Андрагогиканың пайда болуының алғы шарттары және даму болашағының себептері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2014 в 22:04, реферат

Описание работы

Педагогикадағы жалпы ұғымдарға тәрбие, білім беру, оқыу жатады. Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын танимыз. Педагогика білім берудің, тәрбиенің, оқытудың заңдылықтарын, принциптерін, құрамын, әдістемесін, формаларын зерттейді.
Педагогикалық зерттеу нысаны – тәрбиелік қарым-қатынас негізінде дамушы адам. Педагогика пәні адамдар дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік қарым-қатынастар. Педагогика – тәрбие, білім беру, оқыту, өзін-өзі тәрбиелеу, өз білімін көтеріп, адам дамуына бағытталған, тәрбиелік қарым-қатынастар туралы ғылым.

Содержание работы

Кіріспе.
1. Педагогиканың қысқаша даму тарихы.
1.1. Педагогика ғылымы және андрогогика.
2. Андрагогиканың пайда болуының алғы шарттары және даму болашағының себептері.
2.1. Андрагогиканың пәні, нысаны және категориялары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

Андрагогика.doc

— 145.00 Кб (Скачать файл)

 

 

Ж О С П А Р.

 

          Кіріспе.

  1. Педагогиканың қысқаша даму тарихы.
    1. Педагогика ғылымы және андрогогика.
  2. Андрагогиканың пайда болуының алғы шарттары және даму болашағының себептері.
    1. Андрагогиканың пәні, нысаны және категориялары.

          Қорытынды.

          Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

Қазақстан Республикасының егеменді ел болып, дүние жүзіне таныла бастауы оған талай міндеттерді жүктейді. Сол міндеттердің бірі – халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған білімін, тәрбиесін, біліктілігін осы күнгі сұраныстың талап-тілектеріне байланысты тарих қойнауынан іздестіру, жинақтау, оны жастарға үйрету. Бұл аса қажетті мәселе болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің міндеттері: ...әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрін, тәлім – тәрбиесін зерделеу...» деп көрсетілсе, «Мәдени мұра» бағдарламасында ұлттық мұраларды сақтап қалу, оларды тиімді пайдалану және дамыту мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген.

Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері бар. Сонау сақтардан бастап, осы күнгі Еуразия кеңістігінде жоғары білім беруді Лиссобон мен Болонья шешімдеріне сәйкес үйлестіріп жатқан қазақ елінде білім беру жүйесінің демократиялық, инновациялық сипат алуы біздің өткен дәуірдегі тарихи мұралардың дамуына сәйкес тәлім – тәрбие жүйесін дұрыс құра білуге байланысты.

Өткен дәуіндің тәлім – тәрбие саласындағы жүрген педагогикалық ойлар мен тәжірибелерін жинақтап, оған сын көзбен қарау арқылы оқытушылар мен магистранттардың және мұғалімдердің  жаңа жағдайда пайдалануы педагогика тарихының алдында тұрған үлкен міндет. Өйткені педагогика тарихы педагогикалық білім мен шеберлікті дамытуға ықпал етіп, олардың Қазақстан Республикасының және таяу, алыс шет елдердің тәлім – тәрбие ісіндегі мәселелерді дұрыс шешуіне көмектеседі.

Педагогика тәрбие туралы ғылым. Педагогика – жеке адамның дамуы мен қалыптасуын және осы мақсат негізінде тәрбиені арнайы жүйелі педагогикалық процесс ретінде зерттейді. Педагогикалық ғылым саласы ең көне ежелгі ғылым салаларының біріне жатады және оны адам дамуынан оқшаулау мүмкін емес. Азамат – қоғамының даму прогресі. Әрбір өмірге жаңа араласқан ұрпақ өзінің ата-бабаларының өндірістік, қоғамдық, рухани тәжірибелерін игеріп, оны ары қарай байытып, өзінен кейінгі ұрпақтарына қалдырумен іске асады. Өндіріс неғұрлым дамып күрделеген сайын, жаңа ұрпақты өмірге арнайы дайындаудың да маңызы арта түседі.

