Қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми-зерттеу әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2015 в 09:27, курсовая работа

Описание работы

Бастауыш сынып оқушыларын қажетті білім негіздерімен қаруландырып, оқу материалдарының мазмұнын бүгінгі күннің талабына сай меңгерту үшін оқудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап алып, ұтымды қолдану талап етіледі.
Оқушыларға білім беру барысында мұғалімнің тікелей басшылығымен жүзеге асырылады. Мұғалім оқу материалын сөзбен түсіндіреді. Ал мұғалім сөзі сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы толықтырылып отырылады.

Файлы: 1 файл

Дип.-Мектептегі-оқыту-процесін-жақсартуға-ықпал-ету.doc

— 270.00 Кб (Скачать файл)

   1. Қайталануға тиісті оқу  материалы алғашқы өткен қалпынан  өзгертіліп еске алынады, бұл үшін тиімді әдістер қоданылып, мағлұматтар жинақталады.

   2. Қайталау жұмысының жаттығу  материалы да бұрынғы пайдаланған  түрінен өзгертіліп, жаңа сөйлем, жаңа текспен жұмыс істеледі.

   3. Қайталау жұмысын да  оқушылар меңгерген бұрынғы білімді  үстей түсетіндей немесе қорытатындай жаңа ұғым элементтері ендіріледі.

   4. Қайталау сабағында білік  пен дағды оқушылардың өз бетімен  жұмыс істеуі арқылы толық  меңгеруіне мән беріледі. Бұл  үшін оқушылар түрлі жазбаша жаттығу жұмысын көбіне өз бетімен орындайды.

   5. Қайталау сабағында таблица, схема, графикалық жұмыстар кеңінен  пайдаланылады. Оқушылар белгілі  бір тілдік тақырыпты таблица, схема, графика түрінде өрнектейді.

   Білмді қайталау жұмысы  мазмұнына қарай төрт түрге  бөлінеді:

   1. Оқу жылы басындағы қайталау.

   2. Жаңа материалды өтумен  байланысты жүргізілетін күнделікті  қайталау.

   3. Тақырыптық қайталау.

   4. Жылдық қорытынды қайталау.

 

    Оқу жылы басындағы  қайталауға қазақ тілі программасында  екінші, үшінші сыныптың әрқайсысы  үшін 6 сағат уақыт бөлінген. Оқулықтарда қайталау жұмыстарына арналған материалдар берілген.

   Оқу жылы басындағы  қайталау сабақтары бұрынғы өтілген білімді қайтадан сол күйінде ғана еске түсіру түрінде ұйымдастырылмайды. Мұнда жаңа білімді бекіту кезіндегідей ұсақ материалдар пысықталмайды, өтілген курстың тараулары бойынша жинақталы, бір жүйеге келтіріліп жүргізіледі.

   Мысалы, сөйлем тақырыбын өтуге бірінші сынып бағдарламасында 6 сағат берілген және 2 сағат диктантқа арналған. Осы материалды өтуге оқулықта үш ереже, 14 жаттығу материалы бар. Ал, екінші сыныпта бұл тақырып жинақталып бір сабақта ғана қайталанады. Екінші сынып оқулығында сөйлем жөнінде ережеберілмеген, практикалық жұмыс үш жаттығу тексі мен бір сурет бойынша жүргізіледі. Қойылған сұрақтардың жауабын оқушылар өздігінен табады.              Сонымен қайталау сабағында сөйлем, оның мағыналық түрлері, әр түрдің интонациясы мен тыныс белгілері өзара байланысты қайталанып, түрлі сөйлемді талдау, сөйлем құру дағдылары әрі бекітіліп, әрі дамытылады. Мұндай сабақтарда грамматикалық жинақ таблица, схема жасату тәсілі тиімді болады. Мысалы, «Дыбыс пен әріп» таблицасында тіліміздегі дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып түрленуі, әрқайсысының дыбыс саны мен әріп сандары қаншадан екні таблицада беріледі.

    Оқу жылы басындағы қайталауда ІІ сынып оқушылары тіл дамыту дағдысын сөйлем жөніндегі тақырыптарды, дыбыс пен әріпті буын туралы білімді қайталайды. ІІІ сыныпта и, й, я, ю, әріптері, түбір мен қосымша туралы мағлұматтар қайталанады. Диктанттар жаздырылып, оқушылардың сауаты байқалып, әр баланың кемшілігі есепке алынады.

  Егер жаңа тақырып оқушылардың не өткен жылдарда, не жақында оқыған материалдарына негіздеп түсіндіруді қажететкендей болса, онда сабақ материалды қайталаудан басталып, жаңа ұғым соған байланыстырыла, дамытыла түсіндіріледі. Мысалы, екінші сыныпта зат есім тақырыбын бастарда оқушылардың бірінші сыныпта заттың атын білдіретін сөздер жөнінде алған білімі қайталанады.

