Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда проблемалық әдістерді пайдаланудың тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 14:19, реферат

Описание работы

Сондықтан педагогика ғылымында педагогикалық үрдісті ұйымдастыру формалары өзекті мәселеге айналып, қазіргі кезде Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үрдісі қалыптасуда.Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді.Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің,И.Гербарттың дәстүрлі объект-субъектілі педагогикасының орнын басқасы басты.Ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде,өзін-өзі өзектілендіруге,өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған.Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер--оқытушы мен оқушының тұлғалық-бағытталған өзара әрекеті болып табылады. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін,білігі мен дағдысын емес,оның тұлғасын,білім алу арқылы дамуын қояды.

Файлы: 1 файл

Документ WordPad.doc

— 286.32 Кб (Скачать файл)

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда проблемалық әдістерді пайдаланудың тиімділігі

 

Байжанова   Мысырша  Сұлтанқызы-. Қыдыров атындағы № 54 орта мектеп,

 

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қызылорда облысы, Жаңақолрған ауданы, Бесарық ауылы

 

Сабақ беру жәй ғана үйреншікті шеберлік емес,ол - жаңадан жаңаны табатын өнер.Ж.Аймауытов.

 

Проблемалық оқыту-шығармашылық жұмыс көзі. Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге  байланысты  қоғам шығармашылық әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті  өмірдің өзі дәлелдеуде. Осыған орай бүгінгі күні орта білім беретін мектептерге үлкен талап қойылуда.

 

Баланы кез-келген пәннен жалықтырып алмау,оның қызығушылығын арттыру үшін  қандай әрекеттер жасау керек?деген сұраққа жауап іздеу көптеген технологияны, әдіс-тәсілдерді дүниеге әкелді.

 

Сондықтан педагогика ғылымында педагогикалық үрдісті ұйымдастыру формалары өзекті мәселеге айналып, қазіргі кезде Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үрдісі қалыптасуда.Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді.Білім берудегі ескі мазмұнның  орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің,И.Гербарттың дәстүрлі объект-субъектілі педагогикасының орнын басқасы басты.Ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде,өзін-өзі өзектілендіруге,өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға  ретінде бағытталған.Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер--оқытушы мен оқушының тұлғалық-бағытталған өзара әрекеті болып табылады. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға  баланың білімін,білігі мен дағдысын емес,оның тұлғасын,білім алу арқылы дамуын қояды.

 

Бүгінгі таңда В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы,М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы,Қазақстанда Ж.Қараевтің, М.Жанпейісованың және т.б.ғалымдардың технологиялары  кеңінен танымал.

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы»Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалылық қағидасы  бекітілген,бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне,педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға ,педагогикалық процесті кез келген үлгімен,тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.

 

Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында  қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда проблемалық әдістерді пайдалану жолдарына тоқталамын

 

Проблема дегеніміз - субьектінің өзінде бар іздену құралдарымен (білім,икемділік,іздену тәжірибесі т.б.) шешуге болатын проблемалы жағдай.Сондықтан да кез-келген проблемада проблемалы жағдай болады да, кез-келген проблемалы жағдайда (субьект шешу құралын игермеген болса) проблема бола бермейді.

 

Проблемалық оқытуда көздейтін мақсат оқушыларға білімді даяр күйінде бәрін мұғалімнің өзі баяндай бермей, олардың алдына белгілі проблемалық міндет қойып, соны өздеріне шештіруге бағыттау. Проблемалы міндет дегеніміз - проблемалы жағдайдағы іздену, зерттеу барысында шешілетін проблема.

 

Проблемалық оқыту: проблема, проблемалық сұрақтар, проблемалы тапсырма, пробдемалы жағдай деген ұғымды қамтиды. Бұл ұғымдардың мазмұнын дұрыс түсінудің маңызы зор.

