Қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми-зерттеу әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2015 в 09:27, курсовая работа

Описание работы

Бастауыш сынып оқушыларын қажетті білім негіздерімен қаруландырып, оқу материалдарының мазмұнын бүгінгі күннің талабына сай меңгерту үшін оқудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап алып, ұтымды қолдану талап етіледі.
Оқушыларға білім беру барысында мұғалімнің тікелей басшылығымен жүзеге асырылады. Мұғалім оқу материалын сөзбен түсіндіреді. Ал мұғалім сөзі сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы толықтырылып отырылады.

Файлы: 1 файл

Дип.-Мектептегі-оқыту-процесін-жақсартуға-ықпал-ету.doc

— 270.00 Кб (Скачать файл)

   Оқушылардың икемділіктері  мен машықтарын бақылау үшін  оған арнайы уақыт бөлу керек. Ол үшін сұрауға кететін уақытты  ұзарту керек пе? Жоқ, олай емес, өйткені жаңа материалды түсіндіріп, бекітуге уақыт аз қалатыны  тәжірибе барысында анықталды. Сондықтан осы жұмысты сыныптан тыс уақытта ұзартылған күн топтарында өткізген тиімді.

   ІІІ, ІV сынып оқушыларында оқу икемділіктері мен машықтарының қалыптасу деңгейлерін төмендегі кестеден көруге болады.

 

 

Оқушының аты-жөні

Таблицамен жұмыс істеу

Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру

Сурет бойынша әңгіме құрастыру

Нормаға сай оқу

Нормаға сай жазу

Бұқарбаев У.

о

ж

ж

н/с

н/с

Нұрлыбаев А.

о

о

н

н/с

н/ж

Отанов Е.

ж

ж

ж

н/с

н/с

Өмірбек Ш.

ж

н

н

н/с

н/с



ІІІ, ІV сынып оқушыларында оқу икемділіктері мен машықтарының қалыптасу кестесі.

   

    Кестедегі  шартты белгілер: ж – икемділіктер мен машықтар жүйелі түрде байқалады; о – икемділіктер мен машықтар орташа түрде байқалады; н – икемділіктер мен машықтар нашар түрде байқалады; н/ж – икемділіктер мен машықтар нормадан жоғары түрде байқалады; н/с – икемділіктер мен машықтар нормаға сай түрде байқалады; н/т – икемділіктер мен машықтар нормадан төмен түрде байқалады.

   Бұл әдіс мұғалімге оқушылардың белгілі бір топтағы оқу икемділіктері  мен машықтарының қандай деңгейде екендігінен мәлімет береді және машықты әрі қарай қалай дамытуды ойластыруына мүмкіндік туғызады.

  Сонымен, жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын қалыптастыру және оны тексеру үшін қолданылған әдістер мен тәсілдер өз нәтижесін берді. Қазіргі дидактика және жеке пән методикасы жөніндегі ғылыми еңбектерде бұл жұмысты, ең алдымен, логикалық икемділіктен бастау керектігі айтылған. Бірақ бұл шаралар оқу-ұйымдастырушылық, оқу-информациялық және оқу-коммуникативтік топтарға жататын икемділіктер мен машықтардың қалыптасуын тексеруді жоққа шығармайды, өйткені олар шартты түрде жеке-жеке аталғанымен, бір-бірімен тығыз байланыста болады.

  Өзін-өзі және өзара тексеру, бақылау икемділіктері мен машықтарын қалыптастыру үшін практикада қолданылған жұмыс формалары мыналар: жолдасының ауызша жауабына талдау жасату, орындалған жұмысты тексерту. Ал, оқушының берген түсініктемесі, талдауы, көзқарасы жүйелі, бірізді болуы үшін мына ескертпелерді, талдау жоспарын пайдалану ұсынылады. Мысалға жолдасының берген жауабына талдау жасау жоспарын келтірейік.

  1. Берілген жауап мұғалім қойған сұраққа сай ма?

  2. Қойылған сұраққа жүйелі  жауап берілді ме?

