл заңдылықты жүзеге асыру
үшін тәрбиешіден әр жастағы баланың психо-физиологиялық
ерекшеліктерін және әрбір тәрбиеленушінің
дамуының жеке-дара ерекшеліктерін терең
білуді талап етеді. Әрбір топта тәрбиеші
балалардың жас жағынан мүмкіндіктерін
есепке ала отырып еңбекке дұрыс көзқарас
қалыптастырады. Мысалы, сәбилердің алғашқы
еңбек әрекетін басқара отырып, тәрбиеші
олардың жұмысқа қосылу жөніндегі қандай
тілектерін болса да қолдайды, оның сапасы
мен нәтижесіне кешіріммен қарайды. Естияр
топта ол жұмысты мақсатты бағыттауды
қалыптастырады, сондықтан ол балалардың
басқа жаққа көңіл аудармауына қатаң талап
қояды және балалардың назарын істеген
ісіне жұмылдырады. Ересек топта тәрбиеші
жұмыстың сапасына, әсіресе балалардың
қатысу тәжірибесі көп еңбек түрлеріне
жоғары талап қояды, мұндағы мақсат –
олардың ынталылығын қалыптастыру, қойылған
міндетке сай нәтижеге жету.
2. Адамгершілік тәрбиесі
теориясы мен әдістемесі. “Адамгершілік
даму”,“адамгершілік тәрбие” ұғымдары.
Шет ел дердегі мектеп жасына дейінгі
балалардың адамгершілік тәрбиесінің
теориясы. /К.Бюлер, З.Фрейд, Ж.Пиаже және
т.б./ Қазақтың ағартушы ғалымдары Әл-Фараби,
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, М.Жұмабаев,
Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов еңбектеріндегі
адамгершілік тәрбиесі. бағадарламасы
– мектеп жасына дейінгі балаларды жоғары
рухани адамгершілікке тәрбиелеу. ТМД
елдеріндегі мектеп жасына дейінгі балаларды
адамгершілікке тәрбиелеу мазмұны,әдістері,
принциптері /П.В.Артемова, Т.В.Антонова,
Ф.И.Жуковская, Н.А.Короткова, Т.А.Маркова/.
Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке
тәрбиелеу мақсат, міндеттері, мазмұны
және оның әдістері, принциптері. Адамгершілікке
тәрбиелеу механизмі. Ізгілік сапаларын
қалыптастыру. Әр түрлі топта ізгілік
қасиеттерін қалыптастыру және тәртіптілікке
тәрбиелеу әдістемесі. Қиқар, қыңыр, мінезі
нашар балалармен жұмыс істеу әдістері.
3. Адамгершiлiк мәдениетi мәселесi
төңiрегiнде педагогика классиктерi: Я.А.Каменский,
Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Н.И.Ильминский,
еңбектерi ерекше орын алады. Қазақ зиялы
қауымынан: А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев,
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов,
М.Дулатов, Х.Досмұхамедовтер жалғастырған.Әл.Фараби:
“Доскерлiк – адамгершiлiктегi жақсы қасиет,
бұл өзi адамның басқа адамдармен тиiстi
шамада қарым-қатынас жасауынан туады,
осының арқасында ол өзiнiң жүрiс-тұрысынан,
сол адамдармен әңгiмесiнен жақсы ләззат
алады. Бұл жөнiнде артық кету – жарамсақтық-қа
соғады, ал достыққа кемтар болу – тәккаппарлыққа
итередi. Ал ендi осы ретте ол басқаны ренжiтетiн
iс жасаса, онда бұл дүрдараздыққа апарып
соғады”.М.Әуезовтың педагогика, методика
мәселелерi жайлы мәселе көтергенi белгiлi.
“Ғылым” атты еңбегiнде: “Адам баласының
жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен
орта, алған үлгi, өнеге бiлетiндiгiнен және
түзелу, бұзылу жас уақытта болады. Көпшiлiктi
адамгершiлiкке тәрбиелеу үшiн жас буынды
тәрбиелеу қажет … Адамшылықты таза жүргiзу
үшiн – көп ой керек, ойлау үшiн оқу керек
және оқу әр тараптан мағлұмат берiп, ақиқатқа
баланың көзiн жеткiзiп, көңiлiне жақсылықпен
тәрбие беру керек”.Ал С.Қожахметов шәкiрттердiң
адамгершiлiк пен әдеп, саналы тәртiпке
тәрбиелеу мәселелерiне байланысты бiрнеше
еңбек жазды. Автор өз еңбегiнде дүниежүзiлiк
педагогиканың классигi Ян Амос Каменскийдiң
“Тәртiп жоқ мектеп – сусыз диiрменмен
тең” дейтiн афоризмiн эпиграф етiп алады.
