Бала бақша дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2013 в 22:24, курсовая работа

Описание работы

Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы:
1. Зердесін дамыту
2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту
3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту
4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту
5. Танымдық үрдісін дамыту
6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту
7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту [1, 33-35 б.].

Файлы: 1 файл

бала бақша дамуы курс.docx

— 39.61 Кб (Скачать файл)

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНА  МЕН БАЛАБАҚШАНЫҢ РОЛІ

Автор: №6 сәбилер бақшасы

17-09-2012 15:40

 

 

 

 

«Адамның жақсы өмір сүруіне  үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым бола алатын адал – еңбек, мінсіз – ақыл, таза – жүрек. Бұл  сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» – деген Шәкәрім  Құдайбердіұлы атамыздың сөзін  арқау ете отырып, бүгінгі күн  жастарды жетілген азамат етіп тәрбиелеу  отбасылардың жауапкершілігін тағы да арттыра түсуде. Бала саналылықтың сипатын ол өмірге келген күннен бастап өз отбасында бойына сіңіреді. Өмірген  келген жас нәресте өзін қоршаған ортамен, ең алдымен өз отбасында  танысады. Мұхтар Арынның сөзіне сүйенсек: «Қалай десек те, ең мықты, табиғи мектеп – отбасы. Осында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік  болады. Отбасынан кеткен қателікті  ешбір мектеп түзете алмайды…» 

 

Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам –  оның ата – анасы.

 

Ал, ең әдемі де жарық үй – оның туылған үйі. Осы тұста  қазақ зиялыларының бірі

 

М. Жұмабаевтың мынадай  бір айтқан сөзі бар: «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек, олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда  анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн».

 

Жас баланың дамуында ата-ананың орыны ерекше, сондықтан ата-ана  өз отбасында қолайсыз жағдайларды  баланың көзінше тудырмауға тырысуы  қажет. Отбасындағы ұрыс-керіс баланың  жүйкесін тоздырады. Кейбір ата-аналар өз перзентін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді. Ал мұндай көріністер баланың бойына кері қасиет пайда  болуына тікелей жағдай тууына себеп  болады. Ата-аналар балаға отбасылық  өмірдің алуан түрлі, қыры мен  сырын дүние жұмбақтарын танытып, тағылым талғамға, әдептілікке баулуға  тиіс. Себебі, ата-ананың күнделікті өмір тіршілігіндегі еңбегі, адамның бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қарым-қатынасы – балаға үлгі. Баланың алдында  барынша сабырлы әрі ұстамды  болуға тырысу керек, ата-ана өзі  үлгі бола отырып, баласын сабырлылыққа тәрбиелейді. Әрбір ата-ана өз баласы үшін-басты тұлға. Сондықтанда да кез-келген бала алдымен үлгіні ата-анасынан алады. Бала әкеден ақыл, анадан мейір  алады. Ата-ана баласымен пікірлесуде  бейауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке басын қорламай, мейірімді, табиғи, жылы ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбие де табысқа жетеді, өйткені, жақсы сөз жан семіртеді.

 

Сонымен қатар мектепке дейінгі  ұйымның педагогикалық ұжымы  ата-аналармен бірлесіп, баланы өсіріп тәрбиелеудегі басты мақсат қоғамдық өмірге «түзу кірпіш қалау» екенін ескере отырып, ал осы мақсатты жүзеге асыру үшін, алдындағы қандай болмасын қиындықтарын жеңу, соған сәби кезінен  төмендегі мынадай көзқарастарды  негізгі ұстаныным ретінде қабылдау. Көзқарастар мыналар:

Баланы сәби ол әлі ештеңе білмейді, ұқпайды деп жай көзбен қарамау керек, өйткені ол да өсіп келе жатқан тұлға.

Баланы әр уақытта шындыққа үйрету. Еш уақытта алдамай, шындықты ашып айтып сол жағдайға дұрыс  көзқараспен қарауға жағдай туғызу.

Баланың өз ісін уақытымен  күнде қадағалау, бақылау.

Баланың әр бір ісін қадағалап, оған деген көзқарастан нәтиже шығаруға көмектесу.

