Балалар ұжымы,тәрбиенің субьектісі және обьектісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2014 в 13:54, реферат

Описание работы

Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтеңдірудің маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамның моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетіңде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кеңейіп әлеуметтік рөлдерді менгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы, оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.

Содержание работы

І. Кіріспе
1 Балалар ұжымы туралы түсінік, құрамы, мәні, міндеттері
2 Балалар ұжымын ұйымдастыру, тәрбиелеу жолыңдағы атқарылатын педагогикалық функциялар
3 Балалар ұжымында оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты саналы тәртіптің қалыптасуы және қалыптастыру жолдары
4 Даму кезеңдерінде балалардың іс - әрекетін мен қарым - қатынасын ұжымдастыру ерекшеліктері.
5.Ұжым теориясы мен практикасының қалыптасуы және дамуындағы А.С.Макаренканның рөлі
6.Педагогтар мен оқушылардың өзара әрекеттісігі.Сыныптан тыс жұмыстарда әр түрлі жастағы оқушылардың ұжымдық іс-әрекетіне педагогикалық басшылық жасау.
7.Өзін-өзі басқару-тұлға мен ұжым қалыптасуының жетекші факторы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

реферат.docx

— 71.08 Кб (Скачать файл)

              

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

''ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ"

''Биология және география" кафедрасы

 

 

 

                 СОӨЖ

Балалар ұжымы,тәрбиенің субьектісі және обьектісі

 

 

 

 

 

 

 

Тексерген: аға оқытушы Урбисинова А.

Био13-01 Екібаева Гүлзада

 

 

 

 

                                         Ақтау 2014

                       Жоспар

І. Кіріспе

1 Балалар ұжымы туралы түсінік, құрамы, мәні, міндеттері

2 Балалар ұжымын ұйымдастыру, тәрбиелеу жолыңдағы атқарылатын педагогикалық функциялар

3 Балалар ұжымында оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты саналы тәртіптің қалыптасуы және қалыптастыру жолдары

4 Даму кезеңдерінде балалардың іс - әрекетін мен қарым - қатынасын ұжымдастыру ерекшеліктері.

5.Ұжым теориясы мен практикасының қалыптасуы және дамуындағы А.С.Макаренканның рөлі

6.Педагогтар мен оқушылардың өзара әрекеттісігі.Сыныптан тыс жұмыстарда әр түрлі жастағы оқушылардың ұжымдық іс-әрекетіне педагогикалық басшылық жасау.

7.Өзін-өзі басқару-тұлға мен ұжым қалыптасуының жетекші факторы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі  
  
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                Кіріспе      

Жеке  тұлға және ұжым мәселелерімен философтар, әлеуметтанушылар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған  мәселенін педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуға П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Н.К. Крупская, П.Н. Лепешинский, В.И. Сорока-Росинский, С.Т. Шацкий және т.б. өз үлестерін қосты.      

Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С. Макаренко еңбектеріңде жатыр. Мектептің балалар ұжымы бастапқы ұжымдардан (сыныптардан) тұрады; осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардың мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсенділендіруге жағдай жасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратындай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.      

Ұжым  проблемасын зерттеушілер қазір  оны зерделеудін әртүрлі әдіс-тәсілдерін жасауда. Л.И. Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту құралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т.Е. Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты қызметін оқушының адамгершілік дамуымен байланыстырады. Р.С. Немов, А.Г. Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға үлкен мән береді.      

Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы  жеке тұлғаны әлеуметтеңдірудің  маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамның моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетіңде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кеңейіп әлеуметтік рөлдерді менгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы, оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.      

Біздің  елімізде қазіргі қоғамның маңызды  ұясы - мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Мектептегі балалар ұжымы бұл іс-әрекетімен (оқу, еңбек т.б.) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.       

Мектеп  ұжымының негізінде бірнеше өзара  байланысты балалар ұжымдарының  типтері пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар, секциялар оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды.  
  
