Бала бақша дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2013 в 22:24, курсовая работа

Описание работы

Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы:
1. Зердесін дамыту
2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту
3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту
4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту
5. Танымдық үрдісін дамыту
6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту
7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту [1, 33-35 б.].

Файлы: 1 файл

бала бақша дамуы курс.docx

— 39.61 Кб (Скачать файл)

 

 Мектеп жасына дейінгі  балалардың кейбіреулерінде эйдетикалық  ес деп аталатын көру есінің  ерекше түрі байқалады. өзінің  айқындығы мен дәлдігі жағынан  эйдетикалық естің бейнелеріне  жуықтайды: бұрын қабылданған  бір нәрсені есіне түсірген  бала соны көз алдына қайтадан  көріп тұрғандай болады. Эйдетикалық  ес – жас шағының құбылысы. Мектепке дейінгі жаста осындай  есі бар бала, кейінірек, мектепке  оқыту кезеңінде, әдетте өзінің  бұл қабілеттілігін жоғалтады  [10, 81 б.].

 

 Мектепке дейінгі жас  – естің қарқынды даму жасы. Ес – бала үшін маңызды оқиғалар  мен мәліметтерді жаданда қалдырады  және сақтайды.

 

 Сондай-ақ мектепке  дейінгі балалардың ойлау үрдісіне  тоқталсақ, ойлау – тіл дамуы  және ғылыми ұғымдарды меңгеру  бірлігінде дамиды. Баланың сау  психикасының ерекшелігі – танымдық  белсенділігі. Ойлау – сыртқы  дүние заттары мен құбылыстарының  байланыс қатынастарының адам  миында жалпылай және жанама  түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл-ой жағынан бала қаншалықты  пәрменді болса, ол сонша көп  сұрақтар қояды және оның сұрақтары  соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана  емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы  да ойлайды. Бейнелі ойлау –  6 жасар бала ойлауының негізгі  түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға  логикалық ойлауды да орындай  алады, бірақ та бұл жаста  көрнекілікке сүйенген оқыту  басымырақ болады. Мұның өзі осы  жастағы балалардың естері еріксіз  жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа  ғана қалыптасады. Сондықтан жақсы  қабылдап алған заттардың түсін  есінде жақсы сақтайды. Көру және  есту елестері көрген нәрселердің  мазмұнымен байланысты болады [11, 13, 14].

 

 Мектепке түсу балалардың  логикалық есін дамытуда үлкен  роль атқарады. Оқушылардың есін  тәрбиелеуде де мұғалім олардың  жас және дара ерекшеліктерін  ескере отырып, жұмыс жүргізеді.  Кіші мектеп жасындағы балаларды  оқу тәсілін өз бетімен таңдап  ала алмайтындықтан мұғалім үйге тапсырма бергенде, материалды қалай оқу керектігін балаларға ұдайы ескертуі керек. Бұл жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді қалай оқу, тапсырманы қалай орындау керектігі айтылған. Бірақ баланың назары кейде бұған жөнді түсе қоймайды. Мұғалім мұны қатты ескерген жөн.

 

 Мектепке дейінгі балалық  шақта заттардың, құбылыстардың,  іс-әрекеттердің арасындағы байланыстар  мен қатынастарды бөлу мен  пайдалануды талап ететін күрделі  де сан алуан міндеттерді баланың  шешуіне тура келеді. Ойында, сурет  салуда, құрастыруда , жапсыруда,  оқу және еңбек тапсырмаларын  орындауда бала үйреніп алған  іс-әрекеттерді жай ғана пайдаланып  қана қоймайды, жаңа нәтижелер  ала отырып олардың тұрақты  түрін өзгертеді. Мектеп жасына  дейінгі балалар өздерін қызықтырған  мәселелерді түсіну үшін өзіндік  эксперименттер жасауға кіріседі, құбылыстарды бақылайды, оларды  талқыға салып, қорытындылар жасайды.  Мектепке дейінгі балалық шақтың  соңында кейбір механикалық физикалық  және басқа байланыстар мен  қатынастарды түсінуді, осы байланыстар  мен қатынастар туралы білімді  жаңа жағдайларда қолдана білуді  талап етеді. Осы жастағы балалардың  жылдың соңына дейін абстрактылы  логикалық ойлауы жақсы дами  түседі. Бірақ тәжірибе түрінде,  бала затты көрмей тұрса, берген  сұраққа толық жауап бере алмайды.  Бала ойлаудың барлық операцияларын  жақсы қабылдауға тиіс [11, 13, 14, 16].

