Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2014 в 22:04, реферат
Педагогикадағы жалпы ұғымдарға тәрбие, білім беру, оқыу жатады. Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын танимыз. Педагогика білім берудің, тәрбиенің, оқытудың заңдылықтарын, принциптерін, құрамын, әдістемесін, формаларын зерттейді.
Педагогикалық зерттеу нысаны – тәрбиелік қарым-қатынас негізінде дамушы адам. Педагогика пәні адамдар дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік қарым-қатынастар. Педагогика – тәрбие, білім беру, оқыту, өзін-өзі тәрбиелеу, өз білімін көтеріп, адам дамуына бағытталған, тәрбиелік қарым-қатынастар туралы ғылым.
Кіріспе.
1. Педагогиканың қысқаша даму тарихы.
1.1. Педагогика ғылымы және андрогогика.
2. Андрагогиканың пайда болуының алғы шарттары және даму болашағының себептері.
2.1. Андрагогиканың пәні, нысаны және категориялары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
ҚР «Білім туралы» Заңының 24 бабында ересектерге білім беру қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сәйкес білімдер мен дағдылардың қосымша көлемін алуға, ересек адамдардың өмір бойы білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығы атап көрсетіледі. Ересектердің білім алу үрдісі тұлға дамуының басты тұжырымдамасы болып табылатын үздіксіз білім беру идеясынан туындайды. Ал үздіксіз білім – бұл мемлекеттің стратегиялық идеясы.
Ересектердің білім алу үрдісі – жалпы білім жүйесінің бөлінбейтін, маңызды, өзіндік ерекшелігі бар бір бөлігі. Ересектердің білімінің басты міндеті – қазіргідей динамикалық жылдам өзгеретін қоғамда еркін еңбек ете алу, толыққанды өмір сүре алу үшін адамдарды білім, білік, дағдымен қамтамасыз етіп, алған білімді өз мәселесін шешуде тиімді пайдалана алудың жолдарын меңгерту. Сонымен қатар ересектердің білімі - әр адамға қоғамның өзгерістеріне қарай бейімделе алуға, өзінің өмірлік, рухани күштерін өзгерте, сақтай, үстемелеп қоса алуға, өз шығармашылық әлеуетін өзінің дамытуына көмектесу.
2. Андрагогиканың пайда болуының алғы шарттары және даму болашағының себептері.
«Андрагогика» ұғымын 1833 жылы неміс педагогика тарихшысы А.Капп ғылыми қолданысқа енгізген болатын. «Педагогика» сөзінің құрылысына ұқсас бұл термин грек тілінен шығып, («андрос» - ер адам, адам; агогейн – бастау, басқару), сөзбе-сөз аударғанда «ересек адамды бастау, бағыттау» деген мағынаны береді. Андрагогика бүгінгі күні әр түрлі қырларынан: ғылыми білім саласы ретінде; әлеуметтік тәжірибе өрісі ретінде; оқу пәні ретінде қарастырылуда.
Ересек адам өмір сүру барысында өзінің бастапқы алған білімдерінің (мектепте, жоғары оқу орынында) уақыт өте келе көнергендігін, жеткіліксіз екендігін сезінеді. Осыдан онда ұзақ та бүрылыс пен бұлтараңы көп өмір жолында қайта білім алу қажеттілігі туындайды. Ал ол үрдіс әр жас шамасында әрқалай жолмен жүзеге асады. Сонымен қатар қоғамдағы болып жатқан революциялық өзгерістер (өндірістік, әлеуметтік, т.б.) халықтың ересек бөлігін қайта оқыту, білімін жаңғырту мен біліктілігін арттыру міндеттерін үнемі қойып отырады. Бұл жағдай андрагогиканың дербес ғылым ретінде дамуына негіз болады.
Дегенмен тек ХХ ғасырдың екінші жартысынан кейін ғана бұл мәселеге көңіл бөліне бастады. Себебі бұл кезде әлемнің әртүрлі мемлекеттерінде ересектерге білім беруге қатысты тәжірибелер жинақтала бастағанды.