  3. Жауап мысалдар және деректер  арқылы дәлелденді ме?

  4. Жауап бергенде қателік  жіберілді ме, жіберілсе, олар қандай қателіктер еді?

  Оқушылар өзара тексеруге жаттықтыру, жоғарыда мысалға келтірілген жоспарларды пайдалана отырып тексеру, талдау оқушылардың танымын дамыту процесіндегі өзара қарым-қатынасына оңтайлы психологиялық өзгерістер енгізеді. Оқушы өзінің жауабын жолдасы тексеретінін біліп, өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, қателеспеуге тырысады.

   

    Үй тапсырмасын тексеру үшін мынадай жаднама пайдаланылады:

    1. Үй тапсырмасын кім  орындамаған – қазақ тілінен (ІІІ, ІV сыныптар)?

    2. Үй тапсырмасы не себепті орындалмаған?

    3. Үй тапсырмасын орындауда  оқушы қандай қиыншылыққа кездескен?

    4. Жолдасына қандай көмегі  болды?

 

    Жұмыс қорытындысын осылайша өзара тексерумен қатар, бір партада отырған оқушылардың бір-бірінің жұмысын тексеруі  практикада кеңінен қолдау тапты. Ол үшін мұғалім алдын ала оқушыларды қабілетіне, өзара үйлесушілігіне қарай отырғызады. Бұлай топтағы негізгі мақсат оқушылар дүниетанымдық қатынаста бір-бірін толықтырылып, өзара көмек көрсетулеріне жету. Алайда дүниетанымдық процесті қалыптастырудан туындайтын қиыншылықты өзара көмектесу арқылы жеңу істелген жұмысты өзара тексеруді қажет етеді, демек, мұғалімге тапсырма бұрын, жазылған диктантты тексеріп, кеткен қателерді түзету т.б. Осылайша өзара тексеру нәтижесінде оқушының ойлау қабілеті, оқуға деген ынтасы артады.

   Оқушылардың жаңа сабақты түсіндіре салысымен «жақсы ұғындым, бәрін білемін» деген пікірі кейде жаңсақ болуы мүмкін, мұндай қолайсыз жағдайды болдырмау үшін оқушыларды өз жұмысын бағалау икемділігіне үйрету керек.

    Тәжірибе барысында мұғалімдердің жүргізген тұрақты  жаттығу жұмыстарының нәтижесінде ғана бұл міндетті жүзеге асыруға болатынын байқадық. Төменде тәжірибе жасалған сынып мұғалімдерінің пайдаланған кейбір тәсілдерін баяндап отырмыз.

   Қазақ тілі (ІІ сынып). Ойын: «Кім көп сөз біледі?»

   1. Сөздің соңында «і»  дауысты дыбысы жазылатын 5 сөз  және соңғы буыны «і» дауысты  дыбыстан басталатын 5 сөз ойла.

   2. Ол сөздерді дәптеріңе  жаз.

   3. Орындалған жұмысқа баға  қой, тексеруге парталас жолдасыңа бер.

   4. Бірлесе отырып қойған  бағаны тақтадағымен салыстыр.

«5» бағасы – барлық 10 сөз дұрыс табылған және жазылған болса; «4» - сөз оннан кем болса және жазылғанда қатесі болса; «3» - азғана сөз (4-5) табылса, жазғанда қате көбірек жіберілсе; «2» бағасы – табылған сөз төрттен аспаса, жазғанда қателер жіберілсе қойылады.

   Қорытынды шығаруға оқушылардың  бәрі қатысады. Мұғалім өз дәптеріне  нәтижені өзін-өзі бағалаудың  мына сияқты топтарына бөлініп жазады (оқушыларға жарияламайды).

   1-топ – жұмысын жоғары бағалаған оқушылар.

   2-топ – жұмысын дұрыс  бағалаған оқушылар.

   3-топ – жұмысын төмен  бағалаған оқушылар.

