1. Көрнекілікке сүйену;
2. Өткен тәжірибесін қолдану;
3. Ерекше ішкі позицияны
қолдану.
Осы үш компоненттің
қолдануында халық ертегісінің
айрықша орнын анықтап, зерттеуге
мән берілді [5, 6, 15].
Мектеп жасына дейінгі
кезеңде қиял – қоғамдық тәжірибені
меңгерудегі алғышарттары болып
келеді, өйткені балалар қоршаған
ортаны, адамгершілікті, эстетикалық
идеяларды өзіндік көзқараспен
қабылдайды. Баланың қиялы ересектерге
қарағанда әлсіз. Л.С. Выготскийдің
тұжырымына сүйенсек, «Бала қиялының
дамуы біртіндеп, шамасына қарай
қабылдауынан басталады. Қиялда
болатын барлық образдар, қаншама
таңғажайып болып көрінгенмен
де, баланың өмірден көрген-білгенінен
негізделеді. Кейде бала өмірде
кездескен кейбір жағдайларды
өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде,
бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай
болып естіледі».
С.Л. Рубинштейннің
айтуынша «Қиял – бұл образдық
форманы іске асыру, өзгеріске
енгізу» деп түсіндіреді. Л.С.
Выготский мен А.Н. Леонтьев
қиялдың ерекшелігіне қарай оған
арнайы психикалық процесс деп
қарауға мән береді [4].
Атақты психолог Л.С.
Выготский баланың қиялы біртіндеп
өмір тәжірибесінің молаюына
байланысты қалыптасады деген
қорытындыға келеді.
Қазіргі кездегі психологтар
мен педагогтар баланың жеке
басының дамуындағы қиялдың маңыздылығының
ең тиімді жолы шығармашылық
жұмыста көрсету, үйрету, көркемдік
әдебиетте нақтылау, өз бетінше
жұмыс жасауына жағдай жасау,
яғни, еркіндік беру керектігін
айтады. Сонымен қиялдың дамуы
төмендегідей үш компоненттен
тұрады:
Бірінші дәрежеде қиял
қоршаған болмыспен байланысты,
дайын нәтижені ойластыруға мүмкіндік
береді.
Екінші дәрежеде баланың
өткен тәжірибесімен байланысты,
бірақ сонда да заттық байланыстың
рөлі бар.
Үшінші дәрежеде қиялдың
дамуы балаға ақиқаттан қиялдың
қозғалысының жоғарғы формасы
– ой – пікірден оның іске
асуына байланысты.
Сонымен, қорыта айтқанда,
біздің тәжірибемізге негіз болған
5-6 жастағы балалардың құрастырған
ертегілері мен қызықты әңгімелері
ұйымдасқан түрде мағыналы, жүйелі,
өз бетінше еркін жүргізілген
жұмыс, қиялдың дұрыс дамуына
апаратын көп жолдың бірі болды
деп есептейміз. 6 жасар бала өз
қиялында алуан түрлі жағдайлар
құра алады және баланың өзі
сонда әртүрлі жағынан көрінеді.
Ойын барысында қалыптаса отырып,
қиял басқа да іс-әрекет түрінде
өте алады. Тілі және қиялы
жақсы дамыған бала қызықты
сюжетті тез арада жанынан
ойлап шығара алады. Қиялдың
үздіксіз жұмысы – баланың
айналадағы әлемді танып-білуінің
және игеруінің маңыздылығы, бұл
жеке тәжірибе аумағынан шығудың
әдісі [4, 41 б.].
В.С. Мухина теориясы
бойынша өзінің бастамалары жағынан
баланың қиялы сәбилік шақтың
соңында пайда бола бастайтын
сананың белгілер функциясымен
байланысты. Белгілер функциясын
дамытудың бір желісі заттарды
басқа баламалармен және олардың
бейнелеулерімен алмастырудан тілдік,
математикалық және басқа белгілерді
пайдалануға, ойлаудың логикалық
формаларын меңгеруге әкеледі.