 

Проблемалық оқыту шығармашылық жұмыстарды жүргізудің ең өнімді жолы болып табылады. Оның басты себебі, проблемалық оқыту технологиясының өзіндік ерекшелігінде жатыр. Проблемалық оқытуда оқушылар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз бетінше шешуге жұмылады. Проблемалық ситуцияны шешу арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауы дамиды, интеллектуалдық таным үрдісі жетіледі. Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық тапсырмалардың  тіл дамытудағы  тиімділігі - оқушылардың бұл оқыту түрінде ғылыми ізденіспен, зерртеушілікпен айналысады. Ойлау үрдісі тоқтаусыз жұмыс істейді. Ойлауымен бірге тілдері де дамиды.Мысалы  5-сыныпта «Фонетика» бөлімін оқытқанда  мынадай сұрақтар қоюға болады:

 

1.Қолда буын көп пе аяқта буын көп пе?(а-яқ )

 

2.Шалға қарағанда балада не көп?(ба-ла)

 

3Ант пен қант,оқ пен тоқ,ұрт пен мұрт деген жұп сөздерде екі ұқсастық айтылуы,буын саны және айырмашылық буындардың жасалу түрі,дыбыс саны бар екен.Соны тауып дәлелде.

 

4.Бота мен қозы ұқсас.Олар қалай ұқсас?(Дыбыс және буын саны,буын түрі).

 

Проблемалық оқытуға негізделген жұмыстар, тапсырмалар оқушылардың ғана өзіндік ойлауына, өзіндік ізденісіне ғана бағытталады,білімді өз беттерімен алуға жол ашады, таным белсенділігін арттыруға түрткі жасайды. Проблемалық сұрақтарды, ситуацияны шешу- шығармашылық үрдіс. Ал шығармашылық, өнерпаздық сөзінің мәні - жеке тұлғаның бір нәрсе жасап шығаруы немесе өзіне ғана тән бір нәтижеге қол жеткізуі. Шығармашылық - ешкімнің қол жеткен табысын өзіне пайдаланбайды, өзінің ғана жасап шығарған тың,жаңа өнімі.

 

Шығармашылық тапсырмалардың ең басты белгілері оқушылардың белсенді дербес ізденісі, өзіндік, шығармашылық ойлауы арқылы проблемалық ситуацияны шешулерінде.

 

Білім беруді проблемалықпен оқытудың үш түрлі әдісі, үш түрлі жолы бар:

 

 

1

 

 

Білімді проблема негізінде баяндау

 

 

Мұғалім сабақты жәй хабарлап не баяндап түсіндірмейді.Проблема қоя отырып түсіндіреді.Оқущылардың тану белсенділігін арттыру, бірге отырып оны шешу жолдары мақсат етіледі. Оқушыларды іздендіруге, табуға жұмылдырады.

 

2

 

 

Оқушыларды іздену, зерттеу іс әрекетіне кіргізу.

 

 

Мұғалім оқушылар алдына проблема қояды,ол проблемаға балалардың назарын аударады, сабақ түсіндіру барысында сұрақ-жауап,басқа да өнімді тәсілдер арқылы оны шешуге түрткі жасайды.

 

3

 

 

Оқытудың зерттеу әдісі

 

 

Оқушылар проблеманы шешу үшін болжам жасайды,дәлелдеу,салыстыру,қорытынды шығару тәсілдерін,амалдарын іздейді.Өз беттерімен,өз ізденістерімен мақсатқа жету үшін еңбектенеді.

 

Тәжірибе жасап көрсату

 

Суреттеу, түсіндіру

 

Фактілер мен ережелерді хабарлау

 

Ақпаратты мәселелерді қою

 

 

Басқа әдістер

12 жылдық білімге көшу - заман талабы

 

Елтаева Күлайхан-№240 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі директордың кәсіби бағдар беру орынбасары, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылы

 

Еліміздің егемендік алған алғашқы жылдары бар күш жігерімізді экономикалық, әлеуметтік жағдайларды көтеруге салдық. Ендігі мақсат - сол экономикалық, әлеуметтік даму бағытымыздың әлем алдындағы бәсекелестікке төтеп беруі. Елбасының сөзімен айтсақ, «біздің стратегиялық міндетіміз - бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу». Ал өмір сүріп отырған қоғамның әл-ауқатын жақсарту және әлем елдерімен терезесі тең дәрежеде дамыту ондағы білім саясатының арқасында жүзеге асатыны белгілі.

 

Сапалы білім - ел эконимкасын, саясатын әлем алдында бәсекеге қабілетті болуға апаратын бірден-бір жол. Сондықтан заман талабына сай жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру 12 жылдық білім кеңістігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастыруында.