 

 

 

 

 

 

 

1 Балалар ұжымы туралы  түсінік, құрамы, мәні, міндеттері      

Балалар ұжымы туралы түсінік көптеген өзгерістерге ұшырауда. Кеңестік дәуірде балалар ұжымы десек, октябрят, пионер, комсомол ұйымдары туралы сөз қозғаушы едік. Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін балалар ұжымы туралы мардымды ештеңе айта алмайтын сыңай таныттың. Бұл дұрыс па? Менің ойымызша бұл дұрыс емес. Себебі адам қоғамда өмір сүреді, қоғам арқылы дамиды, қалыптасады, тәрбиеленеді. Бала да өзінің ортасын табады. Ол - отбасы, ауладағы, балабақшадағы, мектептегі, сыныптағы жора-жолдастары. Бүгінде демократиялық мемлекет құрып жатырмыз. Осы демократиялық қазақстандық мектептерде түрлі балалар ұйымдары бар. Осының бәрін бала және балалар ұжымдарын біртұтастықта қарағанымыз жөн. Себебі бала - ұжым мүшесі. Ұжым-тәрбиенің маңызды құралы. Жеке адам өзінің нышанын тек ұжымда дамытуға мүмкіндігі бар.      

«Ұжым - ортақ бір мақсатты көздеген адамдар жиынтығы. Адамдардың ұжымға бірігуі көбіне бірлесіп жұмыс істеп, қызметтес болу нәтижесінде асады».      

Бұл анықтама балалар ұжымына да қатысты. Оқушылар сабақта, үйірмеде ортақ қызығушылық бағытта топтасып ұжым құрады. Бір бала отбасындағы, сабақтағы, үйірмедегі, ауладағы, т.б. бірнеше ұжымның мүшесі болуы мүмкін.       

Балалар ұжымы туралы еңбек жазған ғалымдар - А.В. Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский, т.б.      

Мысалы, А.В.Луначарский: «Адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым», - десе, Н. К. Крупская: «Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы ұжымда өтеді» деген. Олар мектептегі қоғамдық ұйымдарға, балалардың қарым-қатынасына үлкен мән берген. Балаларды ұжымда өмір сүре және қызмет істей алатындай етіп, тәрбиелеудің қажет екенін ескерткен. Бұл ой бүгінгі күні де өз құндылығын жойған жоқ. Н.К.Крупская мектептегі қоғамдық ұйымдарға көп мән берген.      

Бүгін ол заманның қоғамдық ұйымдары болмаса да, бұл күннің ұйымдары бар. Олар - «Балдырған», «Жас ұлан», «Ұлан». Сондықтан Н.К.Крупская еңбектері, әсіресе ұйым, ұжым туралы ойлары өз құндылығын жойған жоқ.      

А.С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді теориясын жасады. Оның «Педагогикалық поэмасы» (1937 ж.), «Мұнараның басындағы ту» (1938 ж.) атты еңбектері осы уақытқа дейін өз маңыздылығын сақтауда.      

Іс-әрекет, қарым-қатынас, дәстүр сияқты тәрбие мәселелері ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болып есептеледі.      

В. А.Сухомлинский де балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде «Ұжымның құдіретті күші» (1965 ж.), «Павлыш орта мектебі» (1969 ж.), т.б. баяндалды.      

В.А.Сухомлинскийдің  пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас - ұжымдық қатынастың даму процесі. В.А.Сухомлинскийдің қарым-қатынас жайындағы ойлары жаңашыл ұстаздардың ойларымен ұштасып жатыр. Демек, ынтымақтастық балалармен қарым-қатынастың нәтижесінен туады.      

С.Т.Шацкий де оқушыларды қоғамға қажетті еңбекке  жұмылдыру арқылы тәрбие берудің әдістемесін жасаған. Мұнда ортаның балаға әсері ескерілген. Ол баланың өз тәжірибесін өзіне жұмсауды қолдаған. С.Т. Шацкий алғаш рет Ресейде балалардың мектептен тыс оқу-тәрбие орындарын ашқызып, болашақ жастарды осы оқу-тәрбие орындары арқылы ұжымшылдыққа тәрбиелеген.       