   Үшінші сыныпта сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін өтерде екінші сыныпта оқыған сөйлем мүшесі және тұрлаулы мүшелер еске алынып, содан әрі тұрлаусыз мүшелер, олардың ерекшеліктері айтылады. Ал, егер осындай қайталануға тиісті материалдарды оқушылар мүлдем ұмытқан болса, онда сол тақырыпты қайта еске түсіру үшін мұғалім әдейі сабақ арнауға мәжбүр болады. Қайткен күнде де жаңа білім өзіне тірек болатын бұрын өтілгенді санада бекітпейінше меңгерілмейді.

    Қайталау жөнінде ұлы педагог К.Д.Ушинский мынадай кеңес береді. «Қайталау – ұмытып қалғанды қайта еске түсіру үшін емес, керісінше, ұмытып қалу мүмкіндігін болдырмау үшін жасалады. Балалардың өздері де ертеректе оқыған, бірақ ұмытып қалғандарын қайталауды мейлінше жек көреді, қайта естерінде қалғандарды айтып беруді еркше ұнатады. Бала табиғатының  осы қасиетін барынша пайдаланып, естен шығып кеткенді қайтадан еске түсірейік деп әлек болмас үшін, өткенді дер кезінде үнемі қайталап отырыңыздар».

     Тақырыптық қайталау  белгілі бір тарауды өткеннен  кейін жасалады. Мысалы, екінші сыныпта  ы, і, у, и  дыбыстарын өткеннен  кейін, олардың емле жөнінен байланысын байқатып, тақырып қайталанады.

   Ал, үшінші сыныпта сөз таптарының әр түрін әрі бұрынғы өтілген материалдармен байланыстырып, әрі кеңейте жинақтап қайталаған жөн. Бұл жұмыстардың жаттығу материалдары да, көрнекі құралдары да жаңғыртылады.

   Жылдық қайталау әр сыныпта өтілген материалды жинақтау мақсатында жүргізіледі. Мұнда жыл бойында оқылған барша материалды қайталау қажетті емес, бұлай істеуге уақыт та жоқ. Сондықтан не маңыздылығына , не ауырлығына қарай, болмаса сынып шамалы меңгерді деген тақырыптар іріктелініп алынып, шолу сабақтары өткізіледі,, қорытынды жасалады.

    Қазақ тілі оқулықтарында  қайталау материалдары жаттығу  тапсырмаларын орындау жолымен  еске түсіріледі. Практикалық жұмыс  үшін материал біршама жеткілікті. Мұғалім жаттығуларды белгілі тақырыпқа қарай лайықтап пайдаланады, қосымша материалдар қолданады. Жаттығу тапсырмаларының  мазмұнына қарағанда, бірінші сыныпта дыбыс пен әріп, олардың емлесі, буын мен тасымал, заттың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздер туралы және байланыстырып сөйлеуге көңіл аударылған. Екінші сыныпта дыбыстар, сөздер, олардың қосымшалары, сөз таптарынан : зат есім, сын есім, сан есім мен етістікті, сөйлем жөніндегі тақырыптарды қайталауды ұсынады. Дыбыстарды қайталау үшін сөзде неше дыбыс бар, олардың дауысты, не дауыссыз екенін айыру тапсырмалары беріледі.

    Жаттығу тапсырмаларын жазып отырғанда, сөздің түбірін, қосымаларын айыру, тиісті сөз таптарын тану міндеттері алға қойылады. Оқушылар олардың жазылу емлесін дәлелдейді. Ал, сөйлемге байланысты жұмыстарды орындағанда, текстегі сөйлем саны, олардың хабарлы, сұраулы, лепті екені, сұрақтары мен тыныс айырады. Сөйлемнің бастауыш, баяндауыш мүшелерін тауып көшіргенде олардың астын сызады. Бірқатар жаттығу тексі мазмұндауға, суретке қарап әңгіме құруға арнап берілген.

     Бағдарлама үшінші сыныптың оқу жылы аяғында қазақ тілі материалдарының бірінші-үшінші сыныптарда өтілген негізгі тақырыптарын қайталауды ұсынады. Бұл қайталау жұмысы оқу жылы соңындағы үш апта ішінде ұйымдастырылады.

  

    Білім, білік, дағды тексеру әдісі.

     1. Мектепте білім, білік, дағды тексеру, бағалау жұмысы оқыту сапасын көтеру мақсатын көздейді. Ол – оқушылардың білім сапасымен қатар оқу еңбегінің сапасын қадағалайды. Мұғалімнен оқушы білімнің олқылығын дер кезінде анықтап, дұрыс бағыт беріп отыруы талап етіледі. Барлық оқу-тәрбие жұмысының табысты болуы білім тексеру және бағалау ісінің шебер ұйымдастырылып, жолға қойылуына байланысты. Сондықтан білім бағалау жұмысы өте мұқияттылықпен жүргізіледі.

