Қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми-зерттеу әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2015 в 09:27, курсовая работа

Описание работы

Бастауыш сынып оқушыларын қажетті білім негіздерімен қаруландырып, оқу материалдарының мазмұнын бүгінгі күннің талабына сай меңгерту үшін оқудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап алып, ұтымды қолдану талап етіледі.
Оқушыларға білім беру барысында мұғалімнің тікелей басшылығымен жүзеге асырылады. Мұғалім оқу материалын сөзбен түсіндіреді. Ал мұғалім сөзі сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы толықтырылып отырылады.

Файлы: 1 файл

Дип.-Мектептегі-оқыту-процесін-жақсартуға-ықпал-ету.doc

— 270.00 Кб (Скачать файл)

   Шығармашылық норма әдісі. Оқушылардың жекелей және ұжымдық қызметтің нормасын дайындауы әдіснамалық әдістерді – қызмет рефлексиясын, оның элементтерін анықтау, қызметтің субъектісін және олардың қызметтік құқығын орнату, ұйымдастырылған және тақырыптық ауқымын беру, ережелер мен заңдарды тұжырымдау – қолдануды талап ететін эвристикалық процесс.

   Шығармашылық нормасы процесіндегі әдістемелік, педагогикалық, рефлексиялық қабілеттерді дамытатын тапсырмалардың мысалдары. Нұсқаулар құру: «Сөзді қалай айту керек», «Сөзді қалай оқу керек», «Міндеттерді қалай шешу керек», «Құбылыстарды қалай бақылау керек», «Әуенді қалай тыңдау керек» және басқалар.

   Оқытуды өзінше ұйымдастыру әдістері: оқулықпен, құралдармен, нақты объектілермен жұмыс істеу; міндеттерді шешу, жаттығуларды орындау; үлгілер, шығармашылық зерттеулер дайындау және басқалар. Оқушылардың жекелей білім алу бағдарламасын – бағдарламаларды дайындау әдістері, оларды басқа бағдарламалармен (мұғалімнің,оқушының) үйлестіру, бағдарламаларды, нәтижелерді бағалау әдістерін іріктеу – атқарудағы өзінше ұйымдастыру әдістерінің маңызы бар.

    Өзара оқыту әдістері. Оқушылар топтарда немесе ұжымдық сабақтарда бүкіл сынып болып өздеріне мүмкін педагогикалық әдістерді қолдана отырып, мұғалімнің қызметін атқарады.

   Сынау әдісі. Жолдасының білім алу жетістігіне, оның ауызша жауабына , оқулық материалына, көрсетілген бейнефильмге сын көзбен қарай білу, олардың мазмұнын талдау, басты сәттерін бөліп көрсету – оқушының өз бетінше анықтауының қажетті шарты болып саналады. Оқытуға сынау әдісін енгізуге дайындық жұмыстары алдын-ала дайындықты қажет етеді. Алғашқы сынауларды арнайы тірек схемасының көмегімен жасайды. Оқушылардың бағалары мен пайымдаулары марапатталады. Сынауға оң көзқарастар қалыптастырылады.

   Сынауларды құру үшін төмендегі схемалар пайдаланылады.

    Ауызша сөз  сөйлеуді сынау схемасы:

  • Сөз сөйлеуде не ұнады, не туралы ұтымды айтылды?
  • Сөз сөйлеу, мазмұндаудың жалпы құрылымы мен логикасы қалай құрылған?
  • Тақырып толығынан ашылды ма, келтірілген мысалдар жеткілікті ме?
  • Байқалған ауытқушылықтар, қателер, қарама-қайшылықтар. Шығып сөйлеушіге қарсылық білдіру.
  • Шығып сөйлеуді толықтыру. Шығып сөйлеушіге ескертпе жасаужәне ризашылық білдіру.
  • Шығып сөйлеудің жалпы бағасы.

Оқулықтың, кітаптың немесе мақаланың мәтінін сынау схемасы:

  • Оқылған мәтін неге арналған?Мәтінде не қызықтырды және неге?
  • Ондағы бастысы не?Мазмұндаудың негізгі бағыттары қандай?
  • Мәтінде қандай жаңа ақпараттар немесе әдеттегіден тыс ұстанымдар байқалды?
  • Мәтіннің мазмұны түсінікті ашылды ма?Оның қай жерлері қиындау?
  • Оқу барысында қандай сұрақтар туындады?Қосымша нені білгісі келеді?
  • Оқығаннан қандай қорытынды шығарылды?

Бейне немесе кинофильмдерді сынау схемасы:

  • Фильм неге арналған, оның авторлары нені көрсеткісі келеді?
  • Фильмде қандай құбылыстар, ұғымдар, қондырғылар және басқа объектілер қарастырылған?
  • Фильмде қандай материал негізгі болып табылады? Ол қалай бөліп көрсетілген?
  • Фильмде не қызығырақ және ұтымдырақ көрсетілген?
  • Қандай сәттер жеткілікті толық және анық ашылмаған?
  • Фильм оқылатын тақырыппен қалай байланысқан?
  • Фильм бойынша қорытынды жасау.