 

Қандай жағдай болса да, ұрпағын жауын мен жел өтінен, жаман әдеттен қорғап, өз бойындағы  ең жақсы қасиеттерін сіңіру, ана  уызбен бірге ұлттық дәстүр қайнарына  қондырып өсіру әке мен ананың ұлы борышы. Дені сау, рухы таза, ана  тілін толық меңгерген ұрпақ  өсіру қазіргі кездегі ең негізгі  мәселе. Бала тәрбиесінде отбасы басты  орын алады. Баланың ана тілін  толық меңгеруі . ұлттық-сана сезімін  тәрбиелеу, денсаулығын түзету, бала тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін білу жөніндегі  дағдыларын қалыптастыру мектепке дейінгі  мекемелерге берілген. Тәрбиенің  сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы – балабақша. Балабақшада халық  педагогикасын бала бойына сіңіре отырып имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейміз. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының бес саласының әр бөлімдеріндерінің  ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде  салт-дәстүрдің барлық түрлерін баланың  бойына сіңірудеміз. Мысалы: тұсау кесу, бесікке салу, тілашар т.б. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілер өз тәжірибелерінде  халық ауыз әдебиетінінің ішінен жиі мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегілерді оқу іс-әрекеттерінде  пайдаланады. Бүгінгі күнде жас  ұрпақтың сана сезіміне өз елінің, жерінің  тарихы мен мәдениеті туралы алғашқы  ұғымдарды кішкентай кезінен  қалыптастырамыз.

 

Баланың өмірге қадам басардағы  алғашқы қимыл-әрекеті ойын. Сондықтан  оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы  ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?» – деп  айтқандай баланың өмірінде ерекше орын алады. Ойын мектеп жасына дейінгі  баланың жеке басының дамуына  ықпал ететін тәрбие құралы. Ойын баланың  барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы  дүние жайлы түсініктерінің кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі. Өйткені бала нәресте  шағынан бастап адалдыққа, батылдыққа, мейірімділікке, еңбек етуге тәрбиелеудің құралы ойын. Осыған орай бүгінгі күндері  тәрбиешілер алдында балаға білім., білім дағдыларын игеріп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімін, ерік-жігерін жан-жақты етіп дамыту міндеттері тұр. Болашақ қоғамымыздың тағдыры да бала тәрбиесіне тікелей байланысты. Қоғамды дамытушы да, ілгері апарушы да осы жас жеткіншектер. Тәрбиенің сан қилы дағдыларын бала бойына дарытатын алғашқы білім баспалдағы – балабақша, жол сілтеп, жетелеп, үйретуші – тәрбиеші. Балабақшадағы тәрбие – қазақи ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан парасатты, адамгершілік қадір – қасиеті мол, физикалық және моральдық жоғары белсенді жеке адамды қалыптастырып шығару процесі болып табылады. Тәрбиелеу мен білім берудің әрекеті практикалық процесс үстінде қалыптастырылады. Тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері баланың осы іс-әрекет түрлерін қалыптастыру және оны белгілі бір мақсатқа бағыттап отыруды көздейді. Ойнау, еңбек ету, және білім алу барысында ақыл-ой, адамгшершілік, физикалық және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі дәрежеде білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық өмірдің әдет дағыларын игеруге бейімделеді.

 

Іс-әрекеттің тап осы  түрлерін ғана дамыту арқылы тәрбиелеу  білім беру міндеттерін шешуге, бала дамуын дұрыс жолмен бағыттап отыруға  мүмкіндік туады. Жақсы ойнап, еңбек  ете білетін әрі оқуға қабілетті  баланы ересек адамдар мен балалар  қоғамында өмір сүруге қажетті қасиеттерді  толық игерген тәрбиелі бала деп  аталуы мүмкін. Жоғарыда аталып өткен  іс-әрекеттің әрқайсысы бала дамуына  өзіндік, өзіне тән үлесін қосады. Мысалы, тәрбиенің ең маңызды міндеті  саналатын ақыл-ой тәрбиесінің өзі  бала ойының: еңбегін және балалардың оқуын үнемі бағыттап отыру арқылы жүзеге асатыны бізге балаларды  тәрбиелеу тәжірибесінен таныс. Адамгершілікке тәрбиелеу міндеттері жөнінде де осыны айтуға болады. Бала өзін-өзі көрсете білсе, ендеше ойын, оқу еңбекте адамгершілікке тәрбиеленеді деген сөз. Өйткені, мұнда  олардың өзара ересек адамдармен қарым-қатынасы қалыптасады. Іс-әрекеттің  әрбір түрінде осылайша өзара  ұштасып жататын педагогикалық  мүмкіндіктерді ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың тіршілік әрекеттерін, тәрбиелік мақсатқа сай  ұйымдастыра аламыз.

