Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2014 в 10:27, реферат
Адамның рухани өсуімен денесінің өсіп-жетілуі балалық шақта қалыптасады. Дене тәрбиесімен айналысатын оқушы жақсы оқып, білгендерін іске асыратын табанды, жігерлі азаматтар қатарына қосылады.
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі сабағын жоспарлау және өткізу әдістемесінің ерекшеліктері.
Орындаған
Ғылыми жетекші
п.ғ.магистрі
КІРІСПЕ
Адамның рухани
өсуімен денесінің өсіп-
Оқушылар дене тәрбиесі сабағы бойынша 1 және 2 сыныптарда жан-жақты өсіп жетілу үшін әр түрлі қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасап жүруге тиіс екенін біледі және қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындаудың әдіс-тәсілдерін меңгеріп, оларды өз бетінше жасай алады. Сонымен бірге жеңіл атлетика, акробатика, гимнастика жаттығулары туралы түсінік алады. Үзіліс кезінде және сабақтан тыс уақытта отырып ойнайтын ойындармен қимыл-қозғалыс ойындарын үйреніп ойнайды.
1-сыныпта оқушылар
дене тәрбиесі пәнін оқып, онда
әрбір адам өз денесін жан-
2-сыныпта оқушылар
жеңіл атлетика, жалпы дамыту, акробатика
мен көркем гимнастика
3-4-сыныптарда
қимыл-қозғалыстар жасаудың
Жылдамдық, ептілік, тепе-теңдік, иілгіштік, өмірге деген құштарлық, мықты денсаулық тәрізді сапалы қасиеттер дене тәрбиесі мен спорт арқылы орнығып, қалыптасады. Спортшы болу балалардың барлығына бірдей мақсат болмас, бірақ дені сау, қоғамымызға пайдалы азамат болып өсу – бәрінің де парызы. Мектептің материалдық жағдайына және еліміздің қай аймағында тұруларына байланысты оқулықтағы талаптардың орындалуы да түрліше болуы мүмкін. Бірақ жеңіл атлетика мен гимнастика сабақтары барлық жерде де міндетті түрде жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабақтарының пайдалы, тиімді болуы үшін сабақта да, сабақтан тыс кезде де үзбей, ұдайы шұғылдануы керек.
Өскелең ұрпақ пен жалпы жұртшылықтың дене даярлығының деңгейі дене тәрбие жүйесінің тиімді көрсеткіші болып табылады. Ел тұрғындарының дене даярлығы Президент сынамаларында көрсетілген және ол еліміздегі дене тәрбиесінің негізін құрайды.
МАҚСАТЫ
Дипломдық жұмысты жазудағы мақсат – бастауыш сынып оқушыларына жас ерекшеліктерін ескере отырып дене тәрбиесі жаттығуларын орындауды үзбей көңіл бөлуді оқушылар санасына сіңіру. Олардың дене тәрбиесіне деген сүйіспеншілігін арттыру, оқушылардың ой-өрісін дамытуға, зейінін, қабылдау қасиетін артыруға үлкен септігін тигізетіні жөнінде түсінік беру.
Әр жаттығудың өзіндік әдіс, тәсілдері бар. Сол тәсілдердің амал-тәсілдерін сабақ барысында мұғалімдердің оқушыларға жеткізуі басты мақсат болып табылады. Оқушыларға қызықты болатындай етіп, әдіс-амалдар қолданылса, бұл жасөспірімдердің ынта-ықыласын, қызығушылығын арттырып үлкен себебін жүргізеді.
Сабақ барысында дене тәрбиесі сабағы оқушылардың денсаулығын арттыруға, физиологиялық жағынан қалыптасуына себепші болатынын түсіндіру, соған тәрбиелеу, спортқа деген қызығушылығын дамыту, мәселесіне көңіл бөліп, әдебиеттен шолу жасау.