Л.И. Новикова балалар ұжымын тәрбие құралы деп есептейді. Мектептегі балалар ұжымының құрамы бірнеше бастауыш ұжымдардан тұрады. Олар: мектептегі сыныптар, ұзартылған күн, клубтар, секциялар, үйірмелер, еңбек бірлестіктері т.б. Бұл ұжымдар бір-бірімен тығыз байланыста. Жалпы мектеп үлкен ұжымнан тұрады: ұстаздар, ата-аналар, оқушылар ұжымы. Бұлар да бір-бірімен тығыз қатынаста болып келеді.      

Қазіргі кезде ұжымды, әсіресе үлкен ұжымды жоққа шығарып жүрміз. Колхоз, совхоз, өндіріс ұжымдары, партия, комсомол, пионер ұжымдары бүгінде жоқ. Сондықтан үлкен ұжымның тәрбиеде бұрынғыдай ықпалы жоқ болып көрінеді. Бірақ жеке адам ұжымсыз өмір сүре алмайды. Мысалы, Робинзон Крузо, Мауглиді, т.б. алып қараңыз. Керек болса жан-жануар да өз тобын іздейді. Сондықтан ұжым керек, оның тәрбиеге ыңпалы бар. Қоғам да үлкен ұжым. Ал қоғамның тәрбиеге ықпалы жоқ деп кім айта алады? Ұжымда жеке адам рухани байлық, дамуға қажетті ықпал алады, кемшіліктер ұжымда түзетіледі.       

Ұжымның тәрбие құралы ретіндегі маңыздылығы әр түрлі аспектіге байланысты:      

а) Экономикалық аспект (еңбек, экономикалық тәрбие).      

б) Саяси аспект (мектептегі саяси-әлеуметтік істерге араласу, мектеп ұжымының өзін-өзі басқаруы).      

в) Әлеуметтік аспект (баланың үй жағдайына қарасуы).      

г) Адамгершілік аспект (өсиет арқылы тәрбие).      

д) Қоғамдық-құнды аспект (рухани татулық).       

е) Құқықтық аспект (заңды бұзбау, бағыну).       

ж) Психологиялың аспект (психологиялың сиысу).      

з) Ұйымдастырушылық аспект (ұйым тәрбие құралы).      

и) Жеке басына байланысты аспект (кейде  бала жеке қалып ойға кетеді. Бұл ұжымнан кеткендік емес).      

к) Педагогикалық аспект (тәрбиелік  ықпал, тәрбиелік қарым-қатынас, баланың басының, жас ерекшеліктерін ескеру, балалардың өзара қарым-қатынасы).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   2.Балалар ұжымын ұйымдастыру, тәрбиелеу жолыңдағы атқарылатын педагогикалық функциялар      

Балалар ұжымын педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыруға болады. Егер де ондай жағдай жасалмаса балалар өздігінше топтасуы да мүмкін. Педагогикалық тұрғыда балалар ұжымын құруда педагогикалық басшылық немесе ықпал еткен абзал.      

Балалар ұжымының негізгі тәрбиелік функциясы - оқушыларды қоғамдық жүйенің қатынасына араластыру, тәжірибе жинақтау. Бұл бірінші функцияға жатады. Қоғамдық жүйе, қоғамдық қатынас мектептен басталады. Оқушы өзара ұжымдық қатынаста, өзін қоғамның мүшесі ретінде сезінеді, қоғамдық тәжірибені өзінікіндей қабылдап, өмірде қолданады.       

