Андрагогиканың пайда болуының алғы шарттары және даму болашағының себептері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2014 в 22:04, реферат

Описание работы

Педагогикадағы жалпы ұғымдарға тәрбие, білім беру, оқыу жатады. Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың өзара байланысын танимыз. Педагогика білім берудің, тәрбиенің, оқытудың заңдылықтарын, принциптерін, құрамын, әдістемесін, формаларын зерттейді.
Педагогикалық зерттеу нысаны – тәрбиелік қарым-қатынас негізінде дамушы адам. Педагогика пәні адамдар дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік қарым-қатынастар. Педагогика – тәрбие, білім беру, оқыту, өзін-өзі тәрбиелеу, өз білімін көтеріп, адам дамуына бағытталған, тәрбиелік қарым-қатынастар туралы ғылым.

Содержание работы

Кіріспе.
1. Педагогиканың қысқаша даму тарихы.
1.1. Педагогика ғылымы және андрогогика.
2. Андрагогиканың пайда болуының алғы шарттары және даму болашағының себептері.
2.1. Андрагогиканың пәні, нысаны және категориялары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Файлы: 1 файл

Андрагогика.doc

— 145.00 Кб (Скачать файл)

Аталып өткендей  андрагогиканың пәнаралық сипатқа ие екені айдан анық. Оның педагогикамен, ересектерді оқыту теориясымен тығыз байланысы олардың зерттеу тақырыптарын салыстыруда анық көрінеді. Педагогиканың зерттеу тақықыбы жалпы алғанда адамның педагогикалық ақиқатта қалыптасуы деп анықталады.

Адам жайлы білімнің басты назарында – адамның тұтастығы, ал адам тұтастығының көріну формасы оның бейнесі болып табылады. Білімнің сан қилы түрлерінің синтезі нәтижесінде «оның барлық анықтамасының» бірлесуіндегі адамның ғылыми бейнесі туындайды, мұнда «ғарыштық, биологиялық, әлеуметтік және рухани бастамаларды бірдей алып қарастыру қажет» (В.И.Соловьев). мұндай біртұтас мағлұмат таным дамуының нақты-тарихи деңгейіне сәйкес келеді. Бұл ретте андрагогикалық білімдер ересек адамдардың өзара қарым-қатынасы жүйесіндегі оқытумен байланысты мәселелерге баса назар аудара отырып ерекше қызмет атқарады.

Бұдан байқайтынымыз, аталған білім салаларының ғылыми назарларының тоғысқан аймағы ересек адам болып отыр. Андрагогиканың аты айтып тұрғандай негізгі қызметі – ересек адамды бастау, бағыттау болғандықтан, бұл үшін бағыттайтын нысанның табиғаты мен ерекшеліктерін білу қажет екендігі белгілі. Сондықтан ХХ ғасырдың 60-жылдарында атақты ресейлік психолог Б.Г.Ананьев андрагогиканың адам жайлы білімдер (адамтану) деп аталатын ғылымдар жүйесіне жататын ғылыми білім мен тәжірибенің басқа да салаларымен тығыз байланысты екендігін айқындайды. Атап айтсақ: философия, психология, педагогика, әлеуметтану, мәдениеттану, антропология, акмеология ғылымдары салаларының нәтижелері андрагогикада пайдаланылады. Андрагогика қазіргі ғылыми білімнің дамуының жалпы тенденцияларын көрсетудің жарқын үлгісі екендігі байқалады. Бір жағынан ол – ақпараттың негізгі мәселелер төңірегінде интеграциялануы, екінші жағынан – оның мамандануы мен саралануы. Осыған орай, андрагогика ересектерге білім беру теориясы мен тәжірибесін қарастыратын өз алдына дербес білім саласы бола алады.

Андрагогиканың өзіне тән зерттеу пәні үздіксіз білім беру аясында ересек адамдарды оқыту теориясы мен әдістемесі.

Андрагогиканың нысаны – ересектердің білім алу үрдісі болып табылады.

Андрагогика – білімнің гуманитарлық саласы. Оның аумағында адам білімі саласындағы ғана емес, сондай-ақ қоғамтану, білім беру философиясы, мәдениеттану, т.б. салалардағы ойлар мен ережелерді талдап зерттеу жүзеге асады. Үрдіс логикасы ересек адамдардың әр түрлі категориялары мен топтарын оқытуға қатысты қажетті мәліметтерді іріктеудің теориялық негізін қалыптастыруды талап етеді. Мұндағы басты ой ересектену күйімен сипатталатын білім беру үрдісіне қатысушылардың өзекті мәселелері болып табылады.

Андрагогикалық білімнің ғылыми мән-мағынасы келесі категорияларды қарастырумен анықталады:

Адам – ересектену деп сипатталатын тіршілік әрекетінің кезеңіндегі оның біртұтастығы;

Ересектену – ересек адамның өзгешелігін оқыту субъектісі ретінде қарастырудың жастық және әлеуметтік шектерін айқындайтын қасиет;

Білім беру – адами қасиеттің бейнесінің мазмұндық және процессуалды жағынан жүйелендірілген оқыту мен тәрбиелеу негізінде мақсатты түрде дамуы мен қалыптасуының әлеуметтік-мәдени тетігі;

Ересектерге білім беру – үздіксіз білім беру аясындағы, адамның кәсіби-жеке тұлғалық қалыптасуын сан алуан түрлерде жүзеге асыратын үрдіс;

Андрагог – жұмысының мазмұны ересектерді оқыту өрісімен байланысты мамандардың жалпы атауы.

