Басқа мемлекеттердегі білім беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 17:17, реферат

Описание работы

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Содержание работы

Білім беру жүйесі
Қазақстандағы білім беру жүйесі
АҚШ-тың білім беру жүйесі
Қытайдың білім беру жүйесі
Білім беру жүйесін дамытудағы шетел тәжірибесі

Файлы: 1 файл

баска мемл билим беру.doc

— 128.00 Кб (Скачать файл)

4. Университеттің білім беру үдерісінде таңдау жасау (студенттің жеке оқу траекториясы, студенттің жеке оқу жоспары жобалаудағы қиыншылықтар,  өмірлік және кәсіби мақсаттарын айқындай алмауы).

Кредиттік оқыту технологиясының талаптары, студенттен жоғары ұйымдасқан деңгейде дербестік, өз уақытын ұйымдастыру, дербес білім алу дағдыларының қажеттілігіне жоғары сұраныс туындатады. Осыған байланысты, 1,2 тарауларда теориялық талдау жүргізілген АҚШ -тың академиялық қолдау көрсету барысындағы озық тәжірибесі ретінде қарастырылған академиялық эдвайзерлердің іс-әрекетін  отандық университеттерде белсендіруді қажет етеді.

Қытайдың білім  беру жүйесі

Қазіргі уақытта  Қытайда  міндетті ақысыз тоғыз жылдық білім жүйесі жүзеге асырылуда. Бастауыш метепке түсер алдында бала-бақшаларда мектепке дейінгі білім берілсе, ал міндетті тоғыз жылдық білім жүйесінен кейін жоғары сатылы орта білім және орта-кәсіби білім беріледі, сонымен қатар жоғары білімі туралы атестаттар ұсынатын институттарды да қамтитын жоғары білім жүйесі бар.  Жоғары оқу орындарынан кейін аспирантура және докторантура жүргізіледі.

Дамыған елдердегі жоғары білім беру жүйесіне жасалынған түрлі кезеңдердегі талдаулар көптеген елдерде жоғары білім беру жүйесінің жоғары сапаға теңестірілген аса тиімді механизмдерінің қалыптасқанын, сол себепті олардың өз азаматтарымен қатар басқа да шетел білімгерлерінің осында жоғары білім алуына жағдай жасау білім беру жүйесіндегі маңызды мемлекеттік мәселелердің тиімді шешімін табуын қажет етіп отыр. Қазақстандық білім беру жүйесін Болон процесінің білім саясаты кеңістігіне енгізудің Еуропалық сапа жүйесін салыстырмалы талдау арқылы еліміздегі білім беру сапасын арттырудың ғылыми-теориялық негіздері жасалынды. Мақалада қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру жүйесіне сәйкестендірілуі мақсатындағы кейбір мәселелер қарастырылған.

Қазақстан мемлекетінің экономикалық қуаттылығы мен қауіпсіздігі көп жағдайда халықтың білім деңгейімен айқындалады, бұл, әсіресе, жоғары білімді болашақ мамандардың кәсіби дайындығының сапасына тікелей тәуелді.

Қазақстанда білім  беру жүйесінің әлемдік білім  беру жүйесіне интеграциялануы, оның жоғары білім беру жүйесінде дамыған елдердегі кәсіби маман даярлау жетістіктеріне терең ғылыми талдау жасау қажеттілігін талап етіп отыр. Еліміздің Еуропалық білім беру жүйесі аймағына ену мақсатының нақты жүзеге асу мүмкіндігі айқындалған соң (2012 жылы Болон декларациясына қол қойылды), дамыған елдердегі білім беру жүйесінің сапалылығын анықтау мақсатында салыстырмалы-педагогикалық талдау жасау қажеттілігі күн тәртібіне қойылды.

Дүние жүзінің  көптеген елдеріндегі сияқты, Қазақстан Республикасында да қазіргі кезде білім беру жүйесін реформалау жүзеге асырылуда, ЮНЕСКО-ның жүйелеуі бойынша бұл реформа екінші типті реформалар қатарына жатады.

Дамыған елдердегі (Ұлыбритания, Жапония, Норвегия, Франция, т.б.) жоғары білім беру жүйелеріне салыстырмалы-педагогикалық талдау жасау, негізінен, әдіснамалық мәселе болып табылады. Ең басты мәселе жоғары кәсіби білім беру, оның ішінде жоғары педагогикалық білім берудің сол елдердің әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесте алатын орнын нақты анықтау болып отыр. Осы тұрғыдан дамыған елдердегі жоғары білім беру жүйесінің қазіргі күйі мен жайын жүйелілік қатысы негізінде қарастыру өте маңызды.

