Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2014 в 13:54, реферат
Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеуметтеңдірудің маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамның моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетіңде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кеңейіп әлеуметтік рөлдерді менгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы, оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.
І. Кіріспе
1 Балалар ұжымы туралы түсінік, құрамы, мәні, міндеттері
2 Балалар ұжымын ұйымдастыру, тәрбиелеу жолыңдағы атқарылатын педагогикалық функциялар
3 Балалар ұжымында оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты саналы тәртіптің қалыптасуы және қалыптастыру жолдары
4 Даму кезеңдерінде балалардың іс - әрекетін мен қарым - қатынасын ұжымдастыру ерекшеліктері.
5.Ұжым теориясы мен практикасының қалыптасуы және дамуындағы А.С.Макаренканның рөлі
6.Педагогтар мен оқушылардың өзара әрекеттісігі.Сыныптан тыс жұмыстарда әр түрлі жастағы оқушылардың ұжымдық іс-әрекетіне педагогикалық басшылық жасау.
7.Өзін-өзі басқару-тұлға мен ұжым қалыптасуының жетекші факторы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы - мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Мектептегі балалар ұжымы бұл іс-әрекетімен (оқу, еңбек т.б.) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.
Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара
байланысты балалар ұжымдарының типтері
пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған
күн тобы, клубтар, секциялар оқушылардың
еңбек бірлестіктері т.б. Бұлардың барлығын
бастауыш ұжымдар деп атайды.
Балалар ұжымы туралы түсінік көптеген
өзгерістерге ұшырауда. Кеңестік дәуірде
балалар ұжымы десек, октябрят, пионер,
комсомол ұйымдары туралы сөз қозғаушы
едік. Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін
балалар ұжымы туралы мардымды ештеңе
айта алмайтын сыңай таныттың. Бұл дұрыс
па? Менің ойымызша бұл дұрыс емес. Себебі
адам қоғамда өмір сүреді, қоғам арқылы
дамиды, қалыптасады, тәрбиеленеді. Бала
да өзінің ортасын табады. Ол - отбасы,
ауладағы, балабақшадағы, мектептегі,
сыныптағы жора-жолдастары. Бүгінде демократиялық
мемлекет құрып жатырмыз. Осы демократиялық
қазақстандық мектептерде түрлі балалар
ұйымдары бар. Осының бәрін бала және балалар
ұжымдарын біртұтастықта қарағанымыз
жөн. Себебі бала - ұжым мүшесі. Ұжым-тәрбиенің
маңызды құралы. Жеке адам өзінің нышанын
тек ұжымда дамытуға мүмкіндігі бар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Информация о работе Балалар ұжымы,тәрбиенің субьектісі және обьектісі