Андрагогика салыстырмалы түрде қарағанда әлі де жас ғылым саласы болып табылады. Бұл бағыттағы ғылыми зерттеулер өте аз, ал Қазақстанда арнайы зерттеу нысанасына алынбаған деуге болады, тек кейбір ғылыми еңбектерде андрагогиканың белгілі бір астарлары ғана қарастырылады. Сондықтан осы тұста андрагогикалық ізденістердің қазіргі кездегі қарастырылатын аумақтары мына мәселелерден тұруы мүмкін екендігіне назар аударамыз:

  • жас, жыныс, әлеуметтік мәртебесі, кәсіби даярлық деңгейі, денсаулық жағдайын ескере отырып, адамдардың әр түрлі категориялары мен топтарының білім алу қажеттіліктерін зерттеу;
  • негізгі және қосымша кәсіби білім алу, өз бетінше білім алуға қол жеткізу, бос уақытта білім алу, ағартушылық іс-әрекет, рухани даму деңгейінде ересек адамның білім алу іс-әрекетінің бағыттарын, түрлері мен қызметтерін зерттеу және үлгісін жасау;
  • ересектерге білім беру жүйесін мазмұндылық-мақсаттылық, технологиялық, кадрлық жағынан қамтамасыз ету.

Ал осы жемісті еңбек еткен ғалымдар «ересектер педагогикасының» зерттеу тақырыптары мына төмендегі мәселелер болуы керек екендігін атап көрсетеді:

  • ересектерді оқытуды жеделдетудің дидактикалық ұстанымдары, әдістері мен формалары;
  • ересек білім алушының тұлғасын зерттеудің психологиялық-андрагогикалық әдістері;
  • ересектердің өз білімін көтеруге және білім алуға деген мотивтерін дамытудың әдістері;
  • ересектердің білім алуындағы саяси, кәсіби, қоғамдық ұйымдардың рөлі.

Басқа салалардағы ізденістер сияқты андрагогикалық зерттеулерде де теориялық және эмпирикалық әдістердің мына түрлері қолданылады:

әлеуметтік (ересектердің білімінің жай-күйі туралы көбірек нақты мәлімет алу үшін қолданылатын әлеуметтік сұрақ-жауап, әлеуметтік өлшем);

салыстырмалы сараптама (жас кезеңдерінің ерекшеліктерін, ересектеге білім берудің әр түрлі нобайларын салыстыру үшін);

лонгитюд (әлеуметтік объектілердің эмпирикалық зерттеуі, бұл өмір бойы білім алу мәселесімен байланысты бір топтарды, адамдарды, әлеуметтік институттарды ұзақ уақыт зерттеу дегенді білдіреді);

мониторинг (бірдей құрылымдар мен көрсеткіштер бойынша жүзеге асатын дүркін-дүркін қайталанатын сандық өлшемдер негізінде білім беру құбылыстарының даму тенденцияларын сапалы бағалауға мүмкіндік беретін әдіс);

биографиялық әдіс (өмір бойы білім алу мәселелерін сипаттайтын биографиялық материалдарды, естеліктерді зерттеу);

контент-сараптама (құжаттар мен дерек көздерін сапалы-сандық сараптау);

интерпретативті (адамдардың әр түрлі категорияларына білім беру мазмұны мен тәсілдерін анықтайтын мән-мағына мен құндылықтарды айқындауға мүмкіндік береді).

Әлемдік және отандық ғылымда жасалған ғылыми-әдістемелік тәсілдемелер ересек адамның өзгешелігін ескере отырып олардың категориялары мен топтарының білім алу қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатын әлеуметтік институттар іс-әрекетінің үлгісін жасауға мүмкіндік береді. Бұл қоғамдағы андрагогикалық іс-әрекеттің сан қилы бағыттары мен түрлерінің дамуына ұйытқы бола алады.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Жер жүзінің өркениетті елдерінде білім – ең алдымен экономиканың негізгі өндіруші саласы болып есептеледі. Яғни, білім мен ғылым өзін-өзі асырай алатын болуы керек, өзін-өзі асырай алғаны елді де асырай алғаны, қалың халыққа жағдай жасалғаны. Ендеше, білім мен ғылымды дамытпай, оларды халықаралық деңгей талаптарына сәйкестендірмей мемлекеттің дамуын нәтижелі ету мүмкін емес. Халықаралық деңгейдегі білімнің басты бір ерекшелігі – күшті нарықтық бәсекеге қажет мамандар даярлау ісі. Ал, бәсекеге қабілетті болудың алғышартты оның ішкі тетіктерін қалыптастыратын жүйе құру деген сөз.

