Балалар ұжымы,тәрбиенің субьектісі және обьектісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2014 в 13:54, реферат

Описание работы

Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтеңдірудің маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамның моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетіңде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кеңейіп әлеуметтік рөлдерді менгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы, оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.

Содержание работы

І. Кіріспе
1 Балалар ұжымы туралы түсінік, құрамы, мәні, міндеттері
2 Балалар ұжымын ұйымдастыру, тәрбиелеу жолыңдағы атқарылатын педагогикалық функциялар
3 Балалар ұжымында оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты саналы тәртіптің қалыптасуы және қалыптастыру жолдары
4 Даму кезеңдерінде балалардың іс - әрекетін мен қарым - қатынасын ұжымдастыру ерекшеліктері.
5.Ұжым теориясы мен практикасының қалыптасуы және дамуындағы А.С.Макаренканның рөлі
6.Педагогтар мен оқушылардың өзара әрекеттісігі.Сыныптан тыс жұмыстарда әр түрлі жастағы оқушылардың ұжымдық іс-әрекетіне педагогикалық басшылық жасау.
7.Өзін-өзі басқару-тұлға мен ұжым қалыптасуының жетекші факторы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

реферат.docx

— 71.08 Кб (Скачать файл)

Педагогика  ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттігін, оның тәрбиелік қызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Балалар ұжымы олардың өмір мен қатынастарының жүйесі ретінде бір орнында тоқтап қала алмайды. Даму, ілгері қозғалу - ұжым өмірінің заңы. Бұл жерде қозғалыстың себебін, дамудың мүмкіндігінің сырын ашып алған жөн.      

Мұндай психологиялық күш - болашақ үміт дүниесі. Педагогикалық тұрғыдан болашақ үміт дүниесі деп тұтас ұжым балалар тобы, баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ұжым мүшелерінің даму деңгейіне, олардың жас және дербес ерекшеліктеріне қоғам талабына сәйкес келетін міндеттерді, мақсаттарды, істерді түсінуіміз керек.      

Оқушылардың тәрбие ұжымын және тұлғалық мәндерін  
қалыптастыру мақсатында болашақ үміт дүниелерінің жалпы сипаттағы ерекшеліктері болады. Олар:      

- міндетті ұжым болып орындау жолындағы күрес бейнесінің қиялдан туындайтын тікелей бала қызығуына, қуанышына негізделген істердің еліктіруі;      

- Нақты істер міндеттерінің, мақсаттарының  қоғамдық пайдалы құндылығы және  олардың біздің халықымыздың  бүкіл күресімен байланысы, болашақ  үміт дүниесі үшін күрес барысының нақты ұйымдастырылуы;      

- Оқушыларда нақты моральдық  сапаларды тәрбиелеудің педагогикалық  мақсатқа сәйкестігі.      

Мұғалімнің міндеті болашақ үміт дүниесі жүйесін құру, яғни іс-әрекет жүйесін құру, осы іс-әрекет барысында балаларға қажетті сапаларды тәрбиелей отырып, бір міндет шешімінен екіншісіне ұжымды қозғалту.       

Ұжымның жасампаз істері қазіргі кезде тәрбие жұмысы құралдарының ішінде ең өзектілерінің бірі. Шындығында, мәселен, еңбек мерекесі, ән-жыр көктемі, тақырыптық кештер, т.б. мектепте үйреншікті құбылыстарға айналды. Осындай іс-әрекеттер түрлі жастағы оқушылар жігерін біріктіріп аға ұрпақ өкілдерінің бірлескен қатынастарын дамытуға көмектесуде. Бұл бірлік ұжымдық жасампаз істер жүйесін оқушылармен тәрбие жұмысында нәтижелі пайдаланудың шарты болып отыр. Мектеп кештерінде, арнайы ұйымдастырылған кездесулерде мұражай және көрмелерге баруда аға ұрпақ өкілдерімен тікелей қатынасып, оқушылардың танымдық мүддесін қанағаттандырады және тереңдетеді, ой-өрісін кеңейтеді, талғамды құлықтық көзқараспен қабылдауын және үндестігін, пейілін және зейінін дамытады.      