 

12 жылдық білім берудің негізгі мақсаты - еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Ал ол мектептің жемісі - өзгермелі қоғамға бейім, өз қабілеттерін толық көрсете алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де құнды жеке тұлға болмақ. Мектепті бітірген әрбір тұлғаның мақсаты айқын, міндеті нақты, өзінің қажеттілігін қанағаттандыруды көздейтін білім іздеуге қабілетті болуы тиіс. Сонда ғана ертеңінен үміт күттіретін өскелең ұрпақ өз елінің тәуелсіздік жемісін көрмек.

 

12 жылдық оқытуға көшу Қазақстандық білім беру реформасының стратегиялық міндеттерін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді. Ал оның мәнісі шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық моделді дамытуға, «жалпыға арналған білім» үлгісінен «таңдауы бойынша білім алу» үлгісіне сапалы көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне енуді жылдамдататын тетіктердің бірі осы жаңа бағдарлама бойынша мектеп жағдайындағы оқыту болып табылады. Қазақстандағы білім беру жүйесіне түбегейлі реформалар жасауға себеп болғанда осы жаңа білім беру бағдарламасына көшу идеясы еді. Бұған бір дәлел Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі Тұжырымдамасының өмірге келуі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бүгінде 12 жылдық мектеп моделі анықталды, алайда оған көшу білім сапасының артуын өздігінен қамтамасыз етпейді, білім берудің мазмұнын қайта қарау талап етіледі және мұны бүгіннің өзінде жасау керек» деп атап көрсетті. Мұның өзі білім беру жүйесінің алдында үлкен міндеттер тұрғандығын білдіреді.

 

12 жылдық мектепке көшу жағдайында оның құрылымы оқытудың мақсаты мен міндеттерінің арасындағы байланысты, әрбір жас сатыларында оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуды олардың психологиялық, физиологиялық және жас ерекшеліктеріне қарай қамтамасыз етуге тиіс.

 

12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады

 

1-саты - жалпы бастауыш білім беру (1-4 сыныптар - бастауыш мектеп)

 

2-саты - негізгі орта білім беру (5-10 сыныптар - негізгі мектеп)

 

3-саты - жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар - жоғарғы мектеп)

 

Біздің болашақ түлектеріміз еңбек ететін жеке тұлғаны дамытуға бағытталған 12 жылдық мектеп оқушыға ғылым негіздерін үйретіп қана қоймай, әр оқушының бейімділігін анықтап, тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуді басты мақсат етіп қояды. Мұғалімнің педагогикалық кәсіби даярлығы жеткілікті болып, алған біліміне сай жаңа технологияларды сабақта шебер қолдана алатын болса, алдына қойылған мақсаты айқын, дүниетанымы кең, соған орай алдында отырған шәкіртіне ақпараттар әлемінен қажетті білімді таңдай алуға үйрете білсе ғана тиімді нәтижеге қол жеткізе алады. Ағылып түсіп жатқан ақпараттар ағынынан қазіргі мектеп партасында отырған оқушылар өз бетімен өздеріне қажетті мәліметтердің жиынтығын алып, күнделікте өмірде алып, күнделікті өмірде пайдалана алады деу - жаңсақ пікір. Күнделікті оқу үрдісінде келешек ұрпаққа қажетті білімді ой елегінен өткізіп, сараптап, саралап тек мұғалім бере алады.

 

12 жылдық білім беруге көшу еліміздің білім саясатындағы келелі мәселелерді шешудегі нақты қадам болып табылады. Ортақ мақсат пен ұлттық мұратқа жеткізетін игіліктерге еліміздің әр азаматы құзырлылығына сай өз үлесін қосатын болса, онда ұлттық рухымыздың биіктеуіне, рухани санамыздың жаңаруына, нәтижесінде тың идеялардың тууына ықпал ететін парасатты орта қалыптастыратын боламыз.