Андрагогиканың пайда болуына өзіндік үлес қосқан ғылым философия болып табылады. Тарихтағы, әлемдегі, күнделікті тұрмыстағы тұлғаның орынын айқындау, адамды басты рухани құндылық деп тану, оның еркіндігі мен таңдау құқығын мойындау барысындағы ізденістер білім саласындағы қайраткерлерді адамның өз дамуы жолындағы жетекші рөлге ие болуы керектігін ұғынуға әкелді. Сонымен қатар физиология мен психология ересек адамдардың өздерінің саналы өмірінің барлық кезеңдерінде оқи алуға қабілетті екенін дәлелдеді.
Андрагогика – даму үстіндегі ғылым. Сол себепті де оқытудың ересек адамның іс-әрекеті ретінде әлеуметтік-андрагогикалық ерекшелігін қалыптастыратын алғышарттарын белгілеу қажеттілігі туындайды. Адамның иеленген ақпаратты жаңарту қажеттілігі негізгі қажеттілік болғандықтан, оны шешу барысында оның мінез-құлқында өзгерістер пайда болып, жаңа сапалық қасиеттер қалыпттасады.
Ересек адамның өз білім, білік, дағдыларын әрдайым жаңартып отыруына, қосымша білім алуына мына төмендегі жағдайлар себеп болады:
Өкінішке орай, біздің қоғамда білім алуды басқалар үшін, сыртқы көрсеткіш деп қабылдаудың әлеуметтік стереотипі қалыптасқан. Шын мәнінде, білім алу өзіндік қайталанбас бейнені жасау жолы дегенді білдіреді. Және бұл жол адамның өмір жолымен үйлесуі керек. Ересектерге білім беру ерекшелігін сараптауды жалғастыра отырып, қазіргі ересек адамға не үшін оқу керек, не нәрсені, кімде, қайда және қалай оқи алады дегенді анықтап алған жөн.
Оқуды адамның әлеммен, қоршаған адамдармен, өз өзімен ақпараттық өзара әрекеттестігі деп түсіну – оны өмір бойы жалғастыру қажет екенін көрсетеді. Алайда мазмұндық және іс-әрекеттілік қатынаста ол әрбір кезеңде әр түрлі жүргізіледі. Білімділік ақпараты ересек адам үшін әр түрлі мәндік жүктемеге ие болу мүмкін. Ол адамға «өмір қалауымен» дәл осы кезеңде оқуды жалғастыру не үшін қажет екендігін айқындаумен байланысты.
Адам өмірінің әр түрлі кезеңдерінде әр адамның алдында мынадай міндеттер туындайды:
Жылдам өзгеретін әлемде өз болмысын түсініп, сақтау өмірлік білім алу аясынан тыс шешуге болмайтын өмірдің басты міндеттеріне айналды. Мұндай білім берудің әмбебап мазмұны қандай болу керек – деген сауалдарға алынған жауаптар бойынша адам өмірі барысында игеруге міндетті тақырыптар ортақ белгілер бойынша төмендегідей топтастырылады:
Бұған қоса, бүгінде ересектер мен ересекке айналып келе жатқан адамдарды бір бірінен ажырататын ақпараттық қажеттіліктер мен сұраныстардың алуан түрлілігі аясында оқудың жалпыға ортақ (инвариантты) мазмұны уақыт талаптары бойынша қалыптасады.
Мысалы, қазір оқу мазмұнының құрылымына мыналар кіреді:
Бәріне жаңа және қажетті болмағандықтан бұл мазмұн мектеп, жоғары оқу орындары, ересектерге білім берудің жүйелерінде қатар игерілуі керек.
Егер игерген білімді субъектінің өмір тіршілігі үшін маңыздылығының дәрежесі бойынша бағалайтын болсақ, оның мынадай сапалық сипаттамаларын бөліп қарастыруға болады:
Қазіргі кезде білім арнайы білім мекемелерінде, кәсіби оқытушылардың жетекшілік етуінен де басқа тәжірибелі мамандардың басқаларды үйретуі сияқты жолдар арқылы ұйымдастырылатын болғандықтан белгілі бір дәрежеде ашық үрдіс болып табылады. Осыған орай білім берудің әдістері мен формалары өзгеріп, білім алушы мен оқытушының бірлескен әрекетінің нәтижесі ретінде қарастырылады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында білім саласы білім алудың жаңа түрлерінің пайда болуына байланысты өзінің ауқымын кеңейтті.