Дипломдық жұмысты жазғанда қолданылған зерттеу тәсілдері.
Негізгі қолданылған зерттеу тәсілдері әдебиетті талдау мен қорытынды жасау тәсілі қолданылды.
Өзектілігі. Қазіргі кезеңдегі жастар денсаулығындағы олқылықтарды еске ала отырып, бастауыш сыныптарда өтетін дене тәрбиесі сабақтарында аталған кемшіліктерге орын бермеуді жоспарлау.
Бірінші бөлім. Әдебиеттік шолу
Қазіргі заманда әрбір азаматтың бойындағы дене қозғалыстарының сапалық қасиеттерімен үйлестіріп, олардың еңбек ету қабілеттерін арттыруға, белсенді өмір салтын ұстануға бағытталған дене тәрбиесіне көп көңіл бөлініп отыр. Зейнедин Есмағамбетовтің пікірінше, дене тәрбиесіне бала бақшадан бастап мектеп, орта және жоғарғы оқу орнында және өндірістік ұжымдарда оған тиісті баға берілген деген [11].
Еркін Уаңбаевтің ұсынып отырған оқу құралында дене тәрбиесі мұғалімдерінің, жаттығулардың кәсіптік дайындығына қажет дене тәрбиесі ілімі мен спорттық жаттығу негіздерін қамтыған [38]. Сондай-ақ кәсіби маман білуге тиіс спорт терминдері мен ұғымдары берілген.
М.Т.Тұрыскелдинаның пікірінше, дене тәрбиесі сабағы бойынша 1-4 сыныптарда оқушылар жан-жақты өсіп жетілуі үшін әртүрлі қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасап жүруге тиіс екенін білдірген, және де қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындаудың әдіс-тәсілдерін меңгерген [35].
С.Тайжанов, А.Құлназаровтың пікірлері бойынша, 1-4 сыныптарға арналған оқулық бағдарламадағы материалдардан да тыс дене жаттығулармен дербес айналысу және ұйымдастыру ісінде оқушыларға көмек беру мақсатын көздеген [30].
П.Ф.Лесгафт ақыл-ой жұмысының дене тәрбиесі жаттығуларымен және ойындарымен алмасып отыруын талап етті. Сонымен қатар қозғалыстарды: жүгіру, жүру, секіру, ойын т.б. ұсынды [20].
Ақыл-ой тәрбиесі – дене тәрбиесінен бөлінбейтін нәрсе. Дене тәрбиесінің процесінде оқушының дене қабілетінің де, ақыл-ой дамуының да негізгі дене тәрбиесі жаттығуларының арнаулы түрімен айналысып, бұлшық ет қимылдарын дамыту үшін оның бұлшық ет қозғалыстарының маңыздылығы мен қажеттілігін И.П.Павлов және оның шәкірттері көрсетіп берген болатынды [23].
И.И.Переверзиннің
пікірінше, қазіргі кезеңде оқушылардың
дене тәрбиесінің ғылыми-
Ю.Телеуғалиевтің пікірінше, оқулық мазмұнының мәні – оқушының іс-қимылының кез-келген түрінде өзіне тән ойды, соның ішінде қозғалысты да тәжірибелік мақсатта жүзеге асыру жөніндегі мүддесімен байланыстырған[32].
Л.П. Тарасованың пікірінше, халық ағарту жүйесінің бірінші буыны болып табылатын мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие мекемелерінің қызметкерлері семьямен бірлесе жұмыс істей отырып, балаларды жан-жақты жетілдіру, оларды мектепте жақсы оқуға даярлау міндеттерін жүзеге асырады[31].
Зейнедин Есмағамбетов «Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі» атты бөлімінде туған күнінен бастап мектепке барғанға дейінгі аралықтағы орындалатын қажетті қимыл-қозғалысына қысқаша түрде мәлімет берген. Одан кейінгі бөлім «Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесіне» талдау жасалынған. Әр сыныптағы оқушылардың қимыл-қозғалысы және дененің қозғалыс сапаларын дамыту жолдарына, дене тәрбиесі сабақтарын жоспарлау мен өткізуіне, сабақтан тыс өткізілетін шаралар мен бақылау түрлеріне баса назар аударған[10].