   Білім тексеру, бағалау жұмыстары оқушылардың оқу еңбегін бақылау жасауды, оларды үйрету мен тәрбиелеуді қамтиды. Бұлардың ішінде бақылау негізгі роль алады, ал үйрету, тәрбиелеу қызметтері онымен бірге жүргізіледі. Сонымен қатар мұғалім өзі қолданып жүрген әдіс-тәсілдерінің қаншалықты тиімді екенін анықтайды.

  Үйретуші қызмет білім тексеру жұмысын сынып үшін тиімді етіп ұйымдастыруды көздейді. Мәселен, оқушылардың жауапты зейін қоя тыңдауы, өзінің де сұрақ қоюы, сұраққа жауап қайтаруы, оқу материалын өздігінен қайталауы, сұраққа жауап беруге дайын болуы немесе мұғалімнің түсіндіруі арқылы оқушының өз біліміндегі олқылықтың орнын толтыруға талпынуы – міне, осының бәрі белгілі нәтижеге жеткізеді.

   Тәрбие жұмысы оқушыларды жүйелі жұмыс істеуге, тәртіптілікке, ерік-жігерін жұмсау әрекетіне жаттықтырады. Оқушы оқу жұмысына, ой еңбегіне жауапкершілікпен қарайтын болады.

   2. Оқушылардың білімі, білігі  мен дағдысы сабақтың барлық  кезеңдерінде жүйелі түрде тексеріліп  отырады. Мұғалім бақылау әдісі  арқылы оқушылардың білімді қаншалықты меңгеріп жүргенін анықтайды. Ал, белгілі бір тақырыпты, не тарауды жинақтау , болмаса тоқсандық, жылдық материалды қорытындылау үшін кезеңді тексеру сабағы өткізіледі. Білім не ауызша, не жазбаша тексеріледі.

   Жеке сұрақ бір оқушыға арнайы беріліп, белгілі  бір материал бойынша кеңінен жауап беру талап етіледі. Бұл сұрақтың тұтқиылдан қойылуы әр оқушыны әрқашанда жауап беру үшін дайын отыруға мәжбүр етеді. Ал, сұрақты кімге беруді мұғалім күні бұрын белгілейді. Бұл әдісті қолданғанда, оқушының білімі толық анықталып, дәл бағаланады, бірақ уақыт көп жұмсалады.

  Ортақ сұрақ бірнеше оқушыдан қысқа, бірақ дәл жауап алу үшін қойылады. Бұл әдісті қолданғанда, сабақта көп оқушы сұраққа жауап беріп үлгереді, оқушылардың белсенділігі көтеріледі, тиісті материалды жинақтап, келесі тақырыпқа көшуге қолайлы жағдай туады. Мұғалім әр оқушының сабақ үстінде берген жауаптарының сапасына қарай баға қояды.

    Бір мезгілде бірнеше оқушының сұраққа жауап беруге қамтылуын ұйымдастыруға да болады. Мәселен, бір оқушы сұраққа ауызша жауап қайтарып, екі оқушы тақтада жұмыс орындап, бес-алты оқушы карточкамен жұмыс істеп, басқа оқушылар белгілі бір тапсырманы орындауы мүмкін.  Бұл әдіс қазір жиі қолданылады. Оның тоқсандық қорытынды баға шығару үшін тиімділігі мол.     Алайда мұндай әдістің үйретушілік сипаты кем. Себебі жеке жауап беретін оқушысыныптағы жалпы жұмыстан аулақ қалады. Ал, сынып болса, өз тапсырмасын орындау ісімен шұғылданып отырғанда, жеке сөйлеген оқушының жауабына не тақтада орындалған жұмыс бабына көңіл бөле алмайды. Сондықтан белгілі бір тақырыптың мазмұнын жүйеге келтіріп жинақтау үшін, әр түрлі тапсырмалардың мөлшері, орындалу мерзімі, олардың бір-біріне байланыстылығы әбден ойластырылуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын кезең бойынша қалыптастыру әдістері

 