 

Ойын, еңбек, оқу арқылы біз  балаларға белгілі бір тұрғыдан ықпал жасай аламыз. Бірақ біз  іс-әрекеттер ойын, еңбек, оқыту өзара  ұштасқан жағдайда ғана баланың жеке басын дамытуда толық нәтижеге жете аламыз. Балабақшаның негізгі міндеті  – баланың жеке басының бастапқы қалыптасуын қамтамасыз ету. Бұл  жас баланың ақыл-ойының дамуы  мен даярлығы үшін қолайлы кезең. Осы кезеңде бала оқу мен тәрбиені қалыптастыруға, өз қызметін білуге, тілдік қатынастың қарапайым тәжірибесінде  өзін-өзі таныта білуге, мінез-құлық  мәдениетіне, жеке гигиеналық және салауатты  өмір салтының негіздеріне бағдарланады.

 

Жас ұрпақты кішкентайынан  салт-дәстүрлер рухында баулу, құлағына сіңіру әдет-дағдысына айналдыру  – парызды іс. Қазақ сөз өнерін қатты құрметтеген халық: «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жақсы сөз  жан семіртер. Сонымен қатар балаға «сіз», «рақмет», «кешіріңіз», «өтінемін» деген сияқты сыпайылықты білдіретін сөздерді үлкендерге айтып жүруге үйрету, оған дағдыландыру ата-аналар мен тәрбиешілердің міндеті.

 

Халқымыздың дәстүрінде қол  алысып амандасуға ерекше көңіл бөлген, жас баланы сәби кезінен үлкендермен  қол алысып амандасуғы тәрбиелейді. «Көкеңе қолыңды беріп амандас», «Ағаңның қолын ал», «Атаңа екі қолыңды  бер» деп үйретеді. Ондай кезде  үлкендер яғни аталар, әжелер «Ой азамат болыпты ғой!», «Таудай бол!» деп баланың қолын алып, сәлем беруге ынталандыратын сөздер айтып ынтасын тудырады. Баланы жастайынан осындай инабаттылыққа баулу, ол есейгенде сыпайы, әрі жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болады.

 

Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматық пен имандылыққа  баулу – тәрбиенің басты міндеттерінің  бірі. Сонымен қатар ата-аналар мен  мектепке дейінгі ұйымдар ұлттық тәрбиеге де мән бергендері жөн. Бұл  саладағы күш – жігер алдымен  бүлдіршіндерді отандыққа тәрбиелеуге  бағытталады. «Отан» деген ұғым балаға дүние есігін ашқан үйі , ата-анасы, ағайын туыстары, туған жері, кең  – байтақ гүлжазира даласы, тау  – тасы, өзен – көлі, сылдырап аққан  мөлдір бұлағы бейнесінде қабылданып, ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде үйретуге тиіспіз.

 

Мектепке дейінгі ұйымдарда  білім сапасын арттыру аса  маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты  міндет болып табылады.

 

 Біріншіден, білім мен  тәрбие беруге арналған дамытушы  ортаны жабдықтау қажет десек,  ол мектепке дейінгі кезеңнің  өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын  сақтайтын, баланың балалығына  бағытталуы шарт.

 

 Екіншіден, тәрбие мекемесінің  басшысы мен тәрбиеші педагогтар  қауымы кәсіби шеберліктерін  үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге  жүйелі көңіл бөліп, ұжымның  шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен  ат салысуға және жағымды психологиялық  ахуалдың тұрақтануына ықпал  ету қажет. Сондай-ақ, отбасының  сұранысы мен талап-тілектерін  қанағаттандыру және білім мен  тәрбиенің балаға берілген үрдісі  жайында ата-анамен үнемі бірлескен  ынтымақты негізде жұмыс істеу  де өте маңызды. 