Екінші бөлім. Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі сабағын жоспарлау және өткізу әдістемесінің ерекшеліктері
2.1.
Дене тәрбиесі сабақтарының
Оқушылар дайындығындағы дене тәрбиесінің маңызы – мемлекетіміз үшін дені сау, жан-жақты, үйлесімі дамыған, еңбекшіл, отанын қорғайтын азаматтарды дайындау
Дене тәрбиесінің негізгі мақсаттары:
2.1.1. Мектепте дене тәрбиесі жұмыстарын басқару
Мектептегі дене тәрбиесі сабағы Білім министрлігінің бекіткен мемлекеттік бағдарламасы бойынша өткізіледі және аталған жұмыстар министрлік тарапынан бақыланып отырады. Соңғы бақылау жергілікті жердегі, яғни, обылыстық, қалалық, оқу департаменттерінің құзырына берілген.
Мектептегі дене тәрбиесі – бүкіл мектептің ұстаздар кеңесінің ісі болып саналады, бірақ тұрақты түрде тиянақты жауапкершілік жүктелген басқарушыларда болады.
Дене тәрбиесі жұмысының дұрыс ұйымастырылуы мен жалпы жауапкершілігі мектеп директорына жүктеледі. Ол жалпы дене тәрбиесі жұмысына басшылық жасай отырып, бағытын бақылап, дене тәрбиесі жұмыстарының жоспарын қарап бекітіп, оның сапасымен өткізілуін шаралардың дұрыс ұйымдастырылуын, сыныптан тыс өткізілетін шаралардың дұрыс ұйымдастырылуын, сыныптан тыс өткізілетін жүмыстарды жүйелі түрде тексеріп отырады.
Сонымен қоса, мектеп директоры – материалдық базаны нығайтып, оның гигиеналық тазалық сақтау талаптарын бақылап, оқушыларды уақытылы дәргерлік бақылаудан өткізуге ұстаздар кеңесіне дене тәрбиесі жөніндегі мәселелер ұсынып, оның шешімін шығаруға, дене тәрбиесі мен жәрдем көрсетуші, демеушілермен жұмыс жүргізеді.
Мектептегі екінші тұлға оқу ісінің меңгерушісі, дене тәрбиесі сабағының сыныптан тыс жұмыстардың өткізілуін қадағалап, тексеріп, сабаққа, спорттық секцияларға кіріп дене тәрбиесі мұғаліміне ұстаздық әдістемелік көмек көрсетеді.
Дене тәрбиесі мұғалімінің негізгі жұмыстарының түрлері: сабақ өткізеді, сабаққа дейінгі гимнастика мен үзіліс арасындағы ойындарды мектептің белсенді топтарының көмегімен ұйымдастырылады. Жалпы білім беретін пәндер мұғалімдеріне дене тәрбиесі жұмыстары жөнінде, атап айтқанда: үзіліс сәті, сыныптағы физкультуралық шараны өткізу жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді. Мектептегі спорттық секциялар мен үйірмелер жұмысын ұйымдастырып, спорт түрлерінен сыныпаралық, мектептер арасындағы, аудандық, қалалық жарыстарға мектептің құрама командаларын қатыстырады. Дене тәрбиесі жөнінде құжаттарды алдын-ала дайындайды, атап айтқанда, жылдық, тоқсандық оқу жоспарларын, сабақтың жұмыс жоспарын, жылдық күнтізбелік жарыстар мен бұқаралық-сауықтыру шараларының жоспарын жасап мектеп директоры мақүлдаған және бекіткен құжаттарды дайындайды. Мектептегі ұжым кеңсесінің жұмысын ұйымдастырып, оның жұмыс жоспарын жүргізеді және барлық оқушылардың дәрігерлік тексерістен өтуін қадағалап, сынып оқушыларын дәрігердің қатысуымен дене тәрбиесі топтарына бөледі.