Ол “Саналы тәртiп оқушылардың еңбекке,
оқуға саналы түрде өзiнiң бар ықыласымен
қатысуын, мектеп мүлкiне ұқыпты болуын,
туысқандарына, жолдастарына көзқарас,
қарым-қатынасы, сыпайы, қадiрлi, қошеметтi
болуын талап етедi
4.Мектеп жасына дейінгі
балаларды адамгершілікке тәрбиелеу
туралы Н.Құлжанова, А.К. Меңжанова,
Ж.А.Исмайлова зерттеулері. Мектеп
жасына дейінгі балаларды жоғары рухани
адамгершілікке тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі
балаларды әлеуметтендіру. Мектеп
жасына дейінгі балаларға әлеуметтік
тәрбие берудің теорялық негіздері. Әлеуметтік
тәрбиелеу әдістемесі. Жеке тұлғалық бағдарлап
тәрбиелеу моделі. “Ұжым” және “Ұжымдық”
сезімдері ұғымы. Мектеп жасына дейінгі
балалардың ұжымы мен ұжымдық сезімінің
ерекшеліктері. Балалар ұжымының қалыптасу
кезеңдері және шарттары. Ұжымдағы балалардың
өзара қарым- қатынасы. С.А. Козлованың
балалардың жағымды қарым-қатынасқа тәрбиелеу
әдістемесі. Елжандылыққа тәрбиелеудің
теориялық негіздері. Елжандылыққа тәрбиелеу
әдістемесі. С.Асфендияровтың елжандылық
туралы ойлары. Мектеп жасына дейінгі
балаларды бастапқы азаматтыққа тәрбиелеу.
5. Н.Құлжанова қазақ әйелдерi
арасынан тұңғыш әлеуметтiк iске
белсене араласқан әрi мұғалiм,
әрi педагог-ғалым, әрi журналист болды.
Ол 1902 ж. Қостанайдағы қыздар гимназиясын
оқып бiтiрiп, Торғайдағы қыздар училищесiнде,
кейiн (1904-1919 жж.) Семейдегi мұғалiмдер семинариясында
мұғалiмдiк қызмет атқарды. Н.Құлжанова
1924 ж. “Мектепке дейiнгi балаларды тәрбиелеу”
атты еңбегiн жазып, Орынбордан бастырып
шығарды. Кейiн “Әйел теңдiгi” журналында
қазақ балабақшаларындағы озат тәжiрибелер
жайында бiрнеше мақалалар жазады. 1924 жылы
“Ана мен бала” атты еңбегiн жазып шығарады.
Бұл еңбекке атақты турколог ғалым, қоғам
қайраткерi Ахмет Байтұрсынов алғысөз
жазды. Автор мектепке дейiнгi тәрбиенiң
мазмұнын, мақсатын баяндай келiп, баланың
қимыл-қозғалысына, сезiм мүшелерiне, сөйлеу,
ойлау ерiк-жiгерiн жетiлдiру жолдарына
тоқталады. Бала ойынының мәнi мен маңызына
тоқталады. Жас баланың өсiп-жетiлуiне,
дүниетанымына табиғаттың әсерiнiң ерекшелiгiне
тоқтала келiп, “суға түсiп, жүгiрiп, құспен
бiрге сайрап, көбелек қуып, шыбын-шiркей,
құрт-құмырсқамен бiрге көкорай шалғын,
тоғай арасын сайрандап жүрiп, көңiлi де,
жан-тәнi де бiрдей тегiс өсiп, өркендемек”
– дейдi. Автор баланың елiктегiштiк, айналаны
танып-бiлуге деген құмарлық қасиетiн жетiлдiре
тәрбиелеуге баса көңiл бөлудi қуаттайды
6.Мектеп жасына дейінгі балаларды
еңбекке тәрбиелеу мақсаты, міндеттері.
Мектеп жасына дейінгі балалар еңбегінің
түрлері. Өзін- өзі қызмет ету еңбегіне
баулу мазмұны, әдістемесі. Шаруашылық-
тұрмыстық еңбегінің мазмұны, тәрбиелеу
әдістемесі. Табиғаттағы еңбекке баулу
мазмұны, әдістемесі. Балалардың қол еңбегін
ұйымдастыру, қазақтың қолданбалы қол
өнері, матадан ою-өрнектер қию туралы
(Н.Құлжанова). Ересектердің еңбегімен
таныстыру әдістемесі (А.Меңжанова). Балалар
еңбегін ұйымдастыру формалары: кезекшілік,
тапсырма беру, ұжымдық еңбек. Тапсырма
беру түрлері. Кезекшіліктің түрлері және
оны ұйымдастыру әдістемесі. Ұжымдық еңбекті
өткізу әдстемесі. Отбасында еңбек тәрбиесін
ұйымдастыру.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Жұмабаев М. Педагогика.