Педагогикадағы  жалпы ұғымдарға тәрбие, білім беру, оқыу жатады. Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын танимыз. Педагогика білім берудің, тәрбиенің, оқытудың заңдылықтарын, принциптерін, құрамын, әдістемесін, формаларын зерттейді.

Педагогикалық зерттеу нысаны – тәрбиелік қарым-қатынас негізінде дамушы адам.  Педагогика пәні адамдар дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік қарым-қатынастар. Педагогика – тәрбие, білім беру, оқыту, өзін-өзі тәрбиелеу, өз білімін көтеріп, адам дамуына бағытталған, тәрбиелік қарым-қатынастар туралы ғылым.

Жоғары мектеп педагогикасы мамандарды кәсіби жағынан тәрбиелеу туралы ғылым. Жоғары оқу орындарында қызмет ететін әлеуметтік кәсіби топтарға мыналар жатады: оқытушылар, профессорлар, декандар, директолар, ректор, доценттер және т.б. жатады. Ал осы субъектілердің ішіндегі ең басты екеуі: студент және оқытушы. Бүгінде білім сапасының басты назарға алынуы уақыт талабынан туындап отырған қажеттілік.  Сол себепті ең басты мақсат қажетті мамандар даярлаумен қатар, ұлттық және әлеуметтік мәдениеттің озық меңгерген, бірнеше тілді еркін меңгерген, отаншыл рухтағы жастарды тәрбиелеуге негізделуі заңдылық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Педагогиканың қысқаша  даму тарихы

 

Қандай  да  болмасын  ғылым  салаларының  пайда  болуы  жəне  дамуы  қоғамның  өмiрлiк қажеттiлiгiнен  туады.  Мысалы,  химия,  физика,  биология - өзiмiздi  қоршаған  табиғатты  тану ғылымдары  ретiнде,  философия,  экономика  негiздерi - қоғамдық  құбылыстарды,  психология -жеке тұлғаның санасы мен мiнез-құлық ерекшелiктерiн тану қажеттiлiгiнен пайда болды.

Педагогика ғылыми пəн ретiнде қоғамдық құрылыс пен өндiрiстi сақтап дамытуға, өсiп келе жатқан  ұрпақты  мақсатты  түрде  неғұрлым  нəтижелi  даярлауға  деген  қоғамның  қажетiнен  туған.

Философиялық  ой-пiкiр-лерден  бастау  алған  педагогика  тəрбиеге  байланысты  бiрте-бiрте жинақталған теориялар мен қағидалар жəне  фактiлердi ой елегiнен өткiзiп, тəрбиенiң мəнiн даму заңдылықтарын  түсiндiрудiң  басты  құралы,  əртүрлi  педагогикалық  құбылыстарды  жан-жақты зерттеудiң ғылыми жəне əдiстемелiк  негiзiне айналды.

Педагогикалық ойлардың дамып жетiлуi ертедегi шығыс елдерiнiң (Египет, Вавилон, Үндi, Қытай)   философиялық  жүйесiнде  қалыптасып,  ежелгi  грек  философиясының  өкiлдерiнiң  еңбектерiнде саясат, тəрбие, мемлекет, жеке  адам туралы құнды пiкiрлерiмен жалғасын тапты.

Мұндай  тəрбиелiк  тағылымдар  мен  педагогикалық  ойлар  жəне  оқу  үрдiсiнiң  үлгiлi тұжырымдары бұл кiтапта күнi бүгiнге дейiнгi əлеуметтiк-қоғамдық дəуiрде ұш-тасып, өзiнiң тарихи шешiмiн тауып отыр.

XX гасырдың ортасына дейін педагогика  бала тәрбиесі және оны оқыту  жөніндегі ғылым ретінде ұғынылып  келді Соңғы кездері балалармен  қатар ересектер тәрбиесі де  зерттеуді қажет ететін ғылым  саласы екендігі айқындалды. Педагогика жүйесі ғасырлар бойы өзінің даму сатысынан өтіп келеді Педагогика ғылымының негізгі міндеті – адам тәрбиесі жөніндегі ғылыми' білімді жүйелендіру болып табылады. Сонымен педагогика - адам тәрбиесі жөніндегі ғылым. Тәрбие cөзі бұл жерде барынша кең ұғымды бiлдipeдi, яғни тәрбие білім беру, оқыту және даму сынды тәрбие компоненттерін құрайды.

