Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 14:19, реферат
Сондықтан педагогика ғылымында педагогикалық үрдісті ұйымдастыру формалары өзекті мәселеге айналып, қазіргі кезде Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үрдісі қалыптасуда.Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді.Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің,И.Гербарттың дәстүрлі объект-субъектілі педагогикасының орнын басқасы басты.Ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде,өзін-өзі өзектілендіруге,өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған.Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер--оқытушы мен оқушының тұлғалық-бағытталған өзара әрекеті болып табылады. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін,білігі мен дағдысын емес,оның тұлғасын,білім алу арқылы дамуын қояды.
Жаңа үлгідегі мектеп мұғалімі қандай болу керек деген сұраққа оның кәсіби шеберлігі жөнінде жалпы орта мектептің мұғалімдеріне қойылатын талаптарды басшылыққа ала отырып, негізігі талаптарды толықтырып жаңа реформалық үлгідегі талаптарды ұсынамыз. Бұл үшін мұғалімге педагогикалық мәселелер бойынша пәннің теориясы мен әдістемесі, педагогика саласы бойынша оның әдіснамалық негізін, ғылымның, танымның теориясы, әдістерін меңгеру оның кәсіптік сапаларының қалыптасуымен зерттеушілік қызметінің қалыптасуына өз септігін тигізеді. Сонымен, білім реформасы инновациялық - дидактикалық іс-әрекетті, инновациялық әдістерді және технологияларды, педагогикалық іс-әрекет субъектісінің дамуымен өздігінен дамуына бағыт беретін талаптарды түзеді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қазіргі мектептерге зерттеушілік - шығармашылық талаптарын толық меңгерген, қызығушылықпен баланың жеке тұлға болып дамуына өз үлесін қоса алатын, баланы өздігінен өмірге жетелейтін ақыл-кеңес беретін мұғалім қажет.
Оқу процесінде көптеген күтпеген жағдайлар болады.
Атап айтсақ: оқушылардың сабаққа үлгермеушілігі, ата-аналармен қатынас деңгейінің жеткілікті болмауы құрдастарымен келіспеушілік жақтары және т.б. Бұл мәселелердің шешімін мұғалім әрбір баланы жеке зерттей отырып, мәселенің себебін зеректікпен анықтай алады. Егер ол мәселелер шешілмеген жағдайда бұл психологиялық соққыға тек қана мұғалім немесе мектеп, ата-ана ғана емес, қоршаған орта, құрдастары да әсер етуі мүмкін. Сондықтан асығыс шешім қабылдаудан бұрын мәселенің мән жайын - толық зерттеп біліп алу тағы да мұғалім үшін жауапты нәрсе.
Сондықтан ұлы Абай атамыздың:
«Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға» - деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінуіміз керек және өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жете аламыз.
Мұғалім әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көз қарасы, психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқу - тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көз қараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталонды атап өткенді жөн көрдік:
Сабаққа педагогикалық - психологиялық талдау жасау;
Дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;
Сабақты ұйымдастырудың педагогикалық - психологиялық негіздері;
Мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.
Көбіне педагогикалық қабілеттер сөз сөйлеу мәдениетін, ән айту, сурет салу, балаларды ұйымдастыру және нақты әрекеттерді орындай білумен сипатталады.
Мәселен, В.А. Сластенин қабілеттерінің мынадай негізгі топтарын бөліп көрсеткен:
Ұйымдастырушылық. Мұғалімнің оқушыларды топтастыра алуы, оларды іске араластыру міндеттерін бөліп беру, жұмысты жоспарлау, атқарылған істің қорытындысын шығару және біліктіліктерінен байқалады.
Дидактикалық. Оқу материалдарын көрнекілік, құрал - жабдықтарды іріктеу және дайындау.
Рецептивтік. Тәрбиеленушінің рухани әлеміне ене алу, оларды эмоциональдық көңіл - күйін объективті бағалау, психика ерекшеліктерін анықтау біліктерінде көрінеді.
Коммуникативтік. Оқушылармен, олардың ата - аналарымен, әріптестерімен, оқу орнының жетекшілерімен педагогикалық мақсатқа сай қарым - қатынастар.