 

Ол өркениетті елдердің озық тәжірибесін үлгі ете отырып, ұлттық құндылықтарға негізделген жаңа мектептен бастау алатыны сөзсіз.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.«Мектеп» 2010,¹4

 

2.«12 жылдық білім беру» 2008, ¹6

 

3.«12 жылдық білім» - ¹3, 2010 жыл

 

4.«Бағдарлы мектеп» - ¹6, 2011 жыл

 

6.«Мектеп» журналы - №1, 2009 жыл

  

 

Бастауыш сынып мұғалімі бейнесі

 

Елтаева Роза-№167мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңарық ауылы

 

Бастауыш мектеп мұғалімі ерекше тұлға. Өйткені ол - балалар мен үлкендер әлемінің арасындағы сарапшы. Сондай - ақ ол баланың психологиялық құпияларын жетік біле отырып, білім береді, оны адам болуға үйретеді. Бастауыш мектеп мұғалімінің еңбегін өзінің мәнділігі бойынша ешқандай өзге еңбекпен салыстыруға болмайды, өйткені ол еңбектің нәтижесі - адам. Ең білгір, ең жауапты, ең негізгі болып табылатын сол мұғалімге отбасы мен қоғам ең қымбатты, өз елінің азаматтарының тағдырын, қоғам мен мемлекеттің тағдыры үшін жауап беретіндермен сипатталады. Бүгінгі мұғалім еңбегінің жемісі қоғамымыз да сондай болмақ.

 

Қазір «ХХІ ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болуы керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің ұлттық моделіне  көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, өз ісіне қатып қалған қасаңдылық пен жаттандылықтан аулақ, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог -педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. Бұрын өз пәнімді жақсы білсем, аздаған педагогикалық әдіс - тәсілдерді меңгерсем, баланы өз еркіме бағындырсам, өте күшті педагог болдым деген тоқмейілсу орын алса, енді бұл көз қарасты мүлде  өзгертуге тура келеді. Өйткені қазір заман өзгерді, қоғам өзгерді. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, табынатын идеялары да бұрынғыдан мүлдем басқаша. Өйткені олар ешнәрседен қорықпайтын, өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, романтик, көп нәрсеге сене бермейтін адамдар.

 

Өзекті мәселенің бірі: оқыту жұмысындағы ұлттық педагогиканың орны. Бұл өте күрделі мәселе. Сондықтан мұғалім өзінің әрбір ісінде әйтеуір ұлттық педагогиканы пайдалану осы екен деп орынды-орынсыз пйдаланбай, оқыту мен тәрбиеде оның орнын білу керек. Яғни, ұлттық тәрбиені білім негіздерімен ұштастыра, сабақтастыра отырып, баланың жеке қабілеті мен дарынын ояту, жетілдіру, шығармашылыққа, ісмерлікке баулу, халқымыздың ізгі қасиеттерін бойына сіңіру, имандылық, мінез - құлқын қалыптастыруда жүзеге асыру көзделу тиіс. Ең басты мақсат - оқушыларды сабаққа ынталандыру. Оқушылар сабаққа қызықты дегенше, іс оңайға басты дей беріңіз. Шәкірттерді пәнге, қала берді өтілетін тақырыпқа қалай қызықтыруға болады? Әрине, сабақты қызықты етіп өткізу айтуға ғана жеңіл. Оқушыларды еліктірерлік, еріксіз баурап аларлық сабақ өткізу қай уақытта да оңай шаруа емес. Бұл мұғалімнің белсенділігін, еңбекқорлығын, қабілеттілігінің қажет десеңіз дарындылығын қажет етеді. Әр мұғалім әр сабақты құштарлықпен, шабытпен өткізгенде ғана нәтиже беретін сөзсіз. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызығы қабылдауға дайын оқушының болуы. Біздің алдағы мақсатты ісіміздің бірі және негізгісі осы.

 

Бүгінгі күн талабының мектеп реформасында 12 жылдық білім беруге көшу мәселесінің ерекшелігі сол - 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «Баланы оқытуға қалай үйрету керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұраққа жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуде мектеп алдына негізгі екі бағытты басшылыққа алады. Олар: 1 - бағыт: оқушының қабілет еске ала отырып жеке даралық бағытта оқыту, 2 - бағыт: оқушының потенциялдық мүмкіндіктерін есепке ала отырып жеке даралық бағытта оқыту.

Информация о работе Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда проблемалық әдістерді пайдаланудың тиімділігі