Педагогика тарихының тамыры адамзаттың пайда болу кезеңінен басталады. Дүниеге келген сәбидің адам педагогика деген ғылым саласының бар екендігі білмей жатып, тәрбиелеумен шұғылданған. Ғылым ретінде ол геометрия, астрономия сынды ғылымдардан кейін қалыптаса бастады.

Кез-келген ғылым саласының пайда болуы өмip қажеттілігінен туындайтыны белгілі. Әcipece қазіргі кезде білім адам қажеттіліктері ішінде ең маңыздылар қатарынан орын алуда. Қоғамның жай немесе қарқынды берілмeyi жас ұрпақты тәрбиелеуге тікелей байланысты екендігі анықталды. Тәрбиелеу тәжірибесін жинақтау, сөйтіп, оқу-тәрбие ошақтарын салу кажетті пайда болды. Тәрбие тәжірибесін жинақтау ici ежелгі Қытайда, Индияда, Египетте, Грецияда жүзеге аса бастады. Оның түп қазығы философия ғылымы арқылы дамыған. ¥лы ойшыл философтардың еңбектерінде адам тәрбиесі, оның жеке тұлғасының қалыптасуы жөніндегі негізгі идеялар мен тұжырымдар кеңінен көрсетілген. Педагогика ғылымының аксиомалық түптамыры болып табылатын кейбір тұжырымдарды мысалға келтірейік.

Демокрит: «Егер оқымаса, өнер де, даналык та қол жеткізбейді».

Сократ: «Тәрбие - қиын ic, оны жақсарту - әp6ip адамның қасиетті борышы, өйткені өзінеін және жақындарына білім беруден басқа маңызды ештеңе жоқ»

Фалес: «Есте сақтаңдар, сендердің балаларың, сендердің ата-аналарыңа жасағанынды қайталайды».

Лукреций: «Адам өлсе де, ici өлмейді».

Сенека: «Өзгелерді үйрету арқылы, өзіміз үйренеміз»

Аристотель: «Оқушы жетістікке жетем десе, артында қалғанды күту емес, алдындағыны қуып жету керек».

Гелвеций: «Тәрбие, ең алдымен жеке тұлға және қоғамға пайдалы әдеттерді біздің жүрегімізде қалыптастыру керек».

Ежелгі Грекияда педагогиканың түпқазығын қалаған сөз дәуірдің көрнекті философы Сократ деп саналады (б.э.д. Y-YI ғғ.). Сократ өзінің көптеген шәкірттеріне диалог жүргізуді, логикалық ойлауды үйреткен. Оның шәкірттері Платон мен Ксенофонт Сократ қолданған тәсілдерді оның ой-түйіндерін қағазға түcipiп отырған. Соның арқасында «Сократтық сұқбат әдісі> деп аталған ақиқатты анықтау тәсіл бүгінгі ұрпаққа жеткен. Ол әдіс сұрақ-жауап жүйесі негізінде логикалық ойлау арқылы дұрыс жауап табуға үйретеді. Сократтың жақын шәкірттерінің бipi Платонның да педагогикаға қосқан үлесі  зор. Ол Афина қаласында «Платондық академия» атанған өзінің мектебін ашып, әcipece математика мен астрономияның дамуына ықпал еткен. Платонның педагогикалық теориясының негізінде білім алу адамға қуаныш әкелу керек, таным мен шаттану - бірегей процесс деген идея жатыр. Платонның педагогикалық мұрасын жалғастырушы оның шәкірті, кейіннен әріптесі болған Аристотельдің (б.э.д. III г.) өмірін ерекше атап өтуге болады. Философия, биология, этика, тарих және өнер салалары бойынша трактаттарды дүниеге келтірген Аристотель мектебінде адамның жалпы мәдени деңгейіне үлкен мән берілген. Аристотель білім беру барысында балаларды жас ерекшелегіне қарай топтастыру жайлы алғашқы пікip айтқан. Білім берудің мемлекеттік сипатта болу керектігіне, азаматтардың бірдей білім алу қажетілігіне, отбасылы және қоғамдық тәрбие білім беру процесінің құрамдас бөлігіне айналу керектігіне мән берген. Тәрбие дене және ақыл-ой тәрбиесінің бірлігі арқылы жүзеге асырылу керек деген идеяның авторы да Аристотель. Сонымен қатар алгашқы педагогтар қатарына ежелгі Грекиялық ғалым Марк Квинтилианды жатқызуға болады. Оның «Оратордың тәрбиесі жөнінде» еңбегі көпке дейін негізгі педагогикалық еңбек ретінде пайдаланылып келді.