Сынып жетекшілері өзінің тәрбие жұмысындағы жоспарында өз сыныбының балалары үшін дене тәрбиесінен әртүрлі шараның өткізуін жоспарлайды. Бастауыш және орта сыныптарда кейбір дене тәрбиесі жұмыстарын тікелей басқарады: топпен саяхатқа, жүзу бассейініне, стадионға, спорттық және козғалмалы ойындар өткізеді. Сыныпаралық жарыстарға қатысатын оқушыларға әр түрлі көмекті тікелей көрсетіп, гигеналық тазалық сақтау, дене тәрбиесі сабағындағы тәрбие мен үлгерімін қадағалап отырады.
2.2. Дене тәрбиесі сабақтарын жоспарлау және өткізу процесі
Оқушылардың дене тәрбиесі арнайы ұйымдастырылған екі жолмен: оқу сабақтары және жаттықтыру сабақтары арқылы жүргізіледі. Дене тәрбиесі процесін орындайтын негізгі сабақ – оқу сабағы. Мұғалімнің басшылығымен оқу сабағы арнайы бағдарлама, белгіленген сабақтар кестесі бойынша жүргізіледі. Жаттықтыру жүйелі (таңертеңгілік бой жазу жаттығулары, туристік жорықтар, шаңғымен сырғанау т.б.) орындалады.
Жаттықтыру бірнеше топтарға бөлініп жүргізіледі: күн тәртібі ішінде физкультсәттер, кіріспе гимнастика, жаттығу арасындағы тынығу, сыныптан тыс спорт түрлерімен жаттықтыру сабақтары туристік жорықтар, спорт жарыстары және т.б. Отбасында таңертеңгілік бой жазу жаттығулары, шаңғы, коньки тебу, жүгіру, спорттық және қозғалмалы ойындар, үй тапсырмаларын орындау және т.б.
І-ІІ сынып оқушыларына арналған оқу бағдарламаларында дене тәрбиесі ұстазының басшылыққа алып отыратын нұсқаулы шаралары мен міндеттері көрсетілген. Ол міндеттер: төменгі сынып оқушыларына қимыл-қозғалыс жаттығуларын үйретіп, туа біткен дененің сапалық қасиеттерін (күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік, иілгіштік, тепе-теңдік сақтау) дамытып, одан кейінгі сынып оқушыларына оқыту-үйрету барысында өтілген әртүрлі жаттығуларды қайталап, жетілдіріп, іскерлік пен дағдылы қимыл-қозғалысты тиімді пайдалана отырып, оқушылардың денесінің саулығын нығайтып, оның дұрыс өсуіне дененің сапалық қасиеттерін жоғары дәрежеде дамытып, батылдықты, табандылықты, мінез-құлықты тәрбиелеп, гигиеналық дағдыларын қалыптастырады.
Мектептегі дене тәрбиесін ұйымдастыру жұмысы жалпы мектептке арналған ережелерге бағынады. Дене тәрбиесіне жалпы басшылықты мектеп директоры жүзеге асырып отырады.
Дене тәрбиесі мұғалімі мектеп директоры алдында барлық дене тәрбиесі мәдениеті жұмысының дұрыс ұйымдастырылуына және оның мемлекеттік бағдарламаға сәйкес орындалуына толық жауап береді. Дене тәрбиесі мұғалімінің алдындағы міндеттері:
1. Оқушыларды Отанын, халқын сүю рухында тәрбиелеу, дене тәрбиесі сабағына, спортқа, жалпы мектептегі оқу-тәрбие міндеттерін шешу мақсатымен жүргізілетін шараларға ынталандырады.