Алматы, 1994 -280 бет.
2.Ядэшко В.И,.Сохина Ф.А.
Мектеп жасына дейінгі педагогика
тарихы, Мектеп.1982. 133-150 б.
3.Основы дошкольной педагогики
/Под.ред.А.Запорожца,Т.А.Маркова. -М.,Педагогика.
1980.96-110 стр.
4. Меңжанова А.Н. Мектепке
дейінгі педагогика. Алматы. Рауан.1992.
5. Козлова С.А., Куликова
Т.А. Дошкольная педагогика. - М.:Издательский
центр. Академия, 2002-416 с.
6.Бондаренко А.К. Дидактические
игры в детском саду.- М.,1990.
7. Гигиенические основы
воспитателя детей от 3 до 7 лет.Сост.В.И.Теленчи.-М.:
Просвещение, 1987.
8. Сенсорные воспитание в детскому
саду. Под.ред/Н.Н.Подьякова. В.И. Аванесовой-
М, Лросвещение, 1981-192с.
9. Пилюгина Э.Г. Занятие
по сенсорному воспитанию с
детьми раннего возраста. М:Просвещение,
1983.
10.Кравцов Г.Г., Кравцова
Е.Е. Шестилетний ребенок: Психологическая
готовность к школе,- М., 1987.
ТАҚЫРЫБЫ №4: ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ТӘРБИЕСІ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
ТАПСЫРМАЛАРЫ:
1.Экономикалық тәрбие
мақсаты, міндеттері,мазмұны.
2.Мектеп жасына дейінгі
балалардың жеке тұлға ретіңде
қалыптасуындағы экономикалық тәрбие.
3.Шет елдегі және Қазақстандағы
экономикалық тәрбие берудің
теориялық негіздері.
4.А.Д.Шатованың мектеп
жасына дейінгі балаларға экономикалық
тәрбие беру туралы ой-пікірі.
5.Экономикалық білім беру
негіздері(электрожарыққа, газға, ақшаға
үнемдеу көзқарасын туғызу).
6.Экономикалық тәрбие
бағдарламасы.
- Экономикалык білім негізінде ұқыптылық, іскерлік, біліктілік сияқты қасиеттер қалыптастыруға болады, нәтижесінде оқушы қоғамның кай саласында болсын экономакалық сауатты түрде оңлап,іс-әрекет етумен қатар өз ету мүіндіктері мен қажеттітіктерін іске асыра атады.Экономнкалық білім негіздерін меңгеріп,қазіргі өмірге бейімделу әсте мүмкін емес.Басты мақсат-экономакалық білім мазмұны мен білімге қойылатын талаптарды анықтау, экономика пәні тәрбиешілердің даярлау бағдарламасын жасау мәселелеріне көңіл бөлу, егемен еліміздің экономикасына өз үлесін қосатын экономикалық сауатты азаматтар тәрбиелеу енгізуі.Мектепке дейінгі экономикалық білім негіздерін оқытудың басты мақсаты-балаларды экономикалық мәдениетпен,қоғамның,экономикалық дамуының заңдылығы мен таныстыру,оларды жеке ұлтының дамуы қалыптасуы негізінде материалдық құндылықтарды өндіру мақсатында еңбек ете білуге үйрету,сонымен қатар,өз Отанының патриот азаматын тәрбиелеу «Экономикалық білім негіздерін» мектепке дейінгі балаларды ұқыптылыққа үйретуге үлкен мүмкіндіктер тудырады, экономикалық тусініулердің мағынасына терең үңілуіне көмектеседі. Тапсырмалардың қолданбалы экономикалық мазмұнын ашуға оқушылардың білім сапасының көтеруіне қол жеткізеді. Сонымен бірге. оллардың танымдық белсенділіп мен өзіндік қабілеті ерінің қалыптасуына, ынталандыру идеяларымен жақын танысуына қолайлы ықпалын тигізеді.