Педагогика өз жалғасын қайта өрлеу дәуірінде (XIY-XYI ғғ.) тапты. Осы дәуірде италия гуманисті Витторино да Фальтре, Испания ойшылы Хуан Луис Вивес, француз жазушылары Франсуа Рабле, Мишель Монтеннің педагогикалық ой-түжырымдары дүниеге келді.

Педагогиканың философиядан бөлініп, өзіндік ғылым саласы ретінде дамуына ағылшын ғалымы Ф.Бэкон өзіндік сала қалыптасқан.

XYIII ғасырда кейбір арнайы оқу  орындарының ашылуы да педагогиканың  өзіндік сала ретінде дамуына  түрткі болды. Чех педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) педагогика дамуына ауқымды үлес қосқан ғалым. жалпыға бірдей білім беру, оқушылардың барлығына бірдей мектеп ашу мәселелері Я.А.Коменскийдің есімімен тығыз байланысты. Оның «¥лы дидактика» еңбегінде алғашқы рет көрнекілік, жүйелілік, саналылық сынды классикалық ұғымдар қатарынан орын алған дидактикалық принциптер жарық көрді. Ол тәрбие мәселесіне де ерекше назар аударып, «Аналар мектебі» атты еңбегінде отбасы тәрбиесі жайлы құнды пікіpлep жазды.

Қайта өрлеу дәуірінен кейін педагогиканың дамуында ерекше рөль атқарған, терең мазмұнды тәрбие концепцияларын дүниеге келтірген Англияда Дж.Локк, Францияда Ж.Ж.Руссо, Швейцарияда Песталоцци, Германияда И.Гербарт пен А.Дистерверг болды. Ағылшын педагогы Джон Локк (1632-1704) басты назарды тәрбие теориясына аударды. Ауқымды еңбегі «Тәрбие туралы ойлар». XYIII ғасырда педагогика ғылымының дамуына қомақты үлес қосқан француздың көрнекті философ-ағартушысы Жан жак Руссо. Оның нёгізгі педагогикалық, көзқарастары «Тәрбие туралы» және «Эмиль» деген еңбектерінде жарияланды. Ол баланың  адамгершілік және еңбек тәрбиесіне үлкен мән берді Догматизм мен схоластикаға барынша қарсы болған ғалым балалардың ойлау қабілетінің барынша еркін өздігінше дамуына ерекше назар аударды.

Кеңестік педагогиканың қалыптасып, дамуында К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинскийлердің алатын орны айрықша.

 

1.1. Педагогика ғылымы және андрогогика

 

Кез-келген қоғамдық даму 6ip ұрпактың келесі ұрпакққа мәдени-тарихи мұрасын жеткізуімен тікелей байланысты. Осындай адами борышты орындауға сүбелі үлес қосатын, жас ұрпакқа білім берумен, оның бойында ізгілікті қасиеттерді қалыптастырумен шұғылданатын педагогтардың (мұғалім, оқытушы, тәрбиелеуші, ұстаз) алатын орын айрықша.