Әлемдік нарықтағы  бәсекелестік, объективті шарттар, ғылыми прогрестің талаптары дамыған мемлекеттерде жоғары кәсіби білімді мамандарды даярлаудың тиімді механизмдерін үздіксіз іздестіруге ұмтылдырады. Сол себепті қазіргі уақытта дамыған елдерде жоғары білім беру саласында аса қызық процестер байқалуда, атап айтқанда олар мынадай мәселелерге ерекше назар аударуда:

- «ғылым-өндіріс»  макроқұрылымында жоғары кәсіби  білім беру жүйесін дамыту;

- таңдалған  мамандық нобайы негізінде түрлі  оқу орындарының функцияларын  диверсификациялау; 

- көпдеңгейлі  маман даярлау құрылымын жетілдіру; 

- жекеленген  оқу орындарында жоғары білікті маман даярлау жұмыстарын шоғарландыру;

- үздіксіз білім  беруді қарқынды дамыту;

- диплом алғаннан  кейінгі оқытуды дамытудың түрлі  формаларын жетілдіру; 

- жоғары білім  беру жүйесінде ғылыми-зерттеу  жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету .

Жоғары кәсіби білім беру саласында, әсіресе, жоғары педагогикалық білім беру мәселесінің  маңыздылығына ерекше назар аударып, оның мынадай бағыт-бағдарларын  өзекті мәселелер ретінде қарастырады:

- дамыған елдердің  көпшілігінде студенттердің өзіндік жұмыстарына басымдылық беру арқылы оқу-тәрбие процесін интенсификацилауға;

- жоғары кәсіби  педагогикалық білімді мамандарды  даярлау бағдарламаларын әзірлеуге; 

- оқытудың жеке-дара  формаларының қызметін күшейтуге; 

- оқытудың белсенді  әдістері мен техниалық оқу құралдарын енгізуге .

Салыстырмалы  талдау жұмысының талқылауға алынған  бағытында жоғары кәсіби білім беру жүйесінің ішкі құрылымын айқындайтын  сыртқы факторларды зерттеудің әдіснамалық  маңыздылығына ерекше назар аударылады, яғни дамыған елдердің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-тұрмыстық, тарихи және ұлттық дәстүрлеріне, халықтың менталитетіне сүйену есепке алынады. Сол себепті жалпығылыми педагогикалық әдіснама тұрғысынан ақпараттық ортаның бірлігін, оқыту технологияларының, ғылыми-әдістемелік базасының жетімділігін, оқыту процесін басқарудың тиімділігін қамтамасыз ететін, жоғары мектеп педагогикасының әлемдік деңгейінің талаптарына жауап бере алатын жоғары білім беру жүйесінің үйлесімділігі мұқият зерттелуге тиіс.

Дамыған елдердегі  жоғары білім беру жүйесіне жасалынған түрлі кезеңдердегі талдаулар көптеген елдерде жоғары білім беру жүйесінің жоғары сапаға теңестірілген аса тиімді механизмдерінің қалыптасқанын, сол себепті олардың өз азаматтарымен қатар басқа да шетел азаматтарының аталған елдерде жоғары білім алуға ұмтылатынын көрсетіп отыр.

Өйткені, индустриясы  дамыған елдерде жоғары кәсіби білімді  маман сол мемлекеттің негізгі  құндылықтар жүйесінің біріне жатқызылады, яғни ғылыми-техникалық және мәдени прогрестің аса маңызды факторы ретінде қарастырылады. Осы тұрғыдан аталған сектор сол елдің басқа елдермен бәсекеге түсе алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жүйе құраушы элемент деп саналады.

Жоғары педагогикалық  білім беру мәселесіне дамыған елдерде (Жапония, Англия, Германия, Швеция, Финлиндия, Франция, т.б.) халықтың прогрессивті ойлауының көрсеткіші ретінде болашақ азаматтың қалыптасуына жағдай жасайтын ғылыми-әлеуметтік фактор деңгейінде қарастыру орын алған . Оның басты себебі, аталған мемлекеттерде педагогикалық білім беру жұмыстарының мазмұны психология ғылымының жетістіктеріне сүйенеді, сондықтан басқа ТМД елдеріндегі педагогикалық мамандарды даярлау жүйесіне қарағанда психологияландырылған сала болып табылады. Бұл жағдай жоғарыда аталған дамыған елдерде педагогикалық мамандану тар шеңберде берілетін білім мазмұнымен шектелген прагматикалық қатынасқа негізделген бағыттылықты көрсетеді, алайда олар өздерінің қызмет ету сферасында тез нәтижелерге қол жеткізу мақсатында қарастырылған прагматикалық қатынасты қамтамасыз ете алады.