Зерттеушілік. Педагогикалық ситуациялар мен процестерді танып білу және объективті бағалау білігінен көрініс береді.
Ғылыми танымдық. Мұғалімнің педагогика - психология әдістеме салаларындағы жаңа ғылыми білімдерді меңгеруге қабілеттілігіне саяды.
Гуманизм - мұғалім үшін міндетті сапа,яғни жетіліп келе жатқан адамға жер бетіндегі жоғарғы құндылық ретінде қарым - қатынасты, нақты істер мен қылықтарында көрсетеді.
Мұғалім жұмысының нәтижелі болуы, оның сабақтан шығармашылық әсер алуына байланысты. Жақсы жоспарланған, тыңғылықты дайындалған, жан-жақты ойластырылған сабақ мұғалімнің сол сабақты өткізу алдындағы көңіл-күй жасаңдығына байланысты өтеді.
Мұғалім үшін сабақтың мақсат мен тікелей байланыс, оны жақсы көңіл-күймен қабылдап, өзін сабаққа дайындау, сабақ алдында өзі жеке отырып, болатын сабақты көз алдын елестетсе өзіне белгілі бағыт алып, сабақты қиналмай өтер еді. Жаңа қоғам мұғалімі үшін өзінің шығармашылық жұмысына ұқыптылықпен қарау - нәтижелі сабақтың жағдайын жасау болып табылады.
«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың еш нәрсені ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше шешен, өнер - білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарын да, жат адамдарын да әділ ..., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болу керек» - деп Әл-Фараби айтпақшы, келешекте біздің егеменді еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүру үшін, қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді-тәрбиелі етіп шығару жолындағы басты тұлға - ұстаз.
Көреген
Инабатты
Аңғарғыш
Байсалды
Алғыр
Шешен
Сыпайы
Өнер - білімге құштар
Төзімді
Қанағатшыл
Кешірімді
Асқақ
Абайдың педагогикалық көзқарасы
Құрылды 27.08.2012 08:23
Қаралды: 1040
«Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен, мыңмен жалғыз алысқан» дана да дара Абай нәрді өз шығармасына шіріген шалшықтан алмай, бар әсерді, жүрегін тебіренткен ыстық сезімдерді, ойы мен арманын сарқылмайтын халық қайнарынан алды, өмірден алды, өмір үшін алды.
Абайдың да халықтығының ерекше қасиеті осы халықтың рухани мұрасында болып отыр. Ақын өз халқының рухани мүмкіншіліктерін іздеп табуда, халықтың терең қойнауында мүлгіп жатқан мүмкіндіктерді іздеп табуда халықтық болды, олар тек сол заманның, сол күндердің қажеттеріне ғана қызмет етіп қоймай, болашақ ұрпақ үшін де өшпес мұраларын қалдырды. Абайдың нағыз халықтың қайнарынан нәр алып отыруының тамаша жағы, оның әрбір фактіні, әрбір мотивті, жанды құбылыстың титімдейін нағыз поэзияға айналдыра білді.
Қазақ әдебиетінің классигі Абайдың да ең алғаш нәр алған бастау бұлағы, бірінші - қазақтың бай қазынасы - ауыз әдебиетінің үлгілері болса, екінші - Физули, Фердауси, Низами, Науаи, Сағди, Қожа Хафиз сияқты Шығыс классиктерінің шығармалары болды, үшінші - орыстың А.Пушкин, М.Лермонтов, Шиллер сияқты классик жазушыларының әдеби мұраларынан үлгі-өнеге алады. Халық поэзиясымен терең тамырластығы Абайдың ақындық тұлғасына сай ана сүтімен біткен қасиетті ұлттық, даралық сипат бергені даусыз.
Абай қазақтың Шығыс әдебиетінің асыл үлгілерін әжесі Зереден, халық ақындары Шөже, Байкөкше, Балталардан естіп, жадына сақтап өссе, қазақтың шешендік сөздерін әкесі Құнанбайдың аталары Өскенбайдың, Кеңгірбайдың өсиет-сөздерінен үйреніп ер жетті. Ақындардың терме - толғаулары мен қисса-дастандары, билердің шешендік өнері жас Абайдың сөз өнерінің бүге-шігесін жетік білуіне септігін тигізді.