Мектеп  тәжірибесі болашақ үміт дүниесін алға қоюдың төмендегідей екі жолы бар екенін көрсетеді:      

- оқушылардың жас ерекшеліктерін  ескеріп, мұғалімнің өзі олардың алдына болашақ үміт дүниесін міндет етіп қояды және міндетті шешудің жолдарын көрсетіп, балаларды еліктіреді;      

- өздеріне - болашақ үміт дүниесі  ретінде алдына қойған мақсатқа жету жөніндегі оқушылар бастамасын мұғалім қуаттап оған жету жолдарын табуға көмектеседі.       

Түрлі болашақ үміт дүниесін ұйымдастырудағы негізгі әдістемелік тәсіл-нақты мақсатқа жету жолындағы күреске балаларды даярлау. Ол даярлыққа болашақ үміт дүниесіне жетудегі көмектесетін жоспарды, жобаны, ұсыныстарды талқылау мен одан туындайтын ұйымдық және практикалық жұмыстар кіреді. Бұл жұмыс - тәрбие ұжымын және біріктіру барысындағы еңі маңызды кезең. Ортақ іс-әрекетке барлық оқушылардың қатысуын қамтамасыз ету керек және ол қатынасу белсенді, жасампаз сипатта болған жөн. Ұжым мүшелеріне тапсырмаларды орынды бөлу-балаларды еліктірудің, болашақ үміт дүниесі істеріне қатынастырудың негізгі жолы. Тапсырма топқа және жеке оқушыға берілуі мүмкін. Кез-келген іс баланың ақыл-ойын ғана емес, оның сезіміне әсер ететіндей, тек еңбегі мен қылығына ғана емес әсемділікке талғамды көзқарасын тәрбиелейтіндей ұқыпты ұйымдастырыл-ған, сәулетті безендірілген болуы керек. Әсіресе мерекелер сәулетті және салтанатты ұйымдастырылуы қажет. Бұларға ата-аналар, қонақтар қатынасуы, өту барысында балаларға сыйлықтар тапсырылуы, жарыс қорытындысы жарияланғаны өте жақсы.       

Белгіленген болашақ үміт дүниесі жүйелерін  жүзеге асыруда әсіресе сынып жетекшісінің зор ұйымдастыру жұмысы қажет. Оның болашақ үміт дүниесін тауып қоя білуі, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру іскерлігі, балаларды еліктіру, қиялын ояту, оның өз ынтасына оқушыларды сендіруі, болашақ үміт дүниесін айқын, бейнелі, әсем суреттей білуі балалармен бірге олардың өмірін қуанышты және қызық еткісі келетініне сендіруі керек.      

А.С. Макаренко әдепті кезеңде оқушылар қарсылық білдірмей пікір таластырмайтындай және тапсырмадан бас тартпақты талап қоюдың қажет екенін атап көрсеткен болатын.       

Бұл жерде қойылған талаптың сыйымды, балалар шамасына сай орындалуы ұжым мүддесіне қажетті екендігіне мұғалімнің сенімі болуы керек. Бірақ бәрін өз тарапынан туатын талапқа шоғырландыру қате болады. Бұл жағдайдың өзгермеуі түрлі бастамалар мен өзіндік іс-әрекеттерді тежейді. Сондықтан болашақ үміт дүниесі үшін күрестің алғашқы нәтижелері белгілі болғанда мұғалімнің балалар өмірінің қуанышты және қызықты етуге тырысқанына оқушылар сенгенде, балалардың көбі белсенділік көрсеткенде, оқушылар ұжымның өмір мазмұнын күрделендіріп, ұжымға талап қою қызметінің бөлігін белсенділерге жүктеп, оларды жан-жақты қолдап отыру қажет. Оқушылардың көбі сыныптың белсенді тобын және мұғалімді қуаттайды. Оқушылар ұжымның қоғамдық пікірі құлық тәрбиесінің шешуші күшіне айналады. Қажет болғанда бүкіл ұжым жеке оқушылардан тәртібінің дұрыс болуын талап етеді.      

Бірыңғай педагогикалық талаппен қатар, балалардың тәрбие ұжымы-ның жетекші буынға айналуы оқушылардың бүкіл мектептің өзін-өзі басқару ісіне қатынасуы болады. Сыныпта ұйымдастыру міндеттерін орындауы ұжым өкілдері бүкіл мектептің өзін-өзі басқару органдарының құрамына енеді. Осылайша өз ұжымының өмірін басқа бастауыш ұжымдары өмірімен байланыстырады. Бұл байланысты жүзеге асырудың тағы бір жолы ұжымның өз шамасына сай мектептің ішіндегі еңбек жарыстарына қатысуы болып табылады (мектеп жанындағы учаскедегі іс-әрекет, макулатура жинау, мектепке дейінгі мекемелерге қамқорлық т.б.). Олардың бұл ісі мектеп көлемінде есепке алынады және бағаланады.       