 

 Балалардың ойлауын  дамытуда мектептегі оқу-тәрбие  процесі шешуші роль атқарады. Бала ойлауын дамыту үшін мұғалім  тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы  тиіс. Ой тәрбиесі адамның психологиясын  жан-жақты етіп тәрбиелеумен ұштасып  жатады.

 

 Таным әрекетінің бірі - қабылдау. Тілдік мәліметтерді  және жазылымдағы қатысымдық  тұлғаларды ұғыну қабылдаудан  басталады. Тілді меңгеру барысында  тіл үйренуші есту, көру, сезу  арқылы дыбыстарды, сөздерді, сөйлемді  қабылдауға үйренеді. Бала қоршаған  ортаны жақсы қабылдауға тиіс.

 

 Д.Б. Эльконин бойынша  кіші мектеп жасындағы балаладың  танымдық үрдістердің дамуына  келсек, олардың оқу ісіндегі  қабылдауы – формамен түстерді  тану және атауға келіп тіреледі. Мысалы, түрлі түсті құмыра салу  үшін, олар форма, көлем жағынан  әртүрлі болып келеді. Төменгі  сыныптарда оқитын балалардаң  қабылдауында төмендегідей ерекшеліктер  болады. Олар әлде де болса  құбылыстарды тұтас зат күйінде  жөндеп қабылдай алмайды. Мәселен,  ол заттың өзіне ұнағанын, олардың  көзге бірден көрінетін сыртқы  белгілерін қабылдауға ұмтылады. Мұндай қабылдауда белсенділік  жағы аз болады. Үшінші сыныптан  бастап балалардың қабылдау саласындағы  қателер азая бастайды. Оқушы  заттың негізгі белгілерін байқай  алатын болады. Қабылдауда анализ  бен синтез қатар жүреді. Бала  әр заттың өзіндік белгісін  ұққысы келеді, оның мәніне ішкі,сыртқы  құрылысына, жасалу принципіне зе  сала бастайды. Қабылдау процесінің  күрделене түсуі балаларда байқай  алу қабілетінің көрінуімен ұштасады. Алайда, байқаудың қарапайым элементі  бірінші сынып оқушыларында да  бар. Байқау – белсенді ой-әрекетінің  балада дамып келе жатқандығының  көрінісі [16].

 

 Мектепке дейінгі бала  тәрбиесімен айналысатын педагогтар  мен тәрбиешілер, ата-аналар балалармен  жылдың қай мезгілінде болмасын  далаға шығып, серуендегенде,  әртүрлі ойын ойнағанда осы  ойланту әдісіне баса көңіл  бөлуі қажет. Бала бойына ерекше  әсер етіп түрткі болатын айналадағы  өлі және тірі табиғаттардың  сан түрлі құбылыстары. 

 

 К.Д. Ушинский – баланы  табиғатпен жастай таныстыра  дамыту, оның өзіндік логикалық  ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне  әсері мол екенін көрсеткен.  Логикалық ойдың, пікірдің дамуы  баланың келешекте рухының жоғары  болуына, батыл пікір, нақты  шешім айтуына және оны дәлелдеп  беруге жетелейді. Сондай-ақ, кімде-кім  баланың тіл қабілетін дамытқысы  келсе, ең алдымен оның ой  қабілетін дамытуы тиіс, - деп  көрсетеді [1, 6, 15].

 

 Онтегенездің бастапқы  кезеңдерінде қарым-қатынас бала  өмірінде аса маңызды функция  атқарады. Бала мен ересектің  қарым-қатынасы білім, іскерлік, дағдыны біреудің жай қасында  емес, өзара әсерлесу нәтижесінде,  өзара баю мен өзгерудің күрделі  процесі. 

 

 Бала өзіне берілетін  басқаның тәжірибесін белсенді  түрде ой елегінен өткізіп,  өңдеп пайдаланады. Психолог ғалым  Б. Спок ересек адамның жанұяда  және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас  тиімді құра алуы, мектепке дейінгі  кезеңде басқа балалармен жасаған  қарым-қатынастың тиімділігімен  анықталатынын тұжырымдаған. Ол  бала басқа балалармен қарым-қатынас  барысында өз құқығын қорғауға  т.б жатқызады. Қарым-қатынас жасаудың  адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік  және психологиялық негізі ең  алдымен адамның күнделікті тіршілік  қажеттіліктерін қанағаттандыру  мақсатымен байланысты екендігі  айқын. 