Кеудесі шежіре-тарих, аңыз-әңгімеге толы, халықтың салт-дәстүрлерін жетік білетін мейірбан әжесі Зере мен мінезге бай, тілге шешен анасы Ұлжан бала Абайды өз алдына бір бөлек рухани қазына бесігі болып тербетті. Ол туралы Абай былай деп жазады: ''Жас бала анасынан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады, бұлар тән құмары, бұлар болмаса тән жанға қосақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды, біреуі - білсем екен дейді... Мұның бәрі жан құмарлығы - білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген''.
Абай қарасөздерінде әңгіме-сұхбат түрінде адал еңбек ету, егін салу, саудамен айналысу, өнер үйрену, білім-ғылымды игеру, қоғамдағы әртүрлі топтардың қылып жүрген адамгершілік, имандылық мәселелерін кеңінен толғайды. Ақын қарасөздері арқылы халық өмірін, мінез-құлқын, ойын сөз етеді. 33- қарасөзінде: «Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек керек, мал жұтамайды, өнер жұтамайды» дей келе, сол жолда «Алдау қоспай, адал еңбекті сатқан өнерлі-қазақтың әулиесі сол» деп таза өнер адамына жат қасиеттерге әуестенбеуін, қазақтың кейбір өнерлерінің талапсыздық, керенаулық, еріншектікке бой ұратынын қынжылу арқылы түсіндіреді.
Абай қазақтың салт-дәстүрлерінің озығын дәріптеп, дәурені өткен тозығын үнемі айыптап отырған. Мысалы, «асқа, тойға баратұғын» деген он ауыз өлең жолында қазақтың қыз айттыруы, ел шетіне жау шапты дегенде ел намысын қорғауға аттанған ердің қапыда жау қолынан қаза табуы, оң жақта отырған қалыңдықтың зар еңіреп жесір қалуы, адал махаббаттың иесі арудың сүйген жарының қазасына шыдай алмай өлуі жырланады. Ақын бұл арқылы жастарды елді, жерді сүюге тәрбиелеуді, шынайы махаббат жолында жастарды өзгеге үлгі-өнеге етуді мақсат тұтады.
Абай бар асыл ойын замана жастарына, келер ұрпаққа арнады. Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты - адам тәрбиесі болды. Ақын халықтың үлкені мен кішісіне өмірлік қажет еңбек пен адамгершілік, өнер-білім, өнеге мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін жырымен де, ғақлияларымен де жеткізе білді. Ойшыл ақынның ағартушылық тұрғыдағы педагогикалық тұжырымдары негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат - «Толық адам» етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған. Абай бар асыл ойын замана жастарына, келер ұрпаққа арнады. Оның шығармашылық қызметінің негізгі мұраты - адам тәрбиесі болды. Ақын халықтың үлкені мен кішісіне өмірлік қажет еңбек пен адамгершілік, өнер-білім, өнеге мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін жырымен де, ғақлияларымен де жеткізе білді. Ойшыл ақынның ағартушылық тұрғыдағы педагогикалық тұжырымдары негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат - «Толық адам» етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған.
Абай өз заманында қазақ халқының өткен дәуірдегі және өз тұсындағы ауыз мәдениетінің өте бай мұраларын пайдалануға мәжбүр болады. Ол жастайынан-ақ сөз тапқыш, өткір сөзді, ол сөз нақышын келістіріп, мақал-тақпақтап сөйлейтін шешендер сөзін жақсы білетін және оны зор бағалайтын болды, ақындық көркем сөздің бүкіл маңызының бәрін жоғары бағалауды үйренді. Абай да халық педагогикасымен сусындады, жасынан-ақ халық арасына жанасып, халық өлеңдерін, түрлі хикая-дастандарды, өткен ғасырдың ауыз жүзінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ертек-жырларының шексіз мол мұраларын жадына тоқып, есінде сақтай берді.
Абай мұрасы мақал-мәтелге айналған ақыл-нақылды өлең жолдарына бай. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық», Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық», «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық - аздырар адам баласын» деген жолдар осының дәлелі. Ақын шығармаларының бірсыпырасында кейбір мақал-мәтелдер жөнінде ғылыми пікірлер де айтқан.