Шешілген міндеттерді сынау схемасы:

  • Міндеттерді қандай объектілер мен процестер туралы сөз болды?
  • Оны шешудің қажеттігі қандай?
  • Міндеттер қандай тәсілмен шешілген? Оны шешудің басқа да жолдары бар ма?
  • Міндеттерді шешуде қандай құбылыстар, ұғымдар, заңдар, тұжырымдар пайдаланылды?
  • Міндетті практикалық қолданудың мәні қандай? Шешілген міндеттің қорытындысы қандай?

    Оқушылардың сыны шығармашылық қызметтің басқа да табыстарымен бірдей бағаланады. Оқушылардың сынын талдау оқушылармен кері байланыс орнатуға, олардың білімдерін сараптауға, одан әрі оқытуды іріктеуге мүмкіндік береді.

    Бақылау әдістері. Тұлғалық бағытталған оқыту білім беру қызметін бағалаудың негізін өзгертеді. Дәстүрлі оқытуда оқушының білім алу жетістігі оның бекітілген үлгіге жақындау дәрежесімен бағаланады, яғни оқушы берілген мазмұнды неғұрлым дәл және толық қайталаса, білім беру қызметінің бағасы соғұрлым жоғары болады. Тұлғалық – бағытталған оқытуда оқушының білім алу жетістігі берілгеннен ауытқушылық дәрежесімен бағаланады, яғни оқушы ғылыми және мәдени маңызды ауытқушылықтарға берілгеннен неғұрлым көп қол жеткізсе, оның білім алу жетістігінің бағасы жоғары болады.

    Рефлексия әдістері. Оқытудың білім беру нәтижесі – тек оушының мойындағандары ғана. Егер оқушы не істегенін және неге оқығанын, өз қызмет тәсілдерін, туындаған проблемаларды, оларды шешу жолдарын және қол жеткен нәтижелерді ойлы тұжырымдай алмаса, онда оның білім алу нәтижесі одан әрі білім алу мақсатында пайдалануға мүмкін емес, тұйық, беймәлім күйде қалады.

   Оқушылардың өз қызметін мойындауын ұйымдастырудың екі түрі болады:

   1). Оқу процесі барысында іске асырылатын ағымдағы рефлексия;

   2). Қызметтің тұйық кезеңін  логикалық немесе тақырыптық  тамамдайтын қорытынды рефлексия.

   Ағымдағы рефлексия оқушылардың  ойлау қызметін ұйымдастыруды  ұсынады: пәндік қызмет циклін  орындағаннан кейін (математикалық, тарихи, тілдік т.б.)    а) Пәндік қызметтің тоқтауы; б) рефлексивтік қызметтің белсенділігінің артуы болады, яғни балалардың назарын атқарылған пәндік қызметтің басты элементтеріне, оның бағыттарына, түрлеріне, кезеңдеріне, проблемаларына, қарама-қайшылыққа, нәтижелеріне, пайдаланылған қызмет тәсілдеріне аудару.

    Рефлексивтік қызмет  пәндік қызметі құрылымдандырады. Рефлексивті әдістің мақсаты  – атқарылған пәндік қызметтің  әдістемелік нұсқасын анықтау  және соның негізінде пндік  қызметті жалғастыру. Рефлексивті әдісті қолданудың нәтижесі құрастырылған ұғымдар, тұжырымдалған қарама-қайшылықтар, ашылған функционалдық байланыстар мен заңдылықтар, оқылатын пән бойынша теориялық құрылым болып табылады. Рефлексивті қызмет оқу процесінің әдістемелік тасымалдаушысы қызметін атқара отырып, пәндік қызметпен тығыз араласады.

    Қорытынды рефлексия  ағымдағыдан рефлексияланатын кезеңінің  ұлғаюымен, сондай-ақ мұғалімнің  нақтылық және талапкерлік деңгейінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Қорытынды Рефлексияның формалары, әдістері және мазмұны мұғалімнің білім беру бағдарламасына енеді. Сабақтың, күннің, аптаның, тоқсанның, оқу жылының аяғында оқушыларға арнайы сабақтар ұсынылады. Онда олар төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, өз қызметтерінің рефлексиясын атқарады:

Оқу жылы бойында атқарған көлемді істерім қандай? Жыл бойы қалай өзгердім? Менің үлкен жетістігім не? Оған қалай және қайтіп қол жеткіздім? Менің кездестірген ең үлкен қиыншылығым? Мен оны қалай жеңдім немесе жеңемін? Бұрын менің қолымнан не келмеді, ал қазір келеді. Менің білімдегі өзгерістерім қандай? Өзімнің білмейтіндігім туралы не түсіндім? Мен математикадан, сөйлеуден нені үйрендім?Қызметтің қандай жаңа түрлері мен тәсілдерін пайдаландым және игердім? Осы оқу жылындағы менің білім алуымның негізгі кезеңдері қандай, олардың ерекшеліктері неде?