 

 Мектепке дейінгі балалар  әдетте ойынды, сурет салғанды  жақсы көреді, ересектермен және  өзі қатарлы балалармен лезде  тіл табысып кетеді. Мектепке  дейінгі шақтың әсіресе, алғашқы  үш жылы психологияда «қауіпті»  кезең аталып, өзіне зерттеушілердің  үлкен зейінін аударуда. П. Бадалян  «...осы уақытта сәби арнайы  үйрету мен тәрбие көрмесе,  кейін ол өте қиынға түсіп,  тіпті кеш болуы да мүмкін»  деген. Дер кезінде тәрбие мен  үйрету көрген бала бес жасында  еш қиындықсыз таза сөйлей  білуі тиіс [1, 6, 15].

 

 Сонымен мектепке дейінгі  жас - ерте онтогенез кезеңіндегі  ең ұзақ және күрделі психикалық  даму көрінісі болып табылады. Мұның өзі психологиялық зерттеулердің  объекті ретінде қосылды және  ол ғылыми әдебиеттерде оқиғалардың  әр алуандығылығы ретінде көрсетіледі. 

 

 Жас баланың өмірді  тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық  ерекшеліктері осы ойын үстінде  қалыптасады. Л.С. Выготский пікірінше,  ойын мектеп жасына дейінгі  баланың жеке басының дамуына  ықпал ететін жетекші, басты  құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін  жаттықтырып, қоршаған орта мен  құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып  үйрене бастайды. Ойын кезіндегі  баланың психологиялық ерекшелігі  мынада: олар ойнайды, эмоциялық  әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.

 

 Атақты психолог ғалымдары  Л.С. Выготский, А.И. Леонтьев, А.С.  Запорожец, Л.Д. Венгер, Д.Б. Эльконин, Е.И. Игнатьева, Ю.К. Бабанский,  И.Я. Лернер т.б. зерттеушілердің  еңбектерінде мектеп жасына дейінгі  балалардың жеке басының қалыптасуына  әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің  ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық  белсенділіктің сапалығына назар  аударады. Алайда мектепке бару  қарсаңында баланың психологиялық  даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер  өсе түседі. Бұл өзгешеліктер  мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен  ақыл-ой, адамгершілік және жекелей  дамымен ажыратылады. Олай болатын  болса, балаларға психологиялық  қолдау жасау бiлiм беру мекемелерiнiң  (балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып табылады.

 

 ӘДЕБИЕТТЕР 

 

1. Возрастная и педагогическая  психология. Тексты. - М.: МГУ, 1992.

 

2. Вопросы нравственного  воспитания школьников. /Сборник  статей: Изд-во Ленинградского Университета, 1960.

 

3. Выготский Л.С. Педагогическая  психология. – М., 1991.

 

4. Выготский Л.С. Проблема  возраста./ Собрание сочинений. –  М.,1984.

 

5. Грэйс Крайг. Психология  развития. - СПб., 2000.

 

6. Давыдов В.В. Теория  развивающего обучения. - М., 1996.

 

7. Кисловская В.Р. Школьники  в среде сверстников и взрослых - Алма-Ата, 1975.

 

8. Кулагина И.А. Возрастная  психология: Развитие ребенка от  рождения до 17 лет. – М., 1998.

 

9. Леонтьев А.Н. Проблемы  развитие психики - М., 1981.

 

10. Мухина В.С. Возрастная  психология. - М., 1998.

 

11. Обухова Л.Ф. Детская  психология: Теория, факты, проблемы. – М., 1995. Баяндама

 

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі  жастағы балаларды тәрбиелеу  мен оқытудағы жеке бағытталған  көзқарас» 

 

 

 

«Адамның екі ең маңызды  өнертабысы бар:

 

тәрбиелеу өнері және басқару  өнері»

 

И.Кан  

 

   Замандас жағдайда  педагогиканың дамуы әр алуан  түрде белсендіріледі: ізгілікті,  әлеуметтік, диагностикалық, түзетуші, эксперименталды, ынтымақтастық  педагогика. Ізгілік педагогикасының  пәні: ізгілікті бостандығы бар,  келешек демократиялық қоғамда  өмір сүріп, жаңа нәрселерді  тудыра алатын тұлғаны, яғни  АДАМДЫ тәрбиелеу. 

 

   Бала тұлғасы жалпыадамдық  бағалығы ретінде қарастырылатын,ізгілік  педагогикасының теориясында, «жеке  бағытталған оқыту», «жеке бағытталған  тәрбие», «жеке көзқарас» сияқты  түсініктер бар. 

