Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 17:17, реферат
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Білім беру жүйесі
Қазақстандағы білім беру жүйесі
АҚШ-тың білім беру жүйесі
Қытайдың білім беру жүйесі
Білім беру жүйесін дамытудағы шетел тәжірибесі
Жоспар:
Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік
арттыру жүйесінде
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.
Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Құзырлылықтың
латын тілінен аудармасы «
Латын тіліндегі « компетенс»сөзін ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын , ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса, Б.Тұрғанбаева «Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты » деп көрсетеді.
Қ.Құдайбергенова «Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады» деген тоқтам жасайды.
Қазіргі таңда, әлемдік білім беру үрдісіндегі қарқынды жүріп жатқан өзгерістерде бәсекеге қабілетті болу үшін, Қазақстанның жоғары білім беру бағыттары мен саясаты қайта қарастырылып, университеттерде шетел тәжірибелері қарқынды қолданылуда.
ҚР-да 2011-2020 жылдарда білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында, «білім берудің қазақстандық жүйесі, жаһандық бәселекестіктен көріну үшін білім беру мазмұны және технологиясы саласында озық әлемдік тәжірибелерді қолдануды, жаңашыл біріктірілген ғылыми – білім беру құрылымдарды жасауды, білім беру қызметтерінде халықаралық ынтымақтастықты арттыруды мақсат етуіміз керек» - деп білімдегі басымдықтар анықталған . Халықаралық білім кеңістігіне бетбұрыс жасаудың басты мақсаты - әлемдік стандарттармен сәйкес болатын қазақстандық білім сапасын қалыптастыру, нарық қоғамында оның бәсекелестігі мен тартымдылығын арттыру.
Әлемдік білім беру кеңістігіне ену үдерісі, Қазақстан Республикасының 1997 жылы, ТМД елдері арасында алғаш болып Лиссабон конвенциясына қосылуынан, қатысушы мемлекеттердің дипломдары мен біліктіліктерін тануға бағытталған жаңашыл үрдіске қадам басуынан көрінеді. Кейіннен, ҚР 2010 жылы Болон декларациясына қол қойған 47-ші мемлекет ретінде, жоғары оқу орындардың оқу-тәрбие үдерісі кредиттік оқыту технологиясына толық көшті.
Кредиттік оқыту технологиясы заман талаптарына сәйкес болашақ маманның жеке оқу траекториясын, жекетұлғалық және кәсіби дамуының бағытын құруға, өздігінен білім алу, оқу іс-әрекетінің дағдыларын дамытуға жағдай жасайтын жаңа оқу технологиясы. Осыған орай, студенттің жаңа білім беру үдерісіне интеграциялануына, бейімделуіне, жеке оқу траекториясын, дербес оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға, оқу үдерісіне жауапкершілігін арттыруына қандай жағдай жасалуы қажет деген маңызды мәселелер туындайды. Маңызды басымдықтарды шешу үшін, білім алушыларды кредиттік оқыту технологиясының ерекшеліктеріне бейімдеу, олардың ақпараттық хабардарлығы мен академиялық сауаттылығын арттыру, жеке оқу траекториясын саналы түрде қалыптастыруды қажет етеді.
ҚР жоғары білім беру жүйесін реформалау мен жетілдірудегі кездесетін мәселелерді шешу үшін озық мемлекеттердің, соның ішінде АҚШ университеттеріндегі студенттің жекетұлғаға бағытталған оқыту ортасын қалыптастырудағы бірнеше ғасырлық тарихы бар озық тәжірибелерін, атап айтқанда университет студенттеріне академиялық қолдау көрсету бағытын (Student Academic Support Services) жан-жақты талдауды, оны бейімдеп тәжірибеге ендіруді қажет етеді. Себебі, Қазақстан мен АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінің әртүрлі салаларындағы өзгешеліктерге қарамастан, білім алушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескеру тұрғысынан ұйымдастырылған, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсету кешені, өзінің ғасырлық тарихында дамып, сұрыпталып, әмбебеп әлемдік тәжірибеге айналып, басқа да елдер үшін қолдану мүмкіндігіне ие болып отыр.
Сонымен қатар, өткен кезеңнің саясатына байланысты, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінің басым бағыттары, отандық, ресейлік ғылыми-зерттеу жұмыстарында, сыни-иделогиялық тұрғыдан анықталды. Бұл жағдайлар, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесін талдауда жаңашыл көзқарастарды қалыптастыруды қажет етеді. Осы бағыттағы АҚШ тәжірибесінің толыққанды зерттелуі мен қолдану мүмкіндіктерін анықтау жолдары, отандық жоғары оқу орындарындағы кредиттік оқыту технологиясы бойынша мамандар даярлаудың сапасын арттыруына жол ашады.
АҚШ-тың білім беру жүйесі
АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінің қалыптасуы мен бүгінгі жағдайы сол елдің мәдени-тұрмыстық жағдайы, экономикасымен байланысты. Ғасырлар бойы қалыптасқан уақыт тұғырындағы, студенттерге қолдау көрсетуге бағытталған қызмет түрлерінің дамуын тарихи тұрғыдан талдау, оның әрбір білім беру кезеңіндегі мақсатын, мәні мен құрылымын анықтауға, соның негізінде қазіргі таңдағы университетте алатын рөлін жете түсінуге мүмкіндік береді. АҚШ-тың жоғары білім беру саласындағы тарихшы-педагогы J.R.Thelin еңбектеріне сүйене отырып, АҚШ-тың университттік білім беру жүйесінде студенттерге академиялық қолдау көрсету қызметтерінің дамуын келесі негізгі кезеңдерін айқындадық:
1. кезең-Ағылшындарға отаршылдық кезеңінде алғашқы университеттердің қалыптасуы (1636- 1840)
2. кезең- Әралуандылық (Диверсификация) 1850- 1890 жж
3. кезең - Жаңашыл даму бағыты. 1900-1950жж
4. кезең- Жоғары білім беру жүйесінің жаһандануы. 1960- қазіргі уақыт
АҚШ университеттерінде, академиялық қолдау көрсету орталықтары кәсіби дайындалған мамандар арқылы ұйымдастырылған, професор-оқытушылардың іс-әрекетін жеңілдетуге, олардың студенттермен жеке-дара жұмыс жасаудағы уақытын үнемдеуге әсерін тигізетін студент-оқытушы қарым-қатынасынан дербес ұйымдастырылған, университеттің жеке білім беру құрылымы деп те тұжырымдауға болады.
Кредиттік оқыту технологиясында студенттің жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға кері әсерін тигізетін мәселелерді төртке бөле аламыз:
1. Университетке бейімделу (кредиттік оқыту технологиясының талаптары мен философиясы, университет құрылымы, қызметтері, олардың функциялары) студенттерге академиялық қолдау көрсету қызметкерлері және оның оқыту үрдісінде алатын орны мен функциясы туралы хабардарсыздығы);
2. Университеттің оқыту үдерісінде өзін-өзі ұйымдастыру (уақыт менеджменті. дәріске, практикалық сабақтарға дайындалу. Оқу барысындағы проблемалық жағдаяттар шешу техникалары мен әдістерін білмеуі);
3. ЖОО-да студенттің өздік жұмысы (өздік жұмысты ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері. өздік жұмыстың формалары мен түрлері, орындау техникалары, өздік жұмысты бақылау әдіс-тәсілдері, плагиат мәселелері туралы білімдерінің жеткіліксіздігі );