Екінші желі нақтылы бұйымдарды,
оқиғаларды қиял арқылы толықтыру
мен алмастыру мүмкіндігінің
пайда болуы мен кеңеюіне, жинақталған
түсініктердің материалынан жаңа
бейнелер құруға жетелейді.
Баланың қиялдауы ойын
үстінде қалыптасады. Алғашқы
кезде қиял заттарды қабылдаудан
және ойын іс-әрекеттерін орындауынан
ажыратылмайтындай. Ойын үстінде
қалыптасқан қиял мектепке дейінгі
бала іс-әрекеттерінің түрлеріне
де ауысады. Бала сурет салғанда,
ертегілер мен тақпақтарды ойлап
шығарғанда қиял неғұрлым айқын
байқалады [10, 96 б.].
Сондай-ақ мектепке
дейінгі шақта зейіннің, естің,
қиялдың дамуында ұқсастықтар
бар. Егер сәбилік шақта өзінде
қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері
ретінде анықтауға болатын бағдарлау
іс-әрекеттерінің ерекше формалары
ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі
кезеңде мұндай іс-әрекеттер үздіксіз
күрделілене және жетіле түседі,
ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт
жеке сипат ала алмайды. Бала
бірдеңеге назар аударарлықтай,
көргені мен естігенін жадында
сақтарлықтай, бұрын қабылдағанының
аумағынан шығарлықтай арнайы
іс-әрекеттерді игере білмейді. Мұндай
іс-әрекеттер тек мектепке дейінгі
кезеңде қалыптаса бастайды.
В.С. Мухина бойынша
мектепке дейінгі бала әрекетінің
жаңа түрлерін, үлкендердің оған
қойған жаңа талаптарын игерудің
ықпалымен баланың алдында бір
нәрсеге зейінін шоғырландыру
және оған зейін қою, материалды
есте ұстау және оны жаңғырту,
ойынның, суреттің т.б ой желісін
құру сияқты жаңа ерекше міндеттер
пайда болғанда ғана бетбұрыс
жасалады. Осы міндеттерді шеше
білу үшін бала үлкендерден
үйренген тәсілдердің қандай
да біреуін пайдаланады. Міне,
сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың
арнайы іс-әрекеттері қалыптаса
бастайды [10, 91 б.].
Мектепке дейінгі кезеңде
баланың зейіні төңіректегі заттарға
және осылар арқылы орындалатын
іс-әрекеттерге қатысты ынтамен
сипатталынады. Бала бір нәрсеге
ынтасы өшпей тұрған кезде
ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа
бір нәрсе пайда болысымен-ақ
баланың зейіні лезде соған
ауады. Сондықтан балалардың ұзақ
уақыт бір іспен шұғылдануы
сирек болады.
Д.Б. Эльконин пікірінше,
мектепке дейінгі кезеңде балалар
іс-әрекетінің күрделенуіне жалпы
ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты
зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа
ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі
кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды
30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа
жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа
дейін созылады. Мұны ойында адамдардың
күрделірек іс-әрекеттері мен
қарым-қатынастарының бейнеленуімен
және ойынға үнемі енгізілетін
жаңа ахуалдардың қолдау табуымен
түсіндіруге болады. Балалар суреттерді
көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін
тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке
дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы
екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға
қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ
түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары
мен егжей-тегжейлерін бөліп алады [16].
Бірақ мектепке дейінгі
кезеңде зейіннің негізгі өзгеруі
баланың алғаш рет өз зейінін
меңгере білуінде, оны саналы
түрде белгілі заттарға құбылыстарға
бағыттай білуінде және кейбір
тәсілдерді пайдалана отырып, соларға
зейін қоя білуінде. Мектепке
дейінгі шақ ішінде өз зейінін
ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану
күрт өседі. Мұны, атап айтқанда,
мектепке дейінгі ересектер үлкеннің
нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда
мектепке дейінгі кішкентайларға
қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі
қайталады. Сонымен, баланың мінез-құлқын
реттеуде сөздің маңызының жалпы
өсуіне байланысты мектепке дейінгі
шақта ықтиярлық зейін қалыптасады.