    Өзінше бағалау  әдістері. Оқушының өзінше бағалауы қорытынды лекциядан өрістейді және білім беру циклін аяқтайды. Өзінше бағалау сандақ және сапалық сипатта болады: сапалық көсеткіштер оқушының білім алу бағдарламасы негізінде тұжырымдалады немесе мұғалім белгілейді; сандық көрсеткіштері – оқушының мақсатқа жетуінің дәрежесін білдіреді. Оқушының қызметінің сандық және сапалық бағалауы – оның мәдени-тарихи аналогтарымен салыстырылатын, мұғалімнің, сыныптастарының, тәуелсіз сарапшылардың бағасы түріндегі білім алудағы жетістігі.

   Оқытудың дәстүрлік практикасында  мұғалім сабақтың көп бөлігінде  түсіндіреді, көрсетеді, сұрайды, үлгі  бойынша тапсырмалар береді және  оқушының белсенді танымдық қызметіне  өте аз уақыт бөледі. Проблемалық, зерттеулік және практикалық әдістер жеткіліксіз пайдаланылады. Осының салдарынан оқушылардың өз бетінше пайымдау олардың стереотиптік шешімдері қолдауы танымдық объектілермен және оқулықпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдері таңдау нашар дамиды.

   Оқытудың әдістерін таңдау  көптеген факторлармен – білім  берудің маңызды мақсаттарымен, оқу курсының ерекшеліктерімен, сабақтың мақсатымен, оқушылардың  мүмкіндігімен, олар пайдаланатын  дидактикалық жүйенің ерекшеліктерімен  анықталады.

   Тұлғалық бағытталған оқытуда оқыту әдісін таңдауының басты факторы оқушының табысты қызметін ұйымдастыру болып табылады. Әр уақытта оқытудың формасын, әдістерін таңдай отырып, оқушы сабақта білім алуда қандай табысқа жетеді деген сұрақ қою керек. Бұл табыс оқылатын тақырыпқа қатысты, оқушының шамасына орай қызықты, олардың жекелей мүмкіндіктері қызығушылықтарына сай болуы керек.

   Оқытудың әдістері мен құралдарын таңдауға оқу курсының және нақты материалдың ерекшеліктері әсер етеді. Гуманитарлық бағыттағы пәндер арнайы құруды қажет етпейтін әр алуан проблемаларды жинақтайды. Анық логикалық байланыстарға және пастулаттарға ие пәндердің (математика, тілдер) проблемалар қоюға мүмкіндіктері аз болады, соған қарамастан оқытудың логикалық әдісін қолдануға мүмкіндік береді. Табиғи циклдағы пәндерде проблемалар қоюға практикалық және зертханалық жұмыстар көмектеседі.

   Әдістерді таңдау оқу  материалы элементтерінің байланыс  сипатына да қатысты болады. Егер  жаңалары алдыңғыларымен жанама  байланысса және талқылау арқылы  шығарылған жағдайда проблемалық және зерттеулік әдістерді қолданған дұрыс. Қажет жағдайда оқушылардың білім алу проблемасын шешетін жағдайды қамтамасыз ету керек, мұғалім тек қана қажетті ақпаратты оқушылардың оны іздестіруіне артық уақыт шығындамай хабарлау мүмкін. Яғни репродуктивті әдістер маңызды білім беру мақсаттары мен объектілері болмаған, оқушылардың олардың негізгі жұмыстарына қажетті қызмет ақпаратын немесе технологиясын жеткізу қажеттігі болған жағдайда ғана жарамды болып табылады.

     Сондай-ақ уақыт факторының да маңызы зор. Проблемалық немесе эвристикалық оқытуды ұйымдастыру көп уақытты керек етеді, балаларды табысты қызметке үйретеді.

    Әдістерді таңдауда ізденістік  әдістер пайымдауды дамытуды  тиімді болғандықтан, барлық сабақтар  тек проблемалық болуы керек деген көзқараспен қарауға болмайды. Әрбір сабақ проблемалық болуы мүмкін емес, бірақ әрбір сабақ оқушының тұлғалық білім алу деңгейінің өсуін қамтамасыз етуі керек.

    Пайымдауды қалыптастыру  – оқытудың маңызды, бірақ жеке  дара міндеті емес, сондықтан да эмоционалдық, адамгершілік, рухани дүниесін дамытатын әдістер қажет.

    Мұғалімнің оқытудың  әдістері мен формаларын таңдаудағы  субъективизмі өте орынды.

   Көптеген педагогтардың оқытудың ұнамды жүйелерін қолдану арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізетіні белгілі. Бұл жағдайда қайсыбір әдістеменің кемшіліктері мұғалімнің қызығушылық шеберлігімен толықтырылады.

 


 



Информация о работе Қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми-зерттеу әдістері