Абай аузынан шыққан ұлағатты сөздер ұлттық педагогикамыздың нағыз нәрлі бастау бұлағы деп айтуға болады. Шынында, Абай айтқандай «адам баласының ең жаманы - талапсыз» дегеннің зардабын қазір көріп отырмыз. Абай 29-шы сөзінде «Жарлы болсаң, арлы болма» деген мақалдың теріс тәрбиелік мәнін аша келіп, «Жарлы болсаң, арлы бол, ардан кеткен соң тірі болып жүргенің құрысын» деп түзейді.
Абай поэзиясының шынайылығы ақынның өмірді үнемі қозғалыста, дамуда көре білу қасиетінен туады. Ақын халық құндылықтарын терең көркемдік-сыни байқаудан өткізіп, оның ішінен ең қажетті мәнді дегендерін бөліп қарайды. Абай өзі де шығармаларын жазарда ең алдымен халық мұрасына жүгінген, ұлттық мәдениет пен оның дәстүрлерінің қайталанбас бейнесін жырлайды. Міне, сондықтан да салауатты өмір сүрудің де қағидаларын ақын естен шығармаған. Ол халық спортының ең үздік үлгілерін жеке адамдардың салауатты өмір сүру жолы ретінде ғана емес, бүкіл ұлт денсаулығының бастауы ретінде жырлайды.
Абайдың өмірге деген көзқарасы туған халқының өмірі, оның тұрмыс-тіршілігі, келер ұрпаққа қалдырар ұлттық байлығы жатыр. Абай шығармаларында халық құндылықтарының бірі жүйрік ат, құсбегілік, спорт өнері туралы жақсы суреттеледі. Мысалы, «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңінде иесінің мақтанышы, өмірінің сәні болған тамаша аттың бейнесі берілген. Ақынның суреттеуі бойынша тамаша аттың шабысы шапшаң болмаса, оның бар әсемдігі өзінің күшін жояды.
Тәрбиелік мәнін ешқашан жоймайтын өлеңдері «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе, ол қаралы», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Өзгеге көңілім тоярсың» адам мінезін, заманды түзетудің күшті құралы болып отырғаны шындық.
Қазақ халқының тұрмысындағы жылқының алатын орны туралы талай ақын жырлаған, талай күйші күй арнаған, халық шығармашылығының барлық жанрларында ол басты кейіпкер ретінде берілген.
Абай сонымен қатар, қазақтың ежелгі ойындарының бірі тоғызқұмалақты да жақсы ойнаған. Бұл ойын Абайдың тұсында қазақтың үш жүзіне тараған. Тоғызқұмалақпен қатар Абай қазақ даласында шахмат, дойбы ойындарымен де айналысқан. Бүркітпен де аң аулаудың қазақтар үшін ерекше мән-мағынасы болған.
Туған халқының төл мәдениеті мен өнері, бай ауыз әдебиеті, халық педагогикасының үлгі, өнегесі мен философиясы, оның адамгершілік, этикалық, эстетикалық талғамын қалыптастыруда жетекші роль атқарған деп ойлаймыз. Абайдың тыныс-тіршілігі, ой жүйесі бүтіндей өз жұртымен, өз ұлтына ғана тән қасиет еді. Олай болса, Абай үшін халық педагогикасының, ұлттық тәрбиенің атқарған қызметі орасан зор.
Абай шығармаларынан туған халқының жан дүниесі мен салт-санасы, әдет-ғұрпы дәстүрінің лебі аңқып тұрады. Соның ішінде заманына қарай жаңадан енген халқының санасына, әдет пен ғұрпына жат қылықтармен бірге ғасырлардан бері келе жатқан кертартпалық, керенаулықты да өлтіре сынайды. Сөйтіп, халқын ілгері дамыған жұрттардың қатарына жетуге, өнер, білім, ғылымды меңгеруге шақырады.
Әрине, Абайдың педагогикалық көзқарастары туралы айтқанда, оны халық педагогикасынан бөле қарай алмаймыз, Абайдың ұлы ойшыл, ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаз дәрежесіне көтерілуі - өз халқының бұрын-соңды жасаған ұлттық тәрбие ойларынан, халық даналығынан бастау алғандығы.