Оқушылар ұжымын қалыптастырудың пәрменді құралы олардың өзін-өзі қызмет істеу шамасына сай қатынасуы болады. Мұны ұйымдастыру барысында балалардың жас ерекшелігін ескеріп, еңбектің көлемі шамадан тыс кетпеуін қадағалау керек.      

Оқушылар  іс-әрекеттері туралы біраз пікірлер айтылады.      

Іс-әрекеті - бұл қарым-қатынас, ұжымның өздігінен істеушілік және ішкі процесінің көзі, нақты мақсатқа жету. Ұжымның ішкі процесі қарым-қатынас және ақпарат арқылы іс-әрекетімен байланысты. Іс-әрекетінің барысында қарым-қатынас дамиды.      

Қарым-қатынас - бұл адамға адам қажеттіліктерін қанағаттандыру. Сондықтан педагогикалық ұжымның міңдеті - жеке адам қарым-қатынас жасаудың негізінде басқа адамдармен бірігіп, қуанышты көңіл күйін жеңілмейтін тілекті сезуі тиіс.      

Балалар қарым-қатынасты бағалайды. Осы тұрғыдан және қатынастың тұрақты жүйесін және кіші топтың рөлін еске алу қажет. Жеке қатынас жүйесінде әр бала өз орнын алады. Біреулері өзінің әйгілілігімен жолдастарының алдында беделді, ал екіншілерімен ешкімнің қарым-қатынас жасағысы келмейді. Бірақ барлық балалар қатынас жасауды қажет етеді. Әсіресе сынып ұжымындағы оқушылар қатынас арқылы ынтымақтық достықты тілейді. Осыған байланысты кіші топ дербес қатынас жасаудың негізінде стихиялы пайда болады.      

Кіші топтардың құрамы тұрақты немесе тұрақсыз болуы мүмкін. Кіші топтардың маңызды ерекшеліктері өзара қатына сының тартымдылығы. Егер мұндай ерекшелік болмаса топты сақтау мүмкін емес. Әрбір оқушы бір сыныптың оқушыларымен немесе құрдастарымен ынтымақты қатынас жасау үшін олардың арасында өзара ұнатушылық, бір-біріне сүйіспеншілік болуы қажет. Оқушылардың түрлі тақырыптарға өзара әңгімелесуі, достық кездесуі, ақпарат алмасуы, әрбір баланы қызықтырады, ынталандырады. Бұл балалардың әлеуметтік тәжірибесін молайтады.       

Балалардың  дербес аралық қатынастарын және олардың мақсаттылығын сынып жетекшісі зерттеп, балалардың қарым-қатынасын реттеуде және дамытуда қамқоршы болуы тиіс. Дербес қатынас жүйесінде мұндай шығармашылық тәсіл ұжымда педагогакалық меңгеру жолдарының бірі. Өзара жауапкершілік қатынас жүйесінде қабылданған мақсатқа сәйкес жалпы істі орындау үшін ұжым мүшелерінен жауапкершілік және өзара тәуелділік талап етіледі.      

Өзара жауапкершілік қатынастың мынадай жағдайларды еске алған жөн:      

- ұжым мүшелері тең құқықты  болады;      

- басқарушы міндетін орындаушы  ұжым мүшесі тарапынан оқушыларға қысым жасалмайды;      

- жауапкершілік және өзара тәуелділік  жүйесінде жалпы істі орындаудың барысында әр түрлі бейімдеушілікке жол бермейді  

Осындай жағымсыз жайларды болдырмау үшін әрбір  ұжым мүшесінің әлсіз және әлді жақтарын еске алып, оның жағымды позициясын қамтамасыз ету керек. Ең бастысы - адамгершілік, мораль және демократия принциптері негізінде ұжым өмірінің нормаларын нығайту.      

Ұжым өмірінде гуманистік қатынас ерекше орын алады. Гуманистік қатынастың негізгі белгілері:      

- сергектік стиль-ширақтық, белсенділік, қайырымдылық ұжым  мүшелерінің достық бірлігі, бір-біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру;      

- балалар арасында бақталастық, өз қамын кездеушілік тұйықтық, бөлектенушілік, лидерлік болмауы  тиіс;      

- басқа ұжымдарға жолдастық  көмек беру, үн қосуға дайын  тұру.      