В.С. Мухина мектепке
дейінгі шақта балалар ықтиярлы
зейінді меңгере бастаса да, бүкіл
мектепке дейінгі балалық шақта
ықтиярсыз зейін басым болып
қала береді. Балаларға өздері
үшін бір текті әрі тартымы
шамалы іс-әрекетке зейін қою
қиынға түседі,сонымен бірге ойын
процесінде немесе әсерлі сезімге
бөлерліктей тапсырмаларды шешерде
олар едәуір ұзақ уақыт бойы
ықыласты болып жүреді. Мектеп
жасына дейінгі бала зейінінің
ерекшелігі мектепке дейін оқыту
ықтиярлы зейінге үнемі күш
салуды талап ететін тапсырмалар
бойынша құрылуы мүмкін емес
себептердің бірі болып саналады.
Сабақтарда пайдаланылатын ойын
элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі
түрлері, іс-әрекет формаларын
жиі өзгерту балалардың зейінін
айтарлықтай жоғары деңгейде
ұстауға мүмкіндік береді [10, 77 б.].
Сенсорлық даму, бала
заттардың түсін, пішінін, мөлшерін
және олардың кеңістіктегі орналасуын
айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне
қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші,
аз, көп) анықтай алады.
Зейін тікелей қызығушылықпен
байланысты (ырықсыз зейін), өйткені
қызықты іске бала көңілі тез
ауады. Егер 6 жасар бала ойынмен
айналысқан болса, ол алаңдамай
2, тіпті 3 сағат ойнай береді. Алайда,
бұлай зейінді шоғырландыру –
баланың айналысқан нәрсесіне
қызығушылығынан туындайды. Балаға
зейінін тәрбиелеуде көмектесу
қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары
арқылы баланың зейінін ұйымдастыра
алады. Оларға біркелкі жалықтыратын
және тартымдылығы аз іс-әрекетпен
айналысу өте қиын. Зейіннің бұл
ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін
енгізуге және іс-әрекет түрлерін
жеткілікті ауыстырып отыруға
негізгі себеп болып табылады
[10, 89 б.].
К.Д. Ушинский «Балаға
оқуды қызықты ете білу керек
және сонымен қатар, оларды
қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды
да бұлжытпай орындауды талап
ету керек, бұл жұмысты орындағанда
бір жағын басым етіп жібермей,
екі жағын теңестіру арқылы
еріксіз зейінді тудырып отырумен
қатар, балада белсенді зейін
шамалы болғанына қарамастан
оны жаттықтырып отыру керек»,
- деп көрсетеді. Оқушылардың зейінін дұрыс
қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының
үлгі-өнегесінің маңызы да зор [5,15].
В.С. Мухина бойынша
мектепке дейінгі шақ есте
сақтау мен еске түсіру қабілеттілігінің
пәрменді дамуымен сипатталады.
Адамдар, оқиғалар есте сақталатын
кезең мектепке дейінгі шақта
анықталмаған мерзімге ығысады.
Шындығында, бізге сәбилік шақтағы
оқиғалардан бірдеңені еске түсіру
қиын немесе мүлде дерлік мүмкін
болмаса, мектепке дейінгі балалық
шақ көптеген әсерлі сәттерді
есте қалдырады. Бұл әсіресе
мектепке дейінгі ересектерге
тән. Мектеп жасына дейінгі
баланың есі негізінен ықтиярсыз
сипатта болады. Бұл бала көбіне
өзінің алдына бір нәрсені
есінде қалдыру үшін саналы
мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді.
Есте сақтау мен еске түсіру
баланың еркі мен санасына
байланысты өтеді. Бұл екеуі
де іс-әрекет арқылы жүзеге
асады әрі іс-әрекеттің сипатына
байланысты болады. Бала іс-әрекетте
неге зейін қойса, оған не
әсер етсе, не қызық болса, соны
ғана есінде сақтайды.