- Тәрбие негізі баланың жас кезінен бастап отбасында калыптастырылады. Одан кейін ол мектепте одан ары карай дамытылады.Балаларға экономикалык тәрбие берудің негізгі мақсатының бірі -оларды өз бюджеттерін тиімді пайдалануга дағдыдыландыру . Ата-аналар отбасы қаржысының қандай еңбекпен табылатынын, акшаны шашпай тиімді жұмсау қажеттілігін балаларына түсіндіріп отыруы тиіс. Ата-ана балаларына жұмсауға ақша бергенде мөлшерлеп жұмсауға тиіс екендігін айтып отырған абзал. Мөлшерден артык ақшасы бар бала оны қалай болса солай жұмсап, акшаның құнын бағаламай кетуге әдеттене бастайды. Сондықтан бала ата-аналарының еңбегін,шыққан табысын қастерлей білуге дағдыланғаны жөн. Ендеше мұғалім экономикалық. Тәрбие беру үшін қазіргі нарықтық экономика жайлы заңдылықтарды көбірек біліп, түсініп, оны тәрбие барысында пайдалана білуі өте маңызды.
- Экономикалық тәрбие Шет елдердегі және Қазақстандағы ғалымдардың экономикалық тәрбие жөніндегі құрған теориясы Мектепке дейінгі тәрбие орындарында экономика жайында арнайы түсіндірілуі өте маңызды.Біз бүлдіршіндерге үнемдеудің не екенін түсіндіру арқылы олар біздің айтқан берген тәрбие арқылы сусындап өседі.Бала үлкенді тыңдау арқылы өседі. Қазақстан мектептерінде экономикалық білім берудің қазіргі жағдайына төмендегіше сипаттама беруге болады:орта мектептегі «Экономика» Мемлекеттік білім стандартына сәйкес жеке пөн болып есептелмейді; экономикалық білім негіздеріндегі алғашқы тусініктер математика, экономикалық география, қоғамтану, дүниетану сияқты пәндер мазмұнының құрамына енеді. Оқушылардың танымдық көзқарасын қалыптастыруда қоғамдық пәндер арасында «Экономика» топ бастауылар қатарынан орын алатынын тәжірибе көрсетіп отыр және ол мектеп оқушы-ларын экономикайық дайындаудың сұраныс талаптарының өсуіне жауап береді. Осыған байланысты республиканың көптеген мектептерінде жаңашыл-ұстаздардың тәжірибесіне сүйене отырып, базистік оқу жоспарының вариативтік бөлігінде қарастырылған сағаттар саны есебінен орта жене мүмкіндігіне қарай бастауыш сатылардан бастап экономиканы оқыту жолға қойылып келеді.Экономика үрдісін жеті дамытып ,үнемдеудің адамға көп пайда әкелетінін мысалдар арқылы ертегілер арқылы балаға жеткізу.Балапандарымызды қанағатшылдыққа үнемшілікке үйретсек келешеке бір емес бірнеше пайдасын тигізері сөзсіз.Мектепке дейінгі тәрбиеленуші баланың жеке тұлға болып қалыптасуындағы экономикалық тәрбие баланың болашағына өте маңызды.
- А.Д.Шатанованың мектеп жасына дейінгі балаларға экономикалық тәрбие беру жөніндегі ой-пікірі.Экономикалық тәрбиенің мақсаты, міндеттері , мазмұны экономикалық білім беру негіздері(электро жарыққа,газға ,ақшаны үнемдеу көзқарасын туғызу)Экономикалық тәрбие бағдарламасы.
- Балаларды экономикалық теорияның ең маңызды білімдерімен қаруландыру экономикалық мәдениет дағдыларын дарыту, экономикалық жағдайларды ез бетінде дұрыс шешім қабылдауға және әрекет етуге үйрету максатында жеңіл бойына мектеп оқушылары бизнес-клубтарга катысып, арнайы сертификаттар алады.Сонымен қатар жазғы уақытта мектеп оқушыларының арасында ұйымдастырылатын экономикалық лагерьге де ұдайы барып тұрады. Балалар сөз жүзінде емес, іс жүзінде ерте жаещ еңбек етуге тартылады, шаруашылық қамына, экономикаға ден қойып, жұмысты зиян емес, пайда әкелетіндей етіп ұйымдастыруды үйренеді.Баларды үнемділікке көзқарасын туғызуға үйрету ақшаны үнемдеп жұмсау жайында үйрету қажет бірақ біздің мемлекетімізде экономика пәнінен мамандандырылуы қажет.Мектепке дейінгі балаларға және мектеп оқушыларына арнайы жоғарғы экономикадан білімі бар адам ғана экономика жайында балаларға түсіндіре алады.