«Педагогика» термині екі мазмұнды қамтиды. Біріншісі- ғылыми білім саласы, eкіншісі – практикалық, қызмет, кәсіп, өнер дегенді білдіреді. Грек тілінен аударғанда педагог «баланы жетектеуші», яғни басқаша айтқанда баланың өмір сүру барысында оның рухани және дене дамуына ықпал жасаушы дегенді бідіреді.

Педагогика адамның ары,ерік,күш жігерін игеру туралы өнер деген де пікip бар. Айқын бағыттағы қажетті құралдар мен әдістерді пайдалана отырып, адамды тәрбиелеуге болады, ал оны басқарушы - педагог, тәлімгер, мұғалім, ата-ана, орта.

Бүгінгі таңда елімізде педагог деп мұғалімдер, оқытушы-ғалымдар, білім беру саласындағы менеджерлерді айтады. Менеджмент сөзі басқару, жетекшілік жасау дегенді білдіреді. Ұстаздың кызметі шет мемлекеттерде де, біздің елімізде де педагогикалық менеджмент деп атап жүр. Сондықтан педагогты менеджер деп атау үрдісi қалыптасып келеді. Яғни педагог-менеджер оқу-тәрбие процесін басқарады, оған жетекшілік жасайды.

Соңғы кездері әлемдік педагогикалық лексиконда «андрогогика» (андрос - ер адам, аго- жетектеу) «антропогогика» (антропогос - адам, аго-жетектеу) ұғымдары кеңінен колданылуда. Андрогогика - ересектерді оқыту жөніндегі ғылым болып табылады. Ол 6ip адам екінші адамды белгілі 6ip нәрсеге үйреткеннен бастау алады. Адамзат жас ұрпакты тәрбиелемес бұрын, ең алдымен 6ip-6iріне қоршаған ортаны меңгеру жолдарын үйреткен. Яғни ересектер тәрбиесі хронологиялық тұрғыдан алғанда балалар тәрбиесінен бұрын пайда болған. Дегенмен, сол кезден-ак, бала тәрбиесіне айрықша мән берген. Ересек болғанда кажетті деп танылатын негізгі сапалық қасиеттер: білім, дағды, білікті  баланың бойында міндетті түрде қалыптастыру керек, әрі қарай баланы өмір өзі  үйретеді деп шешкен. Көптеген ойшылдар, философтар, кейінгі буынғы ғалым-педагогтар баланың жас кезінде алған білімі мен дағдысы, білім мен тәжірибесі аздық етеді, адам өмір бойы үйрену мектебінен өту керек деген қағиданы ұстанған. Адам өмірлік тәжірибесі көбейген сайын өзгеріп, дамып отырады, олай болса, өмірінің әр сатысында әтүрлі үйрену мектебінен өтеді.

Андрагогика – ересектерге білім беру мәселелерімен айналысатын арнайы ғылым саласы болып табылады. Практикалық тұрғыда ең алғашқы адамның басқа адамды тіршілік етудің қарекетіне үйрету кезінен бастау алады деп есептелінетін бұл ғылым, бала тәрбиесіне арналған педагогикадан хронологиялық бұрын пайда болған деуге болады. Осындай ежелгі тарихы бола тұра андрагогиканың ғылым ретінде қалыптасуы әлі де болса жас болып табылады.

Адамзаттың әрбір ұрпағы өмір сүру барысында әртүрлі қиындықтар мен дағдарыстарға кезігіп отырады. Олар экономикалық, экологиялық, ядролық, демографиялық, ресурстардың азаюы, әлеуметтік, ұлтаралық келіспеушіліктер т.б. Дегенмен  ең басты қауіп адамдардың осы жағдайларда құзырлылықтарының болмауы. Сондықтан да уақыттың шақырғыларына сауатты жауап беру, әрі қарай даму үшін бүкіл адамзатқа, әр адамға оқу керек екендігі ЮНЕСКО-ның халықаралық комиссиясы анықтаған әлемдегі білімді дамыту стратегиясында (1972 ж.) айқындалған.

Информация о работе Андрагогиканың пайда болуының алғы шарттары және даму болашағының себептері