   Сонымен, оқу процесі кезінде  баға беру іскерлігіне жаттығу  арқылы және сынып ұжымының  бағалауы нәтижесінде оқушылар  өзін-өзі бағалау икемділігіне үйрене бастайды.

    Тәжірибе барысында өзін-өзі  бақылау икемділігін қалыптастыру  үшін төмендегідей бір топ  машықтарды жүзеге асыру керектігін  байқадық:

-    Жұмысты үлгімен салыстыра білу. Мұнда жазу үлгісін, оқушылардың таза, көркем, сауатты жазылған дәптерлерін, бұрын жазылған шығарма, мазмұндама үлгілерін пайдалануға болады;

  • Өз жұмысын тексеруді мүмкіндігіне қарай жұмыс барысында-ақ бастауға үйренуі тиіс;
  • Оқулықтағы ереже, сурет, сұрақтар, мысалдарды пайдалана білу керек. Сондай-ақ оқулық бетіндегі шартты белгілерді айыра білу де оқушының өз жұмысын тексеруіне көмектеседі;
  • Көп мағыналы сөздерді қолданғанда сөз емлесінен қате жібермеу үшін түрлі сөздіктерді пайдалана білген жөн;
  • Өрнек, кесте, ережелерді дұрыс ажырата білу керек;
  • Талдау жоспарын жасап, оны тапсырманы орындау кезінде пайдалану,, есте сақтау, тез оқу сияқты әдістерді меңгеру.

  Сынып жоғарылаған сайын өзін-өзі тексеру тәсілдері өзгеріп отырады. Мәселен, І-ІІІ сыныптарда дауыстап оқу және іштей мазмұндау бірден жаттаудың, өзін-өзі тексерудің тәсілі болады.

   ІІІ сыныпта оқушының өзін-өзі тексеру икемділігін бекіту үшін «Мен күн режимін қалай орындаймын», «Мен сабаққа қалай даярланамын», «Кезекшілік міндетті қалай атқарамын», «Мен сыныпта сабақты қалай тыңдаймын» тақырыптарында әңгіме өткізіледі. Жұмыстың осындай түрлері үлгілі оқушыларды өзінің оқу қызметін одан әрі жақсартуға жұмылдырып жетелесе, нашар оқитын оқушылардың жолдастары алдындағы жауапкершілігін сезінуіне көмектеседі. Сөйтіп, біз жалпы икемділіктері мен машықтарының қалыптасу процесінің барлық жеті кезеңін бақылау және тәжірибе жасалған сыныптарда кездескен, байқаған мысалдармен дәлелдей, тұжырымдай отырып көрсетуге тырыстық.

    Оқушыларда жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын қалыптастыру кезеңіне талдау жасағанда мынадай қорытындыға келдік:

   1. Белгілі бір икемділікті  толық, кезең бойынша қалыптастыру  – тек икемділікке жаңадан  үйрете бастағанда қажетті жағдай.

   2. Икемділіктер мен машықтарды  тұрақты қалыптастыру процесі  ұзақ уақытты қажет етеді. Есте болатын жайт, жаттығуларды жиілетіп, күрделендіріп беруден гөрі тұрақты, белгілі бір жүйемен орындатқан тиімді.

   3. Тәжірибе көрсеткеніндей, мұғалім жалпы оқу икемділіктері  мен машықтарын қалыптастыру  ретін жақсы меңгерсе және  бұл жұмысты белгілі жүйемен, кезеңге бөле отырып жетілдірілсе, жұмыс нәтижелі болмақ.

   Жалпы оқу икемділіктері  мен машықтарын қалыптастыру  кезеңін толық әңгіме еттік. Өйткені  осы процесс арқылы ғана оқушының  оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру  жөнінде мектеп реформасы алға  қойып отырған міндеттерді шешуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Өнімді оқыту әдістері

 

    Өнімді оқыту – объективті және субъективті білімдік өнімді жасаудың нәтижесі болатын, білімдік қызмет кезінде болып жатқан адамның жеке өзін-өзі ұйымдастыруының нәтижесі және процесі. Оқушының сыртқы өнімдері, оның сапалы ішкі жетілдіруі және өзіндік жүзеге асыруын бір уақытты қамтамасыз етіп және анықтай отырып, оның жағдайының шегінде болмыстың әлеуметтік және мәдени түрлерін құрады.

