Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 14:19, реферат
Сондықтан педагогика ғылымында педагогикалық үрдісті ұйымдастыру формалары өзекті мәселеге айналып, қазіргі кезде Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үрдісі қалыптасуда.Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді.Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің,И.Гербарттың дәстүрлі объект-субъектілі педагогикасының орнын басқасы басты.Ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде,өзін-өзі өзектілендіруге,өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған.Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер--оқытушы мен оқушының тұлғалық-бағытталған өзара әрекеті болып табылады. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін,білігі мен дағдысын емес,оның тұлғасын,білім алу арқылы дамуын қояды.
Жазуға үйретудің маңызы .
Бастауыш сыныптардағы жазу сабақтарының мақсаты балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру . Жазу дағдысының психалогиялық негізі мидың үлекн жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір - бірімен күрделі байланысқа түсуі , екінші сигнал системасының жинақталып , бір арнаға бағытталуы болып табылады . Жазу тілі көзбен қабылданады , қолмен іске асады . Ауызша сөйлеу есіту - кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді .
Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты , сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады .
Ең алғашқы ерте дәуірде адамдар қандай , да болмасын бір уақиғалар туралы мәліметтерді кейінгі ұрпаққа қалдыруға болады . Сөйтіп ондай мәліметтерді түрлі суреттермен белгілейді . Бұл кезең - идеографиялық сөйлеу кезеңі деп аталады . Идеографиялық сөйлеу белгілі бір айтылатын жағдай туралы еске түсіру ролін атқарады .
Кейінірек иероглифтік жазу шықты . Бұл заттарды немесе тұтас ойды білдірген .
Біздің қазіргі қолданып жүрген жазуымыз алфавиттік жазу . Бұл кейінірек шыққан .
Жазудың құрамына алфавит , графика және орфография ( еміле ) енеді . Алфавит - тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі . Графика дыбыстың , буынның немесе сөздің айтылуы қалай болса , солай таңбалануы . Ал орфография тілдің белгілі бір нормаға келтірілген ережесін сақтап жазу . Алфавитпен графиканы меңгеру - оқу мен жазудың ( сауат ашудың ) ең алғашқы ең қарапайым , бірақ ең маңызды дағдыларын қалыптастыруды көздейді . Алайда жазуды меңгеру оның тағы бір басты бөлігі орфографияның ( немесе жазу , сауатты жазу ) игеруді қажет етеді .
Бастауыш сынып оқушылары орфографияны игере отырып , сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым - қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады , яғни өзінің сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре береді , жеке басының жалпы даму деңгейі жоғары дәрежеге көтеріле береді . Міне , жазуға үйренудің басты маңызының өзі анықталады . Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігін ( таяқша , дөңгелек , қосу сызықтары ) сызып , жүргізу арқылы жаттықтырылады . Бұл кезеңде бала басымен , бүкіл денесімен жоғары көтеріліп , төмен еңкейіп , екі жағына қисайып , неше түрлі қозғалыстар жасайды . Алайда мұғалім тиімді жаттығулар ұйымдастырса , көп ұзамай , бірте - бірте бастапқы қозғалыстарын жинақтап , азайта түседі . Ал кейін әріп бөліктері аса күш салмай - ақ қосып жаза алатын болады . Жаттығулардың нәтижесінде жазу қимылдары автоматталып , әуелі әріптерді , сонан соң тұтас сөздерді де кідіріссіз жаза алады . Дей тұрғанымен балалар жазуға лезде - ақ дағдыланады деудің жөні жоқ . Себебі олардың кейбіреулері бір , тіпті екі жылға дейін жазу дағдысын толық меңгеріп кете алмайды . Мұндай балалармен жеке жұмыс ұйымдастырылады .
Жазу қимылдары автоматталғаннан кейін жаңа міндет - сауатты жазуға ( немесе орфографияға ) үйрену міндеті туады . Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді .
Қазақ тілі орфографиясының негізгі принципі - морфологиялық принцип , яғни түбір сөздің соңғы дыбысы қосымша аралығында да (басшы , башшы емес ) , сөз шекарасында да ( боз құнан , бозғұнан емес ) біріккен сөздерде де ( Үмбетбай , Үмбетпай ) емес сақталып жазылады .
Тілімізде орыс тілінен енген , аяғы үнді дыбыс - әріптерге біріккен бірсыпыра сөздер бар ( Ленинград , клуб , педагог т/б ) бұл сөздердің соңғы үнді дыбыстары айтылуда қатаң дыбыстарға айналады , яғни д , г, б дыбыстары қатаңдап т , к , п дыбыстарына айналып айтылады . Мұндай сөздерге қосымша да қатаң дыбыстан басталып жалғанады : Ленинградқа, педагогке , клубтан т. с .с . Бұлар грамматика ережелеріне сүйеніп үйретіледі . Қысқасы жазуға үйрету методикасы тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді .
Сауат ашу кезеңдерінде жазу жұмыстарына қойылатын талаптар .
Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады . Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады :
а ) әріпті дұрыс жазу , дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау ;
ә ) әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды - қысқалы етпей , тегіс , бірдей жазу .
б ) әріптердің бірін оңға , бірін солға қисайтпай , барлық әріпті бірдей , оңға қарай , сәл көлбете ( 45 ) жазу ;
в ) әріптердің , сондай - ақ сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтап ( сөздер бір - бірінен м әрпінің көлеміндей қашықтықта болуға тиіс ) отыру .
г ) бірте - бірте жазу қарқынын тездете түсу .
Бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныптарында да жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс .
Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісті гигиеналық талаптар :
а ) дәптер партаның үстіне , баланың кеудесінің қақ ортасына тура келетіндей болып сәл көлбетіле ( оңға 65 ) қойылады ;
ә ) бала басын оңға не солға , иықтарын кеудесін алға не артқа қисайтпай , аяқтарын қатар қойып , алдына түзу қарап отырады .Бұл олардың омыртқалары , көкірегі дұрыс жетілу үшін қажет ;
б ) балалар табандарын еденге ( партаның табан тақтайына ) еркін басып отырады . Тізені қатты бүкпей , бір аяқты екінші аяқтың үстіне қоймай , аяқтарын я алға , я артқа сілтемей отырғаны дұрыс ;
в ) партаға көкіректі тіремеу керек . Өйткені бұл тынысты тарылтады жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады ;
г ) қаламды ұстағанда саусақ қаламұштан 3 см -дей жоғары тұратындай болып және қаламның жоғарғы жақ ұшы оң иықтың тұсына дәл келетіндей жағдайда болғаны жөн ;
д ) жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы қашықтық 25 - 30 см сақталуға тиіс .
Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элементтерін немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын қадағалау керек . Өйткені ұзақ уақыт бір - екі элементті немесе бір әріпті жаза берсе , бала шаршайды да , сабаққа зейін қоюдан қалады , сондықтан 3 - 5 минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс беріп , сонан соң құрамында үйреніп отырған әрпі бар сөздерді жазуға көшкені дұрыс. Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя бастайды . Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде ұстап жазуға үйренулері қажет . Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады және бұл кезде әріптердің таңбасы арқылы ( жазба таңбасы ) берілген . Сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады , ал сауат ашу аяқталғаннан кейін , баспа таңбалы әріптер жазылған текстер көшіртіледі . Осы жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер дыбысқа , буынға талданады .
Жазу сабағына қойылатын педагогикалық талаптар .
Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін , олардың зейін , қабылдау , ес , ойлау , қиял ерекшеліктерін , сезім , ерік жақтары мен жеке қасиеттерін жақсы білуі керек . Алты жасар баланың зейіні тұрақсыз , оның толқуы сабақ үстінде кушті , ал бөліну қасиеті мүлде жоқ , көлемі өте шағын болады . Сондықтан оқудың алғашқы күнінен бастап - ақ балаларды тыңдай білуге , оңай тапсырмаларды дәл орындап жүруге үйрету керек . Бұлардың зейіндері заттарды бақылай білуі , олармен жұмыс жасау (әріптерден сөз құрау ) арқылы тәрбиеленеді. Балалар суреттерді көргенде, әнгіме , ертегі тыңдағанда зейіннің тұрақтылығы арта түседі . Сабақтарда пайдаланатын ойын элементері , іс - әрекеттің нәтижелі түрлері , іс - әрекет формаларын жиі өзгерту - балалар зейінін тәрбиелеуге көмектеседі .
Алтыжасарлардың қабылдауы мен ойлауында да толып жатқан ерекшеліктер бар : олар ажырата қабылдауды білмейді , тұтас қабылдайды. Мұғалім тапсырма бергенде дәлдеп , бөліктерге бөліп беру немесе заттар мен құбылыстардың құрамымен таныстыру ескергені жөн . Мысалы : олар алғашқы сөз , буын , дыбыс терминдерін шатастырады ; мұғалім бірте - бірте бұл сөздердің әрқайсысының мағынасын жыратып , мәнін аңғартуға үйретеді .