 

 Үшіншіден, балабақшада  еңбек етуге толық жағдай жасалып,  тәрбиелеу мен білім берудің  технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер  жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен  үлес қосып отырса.

 

 Баланы тәрбиелеу, дамыту  және білім беру мәселелерінде  отбасы мен балабақша ұжымының  бірлескен өзара тығыз байланыста  болуы. 

 

 Білім беру жүйесінің  негізгі мақсаты – тұлғаны  оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл  мақсаттар өзара тығыз байланыста  болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін  дамытудың маңызы ерекше. Даму  барысы:

 

1. Зердесін дамыту 

 

2. Эмоциясы мен сезімдерін  дамыту 

 

3. Күрт қиыншылықтарға  төтеп бере алуын дамыту 

 

4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді  дамыту 

 

5. Танымдық үрдісін дамыту 

 

6. Өзін-өзі алып жүре  алуын, дербестігін дамыту 

 

7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын  дамыту [1, 33-35 б.].

 

 А. Едігенова бойынша  баланың бүкіл өмір бойында  оның даму үрдісі жүреді. Даму  үрдісінде баланың таным белсенділігі  арта түседі. 6 жастағы балалар  заттарды түсіне, түріне, көлеміне  қарап ажырата бастап, олардың  құрылысын, пайдалану тәсілдерін  білгісі келеді. Күнделікті өмір  барысында бала шындық дүниенің  құбылыстары мен заттарын анықтай  білуге, адам баласының жинақтаған  бай тәжірибесін үйренуге талаптанады.  Балалардың бір нәрсені құмартып  білуге талаптануын таным ынтасы  дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш,  әр нәрсеге үңіле қарайды, көп  нәрселер оларды ойлантады. 

 

 Балалар әдетте өзіне  түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың  сырын білуге құмартады. Күн  сайын олардың алдында жаңа  сұрақтар туады. Сол сұрақтың  жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше,  ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың  ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы  ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан  ересек адамдар бала сұрағын  жауапсыз қалдырмауға тырысқан  жөн. Себебі сұрағына жауап  ала алмаған бала келешекте  сұрақ қоюдан жасқаншақтайды  және бұл баланы дүниені тануына  кері әсер етуі әбден мүмкін [2, 132 б.].

 

 В.С. Мухина бойынша  мектеп жасына дейiнгi және бастауыш  мектеп жасындағы балаларда мiнез-құлық  мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы  регуляциясы күшейедi, мотивтер мен  қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды,  рухани және материалды қажеттiлiктер  сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа  деген қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты  әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады [10, 79 б.].

 

 Т. Рибоның айтуынша, баланың шығармашылық қабілеті  тәжірибелілігіне байланысты дамиды  деп тұжырымдайды. Мектеп жасына  дейінгі кезең – қиялдың тез  дамитын уақыты [8]. Сондықтан қиялдың  дамуын төрт ерекше кезеңдерге  бөлуге болады (2 жастан 6-7 жасқа дейінгі  аралықта):

 

1. Бірінші кезең баланың  қабылдауының ерекшелігіне байланысты (бір заттан басқа бір затты  көре бастауы);

 

2. Екінші кезең – қиялдың  ойыншықтарды жандандыру құдіретінің  байқалуы;

 

3. Үшінші кезең – ойындағы  рөлдерге байланысты өзгеруі; 

 

4. Төртінші кезең –  бала қиялында өзіндік көркемдік  шығармашылықтың басталуы (бейнелерді  қайта құруы, жасауы).

 

 О.М. Дьяченко мен  А.И. Кирилованың тәжірибелік  зерттеулерінде бала дамуында  қиялдың екі түрі (сезімдік және  танымдық) жүзеге асады. Танымдық  қиялдың басты міндеті – ақиқат  өмірдің белгілі бір түрде  бейнеленуі. Сезімдік қиял, белгілі  бір жағдайға байланысты қайшылық  болғанда, баланың өзіндік «Мені»  қалыптасқанда және оның құрастырудағы  бір механизм болады. Е.Е. Кравцованың  зерттеуінде қиялдың даму қызметінде  үш түрлі компонентті бөліп  көрсетті:

Информация о работе Бала бақша дамуы