Сондықтан да үшінші мыіжылдықта қарқыны жеделдей түскен жаһандану, шекара талғамайтын экономика-қаржы және ақпарат ағымдары заманында еңбек ресурстарының бәсекелестігін арттыру қазіргі кездегі еліміздің инновациялық дамуының басты саясатына айналуда. Бұл бағытта елімізде көптеген жұмыстар жүргізілді. Айталық, білім беру мазмұны мен құрылымын жаңартудан басқа, жоғары білімді мамандарды дайындаудың үш сатылы моделін – бакалавриат – магистратура – докторантура PhD – қабылдау мен білім беру жүйесін жаңаша басқару үрдісі қалыптасты. Бұл жоғары оқу орынан кейінгі білім беру, ересек адамның өмір бойы оқуы идеяларын іске асырады.

Жеке тұлғаның саяси-әлеуметтік мәртебесі, оның материалдық әл-ауқатының деңгейі мен қоршаған ортадағы беделі көбінесе мектепте, жоғарғы оқу орынында алған білімдерінің сапасына байланысты екендігі даусыз. Алайда ересек адамға тән өмірлік ұмтылыстар оны танымның жаңа салаларына бастайды. Тіпті жаңа білімге деген сұраныс қазіргі адамдардың өмірінде күнбе күн туындап отырады десек қателеспейміз. Өйткені біздің замандастарымыз қоғамдық, отбасылық, жеке өмірде алдыңғы қатарда, экономикалық тұрғыда тәуелсіз болғысы келеді. Бұл мақсаттар оны өзін өзі білімдендіретін субъект жағдайына қояды.

Дегенмен жоғары мектепте әлі де болса сақталып отырған білімнің «берілуі», оқытушының дәрісті оқуы мен студенттің тыңдауы немесе конспектілеуі сияқты репродуктивті әдістің үстем болуы, оқытуды ұйымдастырудың жаңа әдістемелерінің баяу ендірілуі білім алушылардың субъектілігін қалыптастырмайтындығы айдан анық. Оның орнына бірлескен әрекет арқылы ойлауды дамытатын, жаттанды теориялық білімнен оны өмірде пайдалана алуды яғни «құзырлықтарды» қалыптастыратын білімдену моделі таңдалынуы тиіс. Тек сонда ғана олардың дербестігі, өз өміріне деген жауапкершілігі артып, өзін өзі іске қосуы мен дамытуы жеделдейді. Білімді игерудің мұндай үлгісі ересек адамнан мәселелерді шешуде алдыңғы сатыда алған білімдерінің жеткіліксіздігін сезіну, жаңа тәжірибе жинақтауға деген тұрақты қажеттілік сол жолда тынбай іздену, үйренуді жүзеге асыруын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар табандылық пен құштарлық, батылдық пен өз құнын білетін алғырлық сияқты қасиеттерін жетілдіреді. Өзгермелі өмірде өмір бойы білім алу үшін бұл сапарлардың мәні аса зор. Бұл жағдай одан оқи алу, өз бетінше білім алуды ұйымдастыру сияқты жаңа құзырлықтарды талап етеді. Оған бұл ретте андрагогика көмекке келеді.

Ересектерді оқытудың заңдылықтарын, тиімді оқытудың әлеуметтік-психологиялық факторларын ашатын, ересектерді оқытудың әдістемелік жүйесін қарастыратын андрагогика ғылымы қазіргі кезде даму үстінде. Андрагогикалық ұстанымдарға сәйкес жоғары кәсіби білім алу мәселесі синергетикалық, тұлғалық іс-әрекет, витагендік педагогиканың негізгі идеясы, біртұтас педагогикалық үрдіс, жеке тұлғаның даму теорияларындағы тұжырымдамалар тұрғысынан қарастырылуы тиіс. Ересектердің білім алуының нәтижелі болуы оның өзіне тән амалдары мен ұстанымдарының айқындалуына, білімдік үрдісте олардың басшылыққа алынуына тікелей тәуелді.

Адамның өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызу еліміздің ұлттық білім жүйесіндегі басым бағыттардың бірі ретінде қаншалықты маңызды болса, оны ұйымдастырушылар мен өз бетінше білім алушылар үшін андрагогиканы оқып үйрену соншалықты қажет. Өйткені оқытудың андрагогикалық ұстанымдары ХХІ ғасыр білімінің негізі болады деп санаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

  1. Тілеуова С. Жоғары мектеп педагогикасы. Оқу кұралы Шымкент, 2004 ж.
  2. Оқыту технологияларының білім сапасын көтерудегі ықпалы // Қазақстан жоғары мектебі.- 2004.- №1.
  3. Əбиев Ж. Ə., Бабаев С. Б., Құдиярова А. М. Педагогика. Оқу кұралы Алматы, 2006 ж.
  4. http://www.kitaphana.kz/ka/downloads/referatu-na-kazakskom/236-pedagogika/3241-bilim-bery-jyiesi.html
  5. Тұрғынбаева Б.А. Андрагогика. Оқу құралы. Алматы. 2011 ж.

Информация о работе Андрагогиканың пайда болуының алғы шарттары және даму болашағының себептері