Оқытудың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс . Алайда оқылатын материал үнемі оңай , жеңіл - желпі орындалатындай болуы қажет деген ұғым тумаса керек . Оқыту үрдісінде шамасы жететін қиыншылықтарды өз күштерімен жойып отыруға оқушыларды мәжбүрлеген жөн . Өйткені қиындыққа кездеспей - інше , ойлау белсенді қызмет атқара алмайды . Ал , екінші жағынан , шамасы жетпейтін қиындыққа кездессе , ой тежелуге ұшырайды , ерік күші мұқалады . Ендеше бұдан шығатын қорытынды - сабақтың түсінікті болуы шарты . Сабақтарда көрнекілікті қолданғанда да басы артық , тым көп көрнекілік те балалардың зейінін жинақтау , тұрақтандыру емес , керісінше , аландатып зианын тигізуі мүмкін . Педагогиканың талабы бойынша , сауат ашудың бірінші күнінен бастап - ақ оның тәрбиелік мәніне зор көңіл бөлінеді . Балалардың эстетикалық талғамын дамыту ертегі , көркем әңгіме , өлең , оқу , сурет , музыка т/б арқылы жүзеге асырылады .
Жазу сабақтарына қойылатын гигиеналық талаптар .
Жазу жұмысына қажетті жағдайлар мен оған қойылатын талаптар . Жазудың айқын таза болуы үшін , ең әділі жазу дәптерінің қағазы сапалы ( ақ , сия сормайтын ) болуға тиіс . Оқушыға арнаулы қаламсаппен, айқын түсті сиямен жазу тәртібі ұсынылады . Жазу кезінде жарық сол жақтан түсіп тұруы қажет . Оқушылардан әрбір әріпті дұрыс жазу , әрбір жаңа ойды абзацтан ( жаңа жолдан ) бастап жазу , дәптердің түп жағынан ( 10 - 15 мм ) , оң жағынан ( 20 мм ) бос орын қалдыру , біркелкі көркем жазу талап етіледі .
Гигиеналық талап дегеніміз - оқу , жазу жұмыстарының атқарылатын физиологиялық шаралардың жиынтығы . Бұл шаралардың орындалуы оқушының психо - физиология дамып жетілуін қамтамасыз етеді .
1 . Сынып бөлмесінде партаға дұрыс отыру ережелерінің ілініп тұруы .
2 . Сынып бөлмесіне жарықтың сол жақтан түсуі .
3 . Оқушының партаға кеудесін тік ұстап түзу отыруы ( оқушылардың белі орындықтың арқалығына тіреліп тұруы шарт ) .
4 . Оқушының кеудесінен партаның арасындағы қашықтық 4 - 5 см сәйкес болуы керек .
5 . Оқушының басы алды - артына аз солға қисаймай тік болуы және дәптердің бетімен оқушының арасындағы қашықтық 25 - 30 см сәйкес болуы керек .
6 . Оқушының екі аяғы үшбұрышталып партаның кергішіне не төртбұрышталып еденге тиіп отыруы керек .
7 . Оқушының 2 - ші сыныптағы партасының бетінде болып дәптердің жоғары , төмен жылжуын сол қолдың ықпалымен жүзеге асады .
8 . Оқушының қаламсап ұстаған жұдырығы оның көкірек тұсында болуы .
9 . Оқушының жұмыс дәптері партасының бетінде көлбеу жатуы ( есік жағы жоғары , терезе жағы төмен ) .
10 . Дәптердің жоғары немесе төмен жылжуы тек сол қолдың ықпалымен жүзеге асады .
11 . Оқушы қаламсапты ұшынан 2 - 3 мм қашықтықта үш саусақтың көмегімен қатты қыспай еркін ұстап жазуы .
Сауат ашу кезеңіндегі жазудың мақсат міндеттері .
Сауат ашу жұмысының мақсатын программа белгілейді . Программа бойынша , сауат ашудың мақсаты оқушыларды дұрыс оқи , дұрыс жаза білуге үйрету және оқу мен жазуға үйрете отырып , тілін , ойын дамыту . Сауат ашу жұмысының басты шарты - әріпті таныту . Әріпті танып , оқып, оны жазып үйренбейінше , сауатты азамат болып өсу мүмкін емес. Алайда сауат ашу жұмысы бірден әріп танудан басталмайды .
Өйткені әріптер тілдегі дыбыстардың шартты белгілері ғана . Демек , әріптерді дыбыстармен ұштастыра білсе ғана , сауат ашу сабағы саналы өтпек . Ал тіліміздегі дыбыстардың әрқайсысы жеке күйінде кездеспейді , олар сөз ішінде бір - бірімен тіркесіп келеді . Осыдан барып , тіл дыбыстарын білдіру үшін сөйлеуді сөйлемдерге , сөйлемді сөздерге , сөздерді буындарға , буындарды дыбыстарға талдау қажеттігі туады . Осындай жұмыстар нәтижесінде оқушылар іс жүзінде сөйлеу , сөйлем , сөз , буын , дыбыс деген ұғымдарды меңгеруі керек . Тіл дыбыстары біркелкі болмайды ( дауысты , дауыссыз , жуан , жіңішке , қатаң , үнді , сонар т/б ) .Сауат ашу кезеңінде оқушылар тіл дыбыстарының әрқайсысының жеке ерекшеліктерін біліп , тәжірибе арқылы меңгеруі қажет . Дыбысты естіп , ажыратқаннан кейін , сол бөліп алған дыбысты дұрыс дыбыстай білуі қажет , тек содан кейін ғана әріп таңбалары таныстырылады .