 

   Жеке бағытталған  педагогика балалардың жеке тәжірибесі  жиналып, олардың жеке қызығушылықтары  мен қажеттіліктері іске асырылатындай   оқыту ортасын жасайды. Оқыту  ортасы табиғатпен сәйкестілікке  бағытталған. Жеке көзқарас –  баланы жеке тұлға ретінде  тәрбиелеудегі өзіндік бейнелілік  қарастыратын, психологиялық ғылымның  маңызды принципі. Осы көзқарас  баланың тәрбиелеу  үрдісіндегі  жағдайын анықтап, баланы осы  үрдістің   белсенді объекті  ретінде, яғни субъект болуы,  субъектілік қатынас құра алатынын  белгілейді.

 

            Жеке бағытталған технологиялар: 

 

·                   Топтық оқыту технологиясы;

 

·                   Ш.А. Амонашвилидің ізгілік-жеке технологиясы;

 

·                   Интерактивті оқыту;

 

·                   Ойын технологиялары;

 

·                   Мария Монтессори технологиясы;

 

·                   Дамыта оқыту технологиясы;

 

·                   Мәселелік оқыту технологиясы;

 

·                   ТРИЗ шығармашылық технологиясы.

 

                           Жеке бағытталған оқытудың мақсаты: 

 

·                   Табу, қолдау және адамда адамды қолдау;

 

·                   Оған өзіндік дамуы, өзін іске асыру, өзін қорғау және өзін тәрбиелеу механизмдерін  енгізу.

 

   Жеке жұмыс -  ол әр баланың дамуының ерекшеліктерін  есепке алатын,педагогтың қызметі.  Тәрбиелеудегі дифференциалды көзқарас  әр педагогтың бала тәрбиесінің  деңгейіне, жынысына, жасына қарай  тәрбиелілік  міндеттерді іске  асыру қарастырады. 

 

   Дифференциация  тұлғаның  сапасын, оның қызығушылықтарын, бейімділіктерін зерттеуіне бағытталған.  Дифференциалды көзқарас жағдайында  балалар парасаттылығындағы, мінез-құлықтарындағы, қарым-қатынасындағы, бастаушы сапаларының  ұқсастығына негізделіп, топтарға бөлінеді. Осы жұмыстың тиімділігі педагогикалық кәсіптіліктің және педагог-тәрбиешінің шеберлілігінен байқалады. Сонымен бірге оның тұлғаны зерттеп, осы тұлға әрдайым жекеленгенін, оны басқа адамдардан айыратын,  нақты бір адамға өзіне тән психологиялық және физикалық ерекшеліктерінің сәйкестілігін есепке алады. Осыны есепке алып, педагог әр баланың тұлғасына тәрбиелілік әсерінің әдістері мен түрлерін анықтайды. Осының барлығы педагогтан тек педагогикалық білімді ғана емес, сонымен бірге психологиядан, физиологиядан, диагностикалық негізінде (индикаторлар) құрылған тәрбиелеудің ізгілік технологиялардан да білімді қажет етеді.

 

   Балалармен жеке  жұмысымыда келесі параметрлерді  басшылыққа аламын: (слайдтық презентация) 

 

1. «Тәрбиеші-бала-топ» деңгейіндегі  іскерлік және тұлғалық қатынастарды  құру және дамыту.

 

2. Бала тұлғасының өзіндік  бағалауын құрметтеу. 

 

3. Баланы қызметтің әр  түріне тартып,  оның ерекшеліктерін  және мінезінің сапасын анықтау. 

 

4. Белгіленген қызметтің  барысында қиындықтарды туғыздырып, балаға талапшылдықты жоғарлату. 

 

5. Психологиялық жағдайды  туғыздырып, тәрбиелеу бағдарламасын  іске асырудың ең тиімді әдісі  болып табылатын өзіндік тәрбиелеуіне  ынталандыру. 

 

Балалармен жеке жұмыс  өзіне бірнеше этап енгізеді:

 

(слайд көрсету)  

 

1 этап. Жеке жұмысқа кірісе  алып, педагог жеке бағытталған  тәрбиелеудің ғылыми-әдістемелік  негіздерін зерттеп, балалармен  достық қатынас құрастырып, жалпы  ұжымдық қызмет ұйымдастырып, әр  бала тұлғасының диагностикасын  жүргізеді. 

Информация о работе Бала бақша дамуы