Осы тұрғыдан дамыған елдердегі жоғары білім берудегі унитарлық қатынас көп жағдайда мақсатқа қол жеткізудің құралы ретінде қарастырылып, педагогика ғылымының негізгі мәселесі «адам-маман» тұлғасын дамытуға жеткілікті көңіл бөле бермейді. Дамыған елдерде жеке-дара оқытуға басты көңіл бөлініп, оқу материалы еске сақтауға бағытталып, оқушылардың өзін-өзі басқаруын қамтамасыз етуге арналады. Сол себепті дамыған елдерде жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде өзіндік жұмысты орындау оқытушының жетекшілігімен жүзеге асырылады.

Сонымен бірге  дамыған мемлекеттерде жоғары педагогикалық  білім беру сапасын бағалау сапа менеджментінің талаптары бойынша  кіріктірілген тұжырымдамаға сүйенеді. Мысалы, педагогикалық мамандықтарға  қатысты АҚШ, Жапония, Ұлыбритания  мемлекеттерінде негізгі көңіл кәсіби даярлыққа аударылады, ал ТМД елдерінде, оның ішінде Ресей мен Қазақстанда негізгі мазмұн жалпығылыми даярлыққа аударылады. Бакалаврлар даярлау жүйесі бойынша білім беру стандарттарында АҚШ қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық пәндерге 27,3%, базалық пәндерге 20,4%, кәсіптік пәндерге 52,3%, ал Жапонияда тиісінше 31,2%, 15,8%, 53,2% үлес бөлінсе, Қазақстанда жоғары педагогикалық білім беру стандарты мазмұнының сәйкес блогтарына тиісінше 21,5%, 33,1%, 45,4% бөлінген [4].

Салыстырмалы  талдау жұмысымызда дамыған елдердегі жоғары білім беру саласын қаржыландыру мәселесі негізгі орындарда тұр. Өйткені, дамыған мемлекеттер өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап жоғары кәсіби білім беруді дамытуда оның ел экономикасындағы шешуші факторлардың бірі екендігін ескеру қажеттігін, оны жеткілікті қаржыландырмай, сапалы кәсіби маман даярлау мүмкін еместігін мойындаған. Жоғары кәсіби білім берудің негізгі бөлігі іргелі зерттеу жұмыстарына арналады. Соңғы жылдары жоғары білімді кәсіби мамандарды даярлау мәселесі бойынша ғылымға бөлінген қаржы АҚШ-та - 60%, Жапонияда - 54,9%, Оңтүстік Кореяда - 59,7%, Францияда - 90%, Ұлыбританияда - 95% құрап отыр. Жоғары оқу орындарында сапалы білім беру мен ғылыми зерттеулерге үлкен көлемде көңіл бөлу сапасы жоғары ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауға, одан ары қарай олардың сапалы қызмет атқаратын маман даярлауға мүмкіндіктерінің жоғары болуының қамтамасыз етілуі сол елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жоғары болуының кепілі ретінде қарастырылған.

Соңғы 30 жыл  кезеңінде АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа елдерінде жоғары мектепті дамытуға қатысты ортақ бағыттар болды, атап айтқанда білім беру жүйесіндегі озық дәстүрлер мен инновацияларды және оқытудың тиімді технологияларын бір-бірінен алмасу арқылы интеграциялық процестерде қарқынды жүргізуіне байланысты дамыды.

Әлемнің дамыған  мемлекеттеріндегі жоғары кәсіби білім  берудің негізгі түрі университеттік білім беру болып табылады. Жапонияда  студенттердің 78,3%-ы, Францияда - 85%-ы, АҚШ-та - 91%-ы университеттік білім алады, сонда ғана олар толық жоғары білімді маман болып саналады. Ал, Германияда университеттік білім беру колледждегі білім берумен толықтырылады. 1970-1980 жылдардағы маман даярлаудың жаңа типті бағыттары бойынша болашақ мамандарды тікелей өндіріске даярлау мақсатында жоғары кәсіби мектеп-колледждер ашылды. Өйткені, ақпараттық технологиялардың дамуы мен олардың практикалық сұраныстарға жауап беру мәселелеріне қатысты дәстүрлі емес оқу орындары қажет бола бастады. Сондықтан бұрыннан қолданыста жүрген оқу бағдарламаларын диверсификациялау арқылы халықтың сұранысын қамтамасыз ету бағытында ғылым мен білім беру мазмұнын бір-біріне жақындату үшін жоғары білім берудегі интеграциялауды белсенділендіру қажет еді.