Сауат ашу кезеңінде жоғарыдағы жұмыс түрлерін жүргізу арқылы , оқушылардың дыбыстарды бұзып айту тәрізді кемшіліктері түзетіліп , оқығанын , естігенін екінші адамға айтып беруге машықтанатын болады , баланың ойы дамып - жетіледі .
Жастардың білім мен тәрбие алуы , осы сауат ашу кезеңінің өзінде - ақ қалыптаса бастайды . Мұның өзі - сауат ашу мақсатына да жаңаша көзқараспен қарау деген сөз . Ол талап - сауат ашу жұмысы мазмұнын кеңейтіп , оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мүмкіншілігін арттыра түсу , мұның өзі « Әліппе « оқулығының мазмұны мен программа талаптарын қайта қарастыру арқылы және оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін таңдай білу , сондай - ақ сауат ашу сабақтарын дұрыс ұйымдастыру , көркем және техникалық құралдарды талғампаздықпен іріктеу арқылы шешілмек .
Жазу құралдары .
Көркем жазуға үйрету үшін арнайы сызылған тақта . Жазуда дұрыс отыру суреті , дәптер , қалам , жазбаша цифрлар және жекеленген әріптер жазу үлгісі альбомы түрлі - түсі борлар болған жөн . Дәптер 3 - жолы көмекші жолы және көлбеу сызық 2 - сыныптың соңында кеңжол дәптерге көшеді . Әріптердің биіктігі 2 - 2 сыныпта кіші әріптің биіктігі 4 -мм көмекші жолдың биіктігі 8 - мм болады . Кіші әріптердің биіктігі 3 - мм , әріптің биіктігі 6 - мм болады .
Жазудың түрлері .
Жазу мынадай түрлерге бөлініп қарастырылады .
1 . Пиктографиялық .
2 . Идеографиялық .
3 . Буын .
4 . Әріптік немесе дыбыстық .
Осыларға тақтаның пиктографиялық жазу . Бұл жазудың ең алғашқы түрі, суретке негізделген жазу . Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды . Пиктографиялық жазудың ескерткіштері әр түрлі суреттердің жиынтығынан құралған . Әрбір сурет бүтіндей бір материалды білдіре алады . Мысалы : мен аң аулауға кеттім дегенді білдіру үшін адамның суретіне қарайластырып тоғайдың және аңның суретін салған .
Пиктографиялық жазу өте жабайы жазу болды , оның кең мазмұнды ойды түгелімен жазып жеткізуге мүмкіндігі болмады .
Идеографиялық немесе логографиялық жазу . Пиктографиядан идеографияға көшу өте баяу болды . Идеографиялық жазудың үлгілері өте ертедегі қытай жазуы мен шумер жазуынан көруге болады . Қытай жазуының идеологиялық жүйесі осыдан 4000 - жыл бұрын жасалған болатын . Египед , шумер , қытай жазулары логографиялық жазу болды . Логографиялық жазу жүйесінің барлығында нақтылы мағынасы бар сөздер осылардың бейнесімен берілсе , қала , су , дегендер бейнелі схемамен берілген . Ертедегі шумер жазуында ағаш , тау , сабақ деген сөздер , қытай жазуында күн , тау , ат деген сөздер де осы бейнелеу түрінде берілген . Жыл деген сөз пальманың бұтақтарының бейнесімен белгіленген , өйткені египедтік пальманың бұтағының саны -12 болады деп түсінген . Буын жазуы таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан бірнеше түрге бөлінеді . Мұның бірінші түріне ассировавилон , элам , урар, сына жазулары дыбыстық корей жазуы жатады . Жазудың бұл жүйелерінде таңбалар кез - келген буынды , атап айтқанда , ызыңның мынандай түрлерін белгілейтін болған : дара дауыстының өзі , А (дауысты) + С ( дауыссыз ) , С+А , С+А+С майя жазуында сөз соңындағы дауыссыздар да белгіленген . Буын жазуының екінші түріне кипр , эфиопия және жапон буын жазулары жатады . Жазудың бұл жүйесінде таңбалар тек дара дауыстыларды және дауыссыздардың тіркесі мен белгілі бір дауыстың қосындысын белгілейді .