Мұндай гуманистік қатынас тек қана іс қатынасының көзі емес, ол ұжымда балалардың жеке байланыстары дамуының құралы болады. Ұжымда балалардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы процесінде жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, сондай-ақ гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  
        

5.Ұжым теориясы мен  практикасының қалыптасуы және  дамуындағы А.С. Макаренконың рөлі.    

А.С. Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен, қоғам мүддесімен өмір сүре білуі керек. Әрине бұл қағида бүгін ескіргендей болып көрінеді. Қазіргі талап «алдымен өзіңді жарылқа, сонан соң қоғамға үлесіңді қос», дейміз. Бір жағынан бұл да дұрыс шығар. Бірақ, «Адамның күні адаммен», деген қағиданы есте ұстағанымыз жөн. Ерте ме, кеш пе әйтеуір қоғам мүддесін ұмытпайтын уақыт та келер. Сонда А.С.Макаренконың айтқан қағидаларының дұрыстығына қайта соғармыз.      

А.С.Макаренко  жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, белгілерін көрсетті:      

а) Ұжым тәрбиенің мақсаты, объектісі. Жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.      

б) Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.       

в) Ұжым барлық ұжымдардың табиғи байланысты бір бөлігі.      

г) Ұжымның өзін-өзі басқару орындары, өкілдері, ұйымдастырушы-лары болады.      

Әрбір ұжым - бұл топ, бірақ әрбір ұжым топ бола алмайды. Ұжым контактылы және негізгі болып екіге бөлінеді. Контактылы ұжым - бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым - бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі. Мысалы контактылы ұжым - бұл студенттер тобы, негізгі ұжым - факультет т.б.      

Қазіргі кезеңде А.С. Макаренко идеясын  дамытуда И.П.Ивановтың «Коммунар әдісі» игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні, ұжым өмірінің айқын бейнесін ұйымдастыру. Онда барлығы өнегелік принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс- әрекетінің әдісіне ұжымдық жоспарлау жүзеге асыру, күнделікті іс-әрекеттері, ұжымдық талқылау,  шешім қабылдау және баға беру кіреді. Бұл мәселелер И.П. Ивановтың «Коллектившілерді тәрбиелеу» атты еңбегінде қарастырылған.       А.С.Макаренко  оқушылар ұжымының дамуын үш кезеңге бөлген:      

а) Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ. Сондықтан ұстаз сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап - іс-әрекеттің процесінде орындалуға тиісті нақты міндеттер. Талап қою - балаларды мінез-құлың нормасына үйрету, әлеуметтік тәжірибеге тарту. Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы, инициативалы оқушыларға сүйену керек. Ұжым өмірінде мұндай тәсіл сыныпта белсенді жұмыс істейтін оқушылар тобын көбейтуге және балалар мен ұстаздардың жұмысты бірлесіп істеуіне әсер етуі мүмкін.       

Бұл кезеңде:

  1. Ұжымды нығайтуға бағытталған мақсаттарды анықтау.
  2. Ұжым іс-әрекетінің дамуы.
  3. Шәкірттер арасындағы қарым-қатынас, іскерлік, адамгершілік қатынастардың пайда болуы
  4. Барлық ұжым мүшелері қолдайтын белсенділер тобының іріктелуі байқалады. Осы уақытта ұстаздың негізгі қызметі - оқушылардың ұжымдың іс-әрекетін ұйымдастыру, қатыстыру, ұжымды оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру болып табылады.

 

      б) Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға көшеді. Негізгі ұйымдастыру жұмысын белсенділер атқарады. Ұстаздың қызметі - коммуникативті, яғни оқушылармен байланыс жасау, ұжымның жалпы өмірі үшін оқушылардың бастамасын, ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауда барлық оқушылардың күш-жігерін біріктіріп нығайту. Ұжымның бұл даму кезеңінде қос ықпал жасау принципі қолданылады, яғни жеке адамға талап қою, ұжым арқылы жүзеге асырылады. Қос ықпал деп отыр-ғанымыз - ұстаз ұжым арқылы жұмыс істейді, ұстаз және ұжым оқушыға тәрбиелік қос ықпал етеді.      

Информация о работе Балалар ұжымы,тәрбиенің субьектісі және обьектісі