Заттарды, картиналарды,
сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың
сапасы, баланың осыларға қаншалықты
әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет
процесінде оларды егжей-тегжейлі
қабылдау, ойластыру, топтастыру
қандай дәрежеде өтетіндігіне
байланысты. Мысалы, суреттерді жай
ғана қарап шыққанда оларды
баланың есінде сақтау анағұрлым
нашар балады, ал осы суреттерді,
өз орындарына, мысалы, бақшаға, ас
үйге, балалар бөлмесіне, қораға
дәл келетін жеке заттарды
қою ұсынылғанда бала оларды
есінде жақсы сақтайды. Ықтиярсыз
есте сақтау баланың орындайтын
қабылдау және іс-әрекеттерінің
жанама қосымша нәтижесі болып
табылады [10, 91 б.].
Мектепке дейінгі жастағылардың
ықтиярсыз есте сақтауы мен
ықтиярсыз еске түсіруі – ес
жұмысының бірден-бір түрі. Бала
бірдеңені есте сақтау немесе
еске түсіру жөнінде алдына
әлі мақсат қояды, ал бұл
үшін арнаулы тәсілдерді қолдануды
білмейді. Мысалы, үш жастағы балаларға
суреттер тобының біреуін сұрағанда
балалардың басым көпшілігі өзін
мүлде бірдей ұстады. Суретке
көз жүгіртіп өткеннен кейін
бала оны шетке ығыстырып қойып,
үлкен адамнан басқа суретті
көрсетуді сұрады. Кейбір балалар
бейнеленген заттар жөнінде әңгімелеп
беруге тырысты, суретке байланысты
өткен тәжірибенің жағдайларын
еске түсірді («Көзілдірікті көзге
киеді. Мынау- көбелек, құрт
деп аталады». «Қарбыз. Мен, анам
және әкем- үшеуіміз үлкен қарбыз
сатып алғанбыз, алқоры одан әлдеқайда
кіші», тағы осындайлар). Әйтсе
де есте сақтауға бағытталған
балалардың ешбір іс-әрекеттері
байқалмады [13,14].
В.С. Мухинаның пікірінше
есте сақтау мен еске түсірудің
ықтиярлы формалары мектепке
дейінгі естияр шақта қалыптаса
бастайды және мектепке дейінгі
ересектерде жетіледі. Ықтиярлы
есте сақтау мен еске түсіруді
меңгерудің неғұрлым қолайлы
шарттары ойын үстінде жасалады,
бала өзіне алған рольді жақсы
орындап шығу есте сақтау шарты
болған кезде жасалады. Мысалы, сатып
алушының ролін алған бала
дүкеннен белгілі заттарды сатып
алу жөніндегі тапсырманы орындаушы
ретіндегі баланың есте сақтайтын
сөздерінің саны үлкен адамның
тікелей талабы бойынша есінде
сақтауға тиісті сөздерден көп
болып шығады.
Естің ықтиярлы формаларын
меңгеру бірнеше кезеңнен тұрады.
Олардың біріншісінде әлі қажетті
тәсілдерді меңгере алмай тұрып
бала есте сақтау мен еске
түсіру міндетінің өзін бөле
бастайды. Мұнда еске түсіру міндеті
бұрын бөлінеді, өйткені бала
алдымен дәл еске түсіруді, елестетуді
қажет ететін ахуалдарға кездеседі.
Бұған дейін ол нені қабылдап,
жасағанын көрсететін іс-әрекетті
білуі керек. Есте сақтау міндеті
еске түсіру тәжірибесінің нәтижесінде
пайда болады [10, 79 б.].
В.С. Мухинаның айтуынша,
есте сақтау мен еске түсірудің
жолдарын бала өз ойынан шығара
алмайды. Ондай жолдарды белгілі
түрде баланың есіне үлкендер
салады. Мысалы, үлкен адам балаға
тапсырма бергенде оған осы
арада дәл оны қайталап беруді
талап етеді. Үлкен адам баладан
бір нәрсе сұрағанда, оның еске
түсіруіне бағыт береді: «Сосын
не болады?», «Жылқыға ұқсас
сен тағы қандай жануарларды
көрдің?» Тағы сол сияқты. Бала
біртіндеп қайталай білуге, түсіне
білуге, материалды есте сақтау
мақсатында байланыстыра білуге,
еске түсіргенде байланыстарды
пайдалана білуге үйренеді.