    Сабақта оқу икемділіктерін  қалыптастыру процесінің ішкі  мазмұнын қалай ашуға болады? Алдымен осы сұраққа жауап  ойластырмайынша, сабақ жоспарларын талдап көрейік. Сабақты талдау - өте күрделі процесс. Мұғалім сабақ барысында оқушыларды «тиімді оқуға үйрете алды ма» деген тұрғыдан талдасаймыз. Мысалы, ІІ сынып мұғалімі сабақтың бірінші кезеңінде байланыстырып сөйлеу мен жазудың, өзара бақылау іскерлігінің жай және шапшаң түрлеріне жаттықтырады. Практикада осындай жеке мақсат қалай жүзеге асырылды? Дұрыс жазу минуттары, мақал-мәтелдердің мағыналық мәнін түсіну туралы ауызша баяндау, сондай-ақ соңғы буында, сөз соңында дауысты дыбыстарды жаза білу икемділіктерін бекіту үшін сөздік жұмысын жүргізу кезінде мұғалім машықтандырудың бірізділік принципін пайдаланды. Алдымен, ол жалпы оқу икемділіктерін орындаудың тиімді әдістерін түсіндіріп, сол әдістерді орындау «үлгісін» көрсетті. Жаттығулар өткізіп, оның барысына бақылау жасады. Мұғалім сабақ үстінде оқушыларды басқа икемділіктерге, атап айтқанда, информациялық және интеллектуалдық икемділіктерге (қорытынды жасай  білу, талдау, салыстыру, оқулық пен жұмыс) де жаттықтырды.

    Бірнеше сабаққа талдау  жасау арқылы жалпы оқу шеберліктері  мен дағдылары қалыптасуының  негізгі кезеңдерін анықтап, оларды бір жүйеге келтіріп назар аудардық.

    Жалпы оқу икемділіктері  мен машықтарының қалыптасу барысының  негізгі кезеңдері мыналар:

    1. Оқушыларды қалыптастырылатын  икемділіктер мен машықтардың  мазмұны және маңызымен таныстыру. Олардың бұл икемділіктерді меңгеру ықыласын туғызу.

   2. Негізгі жалпы оқу икемділіктері  мен машықтары жөніндегі ереже  заңдылықтарды түсіндіру.

   3. Жалпы оқу икемділіктерінің  орындалу тәртібі «үлгісін» көрсету, оны машыққа айналдыру.

   4. Оқу икемділіктері мен машықтарын меңгеру үшін жеңіл жатығулар орындату.

   5. Меңгерілген икемділіктерді  іс жүзінде қолдану мақсатында  жеке және топталған жаттығуларды  белгілі бір жүйемен орындату.

   6. Машық пен икемділікті  қалыптастыруға бақылау жасау  және байқалған кемшіліктерді жою.

 

   Бірінші кезең – оқушыларды қалыптасатын икемділік пен машықтың мәні және мазмұнымен  таныстыру.

   Бастауыш сыныпта оқушылардың  әлеуметтік, моральдық соның ішінде, танымдық ықыласы қалыптасатыны  белгілі. Осы кезде баланың көптеген психологиялық қасиеттерінің негізі салынады.

   Соған байланысты мұғалім алдында оқушылардың икемділіктері мен машықтарын қалыптастыратын әрекеттерді байқай алатындай жұмыстың айқын да қолайлы түрлерін табу міндеті тұрады. Тәжірибелі мұғалім үшін бұл міндеттерді жүзеге асыру қиынға түспейді.

    Оқудағы әрбір міндет  балаларды қызықтыруы тиіс. Икемділік  мазмұнын түсіндіруге оқушылардың  өзін қатыстыруға болады. Мысалы, ІІ, ІІІ сынып оқушыларынан «Әңгіме  жоспары деген не?» екенін сұрағанда  мұғалім бірінші сыныпта әңгімеге жоспар құруға бағытталған істерінен есте қалғандарын жаңғыртуға тырысады. Оқушылар тексті бөліктерге бөліп, ат қойғандарын, содан соң мұғалімнің қойған сұрағына қарай жоспар жасағандарын, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрғандарын еске түсіреді.

     Мұғалім ІІ, ІІІ сынып  оқушыларын текст мазмұнын жоспар  арқылы әңгімелеудің мәнін түсіндіруге  осылайша жетелейді.

     Екінші кезең – тұтас іс-әрекетті құрамды бөліктерге бөлу. Әңгіме оқушылардың тәуліктік күн тәртібін сақтау икемділігі жайлы болса, онда мұны ұзақтығы және мазмұны, психологиялық сапа-қасиеті жағынан түрліше: ұйқы, жеке бас гигиенасы, тамақтану, ауада серуендеу, экскурсия, ойындар т.б. сияқты атқрылған сан қырлы икемділіктің жиынтығы деп қарау керек.

  Күн тәртібінің әрбір сәті бір іс-әрекеттен екінші іс-әрекетке ауыса білу, уақытты тиімді пайдалану және соған оқушының бейімделуі, іс-әрекеттің бір ізділігін, жүйелілігін сақтау сияқты икемділіктерді талап етеді.

Информация о работе Қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми-зерттеу әдістері