Жалпы алғанда, дүниежүзі елдерінде орта мектеп үш сатыдан тұрады: бастауыш оқу 3-6 жылдық, негізгі орта мектеп 3-6 жыл және жоғары орта мектеп 2-4 жыл. Біздің елде 12 жылдық мектептердің бастауыш сатысы 4 жылдық болады деп шешілді. Тарихи зерттеулер нәтижесі Қазақстанда әр кезеңде де мектептегі оқу мерзімінің жоғары сатыдан ұзарып отырғанын көрсетеді. Ең алдымен, елімізде 4 жылдық бастауыш мектеп құрылған. Содан кейін барып, екі сатылы 7 жылдық мектептер ашылған. Ал,соңғы 50 жылда жалпы білім беретін мектептер 7 жылдықтан 8 жылдыққа ауысты, одан соң 9 жылдық, 10 жылдық, 11 жылдық мектептер құрылды. Бүгіндері ел алдына, оқу-білім қызметкерлері алдына 12 жылдық оқуға тиімді көшу мәселесі қойылып отыр.

Дүниежүзінде  міндетті негізгі білім жүйесі де әр түрлі. Мысалы, Германияда барша  оқушыға алғашқы 4 жылдық оқу ғана міндетті деп айтуға болады, өйткені одан әрі балалар өз қалаулары және қабілеттеріне қарай оқуларын кәсіптік мектептерде жалғастыра береді.

Францияда 5 жылдық элементар мектепті бітірген бала оқуын  жалпы білім беретін 4-5 жылдық колледждерге жалғастырады. Жалпы айтқанда міндетті оқу мерзімдері түрліше: 8 жылдық (Италия, Венгрия, Канада), 9 жылдық (Швеция, Жапония, Куба, Болгария, Чехия, АҚШ) және т.б.

Барлық оқушыларға 11-12 жылдық білім беруді ешбір ел міндетіне алып отырған жоқ. Зерттеу  барысында 20-дан астам елдің 55 пайызында міндетті оқу-9 жылдық, 32 пайызында 10 жылдық, қалғандарында 8 жылдық.

Дүниежүзі елдері мектептерінің біразында жоғары мектепке оқушылар оқу үлгеріміне қарай  және мектеп берген мінездеме негізінде  арнайы мемлекеттік комиссияның  шешімімен қабылданды.

Өз ойым бойынша, Болон конференциясына кіруге ұмтылу, білім беру саласының әлемдік  стандартқа сай келуі үшін 12 жылдық білім жүйесін қабылдау қажеттігі-өмір талабынан туындап отыр. елбасының  мемлекеттік саясатын қолдай отырып, экономиканы, экологияны жақсартуға арналған талаптар да қазіргі кездегі білім, ғылым жүйесіндегі үлкен өзгерістерге бағыт-бағдар беруде. Мемлекетіміздің ғаламдық саясатта үлкен беделге ие болумен бірге, саяси-экономикалық жағынан тұрақтануы білімнің сапасын арттыруға ықпал етуде.

Білім беру саласындағы  бағдарлы мектептердің пайда болуы, лицей, мектеп-гимназиялардың білім  беру жүйесін жаңа деңгейге көтеру үшін жүргізіп жатқан жұмыстары, ондағы оқытудың жаңа әдістері-дистанциялық оқыту, электронды оқыту жүйесі, тағы басқалары да елеулі жетістігіміз.

Білім берудің  жаңа парадигмасы бойынша, күннен күнге  кең етек алып отырған білімді  жүйелі түсіндірумен бірге, өз бетінше  ізденіс әдістеріне басты назар  аудару да орын ала бастаған. Бұл  білім берудің әлемдік стандарттарына сәйкес келеді. Мұндағы ең басты міндет-оқушы алған білімін өз бетінше дамытып, іс-жүзіне асыруға қабілетті тұлға ретінде қалыптасуын ұйымдастыру.

Экономикалық  білім бұрын жоғары оқу орындарында, теориялық негізде ғана берілетін. Егеменді ел болғалы, нарықтық экономикаға көшкелі мектепте экономикалық білім беру қалыптасты. Жалпы білім беру жүйесі ұлттық және әлемдік рухани, мәдени құндылықтарды тұтастықта қарастыра отырып, бүгінгі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді, жас ұрпақтың санасына жеткізуге қызмет етуі тиіс.

Білім, ғылым  жүйесіндегі реформа әр кезде  әр түрлі деңгейде жүргенмен, тұтастай алғанда, бүкіл білім жүйесінің  құрылымын өзгертті. Бұл мемлекеттің  қалыптасуына, зиялы қауымның психологиясының  өзгеруіне және ғылымның дамуына  үлкен үлес қосуда. Қазіргі ойлау жүйесінің бостандығы ғылым мен білім жүйесі дамуының алғышарты болып табылады.

Информация о работе Басқа мемлекеттердегі білім беру