     Өнімді тұлғалы бағытталған  білімді қамтмасыз ету көзқарасында А.В.Хуторской өнімді оқытудың бір топ әдістерін қарастырады. Білімнің өнімді бағытына негізделген оқыту, білімдік қызметтің мынадай түрлеріне сүйенеді және оқушыларға мүмкіндік береді:

    1. Қоршаған ортаны тануға;

    2. Білімдік өнімді онымен  бірге құруға;

    3. Білімдік процесті  ұйымдастыруға.

    Қызметтің бұл түрлерін когнитивке, креативке және ұйымдастырушылық қызметке сай деп атайды.

    Оқытудың когнитивті әдістері немесе оқу танымының әдістері, ғылыми әдістеріне, метапәндік және оқу пәндік әдістеріне бөлінеді. Ғылыми әдістері – бұл физикадағы, математикадағы, географиядағы және басқа ғылымдағы зерттеу әдістері. Бұларға салыстыру, ұқсастық, жинақтау, топтастыру және басқа әдістер жатады.

  Оқу пәнінің әдістері, бір жағынан ғылыми теориясынан алынған, екінші жағынан нақты білімдік салаларды және заттарды тікелей меңгеруге жатады. Бұл негізгі білімдік объектілердің зерттеулік әдістері, мәдени-тарихи ұқсастықпен оқушылардың білімдік өнімінің салыстыру әдістері, негізгі мәселелер мен оқу курстарының тақырыбын зерттеуінің дәстүрлі әдістері.

   Оқытудың когнитивті әдістерінің ерекше түрі – білімнің метамазмұнына сәйкес метатәсілдер болып саналатын метапәнділер.

  Танымдық әдістердің ерекшелігі – оны қолдану білімдік өнімді құруға, яғни креативті нәтижеге әкеледі. Сондықтан танымдық әдістер, сондай-ақ креативті болып саналады. Бірақ берілген әдістерді қолданудың бастапқы мақсаты объектіні тану болып табылады, сондықтан оның негізгі ерекшелігі креативті процестермен емес, когнитивтімен байланысқан.

   А.В.Хуторской келесі әдістерді  бөледі:

   1. Эмпатия әдістері басқа объектінің жағдайында адамның «сезінуін» көрсетеді. Эмпатия әдісін табысты қолданудың шарты оқушылардың белгілі бір жағдайы, мұғалімнің құрған көңіл-күйі. Бастапқыда бұл қандай да бір қуанышпен балалар көңіл бөлетін ойын түрінде болуы мүмкін. Сонан соң білімдік нәтижелер алынғаннан және түсіндірілгеннен кейін, оқушылар берілген әдіске күрделі қарамай, оны шын оқу әдісінің деңгейіне алады.

   Ағаштың, тастың, мысықтың, бұлттың, майшамның және басқа да білімдік  объектілердің мәнісіне төселуге мынандай сөздік жазуларды қолдануға көмектесед: «сіздің алдыңызда тұрған гүлді өзіңіз деп есептеңіз, сіздің басыңыз – гүл, денеңіз – сабақ, қолыңыз – жапырақ, аяғыңыз – тамырлар...» дегенді ойлап көріңіз. Оқушы жақсы «төселу» кезінде объектіге - өзіне сұрақтар қояды, сезімдік деңгейде қабылдауға, түсінуге, жауабын көруге ұмтылады. Мұнда туылған ойлар, сезімдер, сезінуі оқушының білімдік өнімі болады, содан кейін олармен ауызша, жазбаша, белгімен, двигательді, музыкалы немесе суреттемелі түрде көрінуі мүмкін. Берілген жағдайда объектіні бақылау өзін-өзі бақылауына ауысады.

Информация о работе Қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми-зерттеу әдістері