Балалар ұжымының екінші тәрбиелік функциясы (қызметі) - балалар қызметінің негізгі ұйымдастырушы түрі. Оқудағы, еңбектегі, қоғамдық, ойын қызметтері арқылы бала өседі, дамиды, білімге, еңбекке, қоғамдық қарым-қатынасқа ойын арқылы қарым-қатынасы қалыптасып, машықтанады. Ұйымдасудан ұжым шығады. Ұйымдасуда қызметтес-тәуелділік, жауапкершілік, бір-біріне көмек, бақылау, өзін-өзі бақылау, бір-біріне талап қою, т.б. Міндетті түрдегі болашақ ұжымның қаңқасын құрайтын ереже-заңдары пайда болады. Осы ереже-заңға сүйене отырып, ұжым құрылады. Бұл ереже-заңды орындау әр ұжым мүшесіне міндет. Қазақтың мақалындай «Басында қатты болса, аяғында тәтті болады» немесе «Адамның күні адаммен», дегендей. Осындай қарым-қатынастың нәтижесінде балалардың өзара тату-тәтті өмір сүруіне, сыйластықта, достықта болуына мүмкіндік туады. Мұндай жағдайда әр оқушы - ұйымдастырушы, орындаушы.

Балалар ұжымының үшінші тәрбиелік функциясы - түрлі қарым-қатынас арқылы оқушының өнегелілігі, адамгершілігі, сұлулыққа құштарлығы, өмірді сүюі, өзін-өзі сыйлауы қалыптасады. Осындай көзқарас оқушының материалдық, рухани байлығын қалыптастыра отырып, оның өмірге құштарлығын дамытады, жамандықтан арылтады.      

Балалар ұжымының төртінші тәрбиелік функциясы - кейбір нашар мінезді, қылықты, қоғамға жат істерді жеке оқушылар мен топтарға педагогикалық ықпал етеді, дұрыс жолға түсуіне көмектеседі. Оқушылар ұжымы күшті болса, ондай нашар топтағы балаларға дұрыс ықпал етуге толық мүмкіндігі бар. Бұл жерде қоғамдың мүдде мен жеке мүдде таразының екі басына түседі. Әрине, қазір жеке мүдде таразының басын басып кетуі мүмкін. Бірақ, қара бастың қамын ойламай, қалың көптің қамын ойлаған да жөн шығар.      

А.С.Макаренко  оқушылар ұжымының дамуын үш кезеңге бөлген:      

а) Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан ұстаз сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап - іс-әрекеттің процесінде орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою - балаларды мінез-құлың нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы, инициативалы оқушыларға сүйену керек. Ұжым өмірінде мұндай тәсіл сыныпта белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар мен ұстаздардың жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін.       

Бұл кезеңде:

  1. Ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау.
  2. Ұжым іс-әрекетінің дамуы.
  3. Шәкірттер арасындағы қарым-қатынас, іскерлік, адамгершілік қатынастардың пайда болуы
  4. Барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының іріктелуі байқалады. Осы уақытта ұстаздың негізгі қызметі - оқушылардың ұжымдың іс-әрекетін ұйымдастыру, қатыстыру, ұжымды оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру болып табылады.

 

      б) Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға көшеді. Негізгі ұйымдастыру жұмысын белсенділер атқарады. Ұстаздың қызметі - коммуникативті, яғни оқушылармен байланыс жасау, ұжымның жалпы өмірі үшін оқушылардың бастамасын, ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш-жігерін біріктіріп нығайту. Ұжымның бұл даму кезеңінде қос ықпал жасау принципі қолданылады, яғни жеке адамға талап қою, ұжым арқылы жүзеге асырылады. Қос ықпал деп отыр-ғанымыз - ұстаз ұжым арқылы жұмыс істейді, ұстаз және ұжым оқушыға тәрбиелік қос ықпал етеді.      

в) Үшінші кезең - бұдан былай белсенділердің және ұжымның (сынып) іс-әрекетінің дамуымен сипатталады, онда қоғамдық өмірдегі фактілерді, құбылыстарды бағалауға ұжымдың пікір пайдаланылады. Бұл саты ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым өмірінде, оқушылар арасында жалпы істі бірлесіп орындаудың арқасында ұжымдың, гуманистік қатынастар дамиды, демек, ұжымда тілектестік, бір-біріне ілтипатты болу, жолдастарының қуанышына, мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мінез-құлық нормасын сақтау, жалпы ережеге бағыну сияқты қасиеттер пайда болады.      

Информация о работе Балалар ұжымы,тәрбиенің субьектісі және обьектісі