Андрагогикалық іс-әрекеттің басты ойлары мен үлгілерінің қазіргі тәжірибеде мақұлдануы ересектер білімінің тәжірибеге бағыттылығын, мамандарды дайындаудың сапасына әсер ету, халықты жұмыспен қамтамасыз ету орталықтары, кәсіби сауықтыру орталықтары, мамандықты өсіру институттары, экстернаттар, кешкі (ауыспалы) мектептер сияқты маңызды әлеуметтік институттарының іс-әрекетінің мазмұны мен технологиясын жасауға негіз бола алу қабілетін көрсетеді. Кейбір мамандар категориясы мен білім беру орындарының дайындығында андрагогика нормативті пән болуы керектігі даусыз.
Гуманитарлық бағыттағы мамандарды даярлауда оқыту пәні ретінде андрагогиканың мәні зор, өйткені ол мыналардан тұрады: 1) ересек адамдармен (әріптестер, келушілер, дәріс алушылар) ақпараттық-білім беру өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыратын кәсіби білім; 2) өмір бойы кәсіби, мәдени, рухани дамудың ақпараттық және әдістемелік қолдауын қамтамасыз ететін жеке тұлғалық әркімге қажетті білімдер.
Дегенмен Қазақстанда андрагогиканы оқып үйрену әлі жолға қойылмаған. Ешқандай оқу орындарында пән ретінде оқыту қолға алынбаған деуге болады. Ал көршілес Ресей мемлекетінде 1995 – 2000 ж.ж. педагогикалық жоғары оқу орындарында 031400 – андрагогика мамандығы бойынша оқыту жүргізілді, ол кәсіби дайындықтың үшінші деңгейін қамтамасыз етеді.
2.1. Андрагогиканың пәні, нысаны және категориялары.
Ғылыми білімнің айтарлықтай жас саласы болғандықтан, қазіргі кезде андрагогика қалыптасу үрдісін бастан кешуде. «Педагогика» және «андрагогика» терминдерінің жақындығы ғылым саласы ретінде көп жылдар бойы кәсіби пікірталастар тақырыбы болып келді. Педагогика өрісімен мәндік сабақтастығы сақталса да, «андрагогика» ұғымы ересек адамды оқыту ерекшелігі мазмұнына ие және ол арнайы зерттеуді қажет етеді. Осы себепті андрагогиканың басқа ғылымдар аясындағы орны әлі нақты айқындалмаған. Кейбіреулер оны пренаталды педагогика, мектепке дейінгі педагогика, бастауыш білім теориясы мен әдістемесі, дидактика, жоғары мектеп педагогикасына ұқсас педагогиканың бөлімі деп түсінеді. Ал кейбіреулер оны ересек адамның, оқыту субъектісі ретінде, табиғатының өзгешелігін ескере отырып, «баланы тану» саласы болып келетін педагогикадан тыс алып қарастырады. Бұл көзқарасты ұстанушылар андрагогиканың интегративті табиғатына аса көңіл бөледі, олардың пайымдауынша андрагогика ересек білім алатын адам туралы білімдердің көптеген салаларын біріктіреді.
Андрагогиканың ғылыми ерекшелігі оның өзіндік зерттейтін пәні; осы пәнді сипаттайтын ұғымдар жүйесі; оны ғылыми тану мен қайта құрылуы үрдісіне ықпал ететін негізгі ұстанымдар мен әдістерін айқындайды. Осыған орай андрагогикалық білімнің қазіргі ғылым жүйесіндегі орны мен қызметі айқындалады.
Андрагогиканы әлеуметтік тәжірибе өрісі ретінде меңгеру ересектерді оқыту бойынша іс-әрекеттің мәні мен болмысына сай кәсіби нысан, білім, білік, дағды, құндылық қатынасқа ие болу дегенді білдіреді.
Оқу пәні ретінде андрагогиканың ерекшеліктерін түсіну үшін оның маманды даярлау құрылымындағы орны мен білім беру әлеуетін айқындау қажет.
Андрагогика ересектерді оқытудың заңдылықтарын, тиімді оқытудың әлеуметтік-психологиялық факторларын ашады, ересектерді оқытуыдың әдістемелік жүйесін қарастырады.
Информация о работе Андрагогиканың пайда болуының алғы шарттары және даму болашағының себептері